Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда бол-уын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарды. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі (құрылысы) қажетті түрде езіне сәйкес қондырма тудырады деді. Яғни белгілі бір экономикалық базис негізінде саяси, құқықтық, философиялық, діни, этикалық, эстетикалық, т.с.с. көзқарастар мен идеялар пайда болып, дамиды.
Батыс саясаттануында кең тараған тағы бір тұжырымдамаға "құқық үстемдігі" теориясын жатқызуға болады. Оның негізін салушылар Р. Моор, Дж. Гудмен, Г. Макдональд және т.б. саясатты құқық тудырады деп санайды. Олардың ойынша бір заңның орнына жаңа өмір талабына сай келетін екінші заң келеді. Сөйтіп зандардың бірін-бірі алмастыруы қоғамды жетілдіреді, алға жылжытады. Яғни заңдардың алмасуы қоғамның қозғаушы күшіне жатады дейді. Сондықтан саяси өмірді сараптап, тал-дау үшін, олардың пайымдауынша, зерттеуші құқықтық нормаларды зерделеуі керек.
Әлеуметтік парадигманың біртүрі ретінде мәдениеттанулық көзқарасты қарауға болады. Ол саясаттың мәнін, саяси процестердің мазмұнын адамдардың мәдени даму деңгейімен, ұстанатын, басшылыққа алатын құндылықтарымен түсіндіреді. Адам соған байланысты саяси өмірде іс-әрекет жасайды деп қарайды.