кейбір ерекшеліктерін қарастырамыз:
-
Балада әлеуметтік білік қалыптасады.
-
Әрекет процедурасын орындауда қажеттіліктің ұйымдасады. Оған қажеттілік пен
тазалық жатады.
-
Бала іс-әрекет тәрбиесінің ережелерін меңгереді.
-
Балада жеке өзіндік сапалық қасиеттер қалыптасады.
№16 дәріс тақырыбы: Сәбилік кезеңнің соңында жаңадан пайда болатын әрекеттер.
Дәрістің мазмұны: 1. Заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсері
2. Заттар мен әрекет ету барысында қарым-қатынасқа бейімделу
3. Заттармен әрекет ете отырып, жетістіктерге жетуі.
Баланың психикалық дамуына
заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде әсер
етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен
аламасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған
тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты
маңызы бар.
Ерте сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің жаңа түрлері
қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп
психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері сурет
салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді
олатынын ескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.
Заттық іс-әрекеттен алынып жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі
болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру
жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан – ақ басталған қарым-қатынас
қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады.
Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады:
нақ осы кезде сөйдеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы
жылдарда тілді дамытудың қажетті жағдайларынан айырылып қалса, онда кейін
жіберілген қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі – үш жаста
баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет. Үлкендермен бірлескен іс-әрекет
үстінде балалар ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған
ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды.
Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тыңдай
бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей қарым – қатынас жасау ситуациясынан
тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді
баланың тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде
пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Егер сәбилік шақ аса маңызды жетістіктерге толы (бір жастан екі жасқа дейін).
Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі «қашықтықтан»
өтеді. Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-
қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым- қатынастың сөздік формаларын ғана емес,
мінез – құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді,
айналадағыларына түсінікті тәуелді болады.
Бір жастан үш жасқа дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше факторларға
байланысты. Баланың психикалық дамуына тік жүруді үйрену едәуір ықпал жасайды.
Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар жасай бастайды. Тік тұру қалпына
ауысу ол үшін қиын іс. Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі. Кеңістікте
белсенді қозғалып жүру дағдысы (локомодация) әлі қалыптаспағандықтан, бала үнемі
тепе-теңдікті жоғалиып алады.
Жүру арқылы бала өзінің таным объектісі болатын нәрселер шеңберін әлдеқайда
кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан
алуан заттар мен іс-әрекет жасауға қабілетті болады. Жаңа заттарды тексерудің жаңа
тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрселердің осы уақытқа дейінгі жасырын болып келген
қасиеттері мен олардың арасындағы байланыстарын ашады.