§5. Түркістан Бұл тақырыпта қазақ жеріндегі көне қалалардың бірі – Түркістан туралы мәліметтер
беріледі. Ойтүрткі сұрақтар арқылы Түркістан туралы бұрынғы білетін мәліметтерін
пайдаланып, жаңа ой түюге талпынады.
Әдеби тіл нормалары бойынша дефис арқылы жазылатын сөздердің емлесімен танысып,
ережесін еске түсіреді.
Жазылым жұмысында «Артық болмас білгенің» айдарындағы қосымша мәліметтерді
пайдаланып, хронологиялық кесте құрады.
Сұхбат айдарында «Түркістан – тарихи және туристік қала» тақырыбы
төңірегінде сұхбаттасады.
Үй тапсырмасына энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан
Түркістан туралы ақпараттар тауып, авторына сілтеме жасайды.