синхрондық әдіспен зерттелді. Соның нәтижесінде соңғы кезде
структурализм әдісі кең етек жайды.
Бұл күндегі этимологиялық зерттеулер структурализ эдісін
кең пайдалануы қажет және дәстүрлі түрдегіде сөздің түбірін
ашып қана қоймай, сөздің тарихын, географиясын, яғни
өмірбаянын толық ашуы керек. Тіл адам баласының ойлау
қабілетімен тығыз байланысты. Ендеше этимология ойдың да-
муымен, адам баласының дүние тану, заттарға ат кою қабілеті-
мен қарым-қатынаста қаралуы керек. Ендеше сөз мағынасы-
ның тарихын түсіну үшін заттар тарихын, материалдық
мәдениет, салт - сана, эдет-ғүрып, право, дін т. б. тарихын жақ-
сы білу қажет. Автордың негізгі қорытындылары осындай.
Ю. Откупщиков, А. Супрун, В. Никонов, А. И. Поповтын
мақалаларында43 этимологиялық зерттеулердің түрлі-түрлі
проблемалары сөз етіледі. Мәселен, Ю. Откупщиковтың мақа-
ласьшда негізгі информацияны сөз түбірі береді делінеді. Ал
А. И. Попов этимологиялық зерттеулерде тарих гылымы-ның
табыстарын пайдаланбау қателікке соқтыратынын конкретті та-
рихи мысалдармен дэлелдейді.
Сөйтіп бұл айтылған мақалаларда этимологияның қыруар
теориялық мәселелері мен методтары орын алган жэне олар-
ды орынды пайдалану этимологтардың, солардың ішінде
топонимист-этимологтардың да міндеті болса керекті.
Достарыңызбен бөлісу: