§7. Барсакелмес қорығы туралы аңыз Табиғаттың қай бұрышын алсақ та, аңызбен байланысып жатады. Атаудың өзінде ерекше мән
бар Барсакелмес қорығы туралы аңыз берілген. Аңыз бен шынайы өмір арасындағы байланысты
тану, факторлар мен көзқарастарды ажырата білуге үйрету қарастырылған. Ойтүрткі сұрақтары
арқылы аңыз мазмұны бойынша шешім шығаруға, автор орнында өз көзқарастарын айтуға
мүмкіндік туғызу қажет. Мәтіндегі ауызекі сөйлеу стилінде берілген сөйлемдерді көрсетіп,
талдайды.
Жазылым әрекеті арқылы орындалатын тапсырма оқушының мәтінді толық игеріп,
сауатты жаза білуіне ықпал етуі керек.
Әдеби тіл нормалары бойынша бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатын сөздерді
ажыратып, оларды үш бағанға бөліп жазады.
Ізденім әрекетінде өзге тілден енген кісі аттарын дефис арқылы жазу, жер-су
атауларындағы орфографиялық ерекшеліктерге мән беру көзделу қажет.
Үй тапсырмасына
берілген сөздерді пайдаланып, Барсакелмес аралы туралы ертегі
құрастырады.