индекс-лүғат. Тошкент, 1967, 349 беті). Қазак тіліндегі «қыпша
бел» (жіңішке бел) деген тіркестегі «қыпша» сөзінің де түбірі
-қып. Одан
кейінгі -ша//шы, ча//чы жүрнағы етістікті есімге
айналдыратын қосымша, ал
-гай//ғай есімнен есім тудыратын
түркі-монғол тілдеріндегі көне жүрнақ (Г.И. Рамстедт. Введе
ние в алтайское языкознание. М., 1957, стр. 184-185).
Осы жол-
мен жасалған
қапшағай термині географиялық жалқы атауға
айналған.
ҚАРАГЕМ - Шығыс Қазақстан
облысы Большенарым
ауданындағы көл аты. Ж. Болатовтың пікірінше мүндағы
қара түркі сөзі де, екінші сыңары
хәм - шек, шекара деген
монгол сөзі (Ж. Болатов, Шығыс Қазақстан облысы... қазактар
тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы. «Қазақ
тілі тарихы
мен диалектологиясының мәселелері», жинақ, 5 шығуы, 1963,
187 беті). Атаудың екінші компоненті туралы айтылған Ж.
Болатовтың пікірі, біздіңше, дүрыс емес. Өйткені «шек», «ше
кара» деген мағынадағы сөз көл атына қойылмайды. Әрбір атау
көбіне-көп сол географиялық объектінің
терминіне сай келуі
керек.
Біздің ойымызша, «гем» -тува тіліндегі «өзен, су» дегенді
білдіретін
хем (кем) сөзімен түбірлес. Топонимикадағы
-кан,
Достарыңызбен бөлісу: