лабораториялық және
табиғи эксперименттер арасында
ерекше айырмашылық жоқ. Қандай жағдай болса да балалар өздерін қызықтыратын іспен
айналысулары тиіс.
Лабораториялық экспериментте зерттеу арнайы құрылған бөлмеде өткiзiледi.
Зерттеу үшiн әр түрлi құрылғылар мен құралдар қолданылады. Бұл жағдай балаға өте
қызықты да таныс емес. Оның жасандығы баланың зерттеушiнi көре алмағандықтан
көрiнедi.
Психологиялық-педагогикалық эксперимент – эксперименттiң бұл түрi
педагогикалық психологияда кең таралған (Лазурский). Психологиалық-педагогикалық
эксперимент баланы оқыту барысында зерттеуге мүмкiндiк бередi. Психологиялық-
педагогикалық эксперимент пайдалану барысында бiрнеше «срез» алынады, «срез»
зерттелiп отырған құбылыстарды белгiлi бiр жағдайларға дейiн және кейiнгiсiн
суреттейдi.
Психологиялық
зерттеудің
әдісі
болып
табылатын
қалыптастырушы экспериментті балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа бағдарламалары мен
тәсілдерінің тиімділігін анықтау үшін қолданылатын педагогикалық эксперименттен
ажырата білуі керек.
Әңгімелесу (сұрау) әдісі. Мектеп жасына дейінгі балаларды зерттеу үшін сұрақ әдісі
көп қолданыла бермейді. Әдетте, төрт жасқа дейін сұрақ балалар заттарды немесе
олардың бейнесін көрсетіп тұрып жауап беретіндей етіп қойылады. Картина бойынша
сұрақ қою оған мысал бола алады. Оның мақсаты – баланың картинада бейнеленген
заттың көлемін және олардың арақашықтығын бақылай білуін анықтау.
Іс-әрекет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бала іс-әрекетінің өнімі олардың салған
суреттері, жапсыруы, құрауы, құрастыруы, қолдан жасалған заттары, өздері шығарған
ертегілер, өлеңдер. Зерттеуші үшін олардың барлығы бірдей құнды бола бермейді.