Ғылыми мамандар. Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық
саласында білікті мамандар негізгі әлеуетті күш болып саналады. 1991-2013
жылдар аралағында ғылым саласын қаржыландырудың деңгейі тиісті
деңгейде болмағандықтан ҒЗТКЖ іске асыратын ғалымдардың саны 1,7 есеге
(40,9 мың адамнан 23,7 адамға) төмендеді, соның ішінде зерттеуші-мамандар
1,6 есеге (27,6 мың адамнан 17,2 мың адамға) қысқарған.
Жалпы алғанда 2000 жылдар мен 2013 жылдар аралығында ҒЗТКЖ
жұмыстармен айналысқан қызметкерлердің саны 8,9 мың адамға артып,
60,6%-ды құраса, дәл осы кезеңде зерттеуші-мамандардың саны 8,2 мың
адамға ұлғайып, 90,9%-ға жетті. Ал техникалық қызметкерлердің үлесі 0,5
мың адамға көбейіп, 12,0%-ға артқанын байқаймыз (3.1-кесте).
Ал 2013 жылы ҒЗТКЖ жұмыстармен айналысқан ғылыми мамандар
Қазақстандағы экономикалық белсенді топтың 0,3%-ын құраған.
2013 жылы Қазақстандағы ҒЗТКЖ жұмыспен айналысушыларды 1
миллион адамға шаққанда 1392 адамға тең келгенін байқауға болады. Бұл
басқа елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен көрсеткіш. Айталық, 1
миллион адамға шаққанда ҒЗТКЖ айналысатын мамандардың саны
Финляндияда 7832, Исландияда 6807, Швецияда 5416, Жапонияда 5287,
АҚШ-та 4605, Норвегияда 4587, Австралияда 3759, Канадада 3597,
Францияда 3213 адамды құрайды [1]. Сараптама барысында 2013 жылы
ҒЗТКЖ жұмыспен айналысатын қызметкерлердің 49,9%-ы жоғары кәсіби
білім беру саласында, 23,3%-ы мемлекеттік секторда, 21,2%-ы кәсіпкерлік
және 5,6%-ы коммерциялық емес салаларда жұмыс істегеніне көз жеткіздік.
3.2-кестеден
соңғы жылдары жоғары оқу орындарда ҒЗТКЖ
айналысушылардың саны айтарлықтай өскенін байқалады. Олардың үлесі
2010 жылы – 17%-ға, 2011 жылы – 19,9%-ға, 2012 жылы – 28,6%-ға, 2013
жылы – 38,5%-ға өскен. Ғылыми кадрлардың бұлайша өсуіне негізінен
мемлекеттік деңгейде қолға алынған шаралар ықпал еткені белгілі. Қазіргі
таңда
жоғары
оқу
орындарында
ғылыми-зерттеу
жұмыстарымен
20
айналысушыларға барынша қолдау көрсетіліп, ғылыми-зерттеу ісімен ғана
айналысатын арнайы бөлімдер жасақталуда.
3.1-кесте. 2000-2013 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасындағы ғылым
саласындағы білікті мамандар мен ғылыми кдарлар дайындаудың динамикасы, мың
адамға шаққанда
Көрсеткіш
Жыл
2000 2005 2006 2007 2008 2009
2010
2011
2012
2013
ҒЗТКЖ
жұмыстармен
айналысушылар-
дың үлесі, мың
адам *
14,76 18,91 19,56 17,8
16,3
15,8
17,0
18,0
20,4
23,7
соның ішінде:
зерттеуші-
мамандар
9,01
11,91 12,4
11,5
10,8
10,1
10,9
11,5
13,49
17,2
Техникалық
қызметкерлер
3,82
4,4
4,49
4,1
3,5
3,5
3,8
4,0
4,73
3,36
өзге де
1,93
2,60
2,67
2,2
2,0
2,2
2,3
2,6
2,18
2,9
ҒЗТКЖ
жұмыстармен
айналысушылар-
дың үлесі, 10 мың
адамға шаққанда,
экономика
саласындағы
адамдар.
23,8
26,0
26,4
23,1
20,7
20,0
21,0
21,4
24,2
27,7
Соның ішінде,
зерттеуші-
мамандар 10 мың
адамға шаққанда,
экономика
саласындағы
адамдар
14,5
16,4
16,8
15,0
13,7
12,8
13,4
13,6
16,0
20,1
Адамдардың
жалпы үлесі:
магистранттар,
аспиранттар,
докторанттар
-
4691
245
-
4718
303
-
3792
366
-
2241
508
-
988
439
4216
228
666
6586
20
960
21159
4
1337
27149
-
1588
31950
-
1892
Бітірушілер:
магистранттар,
аспиранттар
докторанттар
-
1467
78
-
1630
124
-
1689
150
-
1475
114
-
1111
104
4595
715
211
6843
171
207
8353
10
159
10117
-
257
12962
-
373
Кесте ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері негізінде түзілді.
*
ҒЗТКЖ айыналысқан мамандардың үлесін анықтауда ғылыми-педагогикалық
жұмыстармен айналысушылар есепке алынбады, педагогикалық қызмет бойынша ҒЗТКЖ
айналысушылар да осыған тең келеді.
Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050 стратегиясы» Жолдауында
«жоғары оқу орындары жаңаша білім беру жүйесін қалыптастырып,
технологиялық жетістіктерді шоғырландырған орталыққа айналуы тиіс» деп
21
ЖОО-ға нақты тапсырма жүктегені белгілі. Сараптама барысында зерттелген
мерзім
аралығында
ғылыми-зерттеу
институттарда
ҒЗТКЖ
айналысушылардың саны айтарлықтай қысқарғанын байқауға болады.
Мәселен, 2010 жылы – 79%-ға, 2011 жылы – 76,4%-ға, 2012 жылы – 67,8%-ға,
2013 жылы – 57%-ға мамандар қысқарған.
3.2-кесте. 2000-2013 жылдар аралығында ҒЗТКЖ жұмыстармен айналысушылардың
жұмыс істеген мекемелері, адам
Мекеме түрі
Жыл
2000
2010
2011
2012
2013
Ғылыми-техникалық және зерттеу
жұмыстарымен айналысқан
қызметкерлердің үлесі* соның ішінде:
14756
17021
18003
20404
23712
Ғылыми-зерттеу институттарында
9508
13441
13762
13826
13635
ЖОО-ларда
4305
2899
3583
5832
9128
Өзге мекемелерде
943
681
658
746
949
*
ҒЗТКЖ айыналысқан мамандардың үлесін анықтауда ғылыми-педагогикалық
жұмыстармен айналысушылар есепке алынбады.
Сараптама нәтижесі көрсеткендей, 2013 жылы жоғарыбілікті, жоғары
ғылыми атағы бар ҒЗТКЖ айналысушы мамандардың үлесі 43,2%-ды
құрағанын байқаймыз. Бұл 2000 жылғы деңгейде қалған (41,6%) (3.3-кесте).
3.3-кесте. Жоғарыбілікті, жоғары ғылыми атағы бар зерттеуші-мамандардың жалпы үлесі,
адам
Зерттеу-мамандар
2000 ж.
2013 ж.
саны
%
саны
%
Бәрі
9009
100
17195
100
соның ішінде: ғылым докторлары, философия
ғылымы докторлары (PhD), өкілетті докторлар мен
ғылым кандидаттары,
3745
41,6
7426
43,2
соның ішінде: ғылым докторлары
948
25,3
1688
22,7
философия ғылымы докторлары (PhD)
-
-
218
2,9
өкілетті докторлар
-
-
605
8,2
ғылым кандидаттары
2797
74,7
4915
66,2
2013 жылы ҒЗТКЖ айналысушылардың жас ерекшелігін сарапқа
салынғанда ғылыммен шұғылданушылардың дені 35 жасты құрап 36,2%-ға
тең болған. Ал 65 жастан асқан ҒЗТКЖ айналысушылардың үлесі – 8,1%-ды
құрады.
2013
жылы
еліміз
бойынша
ғылыми-зерттеу
жұмыстарымен
айналысушылардың арасында әйелдердің үлесі 51,7%-ды құрап, еліміздің
ғылым саласында гендерлік теңдік сақталғанын байқауға болады.
22
Ғылым саласындағы ұйымдардың құрылымы. 2013 жылы
Қазақстанда ғылыми мекемелердің саны 341 құрады. 2000-2013 жылдар
аралығында ғылыми жұмыстар 84 бірлікке артып, 32,7%-ды құраған [1].
3.4-кестеден көргеніміздей 2013 жылы ғылыми жұмыстардың 67,7%-ы
ҒЗИ үлесіне тисе, 24,6%-ы ЖОО-лардың еншісінде екенін байқаймыз.
3.4-кесте. Түрлі ҒЗТКЖ іске асырған ұйымдар, бірл.
Мекеме түрі
Жыл
2000
2005
2010
2011
2012
2013
Бәрі
257
390
424
412
345
341
соның ішінде:
ғылыми-зерттеу институттары
144
260
307
292
238
231
жоғары оқу орындары
43
82
91
89
83
84
өзгеде
70
48
26
31
24
26
Еліміздегі 341 ғылыми мекемелер түрлі ведомстволар мен түрлі меншік
формасында жұмыс істейді. Атап айтсақ, ғылыми мекемелердің 32,8%-ы
жоғарғы кәсіби білім беру мекемелерінің қарамағында жұмыс істесе, 32,3%-
ы кәсіпкерлік секторға қарасты, мемлекеттік секторға еліміздегі ғылыми
мекемелердің 22,9%-ы қарайды, ал коммерциялық емес саланың үлесі 12,0%-
ды құрайды (3.5-кесте).
3.5-кесте. ҒЗТКЖ айналысатын ұйымдардың сектор бойынша қызметі
Қызмет
секторы
Жыл
2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013
Бәрі
273
295
390
437
438
421
414
424
412
345
341
Мемлекеттік
147
115
149
151
134
104
94
95
85
69
78
Жоғары
кәсіби білім
беру
мекемелері
60
83
114
123
133
126
115
121
115
121
112
Кәсіпкерлік
сала
58
86
112
152
155
166
111
108
149
105
110
Коммерциялық
емес сала
8
11
15
11
16
25
94
100
63
50
41
Дамыған елдердің іс-тәжірибесіне назар аударатын болсақ, ғылыми
ортаны дамытуда мемлекеттің қолдауының маңызы зор екенін байқауға
болады. Қазақстан Республикасында 2013 ж. ҒЗТКЖ айналысатын
мемлекеттік мекемелердің саны 78 жеткеннін, Үкіметтің ғылымға барынша
көңіл бөліп отырғанын байқауға болады.
Отандық ғылыми кадрларды дайындаудың сапасы. Ғылыми кадрлар
даярлау және оларды тиімді пайдалану Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де
өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
23
Ғылыми-зерттеу жұмыстары заманауи салаларға негізделгендіктен
дипломнан кейін ғылыммен айналысу ісінің талабы зор екені белгілі.
Шетелдерде ғылыми кадрлардың білімін өз саласында ғана емес, өзге ғылым
салаларында пайдалануы айтарлықтай өскенін байқауға болады. Осы
бағытты есепке ала отырып докторантура бітірген мамандардың басқа
саланы таңдауы қателік деп қабылдау орынсыз. Қайта керісінше кәсіби
тұрғыдан білімін жетілдіріп, «бір мамандық – мансаптар жиынтығы»
қағидасын қалыптастырудың мәні зор.
Қазақстандағы ғылыми кадрлар әлеуетінің баяу өсіміне докторлық
қорғайтын ғалымдардың санының аздығынан ғана емес, олардың ғылым
саласынан алыстап кетуі де әсерін етуде.
Соңғы уақыттары Қазақстанда ғалымдардың докторлық PhD
диссертацияларды қорғау деңгейі өте төмен екені байқалады. 2013 жылы
2006-2008 жылдардағы деңгейге (249-227 доктор) тең болып тұр. ҚР БҒМ
2011-2013 жыларды жыл сайын PhD дессертацияларды қорғайтын
докторлардың санын 500 дейін арттыруды жоспарлаған еді. Бірақ PhD доктор
атанған ғалымдардың саны әлі де төмен (3.1-сурет).
3.1-сурет. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғарыбілікті кадрлар дайындау
және PhD докторлардың үлесі
3.1-суретте 2009-2013 жылдары 1500 PhD докторы дайындалады деп
жоспарланғанымен, іс жүзінде олардың саны 587 болған, яғни
жоспарланғаннан 2,5 есе аз екенін байқаймыз.
2013 жылдың 22 тамызындағы ҚР БҒМ алқа жиналысында еліміздегі
ЖОО бітірген 914 докторанттың 228-і (24,9%) ғана диссертациялық
жұмысын қорғаған, тек 217-і (23,7%) бекітілген, бұл докторантура жүйесінің
тиімділігінің төмендігін көрсетеді.
2013 жылы еліміздегі жоғары оқу орындарының докторантурасында
оқуға мемелекеттік тапсырыстан 500 орын бөлініп, оған 2232 адам өз
кандидатурасын ұсынған. Байқау барысында талапкерлердің 70%-ның
жұмыстары халықаралық деңгейдегі жұмыстарға жарамсыз болып табылды;
24
- докторантураға жұмыс өтілі мен жарияланымдары бойынша іріктеудің
талабы болмауы;
- жаратылыстану
және техникалық мамандықтар бойынша оқу
мерзімінің қысқалығы;
- ғылыми жұмыстарды орындау барысында ақпараттық ресурстарды
пайдалану нәтижесінің төмендігі.
Осы мәліметтердің барлығы PhD докторантурасы шеңберіндегі
дайындалып жатқан жоғары білікті кадрлардың сапасына көлеңке түсіретіні
анық. Алдыңғы жүйемен салыстырғандағы (жыл сайын 1500-ға жуық)
дайындалып жатқан жоғары білікті кадрлар санының біршама қысқаруы,
ғылым мен экономика дамуының басым бағыттарын білікті кадрмен
қамтамасыз етуде алдағы жылдары докторлардың жетіспеушілігі туындауы
мүмкін. Мәселен, Қазақстанда медицина саласы бойынша ЖОО PhD
докторларын дайындау ісі қажеттілігі 10-12%-ға жуықтап келеді [6].
Алдағы уақытта елімізде ғылыми-кадрлық әлеуетінің жетіспеушілігі
Қазақстанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілік көрсеткішке кері әсер
етуі ықтимал. Докторлығын қорғаған (мемтіркеу мәліметі бойынша) және
аймақтарда ғылым саласында еңбек етіп жүрген ғылыми қызметкерлердің
санын басшылыққа алғанымызда (бірқатар статистикалық мәліметтерді
есепке алмағанда) ғылыми мекемелерде жұмыс істеп жүрген докторлардың
саны жалпы көрсеткіштен біршама төмен. Мұндай жағдай Алматы, Шығыс
Қазақстан, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында байқалуда.
Бұдан шығатын қорытынды аталған аймақтарда докторлардың ғылыми
жұмыспен айналысатын ғылыми орта, яғни ғылыми мекемелер жеткіліксіз
болмаса ғылым докторлары ғылым саласында жұмыс істегеннен гөрі басқа
салада еңбектенгенді жөн санайды деп байлам жасауға негіз болады.
Мәселен соңғы екі жылда Алматы қаласында 263 адам ғылыми жұмыстарын
сәтті қорғаған. Қазіргі таңда солардың 110-ы ғана ғылым саласында жұмыс
істейді. Осы жайттан-ақ елімізде ғылыми мамандар жұмысын жалғастыратын
ғылыми мекемелер тапшы деген байламның орынсыз екенін байқаймыз.
Өйткені Алматыда ғалымдар жұмыс істейтін мекемелері жеткілікті.
Салыстырмалы түрде айта кетсек, Астана мен Қарағанды облысында ғылыми
мамандардың өз саласынан алшақ кетуі біршама төмен. Белгіленген мерзім
аралығында Астана қаласында 87 ізденуші ғылыми-зерттеу жұмыстарын
қорғағаннан кейін, олардың 68 ғылым саласында жұмысын жалғастырғаны
байқалады. Сол сияқты Қарағанды облысында 16 ізденуші докторлық атаққа
қол жеткізгеннен кейін олардың 13 ғылыми саладан қол үзбей жұмысын
жалғастырған. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы 2 жылда 19 адам
ғылыми атаққа қол жеткізгенімен Статистика агенттігі аймақта біліктілігі
жоғары ғылыми кадр ретінде бір ғана адамды тіркеген.
Зерттеу барысында республика көлемінде PhD бойынша докторлығын
қорғаған
ғалымдардың
көпшілігі
ғылыми
жұмыспен
толықтай
қамтылмағанын байқаймыз. Соның ішінде ғылыми мекемелер көп
шоғырланған Алматыдағы жағдай алаңдаушылық тудырады.
25
Қазір елімізде ғылыми кадрлардың саны төмен болса да олардың
жұмысын жүйелеп, аттестациялау ісіне барынша көңіл бөлініп, ғылыми
мамандардың сапасын көтеруге мейлінше назар аударылып отыр.
Сапалы кадрлық әлеуеттің негізгі көрсеткішін құрылымдық салалардан
аңғаруға болады. Қазіргі таңда кадрлық әлеуеттің діңгегі болып саналатын
ғылым докторларының тең жартысы (2013 жыл, 64%) қоғамдық
ғылымдардың үлесіне тиіп отыр. Ал техника мен технология саласы
бойынша доктор атанған ғалымдардың қатары тым аз.
Зерттеу барысында географиялық тұрғыдан еліміздің ғылыми кадрлық
әлеуетінде бірқатар өзгерістер болғаны байқалады. 3.2 суретке көз салғанда
2009-2013 жылдары аралығында жаратылыстану және нақты ғылымдар
саласы бойынша PhD докторлық дәрежеге ие болғандардың 2,8 есеге
кемігенін (44,8%-дан 16,1%-ға дейін) байқаймыз. Ал осы кезеңде қоғамдық
ғылымдар бойынша PhD доктор атанғандардың үлесі 46,0%-дан 64,1%-ға
ұлғайған. Сол сияқты техника ғылымдары және технология бойынша
докторлық дәрежеге қол жеткізген ізденушілердің ауқымы 9,2%-дан 31,6%-ға
ұлғайды.
3.2-сурет. PhD докторларының салалық құрылымы
Белгіленген мерзім аралығында ғылым докторларының саны орта
есеппен алғанда – қоғамдық ғылымдар саласы бойынша 2,4 есеге, ал
техникалық ғылымдар және технология саласы бойынша 1,8 есеге артқан. Ал
жаратылыстану және нақты ғылымдар бойынша көрсеткіш төмен.
Салалық құрылымдар бойынша PhD докторларының дайындау ісін
жетілдіруді арнайы классификатор дайындайды. Дегенмен ғылымның әр
саласы бойынша мамандану ісіндегі арақатынасты классификатор тиісті
деңгейде реттей алған жоқ.
PhD докторлар дайындаудағы арасалмақты реттейтін классификатор
қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар мен техникалық ғылымдар арасындағы
26
ара салмақты 34 және 37 пайыз деңгейінде ұстап тұрады деп болжанған еді.
Бірақ көріп тұрғанымыздай қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар 64%-ға
артып, техникалық ғылымдарды үлесі 19,8% деңгейінде қалып қойған.
Мәселенің түбіне тереңірек талдау жасағанда салалық және пәнаралық
құрылымдар бойынша ізденушілер PhD доктор атағына 2013 жылы қол
жеткізгенін байқаймыз. Мұны 3.3-суретінен көруге болады.
01 – білім
02 – гуманитарлық ғылым
03 – құқық
04 – сурет
05 – әлеуметтік ғылым, экономика
және бизнес
06 – жаратылыстану ғылымдары
07
– техникалық ғылым және
технология
08 – ауылшаруашылық ғылым
09 – қызмет көрсету
11
– денсаулық сақтау және
әлеуметтік қамсыз ету (медицина)
12 – ветеринария
3.3-сурет. 2013 жылдары диссертациялық жұмыстарды қорғаған
ғылыми мамандардың % үлесінің топтық жіктелуі
ЖОО-лар арасында қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеуден
көптеп өткізуде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ көш бастап, 69 ізденушісі
ғылыми жұмыстарын сәтті тапсырған. Ал Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ
мемлекеттік тіркеуге аз ғылыми жұмыс өткізген.
Сол сияқты осы кезеңдерді ғылыми жұмыстарды сарапқа салатын
диссертациялық кеңестердің ауқымы да кеңейе түскен. Айталық, 2011 жылы
еліміздегі 6 оқу орындары жанында 16 диссертациялық кеңес жұмыс істесе,
2012 жылы 11 ЖОО-да диссертациялық кеңестердің саны 24-ке жетті. Ал
2013 жыл 12 ЖОО-ның аумағында 33 диссертациялық кеңес жұмыс істеген.
2013 жылы еліміздегі жетекші оқу орыны болып саналатын әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-да диссертациялық кеңестердің саны еліміз бойынша
анағұрлым көп болған. Еліміздегі 28 оқу орны 125 мамандық бойынша
ғылым докторлары дайындалған (2012 жылы 91 мамандық бойынша 24 ЖОО
докторлар дайындады). Білікті ғылыми кадрлар дайындауда тағы да ҚазҰУ
(29 мамандықтар бойынша) топ бастаған. Бұдан басқа елімізде 10-нан 14-ке
27
дейінгі мамандықтар бойынша ғылым докторларын дайындау әлеуетіне –
Абай атындағы ҚазҰПУ, Е.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Қ.И. Сәтбаев
атындағы ҚазҰТУ ие екенін айта кетуіміз керек.
2014 жылдың 31 қаңтарында ҚР Білім және ғылым министрлігі
қызметкерлері Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
арнаған Жолдауын саралап, білім мен ғылым саласын дамытудың маңызды
бағыттарын
талқылады.
Алқалы
басқосуда
ҮИИД
мемлекеттік
бағдарламасын басшылыққа ала отырып, докторлық диссертациялардың
тақырыбын айқындау тапсырылған болатын. Осылайша ҮИИД-ге қажетті
мамандар дайындауға кеңінен мүмкіндік туғызатын классификатор
дайындалды.
Қазақстанда жоғары білікті ғылыми кадрлар дайындау саласындағы
реформа негізінен осыған дейін таптауырын болған жүйеден кетіп, заманауи
бағытқа бет алғаны белгілі. 2009 жылға дейінгі жүйеде жыл сайын елімізде
418-ге дейін ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындау басшылыққа
алынғанды.
Бүгінде PhD доктор мамандарын дайындаудың номенклатурасы
біртіндеп кеңейіп келеді. Қазіргі уақытта мамандықтарды реттейтін
классификатор бойынша ғылыми пәндер бойынша (125 мамандық) әлі де
біраз мамандықтардың қажеттілігі байқалып отыр.
Қазір еліміздегі негізгі мәселелердің бірі ғылыми қызметкерлер
салаларындағы
қажеттілікті
ұзақ
мерзімді
болжамдауға,
ғылыми
ұйымдардың ғылыми кадрлармен шынайы қамтамасыз етілуін зерттеуге
негізделген шараларды қабылдауды талап ететін халықаралық нарықта
бәсекеге қабілетті мамандардың отандық ғылымда жетіспеушілігі болып
табылады.
Жиынтық кемелі мен барлық нормативтік дәрежелердің әдістерін
пайдалану негізіндегі дәреже алған (ғылыми дәрежесі бар тұлғалар)
кадрлардың болжамдалған санының есебі 2020 жылға қарай тиісті
шараларды қабылдамай ғылыми дәрежелі тұлғалардың жетіспеушілігі 1070
адамнан астам болатындығын көрсетті. Аталған мәселелердің шешімі
ғылыми кадрларға болжамдалған қажеттілікке, PhD докторантурасында
дайындау бойынша мамандықтар және субмамандықтар санын кеңейтуге,
ғылыми ұйымдарға және жоғары оқу орындарына дайындалған мамандарды
бекіту
бойынша
шараларды
қабылдауға
негізделген
тек
PhD
докторантурасына жыл сайынғы қабылдауды арттыру шарттарында
қамтамасыз етілуі мүмкін болып табылады [6].
Зерттеу саны бойынша тұрғындардың 1 миллионына шаққанда елдердің
жалпыәлемдік рейтингісінде Қазақстан 61-орында тұр (миллион тұрғында
646 зерттеуші). Салыстырып қарасақ Финляндияда бұл көрсеткіш 7707
құрайды, Сингапурда – 6088, Жапонияда – 5573, АҚШ-та – 4663, Ресейде –
3191, Қытайда – 1071.
28
Ғылыми дәреже алу көрсеткішінің айтарлықтай төмендеуі ғылыми
ұйымдар мен жоғары оқу орындарының толыққанды қызмет атқаруына қауіп
төңдіреді. Бұл кейінге қалдырылмай жедел шешуді қажетсінетін маңызды
мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстанның РhD докторантура арқылы жоғарыбілікті ғылыми кадр
дайындау саласына өтуі ғылыми ізденушілердің жас мөлшерінің
айтарлықтай төмендеуіне әсер еткені байқалады. Осылайша еліміздегі
ғылыми ізденушілерді орташа жасы 47 жастан 31-32 жасқа дейін кеміді.
Ғылыми-зерттеу жұмысын қорғаған РhD докторлар (2013 жылы жалпы
ғылыммен айналысушылардың 0,94 пайызын құрады. Осы жайттан соңғы
жылдары еліміздің ғылыми әлеуетінің жасаруды бастан кешіп жатқанын
байқаймыз.
Соңғы үш жылда жас ізденушілердің (35 жасқа дейінгі) 18,4%-ды жетсе,
орта жастағы ғылыми кадрлардың (35-54 жас) – 19,1%, жасы үлкен
ғалымдардың (55-65 жас) үлесі 12,4%-ды құрады (3.6-кесте).
3.6-кесте. Қызметкерлердің жасымен, ғылыми зерттеулерін және зерттемелерін орындаған
саны бойынша бөлу ( ҚР Статистика агенттік мәліметтерімен)
Достарыңызбен бөлісу: |