1
-ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПƏНІ ЖƏНЕ ЗЕРТТЕУ
ƏДІСТЕРІ
Талқылайтын сұрақтар
1. Экономикалық теория курсының логикасы мен құрлымы.
2. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттілік, экономикалық игіліктер,
ресурстардың шектеулілігі (сиректілігі).
3. Экономиканың негізгі үш сұрағы не, қалай, кім үшін өндіру.
4. Экономикалық теорияның қызметтері:
танымдық, тəжірибелік, болжамдық,
дүниетанымдық, əдістемелік
5. Экономикалық теория жəне экономикалық саясат.
6. Экономикалық заңдар мен категориялар.
Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:
9
Келесі пікірлер дұрыс па:
1. «Экономика» сөзінің бірнеше мағынасы бар.
2. Адамның дамуы еңбектің нəтижесі болып табылады.
а) – елдің шаруашылығын зерттейтін ғылымдар
тұтастығы;
б) – экономикалық процестер мен заңдардың
мəнін анықтайтын ғылымдар;
в) – өндіріс, тарату, игіліктер мен қызметтерді
ауыстыру мен тұтыну
процесінде туындайтын
қатынастар;
г) – экономикалық процестер мен құбылыстарға
т ə н о б ъ е к т и в т і , қ а ж е т, с е б е п - с а л д а р
байланыстары мен өзара байланыстылық;
д) – көзделген экономикалық шаралардың
тиімділігін тексеру
мақсатында экономика
саласында ғылыми қойылған тəжірибе;
е) – зерттеу əдістері туралы ғылым;
ж) – байлықты ақшамен теңде стіретін
экономикалық теория;
з) – ақша факторлары басты рөл атқаратын
экономика тұрақтылығының теориясы;
и) – қоғамның экономикалық өмірінің неғұрлым
жалпы жəне маңызды жағын көрсететін
логикалық ұғым;
к) – ойдың жекеден жалпыға қозғалысы;
л ) – э к о н о м и к а л ы қ п р о ц е с т е р м е н
құбылыстарды ғылыми түсіндіруге
бағытталған
ғылым;
м) – нарықты экономиканы мемлекеттік
реттеудің теориялық негізі;
н) – оны түрлендіру мақсатында адамның
табиғатқа əсер ету процесі;
о) – ішкі дүние мен материалдық емес сипаттағы
қызметтерді жеткізіп беруді көрсету мақсатында
рухани құндылықтарды құру процесі;
п) – салалық ерекшеліктер мен экономикалық
басқару функцияларын зерттейтін ғылымдар;
р) – капитализмнін өлуі мен жаңа қоғамдық
ф о р м а ц и я н ы ң қ ұ р ы л у ы н б о л ж а й т ы н
экономикалық теория;
с) - өзінің
талдауында шекті шамаларды
қолданатын теория
А. Экономикалық тəжірибе
Б. Экономикалық категория
В. Еңбек
Г. Кейнсиандық
Д. Меркантилизм
Е.Позитивті экономикалық
теория
Ж. Индукция
З. Маржинализм
И. Жалпы экономикалық
ғылымдар
К . М ат е р и а л д ы қ е м е с
өндіріс
Л. Өндірістік қатынастар
М. Экономикалық заңдар
Н. Утопиялық социализм
О. Жеке экономикалық
ғылымдар
П. Экономика
Р. Монетаризм
С. Əдіснама (Методология)
10
3. Адам экономиканың мақсаты мен құралы болып табылады.
4. Материалдық өндірістің шекарасы мен құрылымы өзгермейді.
5. Экономикалық теорияның гносеологиялық функциясы əлеуметтік –
экономикалық даму тенденциясын анықтаудан тұрады.
6. Меркантилизм саясаты сауда балансының белсенді жүйесін болжайды.
7. Физиократтар байлық көзін өндірістен көрді.
8. «Көрінбейтін қол» қағидасы Д.Рикардомен қалыптасқан.
9. «Утопия» кітабы Т.Мораның қаламұшына қатысты.
10. Маржинализм теориясы экономикалық
талдауда шекті шамаларды
қолдануды болжайды.
11. Тарихи мектеп экономикалық заңдардың жан-жақты сипатын теріске
шығарады.
12. Монетаристер экономиканы басқаруды алдымен ақша массасын
мемлекеттің бақылауы дегенге келтіреді.
13. Кейнсианс бағыты теориялық жағынан нарықтық экономиканы
мемлекеттік реттеу деп дəлелдейді.
14. Институциондық-əлуметтік бағыт тек экономикалық жəне саяси
факторларды ескереді.
15. Дүние жүзі экономистері əр түрлі
елдердің экономикасы бір
экономикалық жүйеге түрленеді деп есептейді.
16. Экономикалық теория – тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін
шектелген қорларды пайдалану туралы ғылым.
17. Позитивті экономика – қалаулы нəтижелерге жету үшін қалай əрекет
жасау туралы ғылым.
18. Болжамдау – позитивті жəне нормативті экономикалық ғылым
арасындағы аралық буын.
19. Ғылыми абстракция əдісі оймен жобалауды құрудан тұрады.
20. Ғылыми парадигма – бұл экономикалық санат.
Достарыңызбен бөлісу: