Б Л А ТАНА ӘДЕНИЕТ ПЕН НЕР РДА
ЛЕ И А
7 1
ордасын құру көкейімде көптен жүрген жобам болатын.
Бірақ бұл ойым Астанада жүзеге асады деп әсте ойламап-
пын. Елбасы болашақ өнер шаңырағын Ал маты да емес,
жаңа Астанада ашу қажеттігін айтты. Міне, осылайша
мемлекет басшысының қолдауымен университе ті міз дің
іргетасы елордада қаланды. Оқу орны 1998 жылы бұрынғы
Чайковский атындағы №1 музыка мектебi мен Ақмоланың
музыка колледжiнiң ба за сында құрылды. Әрине, ұлт
өнерінің үлкен шаңырағын көтеру жеңіл болмады. Білікті
мамандардың тапшылығын шешу, оларды орналастыру,
білім ордасына керекті құрал-жаб дықтар мен музыкалық
аспаптардың
жетіспеушілігі,
оқу
аудиторияларының
аздығы, қаражат тапшылығы біраз қиын дықтар туғызды.
Тәжірибе алмасу үшін шетелдік музыкант тарды шақыру
міндеті де алдымызда тұрды. Осындай күрделі кезеңде
Елбасының сенімі мен қамқорлығы жанымызға демеу болды.
Қашанда өнерге қолдауын аямаған Президентке алғысымыз
шексіз.
Бізге оқуға түскен адам алғашқы білімін мектептен алып,
содан кейін колледжде шыңдап, әрі қарай бакалавриатта
жалғастырады. Мұндағы мақсатымыз
– орындаушылық өнер
мен ғылыми-ағартушылық білімді қатар оқыту, жан-жақты,
білімді жастарды даярлау. Бұл шәкірттер арасында бәсеке-
лес тікті туғызып, өнер жолында биік табыстарға жетуге
же те лейді. Оның нәтижесін көріп те жүрміз. Оқу орнымыз-
дан қанат қаққан талай шәкіртіміз сенімімізді ақтады. Жыл
са йын шәкірт теріміздің шетелдерде өте тiн ха лы қа ра лық кон -
курс тарда топ жарып, жүлдегер атануы – мақсатымыздың
орындалып, үмітіміздің ақталғаны.
Қазір түлектеріміз Астанада ғана емес, республиканың
түпкір-түпкірінде жұмыс істейді, кейбіреулері шетелдерде
оқуын жалғастырып жатыр.
Білім ордасы Астанамен бірге көркейіп, дамып келеді.
Қай на ған ты ныс-тір ші лік тің ор та лы ғы на ай нал ған бас ша-
һар біз ге де құт ты ме кен болды. Біз алда әлі талай биіктерді
бағындыруға талпынатын боламыз. Ең бастысы, Қазақ ұлт-
тық өнер университеті қай жағынан да Астананың мәртебесі-
не сай болуы керек. Міне, басты мақсатымыз да осы.
(Айман Мұсақожаева,
Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры)
Достарыңызбен бөлісу: