Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 6 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Оқу мақсаттары 6.2.5.1 – мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені
анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады.
Сабақ мақсаты Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтінді түсініп оқиды,
мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: көтерілген мәселені
анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады.
Оқушылардың кейбірі орындай алады: анықталған ақпаратты
ауызекі сөйлеуде, жазба жұмыстарында қолдана алады.
Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: «ЭКСПО-2017» көрмесі, Малайзия
павильоны, шамның қуаттылығы, «Q-RAY LED Streets», Энергия
үнемдегіш шамдар, электр стансысы.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: меніңше, болуы ықтимал, энциклопедиялық деректерге сүйенсек, ғаламтор ресурстарында жазылғандай, ой түйіні мынадай, қорыта келе. Алған ақпаратты топ ортасында еркін талқылайды.
Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінде берілген мәліметті қорытып,
ойды жалғастырып айтады, тілдік бірліктерді нормаға сай жазады.