54
Тарихи атаулардың танымдық мәні
1. Тарихи атаулардың танымдық мәні
Тарихи атаулардың танымдық мәні. Тарихи атаулардың
басым бөлігін жер-су атаулары мен тайпалық одақтардың ат-
тары құрайтындығы зерттеу кезінде белгілі болды. Олар ғалым
Г.Қосымованың «Тарихи атаулар этимологиясы» атты кітабын-
да сөздік түрінде түзіліп, тарихи этимологиясына түсінік беріл-
ген. Ру-тайпа аттары мен лауазым иелерінің атаулары туралы
мәліметтер беріледі.
Тарихи атаулардың басым бөлігін жер-су атаулары мен
тайпалық одақтардың аттары құрайтындығы зерттеу кезінде
белгілі болды. «Тарихи атаулар этимологиясы» атты кітапта та-
рихи этимологияға түсінік берілді. Бұл кітапқа енбей қалған
түркі қағанаттары тарихындағы ру-тайпа аттары мен лауазым
иелерінің атаулары әр жерде, әсіресе, тарихи еңбектерде қажет-
тілігіне қарай аталып жүргенімен, тілдің таным нысаны ретінде
арнайы зерттелген жоқ.
Ру-тайпалардың таралуын, тарихи дәуірлерде қалыптасу
сипатын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген мәдени шежіре өзін таныт-
қысы келген елдердің бәрінде бар. Сібір халықтары, Германия,
Англия, Франция, Ресей т.б. көптеген елдер шежірелерін жинақ-
тап, баспадан шығарып отырған. Қазақ шежіресі де тарихи
шығарма ретінде ауызша да, жазбаша да жеткізіліп отырған.
XVIII-XIX ғасырларда қазақ ойшылдарының жазған шежі-
релерінің қатарына Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали
Жалаиридың және Жәңгір хан шежіресі т.б. осы аталған шежі-
релер ру аттарының дыбыстық, мағыналық сипатын, таралу ай-
мағын, оларға қатысты тарихи оқиғалар, бір-бірімен қарым-
қатынасы, ру-тайпа ішінен шықққан батырлар мен шешендер
жайында мол деректер береді. Мысалы, Кіші жүздің Әлімұлы
рулар бірлестігінен тараған рудың бірі - Шекті. Тарихшы-этно-
графтардың зерттеулерінде әртүрлі пікірлер айтылса да,
М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит түрк» шығармасында Чу
өзенінің бойында орналасқан Чекл тайпасы деп аталған.
Алтайдағы Чу, Чуя өзендерінің бойында Чу даласы атауы осы
55
күнге дейін сақталғандығы белгілі. Шекті атауы орыс жылна-
маларында XVIII ғасырда белгілі болды. Мұрағат деректерінде
төрт таңбасы белгіленген: М.Қашқари көрсеткен алғашқы ата-
лымы ру атының шекті қалпына қандай дыбыстық өзгерістер-
мен жеткендігін анықтауға көмектеседі.
Шеркеш - Серкеш, Черкес болып дыбысталған Кіші жүз
Байұлы құрамындағы тайпа. Оңтүстікті мекендеген Шеркештер
Қоңырат, Ұлы жүз тайпаларымен көршілес отырған. ХХ ғасыр-
дың басында Шымкент уезінде де шеркештердің 158 үйі қоныс-
танған.
Шөмекей – көне түркі тайпасы. Қазақ шежіресінде
Әлімұлы рулар бірлестігіне енеді. Қазақ халқының негізін қа-
лыптастыруға қатысқан ежелгі тайпалардың бірі. Н.А.Аристов,
Г.Грумм-Гржимайло жазбаларына сүйенсек, бұл тайпа VI ға-
сырда белгілі болған, Барлық пен Тянь-Шань аралығын мекен
еткен. Чу тайпаларының құрамында Чумугунь деген атпен та-
ралған. Қытайлар 654 жылы Чу бойындағы Чумгунь тайпасына
шабуыл жасап, 30 мың адамын өлтірді. Бұл тайпалар Батыс
Түрік қағандығының құрамына енеді.
Шыбыл – Шапырашты тайпасынан тарайтын рулар бір-
лестігі. Шыбылдың ерте кездегі мекені Шу, Талас өзендерінің
бойы, Әулие ата, Сайрам төңірегі болған. 18-ға ғасырдың
соңына қарай қазіргі Алматы облысының Көкалашар,
Қарашеңгел, Ақши, Түрген маңына келіп қоныстанған. Шыбыл
атауы ерте орта ғасырдан белгілі. М. Қашқари еңбегінде Чигил
деген атпен белгілі. Бұл тайпаның орталығы – Шапыраштылар
мекендеген Тараз қаласына жақын болған, рудың біраз бөлігі
Албан руы мекендеген Ыстықкөлдің солтүстік-шығыс жағында
болған.
Көне тарихта кездесетін атаулардың бірі – Сарыұйғырлар.
Бұлар түркі халықтарының бір бұтағы, жалпы саны 10 мыңға
жуық, өз алдына халық атанған үлкен бірлестік. Түркі халық-
тарының ішінде мұсылман дінін қабылдамаған. Сары-ұйғырлар
бір мың жылдықтан бұрын Моңғолияның Орхон, Селенгі өзе-
нінен және Шығыс Түркістаннан қоныс аударған. Діні –
буддизм мен шаман діні.
|