3 Курстың саясаты:
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар
пәннің оқу-әдістемелік
кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса,
курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпеу,
сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы
телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй
тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама,
хабарлама т.б.)
ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы
бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін
бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу.
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест
тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
7. Инклюзивті білім беру
Ерекше білімді қажет ететін студенттердің жеке даму ерекшеліктері мен қабілеттері
ескеріле отырып, тапсырмалар беріледі. Көру қабілеті бұзылған студенттер үшін
аудиолекциялар, есту қабілеті бұзылған студенттер үшін видео (титрмен),
мәтіндік, тест
тапсырмалары, презентациялар қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: