Свод правил республики казахстан


 Темірбетон қаңқалы ғимараттар мен құрылыстарды күшейту



Pdf көрінісі
бет60/180
Дата31.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#22599
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   180
Байланысты:
189 СП РК 1.04-110-2017 «Обследование, оценка технического состояния

10.4 Темірбетон қаңқалы ғимараттар мен құрылыстарды күшейту  
 
10.4.1  Темірбетон  қаңқалы  ғимараттар  мен  құрылыстарды  күшейту  кезінде  мына 
ережелерді сақтау керек: 
-  біріншіден,  конструкцияның  құлау  қаупі  бар  және  көтеруші  қабілеттілігі 
төмендеген түйіндер мен элементтерді күшейту және қалпына келтіру,  
-  темірбетон  элементінің  тоттануының    артуын,  тіпті  болмашы  зақымдануына  жол 
бермеу,  атап  айтқанда,  шағын  жарықтарды,  цемент  ерітіндісінің  көмегімен  тазалау  және 
жою  керек,  ал  ашық  беттегі  қалған  металл  элементтерінің  жік  жапсарлары  мен 
конструкцияларды күшейту  тоттануға қарсы құраммен жабылады
-  темірбетон  конструкцияларының  жағдайын  бағалауға  сақтықпен  қарау  керек, 
себебі  сырттағы  кішігірім  жарықшақтар  арматуралауда  елеулі  зақым  келтірудің  белгісі 
болуы мүмкін, бұл элементтер мен конструкциялардың кенеттен бұзылу қаупін туғызады, 
сондықтан мыналарды қарастыру қажет: 
-  тексеру  барысында  қалпына  келтіру  жұмыстарының  процесіндегі  құлау 
мүмкіндігін ескерту шаралары қабылдануы тиіс; 
- зақымдануларды (бүлінулерді) ажырата білу керек, жоғары деңгейдегі күштемеден 
туындаған  және  конструкциялардағы  ақаулардың  негізіндегі  зақымданулар,  дайындау 
кезінде  немесе  пайдаланудың  нашар  жағдайында  пайда  болған,    оларды,  әдетте, 
конструкциялық  элементтің  (жіктің)    қарапайым  жобалау  беріктігін  қалпына  келтірумен 
жойылады;  
-  беріктікті  қалпына  келтіру  немесе  күшейту  жұмыстары  кезінде    конструкция 
мүмкіндігінше жүктен максималь босатылуы тиіс;  
10.4.2  Темірбетон  конструкцияларының  элементтерінің  зақымдалуында  олар  төрт 
дәрежелі жағдайға бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет