Т. К. Басенов атындағы Сәулет және құрылыс институты «Құрылыс және құрылыс материалдары»



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата25.04.2023
өлшемі0,94 Mb.
#86840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Ерболганов Ернар ВВ

1 Өнімнің номенклатурасы 
Әктің түрлері: 
- ауалық құрылыс әгі; 
- гидравликалық әк; 
- сөндірілген; 
- сөндірілмеген/ 
Ауа әгі деп карбонатты тау жыныстарын күйдіру жолымен алынатын 
өнімді айтады. Ауа әгін өндіру үшін карбонаттардың құрамында балшықтардың 
мөлшері 6% тен аспауы шарт. Шикі зат ретінде негізінде кальций карбонаты 
пайдаланылады 
Гидравликалық әк – баяу ұстасып және баяу қатаятын зат. Оны құрылыс 
ерітінділерін дайындау, төмен маркалы бетондар, жеңіл бетондар, аралас 
бетондарды алу үшін қолданады. Құрылыстық әк құрылыс ерітінділерінің 
қатаюын және олардың қалыпты ылғалдылық жағдайында беріктігін сақтауды 
қамтамасыз ететін ауа әкіне және ауада да, суда да қолданылатын ерітінділердің 
қатаюын және беріктігін сақтауды қамтамасыз ететін гидравликалық әкке 
бөлінеді. 
Гидравликалық әк құрамында 6-дан 20 пайызға дейін балшық қоспасы бар 
мергельды әктасты 900 ... 1100°С градуста күйдіргенде пайда болатын 
байланыстырғыш затты атайды. Бұл температурада жүретін қаты фазалық 
реакциялар нәтижесінде кальцийдің төмен негзгі силикаты , алюминаы және 
ферриті түзіледі. Бұл минералдалдың тек ауада ғана емес, су астында да қатайып 
тасқа айналу қасиеті бар. Құрамында кальций тотығы және жоғарыда 
көрсетілген минералдары бар гидраликалық әк тәулік ауада , ал әрі қарай (21 
тәулік) суда қатайғаннан кейін көрсеткіші 1,7 ... 3 МПа-дан кем емес сығу 
беріктігіне ие болады. 
Гидравликалық әкті табиғи мергел мен мергелді әктасын 900-1100°С 
температурада күйдіру арқылы алады. Мергель мен мергелді әктасынан 
гидравликалық әкті өндіру үшін құрамында 6-дан 25 пайыз дейін балшық пен 
құм қоспасы қосылады.
Гидравликалық әк сапасы жағынан портландцементтен әлдеқайда нашар. 
Сол себепті қазіргі уақытта бұл байланыстырғыш зат аз тараған: қалау және 
сылау жұмыстарын жүргізуге арналған төмен маркалы құрылыс ерітінділеріне 
және бетондарда пайдаланылады. Гидратты әк - кальций мен магний 
оксидтерінің олардың гидраттарына өтуін қамтамасыз ететін сұйық немесе бу 
тәрізді судың тиісті мөлшерімен кесекті немесе ұнтақталған сөндірілмеген әкті 
сөндіру арқылы алынатын құрғақ ұнтақ. Гидратты әк негізінен Cа(ОН) )₂
кальций гидроксидінен, сондай ақ Mg(OH)₂ магний гидроксидінен және аз 
қоспалардан (кальций карбонаты) тұрады 
Сөндірілген әк - гидратталған кальций гидроксиді. Біз бұл шешімді 
кальций оксидіне су қосу арқылы шығара аламыз. Кальций оксидінің жалпы 
атауы - «сөндірілмеген әк». Әк тасты 900˚С градуста немесе одан жоғары 


температурада қыздыру арқылы әкті алуға болады. Бұл кальций оксидіне су қосу 
қауіпті реакция болып табылады, себебі ол өте экзотермиялық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет