б) еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін);
1-ден 3 жасқа дейінгі кез – сәбилік кезең деп аталады.
Бұл кезде баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі.
3-тен 6-7 жасқа дейінгі кез – мектепке дейінгі кезең. Бұл кезеңде қарапайым
әрекеттің түрлерін орындай алады, ойынның рөлдік ойын түрі пайда болады.
6-7-ден 10-11 жасқа дейінгі кез – бастауыш мектеп жасы деп аталады.
11-15 жас – жеткіншектік жас кезеңі деп аталады. Бұл кезде бала психологиялық
жағынан да, физиологиялық жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңді қиын
кезең деп те атайды.
16-17 жас – жасөспірімдік кезең деп аталады.
20-30 жас – жастық кезең деп аталады.
30-60 жас аралығы кемелдену кезеңі деп аталады.
60-70 жас кәрілік кезең және қартаю аралықтарын қамтиды.
Адамның дүниеге
келгеннен,дүниеден кеткенге дейінгі кезеңін онтогенез дейміз.
Фелогенез – тіршіліктің дүниеге келгенге дейінгі кезеңі.
Мұндай жас кезеңдердің өзі жас мөлшеріне қарай бөледі. Бірақ жас көрсеткіші
тұрақты болмайды.
Белгілі бір жас кезеңдеріне сәйкес баланың сөйлеуі мен қабылдауының даму
үдерісін психолог В.Штерн, ойлаудың дамуын Ж.Пиаже, ал ақыл-ойдың дамып қалыптасу
кезеңін П.Я.Гальперин анықтады. Осы кезеңдердің бәрінің дамуы баланың оқу үдерісінің
негізінде қалыптасып, дамытуға мүмкіндігінің бар екенін анықтады.
Жас шамасы мен психологиялық ерекшеліктерін білу үшін жас кезеңдерінің
арасындағы сапалық өзгешеліктерді ажырата білу керек.
Жас кезеңіндегі өзгешелік
баланың психологиясын табиғи сапалық өзгешеліктеріне байланысты сондай-ақ даму
үдерісінің бір жүйеге түсуіне байланысты, әр кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болғаны мен
олар бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан әр жас шамасында баланың балалық шақ
кезеңі әр түрлі мөлшерде өтеді.
Оның біріншісі екіншісінен ажыратылады. Ал бастауыш мектеп кезеңі 3
сатыдан
өтеді. Бұл да баланың денесінің және психикасының әр кезеңде біркелкі дамымайтынын
көрсететін ерекше дәлел болып есептеледі.
Дағдылы жүйелікте адам организмінің шеміршектен бірте-бірте сүйекке айналып
ішкі организмнің секреция безінің дамып жетілуі, олардың кейбіреуінің жұмыс істеуі әлде
қайда күшті немесе баяу өтуі мүмкін. Бірақ организмнің бұлай дамып жетілуі жеке бастың
даму өзгешелігін анықтайды.
Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі жас кезеңдеріне тән
психикалық қасиеттер қалыптасады. Сондықтан сол қасиеттерге сүйене отырып, жас
кезеңдеріне топтастырады.
Достарыңызбен бөлісу: