68
тілі» деудің орнына «ескі өзбек тілі» деген атау қолданып жүр.
Сөйтіп, жоғарыда көрсетілгендей үш топқа жататын, үш түрлі
кезеңде, үш түрлі аймақта жасалған үш түрлі әдеби тілдің бар-
лығын да бұл авторлар бір ғана «ескі өзбек тілі» деген атаудың
аясына сыйғызғысы келеді. Біз, әрине
сөз жоқ, А.Н.Самойловичтің
пікірін қолдауға тиістіміз (осы еңбектің «Шағатай тілі» деген
арнаулы бөлімін қараңыз).
Х-ХV ғ. мынадай тайпалық тілдердің топтары пайда бол-
ған: 1) қыпшақ тілдері; 2) оғыз тілдері; 3) Қарлуқ тілдері;
4) Қырғыз-қыпшақ тілдері; 5) хақас, якут, тува, алтай т.б. тіл-
дердің топтары.
3.
Түркі тілдері дамуының жаңа дәуірінде қазіргі түркі
тілдері халықтық тіл болып қалыптасқан. Олар мыналар: татар,
башқұрт, қазақ, ноғай, қарақалпақ, қарайым, құмық, қарачай,
балқар, қырым татарларының тілі, түркімен, гагауыз, балқан
түріктерінің тілі, азербайжан, түрік, өзбек, ұйғыр, тува, қарағас,
якут, хақас, шор, камасин, кюэрик, сары ұйғыр, алтай т.б.
Достарыңызбен бөлісу: