Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 6 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Оқу мақсаттары 6.2.2.1 – ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін
қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды.
Сабақ мақсаты Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтін мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: ауызекі сөйлеу және
көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар
арқылы таниды.
Оқушылардың кейбірі орындай алады: көркем әдебиет стилінің
тілдік құралдарын жазба жұмыстары мен сұхбаттарда қолдана алады.
Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: ғылым мен таным. Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: меніңше, өзге жолдастарымның пайымдауынша, ғалымдардың айтуынша, қорыта келе. Алған ақпаратты топ ортасында еркін талқылайды.
Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінде берілген мәліметті қорытып,
ойды жалғастырып айтады, тілдік бірліктерді нормаға сай жазады.
Тыныс белгілерін дұрыс қоя алады.