Әдебиеттер:
1. Сусов П. Общее языкознание, М., 2006.
2. Шарапатұлы Ш. Жалпы тіл білімі, Қ., 2006.
3.
Қордабаев Т. Түркология және қазақ тіл
білімі. А., Санат, 1998.
4. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., Ана тілі 1996.
5. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., Ана тілі, 1993.
6. Қосымова Г. Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері. А.,
2011.
7. Языки мира. Тюркские языки. Бишкек. 1997.
8. Қосымова Г. Тарихи атаулар этимологиясы. 2007.
Шумер мен түркі тілдерінің тарихи байланысы
1. Шумер-түркі байланысының зерттелуі.
2. Шумер-түркі тілдерінің байланысын зерттеудегі
Н.Тунаның еңбектері.
3. Шумер-түркі тілдеріндегі сәйкестіктер.
1.Шумер-түркі байланысының зерттелуі. Шумерлер та-
рихы әлемде көптеген ғалымдарды қызықтырды. М.Белицкий
шумерлер Қосөзенге Иранның таулы қыратынан, не Орта
Азиядан, не Үндістаннан келген деген тұжырым жасайды.
Ағылшын ғалымы Гэдда шумерлер мен египеттіктердің ара-
сында мәдени байланыстың болғандығын әдет-ғұрыптарының
ұқсастығы арқылы дәлелдесе, Эрих Церен олардың мәдениет
ошағы Парсы шығанағында болғанына қарамастан, шумерлер-
дің бұл жердің жергілікті халқы емес, басқа бір елден кел-
гендігін айтады. Ал чех ғалымы Б. Гроза шумерлердің
42
Месопотамияға келуі екі дүркін: 1) Эль-Обейда дәуірінде;
2) Урук дәуірінде (екі дәуірдің арасы – жүздеген жылдар) Орта
Азиядан келгенін дәлелдейді. Хоммель, Унгеру, Бертону сынды
ғалымдар шумер жазуларының мәнін ашуға тырысты. Неміс
ғалымы Фридрих Деличь пен франциялық Тюто-Данжен шумер
тілін меңгеруге үлес қосты. Бұл жұмысты жалғастырған неміс,
тілші ғалымы Пебель шумер грамматикасын жазса, америкалық
С.Н.Крамер мен даниялық Т.Якобсен оған түзетулер енгізді.
Батыс герман ғалымы Курт Вальтер Керам: «шумерлердің
тілі көне түркілер тіліне ұқсас. Сыртқы пішіндеріне қарағанда
олар үндіеуропалықтарға жатуға тиіс деп қорытынды жасайды».
Түркі тілдерінің даму тарихындағы кезеңдерді анықтап
көрсету үшін алдымен шумер-түркі тілдерінің тарихи байла-
нысын білуіміз керек. Бұл үшін түркі тілдерінің жас мәселесін
анықтауға күш салған түрік ғалымы Осман Недим Тунаның
сөздігінің маңызы зор. Сөздікті аударуға көмектескен, түрік
тілінің маманы, филология ғылымдарының кандидаты Эльмира
Қалжанова.
Қазақ
ғалымдарының
ішінде
О.Сүлейменов,
А.Нарымбаева, Г.Қосымова сынды ғалымдардың шумертаным-
дағы еңбегі ерекше аталуы тиіс.
2.Шумер-түркі
тілдерінің байланысын зерттеудегі
Н.Тунаның еңбектері. 1947-1948 оқу жылында Стамбул уни-
верситетінің Әдебиет факультетінің Түркітану бөлімінде оқып
жүргенінде Стуртеванттың еңбектерінің Мүнире Б.Челеби тү-
рікше аудармасы (Хетт тілі сөздігі) Недим Тунаның қолына
түседі.
Осыдан кейін шумерше туралы тапқандарының бәрін
оқып, керектерін жаза бастайды. Тіпті, французшадан аударып,
шумерше-түрікше сөздік жасайды. Сол жерде ойын пысықтай-
тын басқа да сөздерді анықтайды: ги: ы, гиг: иг, гиш: иш, гур: ор,
т.б... осылайша 1947 жылы алғашқы жүйелі дыбыс сәйкестігі
заңын, яғни шумерше сөз басындағы г дыбысының орнына тү-
рікшеде ешбір дыбыс болмайтынын, кейін бірнешеуі сұрыптал-
ған 43 мысалға сүйеніп шығарады. Шумертанымдағы
Н.Тунаның
еңбектерінің мәні зор. Осы зерттеулері жөнінде ол мынадай
мәлімет келтіреді: «сол кезде пайдаланған әдісімнің менен бұ-
43
рын зерттеулер жүргізгендерден тіпті басқа екенін өзім де бай-
қамаған едім. 1962 жылы Америкада Дж.Вашингтон атындағы
университетте проф. Николас Н.Поппенің жанында түркітану,
моңғолтану, алтайтану және тіл білімі салаларында докторлық
бағдарламасын оқи бастадым. Осы кезеңде екінші сәйкестік
заңы шум. Д: түр. Й, ø, кейін шум. д/: түр. ð/, одан шум. Н: түр.
Й, ø сәйкестіктерін бірінен кейін бірін жарыққа шығардым. 1969
жылы жеткілікті мысалдарымен отызға жуық жүйелі дыбыс
сәйкестігі жиналды. Сол жылы филология докторы атағын
алдым. 1970 жылы 4 ақпанда алғаш баяндама жасадым», –
дейді ғалым.
1973 жылы Анкарада түркі мәдениетін зерттеу институ-
тында алдын ала жүргізген дайындықтар шеңберінде, сол ке-
зеңдегі институт төрағасы Ахмет Темирден бір жиналыс ұйым-
дастыруын өтінді. Жиналысқа оның өтініші бойынша шумер-
танушы Эмин Билгич, ежелгі дәуір батыс түркі тілінің озық
маманы Хасан Эрен қытай тіліндегі көне түркі сөздері мен басқа
да кірме сөздермен айналысушы Бахаттин Өгел, моңғол және
Алтай тілі теориясының зерттеушісі Ахмет Темир және инс-
титут директоры қатысады. Осылайша алғашқы рет екі тілдің
мамандары жиналған еді. 1974 жылғы 9 сәуірде Пенсильвания
университетінің таяу, орта және қиыр шығыс тілдерінің
мамандары, екі үндіеуропа тілдерінің маманы, салыстырмалы
үндіс тілдері маманы және екі сына жазуы маманынан құралған,
барлығы 22 кісілік топ тақырыпты жан- жақты талқылайды. Бұл
мәжілісте салыстырылған екі жүзден астам сөздердің ішінде
сипад сөзінен басқа ешбір сөзге қарсылық көрсетілмейді. Баян-
дама жасалғаннан кейін Синор мақаланы тез арада жариялауды
өтінеді. Бәріне де пайдаланылған әдіс ұнайды және нәтижеде
мінсіз болып сипатталады. Соңғы сөздерін сөйлеген екі тіл ма-
маны мәселені дәлелденген деп қабылдайтындарын, бір ғалым
«уақыт тереңдігіне байланысты аз ғана сақтықпен» дәлелденген
деп есептейтінін тілге тиек кетеді. Барлық талқылауларда ең
маңызды мәселеге назар аударған тек қана Хоэнигсвалды болып
шығады. «Оның сақтығы орынды болатын. Зерттеулерімдегі
сәйкестіктер арасында, бар болу себебін өзім де түсінбеген және
керекті жауабы табылмаған бір нәрсе болатын. Ол бірдей
44
жағдайда, жеткілікті сандағы мысалдармен расталған паралель
сөздер топтамасы болатын. Мұны байқаған тек ғалым
Хоэнигсвалд еді. Сондықтан, зерттеу жұмысымды жариялауға
асықпадым. 1978 жылдың аяғында, нешінші рет екенін білмей-
мін, тақырыпты қайта қолға алдым және мәселенің анығына екі
сағат ішінде жеттім, – дей келіп, қандайда бір екі тіл арасында
жасалған салыстырма әрқайсысы сол тілдердің біреуіне тән екі
бөлек негізде жасалады. Менің салыстырмамда түрікше үшін
негіз ретінде ежелгі дәуір түркі тілі алынған еді. Оның баламасы
болса шумер тілі еді. Дегенмен шумер тілінің де түрік тілі се-
кілді өз тереңдігі бар. Өйткені, алғашқы мәтіндер кезеңі (шек-
телуі б.з.д. 3100 жыл) мен мәтіндер болмаған кезде (шектелуі
б.з.д. 1800 жыл) арасында кем дегенде 1300 жылдық уақыт бар.
Осы уақыт ішіндегі барша тілдік деректер шумер тілінің кезең-
дері мен диалектілері ескерілместен, бір сөздіктің ішіне енгі-
зілген еді. Түрік тілі болса, соңғы 1250 жылда көлемді үш кезең-
нен өтіп, көптеген диалектілерге бөлінді. Сондықтан, егер түрік
тілінің шумер тілі сөздігі секілді сөздігі болған болса, сол
сөздікте, мысалы д/ әрпінің баламасы ретінде д/, й/, з/, т/, р/
секілді бес параллель баламасы және оларды дәлелдейтін сөздер
топтамасы болар еді. Олай болса, шумер тіліндегі сөздерде
анықталған параллель дыбыстар мен осыны дәлелдейтін сөздер
топтамасының себебі осы «уақыт тереңдігі» болуы тиіс. Мұндай
жағдайда шумер тілі мамандарының осы диалектілерге тән
ерекшеліктерді анықтаған – анықтамағандықтарын іздестіру мен
топтамаларға соған қарай түсінік беру қажет деп таптым», – деп
ұзақ жұмыстың әрі қарай қалай жүзеге асқандығын баяндайды.
Осы бойынша жүргізген жұмыстарын 1982 жылы аяқтайды.
Оның байқауы бойынша, шумертанушылар бірнеше диалект
анықтаған: Эмедуб, эмесал, эмеку, эмегир. Алайда бұл диалект-
тердің тек қана эмесал «әйел тілі» диалектіне тән ерекшеліктер-
дің кейбіреулері, мысалы м: г, д: г анықталған, қалған диалек-
тердің ерекшеліктері болса эмеку диалектіне тән еместігіне қа-
рамастан, эмеку диалектіне, яғни негізгі шумер тілінің мысал-
дары ретінде, бір кезеңнің және бір диалектінің сөздері секілді
көрсетіліп, «басқа ешқандай тілде кездеспейтін ғажап дыбыстық
өзгеру» сынды сөйлемдермен түсіндірілген. Егер деректер хро-
45
нологияға сәйкес және география назарға алынып жиналған бол-
ғанда, бастапқыда осы диалектердің әрқайсысының өзіне тән
ерекшеліктерін байқау мүмкіншілігі туындауы мүмкін екендігін
айтып, шумер мектептеріндегі саз балшық кестелердің оқушы-
лар тарапынан әрдайым көшірмелерінің алынып отыруының
күмәнсіз екені, түрлі диалекттерге тән сөздердің негізгі тілдегі
формалармен араласып кетуінде, көне және жаңа формалардың
бірге, бір ескерткіште қолданылуында рөлі барлығын, бір сына
жазуы маманынан (Барри Ашлер деп ойлаймын) естіген
«Шумер тілі ескіге үңілген сайын айқындала түседі» деген
сөйлемнің сыры осы болуы мүмкін екендігін алға тартты.
Бұл еңбегінде ғалым шамамен соңғы қырық жылда
анықталған отыз екі дыбыс сәйкестігінен, маңызды және мақсат
үшін жеткілікті деп ұйғарылған 16 сәйкестікті ұсынып отыр. Бұл
сәйкестіктердің жетеуі сөз басындағы дауыссыз дыбыстарға,
бесеуі түбірге, дауысты дыбыстан кейінгі дауыссыз дыбыстарға,
қалған төртеуі сөз соңындағы дауысты және дауыссыз
дыбыстарға қатысты. Тізім берілген сөздер іштеріндегі біреуден
көп дыбыс сәйкестігін не сөздердің түгелге жуығын түсіндіре
алады. Бірінші топты құрайтын он алты заңды А бөлімінде көр-
сеткен. Ә тобында болса фонетикалық және семантикалық бай-
ланыстары анық көрініп тұрған шумерше және түрікше сөз жұп-
тарының тізімін жасаған. Сөздердің мағыналары алынған дерек
қай тілде болса, сол тілдегі күйінде берілген. Сонымен қатар,
түсініктемесі немісше берілген үш-бес сөзде немісшенің орнына
ағылшынша аудармасы қолданылған. Осылайша ғалым тарихи
көне сөздердің шумерше және түрікше нұсқасын сөздік түрінде
береді.
А. Шумерше – түрікше дыбыс сәйкестіктері
1. йар- жару,бөлу. Ер ағаш жарды.
2. йип- жіп. Ол жіп иірді.
3. йаг- май. Су тышқан, саз құндызының майы.
4. йир- ұялту, келекелеу.
5. ириг- қатты, күшті, дөрекі, ерсі, ири- дөрекі, қатты.
6. ирк- жинау. Көне түркі тілінде: отырықшылану, қоныстану.
Осы сөздің мағынасында шумер тіліндегі «жинау» деген ұғым
46
жатыр, отырықшылана бастаған жұрт бір жерге қоныстанып жи-
нала бастайды.
7. йирик- біраз жыртық, кішкене жарық.
8. йары- көмек. Көне түркі тіліндегі бұл сөзді Э.Р.Тенишев,
А.М.Щербак араб тілінен енген сөз деп көрсетеді, бұл шын
мәнінде «көмек» мағынада шумер тілінде қолданылған, көне
түркі дәуірінде де осы мағынаны йары сөзі береді, олай болса,
араб тіліне бұл сөз көне түркі тілінен енген.
9. йогун- қалың, қою; жиі, тығыз.
10. йулуг- төлем, өтем, пида, құрбан.
11. йап- жабу.
12. йагы- жау, дұшпан. Жаулар алдады.
13. йар- жару, бөлу. Көне түркі және орта ғасыр түркі тілінде
йар- қазіргі қазақ тіліндегідей - омоним сөз.
14. йир- жер, мекен, жер жүзі.
15. йу- жуу
16. йул- қайнар көз, бұлақ, жылға, өзек.
Тарихи сөздердің мағынасы түсінікті болу үшін О.Туна
келтірген сөздердің қасына мысалдар арқылы ашып беруге
тырысу керек.
3.Шумер-түркі тілдеріндегі сәйкестіктер. Шумерлердің
түркілермен жақындығын дәлелдеуге ХХ ғасырдың орта шенін-
де түрік және қазақ лингвистері батыл кірісті. Тюрколог ғалым-
дарды сілкіндіріп, батыл пікірлер айтуға жетелеген жайттар мы-
налар еді: 1. Шумер сөздерінің көбінесе бір буынды сөздерден
тұратындығы. Алтай/моңғол тіл бірлестігін, көне түркі тілін
зерттеген ғалымдар ежелгі түркі сөздерінің дені бір буынды
сөздерден тұратындығын, екі, үш буынды сөздердің күрделі сөз-
дер деп саналатындығын дәлелдеген болатын. Шумер тілінде де
лу-галь «патша», дуб-сар «жазушы», ди-ку «судья» - күрделі
сөздер болып есептелген.
2. Шумер тілінің агглютинативті тіл болғандығы.
Шумер тілі үндіеуропалық және семит тілдері сияқты флективті
тілдердің қатарына жатпайды, оған жалғамалық қасиет тән.
Шумер сөздерінің түбірі өзгермейтіндігіне, грамматикалық ма-
ғынаны сөздердің тіркесі беретіндігіне, қосымша қызметінде
тұрған сөздердің өз дербестік құрылымын сақтап, түбірге тір-
47
кесіп күрделі құрылым жасайтындығына назар аударған
С.Крамер: «Шумер тілі құрылымы жағынан агглютинативті
тілдер – түрік, венгер, кейбір кавказ тілдерін еске түсіреді» –
деген еді. (Крамер С. Шумеры. Первая цивилизация на земле.
– М., 2002).
3. Шумер тілінде дауысты дыбыстар үндестік заңына
қарай өзгеріп, жуан, жіңішке болып өзгеріп отырған. Сөздің
аяғында немесе екі дауыссыздың арасында көмескі естілген. Бұл
заңдылықтар көне түркі тілінде де, қазіргі тілде де әлі күнге
дейін сақталып келеді. Мысалы: бір отуз йашымда сізіме кіттім.
Сізіме қырқ йашымда қачтым. Атсар, алп ертіңіз, утсар, күч
ертіңіз (Енисей ескерткішінде). Осында жуан буынды сөздерге
жуан қосымшалар, жіңішке буынды сөздерге жіңішке қосым-
шалар жалғанған.
4. Шумер тіліндегі дауысты дыбыстар (а, е, о, ы, и),
дауыссыз дыбыстар (б, п, т, д, г, к, з, с, ш, х, р, л, м, н, ң (нг))
көне түркі тілінде де, қазіргі түркі тілінде де сол қалпында
қолданылады. Шумер тілінде дауыссыз дыбыстар егер сөздің
соңында дауысты дыбыстардан басталатын қосымшалар бол-
маса, айтылмай түсіріліп тасталатын болған. Осы заңдылық
көне түркі және орта ғасыр дәуірінде де орындалып отырған, со-
ның әсерінен суғ-су, кічіг-кіші, улуғ-ұлы, сарығ-сары, тіріг-тірі
сөздерінің қалыптасуына алып келген.
5. Шумер тілінде зат есімдерде род категориясы бол-
маған, ол түркі тілдерінде де жоқ. Зат есімдер шумер тілінде
жанды, жансыз заттар болып бөлінген де, жануарлар жансыз
заттар қатарына жатқызылып, не деген сұрақтарға жауап
берген. Қазіргі түркі тілдерінде де адамдарға кім? деген сұрақ,
жануарларға не? деген сұрақ қойылады.
6. Шумер тіліндегі сөйлемдерде бірнеше зат есімдердің
тіркесімі баяндауышқа бағынып жұмсалған да, не бастауыш,
не тура немесе жанама толықтауыш, не болмаса анықтауыш
қызметінде тұрған. Бұл жалпы түркі тілдерінің ерекшелігі бо-
лып саналады. Түрік будун табғачқа көрүр ерті. Түргес қағанта
көрүг келті. Сү басы Інел қаған барзун, - тіді (Кіші Күлтегін).
Осы сөйлемдерде де етістіктен зат есімдер көп: етістіктер -
келті, барзун тіді баяндауыш қызметінде тұр да, ал қалған
48
барлық зат есімдер бірі (будун, түргес, көрүг, қаған) бастауыш
болып, екіншілері (түрік, түргес, сү басы, Інел) анықтауыш бо-
лып, үшіншілері (табғачқа, қағанта) толықтауыш болып қызмет
атқарып тұр.
Шумер тілі мен түркі тілдерінің тарихи байланысын алғаш
анықтаған түрік ғалымы Осман Недим Туна болды. 1947-1948
оқу жылында Стамбул университетінің әдебиет факультетінің
Түркітану бөлімінде оқып жүргенінде қолына Хетт тілі сөздігі
түседі де, ондағы шумерше ГУД «өгіз, мүйізді қара мал» деген
сөзге көзі түседі. ГУД сөзі мен көне түркіше УД сөзінің ұқсас-
тығы таң қалдырады. Осыдан кейін ғалым шумерше материал-
дарды іздестіріп жүріп, шумерше-түркіше сөздік жасайды. Осы-
лайша 1947 жылы алғашқы жүйелі дыбыс сәйкестігі заңын
43 мысалға сүйеніп шығарады. Мысалы:
шум. Д: түр.й
Дар-йар (жар); дириг-йырық (жыртық); дулум-йулуг
(төлем); диб-йип (жіп) т.б. шум. Г: түр.й
Гамар-агыр (ауыр); газ-эз (есу, ширату); ги-ы (өсімдік,
ағаш); гид-ыд (жіберу); гид-ит (итеру); гишиг-эши (есік) т.б.
шум. Н: түр.й
Над-йад (жаю); над-йат (жат); нанга-йаңа (жақ, тұс);
нигин-йығын (үйінді, жиын) т.б. шум. Ш: түр.ч
Шопан-чопан (шопан); зибин-чибин (шыбын); шаб-чап
(шабу, ұру); сач-чача (жаңа туған) т.б. шум. S: түр.й
Сиг-йиг (таңдаулы, жақсы); шурим-йарым (жарым,
жарты); заг-йак (жақ, тарап) т.б. шум. Р: түр.з
Гур-үз (үзу); хар-каз (қаз); сар-йаз (жазу, жаңылу); сур-сүз
(сүзу) т.б. О.Н.Туна тізіміндегі 168 сөздің «16,6 пайызы моң-
ғолша, 7 пайызы тунгусша, 3,8 пайызы жапонша, 1,9 пайызы
корейше. Түркі тілінің өз қорынан келген сөздердің үлесі кем
дегенде 83,4 пайызды құрайды.
Джон Динелей Принц, Джеймс Б. Нис, Фалкенштейн,
еңбегінде басқа, қандай да бір тілдің белгілі кезеңдерінде
«таңғаларлық» деп сипатталатын көптеген (шумерше) дыбыс-
тық өзгерулерді мысалдарымен көрсеткен. Алайда аталмыш ды-
быстық өзгерулердің қайсысының осы еңбектерде көрсетілген
кезеңдерге немесе эмесал диалекті тысындағы диалектердің
49
қайсысына тән екені аталмаған. Әйтсе де, кейбіреулері тізімде
орын алған баламалар мен салыстырылған және анықталған сәй-
кестіктер шумершенің өз ішінде кезең мен диалектерге бөліне-
тінін дәлелдеп тұр: дугуд «оқ» және умун «қалың, қою; жиі,
тығыз» (а. І; ә. ІІІ; ә. ІІ), агар және гамар «ауыр», гур және ур
«ору, шабу, кесу» (а. ІІ; ә. ІІІ); мал және гал «қалу» (а ІІІ), маз
және мен «мен» (б І), мушен және ушан «құс» (а. VІІ; б. ІІІ, 6),
суд және сум «ұсыну, созу» (ә. ІІІ), уд және кид «күн, күндіз» (ә.
ІІІ; а. VІІ), уру және кур «қорғау» (а. VІІ).
Достарыңызбен бөлісу: |