Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет104/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   144
қар//қор//хөр (снег) +тай//дай (туынды сын есім жасайтын 
көне жұрнақ) >қордай. Көне магынасы «қарлы» (асу).
Қ ¥ И Ғ А Н - Іле өзенінің Балқаш көліне қүятын сагасы. Бұл 
жердіңҚұйған аталу себебі Іле өзенінің Топар, Жиделі т. б. толып 
жатқан тармақтары Балқа көліне жетпейді. Ал Іленің негізгі ар- 
насы ғанаБалқашқа қүяды. Міне сондықтан бүл жерді «Қүйған» 
деп атаған. Сөздің түбірі - қүй етістігі, оған есімшенің - ған 
жұрнағы қосылып атау жасалған. Түгіскен (қараңыз) атауын 
салыстырыңыз.
Қ Ы ЗЫ Л Ы РА Й - Қостанай облысындағы тау аты. Сол 
маңдағы таулардың ең биік шоқысы. Бүл атау екі компонент- 
тен тұрады. Біріншісі - қызыл - қазақ сөзі. Ал, екіншісі, 
Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі бойынша орай (шың) деген монголдың 
сөзі (Г. Конкашпаев. Некоторые малопонятные географические 
названия в Казахстане. Сб.: «Вопросы географии Казахстан». 
Вып. 9,1962,243 беті). Осыпікір дұрыссиякты, үйткені монғолша 
орой - таудың басы, шыңы, ал бурят-монгол тілінде де; осы 
мағынаны білдіреді (С. Хабшай, Ә. Мініс. Монғолша - қазақша 
сөздік, Уланбатор, 1954, 131 беті; К. М. Черемисов. Бурят- 
монгольско-русский словарь. М., 1951, 374 беті). Қызылорай 
атауының Қызылырай формасына көшуі, біріншіден, орой 
сөзінің қазақша түсініксіздігінен болса, екіншіден, ортадағы
146


«о» дыбысының кейінді ықпал әсерінен «ы» дыбысына айна- 
луы себебінен; олса керек: Қызылорай>Қызылырай.
Қ Ы П Ш А Қ - Қазіргі орталық Қазақстаннан бастап/ Еділ- 
Жайыққа дейінгі жерлер тарихта Дэшті қыпшақ (парсыша 
«Қыпшақ елі, даласы» деген сөз) аталғаны; белгілі. Қазір Цели­
ноград облысында Теңіз көліне құятын Қыпшақ деген өзен бар. 
Қазақстанның оңтүстігінде Арысқа қүятын Қыпшақ өзені бар.
Қыпшақтардың тарихы мен осы сөздің этимологиясы 
жөнінде В. Бартольд, В. Радлов, И. Маркварт, А. Соболев­
ский, А. Зайончковский, Д. Расовский, В. Гордлевский, П. Го- 
лубевский, И. Березин, А. Понамарев, А. Кононов, А. Щербак 
сияқгы ғалымдар пікір айтты. Қазақстанда қыпшақтар тарихы 
мен тілі жөнінде С. Аманжолов, I. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, 
Ғ. Мүсабаев, Ә. Қүрышжанов, Б. Көмеков, О. Сулейменов т. б. 
зерттеу жүргізді. Қыпшақтардың тарихы коне түркі, грек, пар­
сы, араб нұсқаларында айтылды. Мэселен, 759 жылы ұйғыр 
қағаны Мойын-Чорга қойылған ескерткіште «түркі-қыпшақтар 
біздің үстімізден елу жыл үстемдік етті» деген сөйлем бар (Ма­
лов. Памятники... Монголии, Киргизии, стр. 38-39). Міне осы 
сөйлем қыпшақ группасына жататын тілдердің де орхон - ени- 
сей жазуларын өз тілдерінің нүсқасы ретінде пайдалануға кең 
жол ашады. Қыпшақ сөзінің этимологиясы жөнінде Рашид-ад- 
дин еңбегінде, «Огуз-немеде» және «Түркмен шежіресінде» 
айтылған. Бүл нұсқаларда Огуз қаганның соғыста өлген бір 
сардарының эйелі шіріген агаштың қуысында (қабыгында) бо- 
санып, ол баланы Огуз асырап алып, Қыпшақ деген ат беріпті, 
бұның өзі түркінің қабүқ (агаштың қабыгы) деген сөзінен 
алынган делінеді. Бүл этимология ертедегі халық аңызына 
сүйенген. Бүл сөздің екінші бөлегі -ш ақ компонентін А. Щ ер­
бак есім жүрнагы, ал В. Банг кішірейту жүрнагы деп қарайды 
(А. Щербак: Огуз-наме. М., 1959, стр. 72). -Ш ақ кішірейту 
жүрнагы дегенге біз де косыламыз.
147


Ал бүл сөздің түбірі жөнінде мынадай жорамал айтуға 
болады. Қыпшақтардың славянша аталуы - половцы. Осы 
сөз ескі славян тілінің «полова» (солома), «половый» (қүба, 
ақ - қүба) деген сөздерінен шыққан деген акад. Қуник пен 
А. Соболевскийдің пікірі ғылымда әбден орнықты. Осы жора- 
малдауды қуаттаушы А. Понамарев мынадай пікір айтты:
«Форма же «кубан» вне всякого сомнения восходит к одному 
корню с имеющемся в ряде тюркских языков словом «куба», что 
значит у ногайцев бледный, сагайцев и др. бледный, сероватый; 
особенно близко по значению к русскому половый казахское 
«куба» - бледножелтый. Так казахи называют степь «кубажон» 
(ср. русское «половеть» - желтеть, вянуть, блекнуть).
В свете этих языковых фактов нам кажется вполне воз­
можным высказать уверенность в том, что русское «полов­
цы» есть не что иное, как перевод имени половецхого народа 
кубан-қуман» (Понамарев. Куманы-половцы, ВДИ, № 3-4, 1940, 
стр. 366-367). Половцы сөзі полякша - чехше плавцы, вен- 
герше полон, немісше флав болып өзгерген. Қыпшақтардың 
аты грек, орыс нұсқаларында қуман, кубан, половцы түрінде 
кездеседі. Ставраполь өлкесіндегі Кубань атауы да осы соз де­
ген пікірлер бар. Сөйтіп, қышпақтардың аты Европа тілдерін 
аударылып алғанына тағы бір дэлел: қыпшақтардың ескі армян 
нұсқаларындағы хардиаш (светловолосый) де ген аты да күба 
деген мағынаны білдіреді (Сонда). Түркі халықтарының атын 
ескі славян тіліне аударып ал практикасы Черные клобуки 
(каракалпак), четеевич (жеті ру), шесть братьев- (алты ұлы) 
т. б. деген орыстың тарихи нүсқаларындағы этнонимдермен де 
дәлелденеді.
Сөйтіп осы фактілердін негізінде А. Понамаревті пікіріне 
қосыла отырып, біз де кыпшак сөзінің түбірі қүба деп ой- 
лаймыз. Қүба этноним ретінде Алтайдан Балқарияға дейін 
кездеседі (А. Гусейнзаде. Об этимологии топонима Куба. Жур. 
«Сов. тюркология»; 1971, № 2, стр. 122). Ал бұл сөздің этноним


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет