құрбы-құрдастарымен, айналасындағы үлкен адамдармен жиі-жиі тілдік қарым-қатынаста
болады, бұның өзі баланың логикалық ойлауына ерік сапасынаисен есінің, қабылдауы мен
қиялының, зейінінің дамуынада әсер етеді. Соның
нәтижесінде баланың алдыңғы
кезеңдермен салыстырғанда қоршаған ортамен қарым-қатынасы артып, жас кезеңіне тән
өзіндік ерекшелігі қалыптасады.
5 жасқа кедгенде қимыл- қозғалысының нақты дамуына байланысты, жүру, жүгіру,
секіру, қабырғадан өрмелеу, еңбектеу, шаңғы шана велосипед тебуді үйренеді.
Үлкендермен еркін қарым-қатынас жасауына байланысты баланың грамматикалық сөздік
қоры молайып, тәрбиешінің айтқан сөздерін жақсы түсініп, оған өзінің түсінігі бойынша
жауап береді. Осы кезде тәрбиешінің берген тапсырмасын
және қарапайым еңбек
әрекеттерін де орындайды. Үлкендердің басшылығымен көптеген әдет-дағдыларды
меңгеру де бала психикасының дамуына ықпалын тигізеді. Ертегі мен әңгімедегі
кейіпкерлерге өзінше баға беріп, эстетикалық талғамы артады.Бала 6 жасқа келгенде
қарқынмен дамып, дене бітімі күрделінеді, барлық органдарының
жұмыс істеу қабілеті
артады, оқу-әрекетін орындаған да, қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын болады.
6 жасқа келгенде сөздің тура және жанама мағынасын түсінеді. Бұл жаста ойынның
мазмұны күрделініп, өмірдің барлық шындықты бейнелуді көздейді.
Баланың жүйке жүйесінің күшті немесе әлсіздігін өмірдегі мынадай көрсеткіштері
дәлелдейді. Оның ұйқысының тыныш болуы, тез ұйықтауы немесе тыныш ұйықтай
алмауы, қатты ұйықтауы сол сияқты жүйке жүйесінің күшінің
жылдам немесе жай
қалпына келмеуінен байқалады. Бала ашыққан кезде өзін қалай ұстайды, оны уақытымен
тамақтандыра қоймаса айқалап жылап немесе көңілсіз, әлде тыныш болама соған да
байланысты яғни сыртқы ортаның әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштеріне мидың
төзімділігі
тепе-теңдігі, бір қалыптылығымен да жауап қайтарады. Жүйке жүйесінің
күнделікті өмірдегі негізгі көрсеткіштері ұстамдылық, тұрақтылық, тыныштық, көңіл күй
қалпының өзгеруімен және бірден жарқырап қуанып, жабырқап қайғыруынан
байқалады.Сөзі мен қимыл-қозғалысының біркелкі болмауы да осыған мысал бола алады.
Жүйке жүйесінің қозғыштығының көрсеткішіне өзін қоршаған ортаға жаңаны тез
қабылдап, бағдарлай алуы, өмірдегі
өзгерістерге тез бейімделуі, ептеліктер ме
дағдыларды тез игеруі, көпшілік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ортаға тез бейімделуі,
жан-жақты қабілеттілік әрекеттің бір түрінен екінші түріне тез ауысуы, еске
тез ауысуы
еске тез сақтап қайта жаңғырта алуы шапшаң қимылдап тез сөйлеу сезгіштіктің пайда
болуы мен көрінуі де жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Жүйке жүйесінің
әсерленгіштігі сырттан әсер ететін тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеттілігінен де
көрінеді.Кейбір балаларды ашуланшақ күйгелек шыдамсыз десек енді біреулердің
қуанғаны да ренжуі де түсініксіз дейді. Енді біреулерді икемді епті десек оған қарама –
қарсы ебедейсіз олақ бейімділігі жоқ та балалар бар. Бұл қасиет баланы сыртқа
әрекеттердің оңай бейімделе алмауынан, көп күш жұмсауынан көрінеді.
Темпераменттің табиғи қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады.
Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның
айналасындағы үлкендерден алатын әсері де мол болады.
Соған байланысты
темпераменттің өзгеріске түсетін ерекшеліктері бүркемеленеді.
И.В.Павлов шарты рефлекстер әдісі арқылы жоғарғы жүйке қызметінің және жүйке
жүйесінің негізгі қозу мен тежелудің заңдылықтарын ашты. Жүйке жүйесінің негізгі күші
тепе-теңдік қозғалғыштығы бойынша төрт типте жиі ұшырасады. Бұлардың үшеуін күшті
тип, біреуін әлсіз тип деп атайды. Мысалы күшті типтің біріншісі ұстамсыз тип. Олардың
жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу тежелу үдерістері бір бірімен сәйкес келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: