Оқ сөзі тайпа, ру есебінде көне түркі жазуларында да, орта
ғасырдағы нүсқаларда да кездеседі. Мәселен,
он оқ сөзі «он
тайпа»
мағынасында Кюль-Тегинге, Тонь-юкукке қойылған
ескерткіштерде бірнеше рет кездеседі (С. Е. Малов. Памятни
ки древне-тюркской письменности, 28, 35, 43, 62, 68 беттерін
қараңыз). В.В. Бартольд V II ғасырда Шу бойында батыс түркі
халқы он салата бөлінгенін айтады (Очерк истории Семиречья.
Фунзе, 18 бет). Орта тасырларда жазылтан Отузнамеде
бузук,
ушок тайпа атаулары кездеседі. 1141-42 жылдары жазтан Ибн
ал-Асирдің еңбегінде огуздар
ушук, бузук деген екі үлкен топқа
бөлінген (А. М. Щербак. Огуз-наме,
Муқаббат-наме, М., 1959,
62, 96 беттер). Бүл сөздердің этимологиясын А. Н. Кононов
талдады. Ок сөзі
бузук, учук тайпа аты ретінде Абылғазының
енбегінде кездеседі (А. Кононовтың аталған еңбегі, 49 бет). Бұл
тайпа аттарының
үш (три)+оқ (племя), боз (возможно: серый?)
+оқ (племя) деген сөздерден түратынын А. Кононов және басқа
ғалымдар дәлелдеді (Сонда, 91 бет).
Міне, осы келтірілген мәліметтерден оқ сөзі көне заман-
нан ру, тайпа үғымында қолданылғанын көреміз. Ендеше,
казак сөзі қаз (кейде қас)+оқ деген екі компоненттен қүралып,
казок/тар/, ягни қаз тай п а л а р ы деген үғымды да білдіруі
ықтимал. Соңғы оқ компонентінің
ақ-қа айналуы алдыңғы
буындағы (қаз) а дыбысының әсерінен болуы мүмкін. Қазақ
халқының қүрамындағы Сегізақ/сегіз+оқ/, Тоғызақ/Тоғыз+оқ/
сияқты ру аттары да қазақ/қаз+оқ/ сөзімен түбірлес болуы
ықтимал.
Қ азак сөзінің этимологиясы туралы бүгінгі таңдагы дерек-
тер түргысынан осыны айтуға болады.
Қ А ЗА Л Ы - Қызылорда облысындағы аудан, аудан орталыгы
(қала) аты. Бүл атау, біздіңше, арабтың газал (орысша - газел,
қазақша - киік) деген сөзі мен көне түркі тілінің туынды сын
есім жасап, сол нәрсенің барлыгын білдіретін -лы жүрнағы
қосылуы арқылы жасалған. Газал//газель /киік/
араб сөзі
133
екенін М. Фасмер көрсеткен (Этимологический словарь русско
го языка, 1,М., 1964, стр. 382). Газал-киік (газель) магынасында
түрік тілінде бар (Д. А. Магазаник. Турецко-русский словарь.
М., 1945, стр. 201). Бүл сөздіктің авторы газал сөзі араб тілінен
енгенін көрсетеді.
Өзбек топонимиясын зерттеуші X. Хасанов Ташкент таула-
рында киік көп болғандықтан, бұл өлкеде Бұғустан, Ғазалкент
(қараңыз), Суқоқ (ақ киік) сияқгы атаулар көп екенін көрсеткен
(X. Хасанов, Урта Осие жой номлари тарихидан. Тошкент, 1965,
17 беті).
Ал Газал+лы атауының Қазалы түріне
көшуіне себеп болған
тілдік себеп: 1) қазақ тілінде гажап, ғылым, ғасыр, ғыбрат
сияқты бірен-саран сөздер болмаса, ғ-дыбысынан басталатын
сөз аз; 2) сөз аяғындагы л дыбысы мен жұрнақтағы л дыбысының
қатар түруы қазақ тіліне тэн қүбылыс емес. Сөз аяғындағы л
дыбысы түркі тілдерінде тиянақсыз. Ол жөнінде проф. Н.К.
Дмитриев былай деп жазган болатын: «Сонорные р, л и н в
тюркских языках принадлежат к числу неустойчивых.
Явление
это
отличается в некоторых современных языках, но, повиди-
мому, восходит к древним» (Н. К. Дмитриев. Неустойчивое по
ложение сонорных р, л, н в тюркских языках. Исследования по
сравн. грамматике тюркских языков, 1, фонетика, М., 1955, стр.
279), Міне осы жағдайлар Ғ азаллы атауының Қ азал ы (киікті)
түріне кошуі не себепші болған.
Шынында да Қазалы қаласы
орналасқан Арал теңізінің жағасы ертеде киікке, қүланға өте
бай болған (Ғазалкент, Қ а р та л ы атауларын салыстырыңыз).
Қ А З Ы Қ ¥ Р Т - Оңтүстік Қазақстандағы тау аты. Зерттеуші
Қүлмат Өмірәлиевтің пікірі бойынша Қазықұрт сөзінің этимо-
логиясы төмендегідей. ІХ-Х ғасырдағы араб географтары Таш
кент (Шаш) пен Сайрамның (Исфид-жаб) қала болғанын айта-
ды. Осы қала Қазықүрт тауына жақын орналасқан болуы керек.
Қазықұрт сөзі Абулғазының «Шежер-и-Туркмени» (1660-1661)
134
кітабында бірінішден, тау аты есебінде, екіншіден, Оғуз ханның
бір ұрпағы, яғни оның тайпасының бірі есебінде кездеседі.
Араб географтары Кркрд деп жазған бүл сөзді Гаркерд, Газ-
керд, Газкурд, Гузкерд, Геркурд, Гуркурд деп оқуға көне беретіні
ескерілсе, онда қазіргі Қазықұрт осы қала атының кейінгі за-
манда дыбыстық өзгеріске ұшыраған фонетикалық вариан
ты деуге әбден болады. Қ. Өмірәлиев Қазұкұрт, Келес, Талас,
Сыр (Силис), Ташкент (Шаш) атауларының
біздің эрамыздың
1 ғасырынан бар екендігін дэлелдей келіп, Қазықұрт оронимі
екі компоненттен тұратынын айтады.
«IX ғасырда араб географтары келтіретін Гаркурд (не Гуз-
курд) екі түбірден (гер-курд) біріккен сөз.
Достарыңызбен бөлісу: