Т. Жакетаева


«Қоршаған ортаны қорғау» пәні, негізгі түсініктер, міндеттері



Pdf көрінісі
бет4/36
Дата14.10.2023
өлшемі1,71 Mb.
#114244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
httpg.engime.orguploaddownloadid38061

2
«Қоршаған ортаны қорғау» пәні, негізгі түсініктер, міндеттері

зерттеу нысандары
 
«Қоршаған ортаны қорғау» қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) бойынша 
ғылымдардың бірі болып табылады. Бұл мәселелермен экология, медициналық 
география, химия (аналитика, қалдықтарды тазалау), экономика (ортаның 
ластануынан келетін шығынды бағалау), санитарлық
техника сияқты 
биологиялық ғылымдар шұғылданады. 
Сондықтан табиғат пен қоғамның өзара қатынасының жаңа түрін анықтау 
қажеттігі
пайда болды. Бұл жаһандық мәселелерді шешу жолдарын іздеу үшін 
БҰҰ шеңберінде қоршаған ортаны қорғау мен дамыту бойынша бірнеше рет 
конфренциялар жүргізілді. Қазіргі жағдайда қоршаған ортаның нысандарының 
сапасын жақсартуда мемлекеттің экономикалық өсуімен қатар, қоршаған 
ортаға экологиялық жүктеміні
төмендету де маңызды
.
Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды 
қалпына
келтіру жөнінде іс
-
шаралар қолдануда. Алайда қоршаған ортаға 
төнген қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек 
мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық 
шараларды да қолдануды талап етіп отыр. 1992 жылы маусымда
Рио
-
де
-
Жанейро
 
қаласында
өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ
-
ның конференциясында осы мәселе бойынша Декларация қабылданды. 
Аталған декларацияға біздің еліміз де қосылды.
Қазіргі
кезде халықтың
20 пайызы
аллергия
 
ауыруына шалдығуда, күн 
сайын Жер шарында 25 мын адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайтыс 
болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35 пайызы қоршаған ортаның 
ластануы нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн сайын 
адамның тиімсіз жұмысының
салдарынан 44 гектар жер шөлге айналады, күн 
сайын жануарлар мен өсімдіктердің
бір түрі жойылып отырады; күн сайын 40 
мыннан астам бала аштықтан өлуде. Оттек қоры 10 млрд тоннадан
азайған, 
200 млн гектарға жуық суармалы жер пайдаға аспай қалды. Пайдалы 
қазбалардың

мұнайдың, табиғи
газдың, көмір және тағы басқалардың 
жоғалуы байқалып отыр, жер шарының
әрбір бесінші тұрғыны таза су ішпейді.
Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса әсер 
етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары
Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, 
техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды 
міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық 
актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық 
қағидаларға негізделуі керек.
Қоршаған
 
ортаны қорғаудың
 
негізгі қағидалары


адам құқығының қолайлы
қоршаған ортаға және тұрақты дамуға 
басымдылығы қағидасы. Адамдардың табиғатпен үйлесімді, салауатты өмір 
сүруге құқығы бар;




табиғи ресурстарды пайдалануға мемлекеттің егемендік кағидасы. 
Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекет тиімді заңдық актілер 
қабылдайды;

қоршаған ортаны қорғау ісіне әрбір
адамның қатысу
қағидасы. 
Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін 
жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар 
күшімізді жұмсауға тиістіміз;

 
қоршаған
 
ортаны қорғаудағы
 
жауаптылық қағидасы. Ол жер бетінің 
барлық бөліктеріне қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше 
қорғалуы
тиіс. Қазақстанда бастапқы
табиғи күйінде сақталған және ерекше 
бақылауға алынған түрлі қорықшалар
мен қорықтар
бар.

табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидасы. Табиғат 
байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты
және ұтымды
пайдалану керек. 
Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктері
мен 
жануарлары тіркелген
Қызыл
 
Кітабы
 
бар. Мысалы, сексеуіл –
шөлді жерде
өсетін
өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны
отынға жағу 
үшін
кесуге және пайдалануға тыйым салынған;

қоршаған
ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің 
алдын алу қағидасы


коршаған 
ортаны 
қорғау 
саласындағы 
тығыз 
халықаралық 
ынтымақтастық кағидасы


қоршаған
ортаға қатысты мәселелер бойынша халыққа
ақпараттардың 
жеткілікті болу кағидасы

Экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына 
ғана емес, сондай
-
ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін әрбір адам 
білуі керек. Мысалы, ормандарда
от жағуға, тұрғын аймаққа
жақын жерлерде 
полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу 
керек және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет