Ф.С.Хакимзянов «Бұлғар тілі». Бұлғар тілінің тарихы 3-ке
бөлінеді: Бастапқысы ата түркімен тұтас келеді, яғни V-VІІ ға-
сырларда, екінші дәуір бұлғар рулық одағының құрылуымен, ал
ол ұлы Бұлғардың құлауына шейін созылады, бұл тайпалық
тілдер болмысындағы алғашқы дәуір. Соңғысы VІІ-ІХ ғасыр-
ларда Дунай, Кубан, Еділ (Волга) бұлғарларының өмір сүруі,
басқа тілдердің әсеріне қатты ұшыраған тілдер деп саналады.
71
ІХ–ХІV ғ. тарих аренасында Еділ бұлғарлары қалған,
күрделі тілдік жағдаят байқалады, әсіресе функциональді-стиль-
дік қызметтегі қосымшалармен (формалармен) байланысты қол-
даныста көрінеді.
Э.Р.Тенишев, «Ғұндар тілі». Атау гректің (Птолемей, ІІ ғ.)
латынша Гунни//Хунни, орысша: Хунну//Гунны т.б.
Моңғолия мен Қара теңіз аралығында (б.ж.с.д. Іғ. - Vғ.
аралығы)
Л.Ю. Тугушева, «Көне ұйғыр тілі». Көне ұйғыр әдеби
тілін көне түркі мемлекетінің Орхон өзені бойында мекендеген
дәуірімен (Моңғолия жерінде) VІ ғ. пайда болған деушілер бар.
Ұйғыр қағанатының дүниеге келуімен байланысты
(VІІІ ғ.) көне ұйғыр тілі даму дәуірінің екінші кезеңі басталады.
Бұл дәуірге тән ұйғыр руникалық жазбасы Шине-Усу және
Суджи (Моңғолия), VІІІ-ІХ ғ. ұйғырлардың бұл кезеңге шейін
әдеби тілі болғанынан мәлімет береді, өйткені сөйлеу тілінің
әдеби нормаланған түрі қолданылады.
Орхон өзенінің бойынан табылған жазба ескерткіштермен
салыстырғанда шығыс тобына жататын көне түркі тілдерімен
бірдей болып табылады. ІХ ғасыр ортасында ұйғыр тайпалары-
ның бір бөлігі Шығыс Түркістанға көшкенше және Кочо книяз-
дігі Бешбалықты орталық еткенде, көне ұйғыр тілі соңғы үшінші
дәуірі болады. Кочо мемлекетінің құлағанынша ХІІІ ғасырға
дейін өмір сүрді.
Г.А.Абдурахманова, «Қараханид-ұйғыр тілі». Қараханид-
ұйғыр тілі ескі түркі тілі болып саналады; оның дәуірленуі түркі
тілдерінің дәуірленуімен қатар жүреді: көне түркі тілі – V-Х ғ.;
ескі түркі тілі - ХІ-ХІІІ ғ.; ескі өзбек, ескі қазақ, ескі ұйғыр, ескі
қырғыз, ескі түркімен, ескі қарақалпақ тілдері – ХІV-ХІХ ғ.
жаңа өзбек (т.б. Орта Азия тілдері) – ХІХ ғ. ІІ жартысынан
басталады.
Э.Н.Наджип, Г.Ф.Благова, «Мәмлүк-қыпшақ тілі». ХІІІ ғ.
ІІ жартысынан (мәмлүк-қыпшақ билігінің келуімен, айюбидтер
династиясының келуімен аяқталған). Мысырда қыпшақ жазба
тілі қалыптасып, оның үлгісі Тарджуман – глоссарийде т.б.
грамматикалық мәліметтерде сақталған. ХІV ғасырда мәмлүк-
қыпшақ тілі поэзиясы Сейф Сараидың Гүлстанында, ал прозасы
72
парсы тіліне аудармасында көрініс тапқан. Мәмлүк-қыпшақ
сөйлеу тілі араб-қыпшақ (ХІV ғасыр) сөздігі Ад-дурра ал-мудиа
фил лугат ат туркиа да (ХV ғасыр) сөздердің терминдік мәнге
ие болуының басы деп танылады. Шағатай тіліне мәмлүк-қып-
шақ элементтері енген. Бұл дәуірдің тілі арабтың әскери іс жө-
ніндегі трактовкасында Ал-манхалас-сафи және Мунижат-ул
дуғат та жарқырап көрінеді.
И.В.Кормушин, «Орхон-Енисей жазба тілі». Орхон-
Енисей жазба тілі өзінің дамуында (фиксациясында) VІІ-VІІІ-Х-
ХІ ғасырларда ешқандай өзгермеген, ескерткіштердің өзін үшке
бөлушілік бар: көне дәуір VІІІ ғ. дейін, ІІ-VІІІ ғ. орта дәуір,
соңғы дәуір ІХ ғ. ортасы.
В.Г.Гузев. «Ескі анатолий-түркі тілі». Тарихын дәуірлеу
(Г.Дерфер бойынша): VІІІ ғасырдың ортасы - Арал теңізі
бойында оғыз мемлекетінің пайда болуы; оғыз тілдері түркі
тілдерінің бір тобы болып қалыптасады. Х ғасырда Селжүк
ислам дінін қабылдайды, Сырдарияның төменгі ағысында мем-
лекет негіздейді; селжүктердің шарпысуы басталады (олардың
ұрпақтары: хора-сан түркілері, әзербайжандар, түріктер) қалған
оғыздардан (олардың ұрпақтары түркімендер). ХІ ғасырда сел-
жүктер Хорасанға орнығады, соның нәтижесінде қазірге шейін
олардың тілінде басқа оғыз тілдерінен айырып тұратын өзге-
шелік сақталған. Манцикерттегі (1071 ж.) жеңіс – Анатолияны
жаулап алудың басы және батыс селжүктердің (әзербайжандар,
Кіші Азия түркілері) шығыс селжүктерден (Хорасан түркілері)
бөлінуі.
ХІІІ ғасырдың І жартысы – ескі осман әдебиетінің басы
(ескі анат. Түркі тілінің әдебиеті).
Э.Н.Наджип, Г.Ф.Благова, «Түрки тілі». Орта Азиялық
түркилер тілі шағатай тілінің кейінгі түрлерінен үшке бөлінеді:
Орта Азия түркілері;
Еділ бойы түркілері;
Солтүстік Кавказ түркі тілі.
1.Алтын Орда түркилерінің дамуына әсер етті. Түрки тілі
шағатай тілінің дәуірленуімен тұспа-тұс алынуға тиіс, өйткені
ХVІІ ғасыр мен ХVІІІ ғасырдың аяғында өмір сүрген. Батыс
73
оғыздары Абу-л Ғазының шежіресінде (Шежіре и түрки); түр-
кидің шағатай тіліне қарсы тұрғаны туралы мәліметтер де бар.
2.ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында – жаңа
әдеби орталықтар пайда болды. Орта Азия түркилерінің әдеби
жанрының дамуына диалектілік ерекшеліктердің күшейе түсуі.
Әкімшілік-іс-қағаздарының түрки тілінде дамуы. Еділ бойы түр-
кілерінің дәуірленуінің негізінде Алтын Орда түркілері жатыр,
Алтын Орда ыдыраған соң оларды түрки деп атау қалыптасқан.
Еділ бойы түркілерінің тілінің әрбір дәуірінде шағатай
тілінің әсері күшті болған.
Еділ бойы түркилерінің тіл тарихы дәуірленуі екі кезеңнен
тұрады:
1. ХVІІ ғасыр – ХІХ ғасырдың І жартысы аралығын қам-
тиды.
2. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасыр басында жаңа
татар әдеби тілін қалыптастырып, араб жазуының реформа жа-
сағаны белгілі.
Солтүстік Кавказ түркілерінің тілі дәуірлерге бөлінген
жоқ.
Г.Ф. Благова, «Шағатай тілі». Шағатай тілі дәуірленуі:
Классикалық дәуірге дейін: ХІV ғасырдың аяғы ХV ға-
сырдың үштен екісін қоса. (Саккаки, Лютфи, Атом, Ходжанди,
Саид Ахмад, Хайдар Хорезми, Амири, Якыни, Годои, Ахмади).
Тілдік қатынаста бұл дәуір ең күшті аймақтық теңеулерге әр-
түрлі диалектілік формалардың бірізденуіне, архаизмдердің сақ-
талуына, тілдің тазалығы, грамматикадағы арабизмдер және лек-
сикада оның аз болуына жеткен дәуір.
Классикалық кезең: ХV ғасырдың соңғы үштігі – ХVІ ға-
сыр. (Әлішер Науаи, Хусейн Бакара, Бабур, Хамиди, Шайбани,
Убайди, Мухаммед Салих, Маджлиси т.б.); Я.Эккман бұл дәуір-
дің басын 1464 ж. Әлішер Науаидің ең алғашқы өлеңдер жи-
нағымен байланыстырады. Бұл арабизмдердің молдығымен си-
патталған дәуір.
|