Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні б ойынша дәрістер жинағы Шымкент 2021ж



бет24/89
Дата31.12.2021
өлшемі434,02 Kb.
#22040
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   89
Қосымша әдебиеттер.

1.Оданова Р.К. Әлеуметтану : Барлық маманд. студ. арналған кесте мен сызба түріндегі оқу-әдістемелік құрал / Р. К. Оданова. - Шымкент : 0ҚМУ, 2013. - 148 с.


2.Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер : оқу-әдістемелік құрал / М. С. Садырова. - Алматы : "Эверо", 2011. - 284 с.

6 -тақырып.

Әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік стратификация.
1.«Әлеуметтік теңсізідк және стратификация.
Әлеуметтік құрылымдар қоғамдық құбылыстардың екінші айтарлықтай маңызды түріне жатады. Олар күрделі әлеуметтік процестер мен әлеуметтік топтарға бөлінеді. Қоғам адамдардың күрделі өзара қарым-қатынасының жиынтығы ретінде онда алуан түрлі қатынастар мен байланыстар болып жатады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, негізгісі- адамдардың материалдық өндіріс процесіндегі экономикалық қатынастары мен іс - әрекеті. Алайда қоғам өмірі бұлардан басқа да толып жатқан қатынас түрлерінен, қоғамдық мекемелер мен іс-әрекеттерден, идеялардан тұрады. Бұл құбылыстардың бәрі өзара байланыста және бірлікте болады. Сондықтан адамзат қоғамын ішкі және сыртқы байланыстарын, өзара тәуелділіктерін қатаң ескере отырып біртұтастықта зерттеу қажет. Бірақ, сонымен бірге, біртұтас қоғамдық қатынастарды құратын жеке құбылыстарды егжей-тегжейлі зерттеп білу үшін, оларды классификация жасап, талдау қажет; қоғамдық құбылыстарды белгілі бір жүйеге келтіру керек. Бұл классификациялау, жүйелеу, олардың белгілі бір тұрғыдан алғанда маңызды болып табылатын мәнді белгілері бойынша жасалуы тиіс.

Қазіргі кезде социологиялық теориялардың бәрі қоғамдық құбылыстарды, қоғамның әлеуметтік құрылымын өздігінше классификациялауға әрекет жасап, құбылыстардың топтары арасындағы байланыстарды анықтауға тырысады, яғни қоғамдық структура (құрылым) мәселесімен айналысады.

«Структура» термині латын тілінен алынған - ол, жалпы алғанда, белгілі бір заттың, құбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың айтарлықтай бір тұтастығын білдіретін термин. Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым қазіргі заманғы батыс социологиясында түрліше түсіндірілгенімен, бірақ олардың бәріне ортақ жалпы белгі бар: батыстың социологиялық теорияларының әрқайсысы өздігінше қоғамдық құбылыстарды екі салаға: экономикалық құбылыстар саласына және экономикалық емес құбылыстар саласына бөлу крийтериін немесе айырмашылық белгісін табуға тырысады. Содан кейін экономикалық емес құбылыстар саласы басқа белгілері бойынша одан кіші салаларға жіктеледі. Бұл құбылыстардың бәрі өзара тәуелділікте болады, бірақ қоғамдық құбылыстардың жеке салаларының жекеше заңдары да, жекеше тіршілігі де болады деп дәлелдейді.

Қоғамның құрылымы жайлы маркстік пікірді түсіну үшін оның «Саяси экономия сынына» деген еңбегінің кіріспесіндегі мына үзіндінің маңызы зор: «Өз өмірінің қоғамдық өндірісінде адамдар олардың еркінен тәуелсіз белгілі бір қажетті қатынастарға- өндірістік қатынастарға араласады бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштердің белгілі бір даму дәрежесіне сәйкес келеді. Бұл өндірістік қатынастарының жиынтығы қоғамның экономикалық құрылысын, реалды базисін құрады, бұл базиске саяси және юридикалық қондырма орнайды, оған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сәйкес келеді. Материалдық өндіріс тәсілі жалпы алғанда әлеуметтік, саяси және рухани өмір процестерін айқындап береді. Адамдардың болмысын олардың санасы билемейді, қайта керісінше, олардың қоғамдық болмысы санасын билейді» (К.Маркс, Ф.Энгельс. 13 т, 67 б.). Бұл үзіндіден көріп отырмыз, маркстік социология қоғам өмірін екі негізгі салаға бөледі: қоғамдық базиске (экономикалық құрылымға) және қоғамдық қондырмаға. Қоғамдық қондырма саяси және юридикалық қондырмаларға, қоғамдық сананың формаларына жіктеледі. Қоғамның экономикалық базисін шын мәніне келгенде бір-бірімен айырғысыз байланыстағы екі элементтің - өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі құрады, ал бұл екеуінің бірлігі өндіріс тәсілі болып табылады.

Түрлі әлеуметтік топтар өзара бір – біріне әсер етеді. Мәселен, таптық – антогонистік қоғамдар жағдайында барлық топтардың мінез-құлқы таптардың күресімен анықталады, сондықтан мұндағы әлеуметтік топтардың бүкіл жүйесі конфликтілі (қайшылықты) сипатта болады.

Қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға т.б. жіктелуі батыстық социологияда көбінесе әлеуметтік стратификация деген терминмен (география мен геологияда страттар деп жер қыртысының қабаттарын айтады) белгіленеді. Ол термин қоғам мүшелерінің әлеуметтік күйінің бірдей еместігін, олардың әлеуметтік теңсіздігін білдіреді.

Бұл әлеуметтік теңсіздіктің себептерін түрлі социологтар түрліше түсіндіреді. Мәселен, функционалдық теориялар ол себепті түрліше қоғамдық қызметтердің маңыздылығы әр түрлі болатындығынан іздейді.

Теңсіздіктер мен әлеуметтік стратификация проблемасы іс жүзінде әлеуметтік және философиялық теориялардың барлығының да басты назарында болады. Стратификация ұғымының қазіргі заманғы ғылыми ойлаудың категориялық аппаратындағы орнының маңызы зор.

Әлеуметтік қауымдастықтар теңсіздігі жүйесін сипаттау үшін социологияда “әлеуметтік стратификация” ұғымы пайдаланылады. “Стратификация” терминінің өзі социологияға геологиядан келген. Ағылшын тілінде “strata” немесе “stratum” сөзі алғашында геологиялық қабат деген, ал “stratіfісatіon” сөзі қабатталу, қатталу деген ұғымды білдірген. Социологтар әлеуметтік теңсіздікті белсенді түрде зерттей бастаған кезде осы терминді алған, сөйтіп ол жаңа мағынаға, қоғамды белгілі бір топтарға бөлу мағынасына ие болған. Қоғамда әрдайым құрылым болатындықтан , ондағы адамдар түрлі негіздер бойынша жіктеліп отыратын болған.

Алайда теңсіздік табиғаты туралы сөз қозғалатын кез келген ғылыми әдебиетпен алғашқы танысудың өзі стратификация процесі мен әлеуметтік жинақылық проблемалары зерттеушілер арасында осы ұғымның мазмұны мен көлеміне қатысты бірыңғай көзқарастың жоқ екендігіне көз жеткізеді. Сол сияқты әлеуметтік қауымдастықтарды білдіретін әлеуметтік тап, топ, страта, мәртебелік топтар сияқты талдау бірліктері де барлық уақытта бірдей баяндала бермейді.

Әлеуметтік стратификация дегеніміз адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік; бұл теңсіздік олардың жоғарыдан төмен қарай болатын теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси мекемелер берік сақтап, реттеп отырады. Мұның бұлай екенін адамзат қоғамының тарихи дамуы дәлелдейді.

П.Сорокин өзінің жалпы адамдық стратификация картасын жасау әрекетінде бір өлшемді және көп өлшемді стратификациалау әдістерін ұштастырып қолданды. Сорокиннің пікірінше, дүниеде миллиондаған әлеуметтік система мен топтасқан жиынтықтар бар. Бұл сансыз көп әлеуметтік топтарды, классификациялаудың мақсатына қарай, түрліше классификациялауға болады. Мұндай әлеуметтік топтарға мыналар жатады:

1. Аса маңызды бір жақты топтар, оның ішінде: нәсілдік, жыныстық, жасына қарай.

2. Мәдени әлеуметтік топтар: рулық, территориялық, көршілестік, этностық және ұлттық топтар.

3. Аса маңызды көп жақты топтар: отбасы, рулық топ, тайпалық, ұлттық, әлеуметтік сословие, әлеуметтік топ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет