Теологиялық парадигма. Ол саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның ал-ғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлықәлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінді.
Натуралистік парадигма.Ол саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.
Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуі туралы ертедегі ойшылдар Гиппократ, Платон, Аристотельдер атап айтқан болатын. Алайда оны теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж. Боден (1529—1596) болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан сол еддің философы Ш. Монтескье (1689—1755). Оның ойынша, географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сырсипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады. Ал Оксфорд университетінің профессоры Маккиндер XXғасырдың басында теңізге шығар жолы жоқ мемлекеттер даму жағынан артта қалады деді. Ол дүниені құрылықтық және теңіздік күштер деп екіге бөлді. Қалай болса да, бүгінгі таңда елдің географиялық жағдайы оның сыртқы саясатын қалыптастыруға әсер ететіндігі даусыз.
Саясатты биологиялық себептермен түсіндірушілер (неміс ғалымы П. Майер, австриялық К. Лоренц) саяси процесті адамның туа біткен физиологиялық қасиеттерімен байланыстырады. Бұларға адамдардың саяси саладағы іс-әрекеттерін зерттеуді алға тартатын бихевиористерді де жатқызуға болады (американдық ғалымдар Ч. Мерриам, Г. Лассуэлл).
Натуралистік парадигмаға психологиялық бағыт та жатады. Ол саяси даму процесін адамның психологиялық қасиеттерімен түсіндіреді. Бұл бағыттың негізін қалағандар Г. Тард, Г. Лебон, Э. Дюркгейм, Б. Рассел жөне т.б. Мысалы, Б. Рассел биліктің мәнін білу үшін адам өміріндегі қорқыныш, үрей, торығу, қамығу, ұжымдық долылық сияқты психологиялық құбылыстарды зерттеп білу қажет дейді. Өйткені, оның ойынша, саяси лидерлерге өздерін диктатор еткізетін осы қасиеттер, олар өктемдіктерін жүргізу үшін халықтың осы қасиеттерін ұтымды пайдаланады. Сондықтан, дейді ол, диктаторлық тәртіпті болдырмаудың әдісі ел ішінде жоғарыда аталған құбылыстарды тудырмайтындай жағдай жасау.