Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні б ойынша дәрістер жинағы Шымкент 2021ж


Аз балалы отбасы (бiр, екi балалы)



бет33/89
Дата31.12.2021
өлшемі434,02 Kb.
#22040
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   89
Аз балалы отбасы (бiр, екi балалы). Социологтар мен политологтардың бақылауы бойынша екiншi баланың туылуы бiр балалы отбасыға қарағанда отбасының тұрақтылығын 3 есеге артады екен. Бұл отбасылардың әрбiр алтыншы, жетiншi жұбы ғана ажырасады.

  • Көп балалы отбасы-үш баладан көп балалы отбасы. Бұл отбасыларда ажырасу сирек болады, болған жағдайда да ол ерiнiң күнәсiнен болуы мүмкiн. Бұл жерде ананың еңбегi зор, сондықтан да қазiргi кезде әйелдердiң көпбалалы болуға ұмтылуы кем.

  • Толық емес отбасы. Мұндай отбасыда ата-ананың бiреуiғана болады (көбiне жалғыз басты ана). Мұның себебi-ерлi-зайыптының бiреуiнiң қайтыс болуы, ажырасу немесе некесiз туылған бала, жалғыз басты әйелдiң бiреудiң баласын асырап алуы т.б. Мұндай типтегi отбасы әлеуметтiк сапасыз, тиiмсiз. Мұндай отбасыдағы балалар көп уақыттарын үйден тыс өткiзедi, себебi аналары жұмыста болады. 50% заң бұзушылар осындай отбасылардан шыққандар.

  • Жеке, қарапайым отбасы. Мұндай отбасыны балалы, баласыз ерлi-зайыптылар құрайды. Олар ата-аналарынан, туыстарынан бөлек, өздерiнше өмiр сүредi. Сондықтан да олар өз өмiрлерiн қалай құрғылары келсе солай жасайды.

  • Күрделi отбасы. Бұл отбасы бiрнеше ұрпақ өкiлдерiнен тұрады. Социологтардың зерттеулерi бойынша қазiргi кезде жасы 20-ға дейiнгi жас жұбайлардың 65% осындай отбасыларда өмiр сүредi. Мұндай отбасыларда тұрмыс ұтымды жөнге салынған, жастардың бос уақыты көп, болмайтын нәрсеге ұрыс-керiс аз болады. Отбасының әр мүшесi басқа отбасы мүшелерiнiң көзқарасына ықыласпен қарайды.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет