76
минск тайпалар тобы (ХІV ғ.) әртүрлі тайпалық сөйлеу тілдері-
нің (наречиелердің) ықпалына түсуі. ХV-ХVІғасырлар башқұрт
тайпасы сөйлеу тілінің (наречиесінің) табиғаты мен құрамының
бірте-бірте тұрақтануы және оның қазіргі башқұрт территория-
сындағы диалектілері мен говорларының негізінде қалыптасқан
башқұрт жалпыхалықтық сөйлеу тілі. ХVІІ-ХХ ғасырлар ара-
лығы. ХХ ғасырдың 20-жылдарынан қазіргі кезеңге шейін.
Л.А.Покровская. «Гагауыз тілі». «Балқан» кезеңі
(ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар) гагауыздарының тілі Балқанда жергілікті
бұлғар, түрік, грек, албас және басқа балқан тілдері говорлары-
мен тығыз байланысты болды. «Буджас» кезеңі (ХІХ ғасырдан
бастап қазірге дейін). Басараб (ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың
басы) – гагауыз тілінің орыс, молдова, украин және басқа туыс
емес тілдермен қарым-қатынаста дамығандығы сипатталады.
«Румын» - (ХХ ғасырдың 20-30-жылдары) – гагауыз тілінің
мемлекеттік румын тілінің қатты қысымында болуы. Кеңестік
(1945-1991) – гагауыз тілінің жазба тілі құрылуы (орыс әдебиеті
негізінде). Молдовалық (1992 жылдан бастап).
Достарыңызбен бөлісу: