§2. Ұлттық ойындар Тақырып бойынша жұмбақты шешу, ұлттық ойындар туралы пікірлесу, тыңдалым
бойынша детальді ақпаратты анықтау жұмыстары ұсынылған.
Әдеби тіл нормалары бойынша сабақты және салт етістіктер туралы мәлімет беріліп,
жазылым дағдысын арттыру үшін берілген мәтіннен сабақты етістіктерді анықтау
тапсырмасы қамтылған.
Үй тапсырмасына бір ұлттық ойын туралы мәлімет жазып, ойнау әдісін түсіндіреді.
§3. Олимпиада – спорт шыңы Оқылым және «Артық болмас білгенің» айдарымен олимпиада ойындарының Отаны - Грекия
туралы мәлімет берілген.
Оқушыларға ұсынылған ақпарат бойынша деңгейлік тапсырма орындау, сабақты және салт
етістіктерді ажырату, кластер құрастыру жұмыстары ұсынылып отыр.
Үй тапсырмасына берілген екі тапсырманың бірін орындайды
§4. Тезірек, биігірек, күштірек Тыңдалым материалы ретінде «Футбол» өлеңін тыңдау, өлеңнің құрылымдық
ерекшелігін анықтау, өз ойларын білдіру жұмыстары берілген.
Әдеби тіл нормалары бойынша етіс және өздік етіс туралы тілдік мәлімет ұсынылып,
соның негізінде деңгейлік тапсырманы орындау жұмысы қарастырылған.
Үй тапсырмасына спорт туралы «Ең,..» деп басталатын деректерді толықтырады немесе
өздеріне ұнайтын спорттың бір түрінің шығу тарихы туралы деректер тауып, жинақы мәтін
жазады.