Келесі пікірлер дұрыс па:
1. Нарық бəсекелессіз мүмкін емес.
2. Бөгде тауар маркасын пайдалану – бұл жетілмеген бəсеке.
3. Жетілген бəскелестікте бір текті тауар өндіріледі.
4. Таза монополияда уникалды тауар өндіріледі.
5. Нарықтық бəсекеде фирмалар бір-бірінен баға, технология, пайда туралы
ақпараттарды жасырады.
6. Бəсекелестік нарықта салаға кіру кедергілері болады.
7. Бəсекелестік фирма экономикалық пайданы, тек қысқа мерзімде алады.
8. Монополист бағаға əрекет етеді.
9. Монополистік бəсекеде бағалық емес бəсекелестік басым болады.
10. Олигополияның бірегей моделі болмайды.
11. Бағалық дискриминация фирманың табысын азайтады.
12. Олигополияда жасырын келісім мүмкін емес.
13. Жетілген бəсекелестік табысты бөлу мəселесін шешпейді.
14. Таза нарықтық бəскелестік тиімді техникаларды кеңінен қолдануды
білдіреді.
15. Бəсекелестік нарықта тұтынушылық талғам диапазоны шектеулі.
Достарыңызбен бөлісу: