§1. Ұлттық құндылықтар бастауы Берілген мәтіннен ұлттық құндылықтар туралы ақпарат алып, тілдік құралдары арқылы
стилін анықтайды. Қазақтың тілі, діні, шежіресі, салт-дәстүрі, т.б. тақырыптары аясында өз
ойларын жеткізеді.
«Төрт ана» өлеңін мәнерлеп оқып, ондағы негізгі ойды анықтап, соған қатысты сұрақтар
құрастырады.
Жазылым әрекетінде ұлттық құндылықтарымыз жайлы суретке қарап, көз алдарына
елестете отырып, жинақы мәтін жазады.
Әдеби тіл нормалары бойынша екпін және оның түрлерімен танысады. Екпінді дұрыс
қоюға арналған жаттығуларды орындайды. Сондай-ақ орыс тіліндегі екпінмен салыстырады.
Үй тапсырмасына
берілген сөздерде екпін қай буынға түсіп тұрғанын анықтап, екпін
түспейтін қосымшаларды табады.