Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


 Сыныптан тыс жұмыстың функциялары



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата18.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#10041
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

4.1.3. Сыныптан тыс жұмыстың функциялары  
Сыныптан  тыс  жұмыстың  мақсаты  мен  міндеттерін  оның  – 
оқытушылықтәрбиелікдамытушылық функциялары анықтайды. 

 
127 
Сыныптан  тыс  жұмыстың  оқытушылық  функциясының    оқу 
әрекетіне  қарағанда  үстемділігі  аздау.  Сыныптан  тыс  жұмыста  ол 
тәрбиелік  және  дамытушылық  функциялардың  тиімді  іске  асуына 
көмекші  болады.  Ғылыми  білімдердің,  (оқу  іскерлігі  мен  дағды  
жүйесінің  қалыптасуында  емес),  жай  қарым-қатынас  дағдысында, 
ұжымдық  өмір,  мінез-құлықтық  белгілі  бір  дағдысын  үйретуге 
негізделеді. 
Алайда,  сыныптан  тыс  жұмыс  пен  оқу  жұмысын  дұрыс 
үйлестіру  бүкіл  оқу-тәрбиелік  әрекеттік  жүйенің  үлкен  икемділігін 
қамтамасыз етеді. Сыныптан тыс жұмыс бәріне бір және міндетті оқу 
жоспарын  сақтау  кезінде  оқыту  мен  тәрбиелеудің  сараланған  тиімді 
құралы  бола  алады.  Сабақтың  толықтығына  байланысты  уақыттың 
аздығынан,  оқу  әрекетінің  шеңберінде  жоюға  қиын,  оқу  жұмысының 
кемшіліктерін теңелте алады. 
Сыныптан  тыс  жұмыстарда  оқушылардың  жеке  қабілеттерін 
бейімділігі  мен  ынтасын  дамытатын  және  көрсететін  дамытушылық 
функциясының  маңызы  зор.  Мысалы,  артистік  қабілеті  бар  оқушыны 
мектептегі мерекелік шараларға, КВН-ға, информатикаға қабілеті  бар 
оқушыны  –  олимпиядаларға  пайдалы  бағдарламаларды  құруға  т.б. 
тартуға болады. 
4.2. Сыныптан тыс жұмыстың принциптері 
Сыныптан  тыс  жұмыстардың  ерекшеліктеріне  сүйене  отырып, 
оған қойылатын талаптарды атап кетейік.
 
Сыныптан тыс жұмыс, оның бағыттарын, мазмұнын, формасын 
анықтау  кезінде  алғашқы  бастауларды  құрайтын  –  жалпы 
принциптердің негізінде жүргізіледі. 
Мақсатты  орнату  принципі    оқу-тәрбиелік  тапсырмаларды 
жоспарлауды,  қол  жеткізген  нәтижелерді  бағалауды  өткізілген 
жұмыстың жанжақты талдауды талап етеді. 
Сыныптан  тыс  жұмысты  ұйымдастырғанда  және  өткізгенде 
мақсаттың  болмауы  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  арақатынасты 
бұзатын  формализмді  туғызады,  ондай  жұмыстың  еш  тиімділігі 
болмайды  немесе  теріс  нәтиже  береді.  Бастар  алдында  күтілетін 
нәтижелерді  анықтап  алу  қажет.  Бұл  жалпы  әлеуметтік  тәжірибені 
меңгеру  және  құндылықтардың  позитивті  жүйесін  қалыптастыру 
мақсатына 
жетуге 
көмектесетін 
міндеттерді 
тұжырымдауға 
көмектеседі.  Ойластырылған  әр  шараның  тәрбиелік  міндеті  мен 
мақсатының айқын тұжырымдамасы болуы қажет. Сонымен қатар, әр 
жұмыстың маңыздылығы оқушыға анық болу керек.   

 
128 
Сыныптан  тыс  жұмыстың  өмірмен,  еңбекпен,  тәжірибиемен 
байланыс  принциптің  мәні  қоғамдық  өмірге  белсенді  қатысу 
арқасында,  әрбір  оқушыны  және  оқушы  қауымын  ұйымдастыру 
шындық ықпалымен жүргізуінде болады.  
Сондықтан  сыныптан  тыс  жұмыс  қоғамдық  пайдалы  бағытта 
болуы  керек.  Осы  информатика  кабинетіне  арналған  көрнекілік 
құралдар  мен  аспаптарды  жетілдіруде  және  құрастыруда,  бастауыш 
сынып  оқушыларымен  жұмысты  ұйымдастыруда,  информатиканы 
және  басқа  да  мектеп  пәндерін  оқытуға  арналған  педагогикалық 
бағдарламалық құралдарды жасауда көрініс табады. 
Оқу-тәрбиелік процестің тұтастық және бірлестік принципі – 
ең  алдымен  оқу  және  сыныптан  тыс  жұмыстың  үйлесімді  бірлесуін 
білдіреді.  Оқушының  жекеленген  ерекшелігін  ескере  отырып  
педагогикалық  үрдістің  осы  жақтарының  ажырамауы  –  оның 
тиімділігін  арттыруының  басты  шарты.  Осындай  байланыстардың 
мүмкіндіктері  сыныптан  тыс  әрекеттердің  мазмұнында  объективті 
қарастырылған.  
Оқу-тәрбиелік  процестің  тұтастық  және  бірлестік  принципі  – 
дидактикалық  принциптің  ғылымилығын,  оқыту  мүмкіншілігі  мен 
көрнекілігін,  теория  мен  тәжірибенің  байланысын  жүзеге  асыруға 
мүмкіндік  береді.  Бұл  принцип  оқу-тәрбиелік  процестің  жас 
дәрежесінің  арасындағы  сабақтастықты  (бастауыш,  орта  және 
жоғарғы  сыныптар),  сонымен  қатар,  оқушылардың  дайындығы  мен 
алдыңғы даму деңгейін санауын талап етеді. 
Ұжымда  және  ұжым  арқылы  тәрбиелеу  принципі  –  тікелей 
оқыту  және  тәрбиелеу  мақсаттарынан  туындайды,  себебі  тұлға 
ұжымда  өзінің  қасиеттерінің  жан-жақты  даму  мүмкіндігін  алады. 
Сыныптан  тыс  жұмыс  әртүрлі  ұжымдық  қызметте  тұрақты  қатысуға 
арналған  үлкен  мүмкіндіктерді  ашады,  оны  ұжымның  қалыптасу 
заңдарын  және  оның  жеткен  даму  деңгейін  ескере  отырып 
ұйымдастыру керек. Ұжымның даму деңгейі мұғалім жағынан оларға 
жетекшілік  сипатын  айқындайды.  Ол  неғұрлым  жоғары  болса, 
соғұрлым  оқушының  өзіне-өзі  дербестік  беріледі,  соғұрлым  ұжымда 
оқушының өзін-өзі басқаруында айтарлықтай рөлі болады.  
Тәрбиелеу  үрдісінде  өз  әрекеттігін  және  белсенділігін  дамыту 
принципі  –  сыныптан  тыс  жұмыс  оқушылардан  белсенділікті  талап 
етеді  және  олардың  дербестігін  көрсету  үшін  жағдай  жасайды.  Олар 
өздеріне  өз  еркімен  сабақты  таңдайды,  оны  жоспарлауда, 
жоспарланғанды жүзеге асыру құралдарды және жолдарды анықтауға 
қатыса  алады.  Сондықтан  осы  әрекеттерді  жүзеге  асыру  үшін  бұл 
принцип  үлкен  мүмкіндіктерді  ашады.  Оқушылардың  даму  үрдісінің 

 
129 
барлық  сатыларында,  белсенділік  олардың  табиғи  үйлесімді 
қажеттілігі  екенін  естен  шығармау  керек.  Сондықтан  тәрбиелік 
жұмысты  сол  қажеттілікті  қанағатандыру  бағытында  құру  қажет. 
Оқушының барлық мүмкіндіктері қолданылса, тәрбие ойдағыдай бола 
алады. 
Оқушыларды өзіндік жұмыстарға дағдыландыру үшін сыныптан 
тыс сабақтардың мәні үлкен (стандартқа сай емес және қиын есептерді 
дербес  шығару,  мәліметті  және  баяндамаларды  дайындау  және  оқу, 
шығармашылық  жобаларды  дайындау  және  т.б.). Егер  сыныптан  тыс 
тапсырманы ойластыруды және жүзеге асырылуы оқушылар жағынан 
болса, онда олар өздерін еркін дербес сезінеді.  Осы жағдайда белгілі 
бір  «тәуекел»  деу  бар,  өйткені  оқушылар  осы  істі  жақсы  меңгере 
алмауы  да  мүмкін.  Сондықтан  сақтық  жасап,  оларға  әр  уақытта 
көмекке келуге дайын болу қажет. Есесіне, ең басты ұтыс – оқушылар 
дербестілік мектебінен өтеді.  
Жас  және  жеке  дара  ерекшеліктерін  ескеру  принципі  – 
сыныптан  тыс  жұмыста  осы  жасқа  тән  мүмкіндіктері  мен  күшіне 
байланысты  құрылуы  керек  және  әрбір  оқушының  алдағы  дамуына 
ықпал ету керек. 
Бастауыш  сыныпта  информатикадан  сабақтан  тыс  жұмыстың 
мазмұны  оқушылардың  ой-өрістерін  кеңейтуге,  өмірдің  түсінікті 
құбылыстармен  таныстыруға  бағытталуы  керек.  Осы  жастағы 
оқушылардың тұрақсыз назары олармен жұмыстың ең айқын бейнелі 
және  әсерлі  эмоциялық  формаларын  іздестіруді  қажет  етеді.  Ең 
тиімдісі ойындық әрекеттерге үстемді көңіл аудару болады. Бастауыш 
сынып 
оқушылардың 
қызығушылықтары 
әлі 
анықталмаған, 
сондықтан  олардың  кейбіреулері  ғана  сыныптан  тыс  жұмысқа 
қатысады. Бұл оқушыларда ұжымдық байланыс дәрежесі әлі төмен, өз 
күшіне  сенімділігі  мен  дербестілігі  аз.  Сондықтан  барлық  сыныптан 
тыс жұмыс мұғалімнің басқаруымен өту керек. 
Орта мектеп жасындағы оқушылармен сыныптан тыс жұмысты 
мектепте  алған  өмір  тәжірибесінен  жинақталған  білімін  ескере 
отырып  жүргізу  керек.  Бұл  жастағы  оқушылар  көп  тырысады,  олар 
қиын  жағдайларда  өз  күштерін  тексеріп  көруге  талпынады,  еңбекте 
дамыған қабілетін көрсету мүмкіншіліктерін іздестіреді. Оқушылар өз 
таңдауы  бойынша  үйірмелермен,  секциялармен  айналысады. 
Тәрбиешінің  міндеті  –  әр  жасөспірімнің  қызығушылықтарын 
қанағаттандыратын  және  оның  қабілеттерін  одан  әрі  дамытатындай 
сыныптан тыс жұмыстарды табуға көмек көрсету.  
Жоғары  сынып  оқушылары  –  жоғары  және  арнайы  орта  білім 
беру  мекемелерінің  болашақ  студенттері,  түрлі  қызмет  көрсету  аясы 

 
130 
мен  өндіріс  салаларының  жұмыскерлері.  Олар  дене  және  моральдық 
дамуға жетеді, оларға жоғары талаптарды талап етуде туатын ой мен 
дене  еңбегінде  олардың  мүмкіншіліктері  айтарлықтай  өседі.  Олар 
өздері  бос  уақыттарын  өз  бетінше  ұйымдастыруға,  пайдалы  істерді 
табуға тырысады, өздерін ересек деп сезінеді. 
Жастық шақ – кейде толқумен, күдікпен және көңіл толқуымен 
бірге  жүретін  моральді  сенім  мен  дүниеге  көзқарасты  қарқынды 
қалыптасу  шағы.  Оқу  бағдарламасының  шегінен  шығатын, 
жұмыстарға тырысу және қызығу, ғылыми-білім беру қоғамдары мен 
үйірмелердің  ұйымдастырылуымен  қанағаттандырылуы  мүмкін.  Бұл 
жаста  өмір  жолын  таңдау  туындайды,  сондықтан  оқушылардың 
сыныптан  тыс  әрекеті  бойынша  кәсіби  бағытын  белсенділендіру 
қажет. 
Оқушылардың  жастық  ерекшеліктеріне  қарамастан,  кез  келген 
жастық  топта,  компьютерлік  ойынның  элементі  ретінде  салмақты, 
үлкендердің  әректтеріне  ұқсату  негізінде  іс-әрекетті  ұйымдастыру 
табысқа  ие  болады.  Тәрбие  жұмысында  оқушылардың  жастық  қана 
емес,  одан  басқа  жеке  басыныңда  ерекшеліктерін  ескерген  дұрыс: 
темпераментін,  мінезін,  қабілетін,  қызығушылығын,  дағдылары  мен 
талғамдарын,  сондықтан  әрқайсысына  жеке  қарағанды  талап  етеді. 
Оқушылардың жастық және жеке  ерекшеліктерін білу,  олардың  жан-
жақты  дамуы  үшін  сыныптан  тыс  жұмыстарды  тереңірек  қолдануға 
мүмкіндік береді. 
Жеке  тұлғаны  сыйлау  және  талап  қою  бірлігі  принципі  –
сыныптан  тыс  жұмыс  жасау  үрдісінде  оқушы  мен  мұғалімнің 
арасындағы  қарым-қатынасты  анықтайды  және  оқушылардың 
салмақты  қасиеті  көрініс  табатын  қызығушылықтарын  айқындауға 
мүмкіндік  береді.  Оған  сүйене  отырып,  ұстаз  оқушылар  тәртібінің 
қайта  құрылуына  және  олардың  қызығушылығының  дамуына, 
үлгерімнің жақсаруына, тәртіпті болуына қол жеткізе алады. 
Сыныптан 
тыс 
жұмыс 
процесі 
кезінде 
құрылатын 
қызығушылыққа  байланысты  ұжымда  ұстаздың  педагогикалық  орны 
сабақ 
кезіндегіге 
қарағанда 
басқаша. 
Ол 
оқушылардың 
қызығушылығымен,  ойларымен  санасатын,  олардың  жеке  даралығын 
құрметтейтін,  тәжірибелі  және  білімді  жолдас  ретінде  болады. 
Сонымен  қатар,  оқушылар  орнатылған  тәртіпке  және  жүріс-тұрыс 
ережелеріне  бағынуы  қажет,  себебі  қатынасу-қатынаспау  және  іс-
әрекеттерінің еркіндігі берекесіздікке әкелмеуі керек. Ұстаздың талап 
етуі  оқушылардың  жұмысын  бақылауына  әкеледі,  олардың  іс-
әрекетінің нәтижесін шығару қажеттілігін болжайды. 

 
131 
Сыныптан  тыс  жұмыс  мектеп  жұмысы  алдында  тұрған  оқу-
тәрбиелік  есепті  шешуге  үлкен  мүмкіндік  береді,  оқушыларда 
табандылық, жігерлік, ерік сияқты қасиеттерді тәрбиелейді. Сыныптан 
тыс  жұмыс  ұстаздың  өзіне  де  үлкен  пайда  әкеледі.  Сыныптан  тыс 
жұмыста  ұстаз  бен  оқушылардың  арасындағы  байланыстың  рөлі  өте 
зор,  оны  орнату  үшін  ұстазда  нақты  белгілі  қасиеттері  болуы  керек. 
Сыныптан  тыс  жұмысты  ұйымдастыру  кезінде  ұстаз  үнемі 
шығармашылық ізденісте болуы тиіс, ол сыныпта туған ахуалға жауап 
беретін  жаңа  форма  құруы  керек.  Ұстаздың  шығармашылығы 
сыныптан  тыс  жұмыстың  тиімділігі  үшін  қажетті  шарт  болып 
табылады. 
4.2.1. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны  
Сыныптан  тыс  жұмыстың  мазмұны  бейімделген  әлеуметтік 
тәжірибені, баланың жеке тәжірибесінде іске асқан эмоцияны, бастан 
кешкен, адам өмірінің әрүрлі аспектілерді көрсетеді. 
Сыныптан  тыс  жұмыс  мазмұнының  өзгешелігі  мына 
факторлармен сипатталады: 
-
 
ақпараттыққа қарағанда  эмоциалы аспектінің басымдылығы: 
тиімді тәрбиелілік әсер  ету үшін баланың сезіміне, оның күйзелісіне, 
ақыл-ойына эмоция арқылы тілдесу жасалады. 
-
 
сыныптан  тыс  жұмыстың  мазмұнында  білім  мен  ғылымның 
практикалық  жағы  анықтауыш  мағынаға  ие,  себебі  сыныптан  тыс 
жұмыстың  мазмұны  әртүрлі  іскерлік  пен  дағдының  жетілдіруіне 
бағытталады.  Сыныптан  тыс  жұмыста  оқу  дағдысы  жетілдіріледі, 
ақпаратты іздегенде өз бетімен жұмыс жасау біліктілігі, сыныптан тыс 
әртүрлі  шараларды  ұйымдастыру,  ынтымақтастық  икемділік, 
этикалық  нормаларды  сақтау  қалыптасады.  Сыныптан  тыс  жұмыс 
мазмұнында  практикалық  аспект  теориялық  аспектіге  қарағанда 
басым  болғандықтан,  оны  оқушылардың  белсенділік  позициясынан 
қарастыру  қажет.  Сол  арқылы  оқушылар  әлеуметтік  тәжірибенің 
жоғарыда айтылған екі аспектісін де меңгереді. 
Танымдық  іс-әрекет  –  сыныптан  тыс  жұмыста  танымдық 
қызығушылықтың  қалыптасуына,  оқудың  жағымды  мотивациясына, 
оқу  дағдысының  жетілдіруіне  арналған.  Қолданылған  формасы 
басқаша,  әйтсе  де  оқу  іс-әрекетінің  жалғасы  болып  табылады.  Ол 
үйірме,  «Білім  құмарлардың  турнирі»,  «Не?  Қайда?  Қашан?»,  КВН 
және т.с.с. 
Сыныптан  тыс  жұмыстар  оқушылардың  бағдарламалық 
материал 
аймағында 
білімдерін 
тереңдетуіне, 
логикалық 
ойлауларының 
дамуына, 
қиялдарына, 
зерттеу 
дағдысына, 

 
132 
информатика  тілін  меңгеруге,  оқушыға  информатика  тарихынан 
хабарлама 
жасауға 
көмектеседі. 
Сыныптан 
тыс 
жұмыстар 
практикалық  мазмұны  бар  есептерді  шешу  үшін  қолданылуы  керек, 
сонымен  қатар,  мұндай  жұмыстар  оқушылардың  конструктивті 
дағдыны 
меңгеруге, 
модельдеу 
дағдысына, 
көрнекі 
және 
бағдарламалық құрал өндіруге пайдаланылады. 
Тәрбие барысында қосымша әдебиетті зерттеуді ұйымдастырып 
және  бағыттап  оқытудың  маңызы  зор.  Мұндай  жұмыстың  мақсаты  - 
оқушылардың  кітаптан  білім  көзін  көріп,  оқу  мәдениетін 
меңгерулеріне  көмектесу.  Жоғары  сыныпта  оқитын  оқушылардың 
кітап  оқу  аумағы  тек  көркем  жазбамен  ғана  емес,  сонымен  қатар 
ғылыми-танымал,  анықтамалық  әдебиет,  оларға  ұнайтын,  кәсіби 
бағытталған  кітаптардан  тұруы  қажет.  Оқылған  материал  бойынша 
конференция және диспут, библиография сабағын өткізу өте пайдалы. 
Іс-әрекеттің  мұндай  түрі  реферат,  баяндама  дайындау  кезінде  жүзеге 
асады. 
Бос  уақыттағы  іс-әрекет  –  оқушылардың  демалыстарының 
жақсы  өтуін  ұйымдастырып,  ұжымда  жылы  ахуал  құрып, 
ашушаңдықты жою үшін керек. КВН, «Огонек», «Компьютерлік әзіл-
сықақ» және т.б. сияқты формалар өте тиімді. Сыныптан тыс жұмыста 
дәл  осы  танымдық  және  ойын  аспектілері  бірігеді.  Мысалы, 
«Таңғажайып  алаң»,  «Қызықты  информатика»,  викториналар  және 
т.б.  Бұл  екі  аспектінің  қайсысы  басқарушы  екенін  білу  үшін  нақты 
формада  ұстаздың  іске  асыратын  мақсатын,  міндеттерін,  үстемділік  
функциясын саралау керек
Еңбек  іс-әрекеті  –  сыныптан  тыс  жұмыста  еңбектің  әртүрлі 
формаларының мазмұнын көрсетеді. Сыныптан тыс жұмыста еңбек іс-
әрекетін ұйымдастыру, ұстаз үшін кейбір қиындық туғызады, әйтсе де 
оның еңбегі, оқушылардың әртүрлі жүйелі еңбек әрекетінде тәрбиелік 
қорытындысын береді. 
Мұндай  нәтиже  еңбекке  деген  қалыптасқан  қажеттілікте,  өз 
орнын таба алуда көрінеді. Сыныптан тыс жұмыста көрнекі құралдар 
құру, кабинетті көріктендіру, педагогикалық бағдарламалық құралдар 
құруды ұйымдастыруға болады. 
Шығармашылық іс-әрекет – оқушылардың қызығушылығының 
дамуы  мен  шығармашылық  потенциалдың  ашылуын  көрсетеді. 
Шығармашылық  іс-әрекет:  бағдарламашылардың  конкурсы  мен 
компьютерлік  графика,  шығармашылық  жобаның  көрінісі  түрінде 
ұсынылады.  Жоғарыда  келтірілген  іс-әрекет  формалары  мақсатының 
бірі  -  адамгершік,  әсершіл  және  жігерлі  дүниетаным  компоненттерін 
қалыптастыру. 

 
133 
Адамгершілік тәрбие – сыныптан және мектептен тыс жұмыста 
адамгершікке тәрбиелеу басты орын алуы қажет. Оның басты мақсаты 
-  оқушыларда  саналы  түрде  қоғамға  қатынасының  борышын 
қалыптастыру,  күнделікті  өмірде  сөзі  мен  ісінің  бірлігін  ұстанатын 
мінезді  тәрбиелеу.  Информатика  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыста 
оқушыларды  ақпарат  және  бағдарламалық  әдістерді  қолданудың 
құқықтық нормалармен таныстыру. 
Эстетикалық  тәрбиелеудің  –  сыныптан  тыс  жұмысы  жеке 
тұлғаның  жан-жақты  дамуын  қадағалайды.  Мектептің  оқу 
жоспарында эстетикалық циклдің пәндері көп орын алмаса да, осы іс-
әрекеттің өзі ерекше мағыналы екені көрініс табады. 
Мектеп эстетикалық тәрбиенің төмендегідей мәселесін шешеді: 
эстетикалық  сезім  мен  талғамды  қалыптастыру,  жақсылықты 
қабылдай  алу,  одан  ләззат  алып,  қоршаған  ортаға  өз  үлесін  қосу; 
табиғат,  қоғам  және  адам  тәртібіндегі  сұлулық  туралы  ойын  дамыту, 
шығармашылық  қабілеттілікті,  іскерлік  пен  дағдыны  қалыптастыру; 
шығармашылық  дүниетанымның  кеңейтілуі,  оқушылардың  өнер 
саласымен танысуы.  
Сыныптан 
тыс 
жұмыстар 
қатарына 
информатикада 
компьютерлік  графикада  жұмыс  істеуі  мүмкін,  анимация  және 
музыка,  мультимедиалық,  гипермәтіндік  және  әдеби  жобалары. 
Оқушылардың көпшілігінің қызығушылықтары Web-графика, дизайн, 
интернет-шығармашылықтары болып табылады.  
Оқушылардың 
шығармашылық 
топтарының 
қызықты 
формаларынің  бірі  -  журнал  немесе  газет  дайындау.  Компьютердің 
көмегімен  өңделген  электрондық  түрде  немесе  Интернетке  мектеп 
сайттарында  көрсетілуі  мүмкін.  Эстетикалық  дамудың  шексіз 
мүмкіндіктері  компьютерлік  анимациялы  мектептік  студияларды 
ашады,  олар  тек  қана  оқушыларға  ғана  емес  мультипликациялық 
фильмдерді  жасау  және  жас  көрермендерді  тәрбиелеуге  көмектеседі. 
Сыныптан  тыс  жұмыстар  үшін  үлкен  қызығушылық  туғызатын 
мектептегі 
бейне-студиялар 
болып 
табылады. 
Мұғалімдер 
компьютерлік 
технология 
арқылы 
әдеби 
бейне-фильмдерді 
мультипликацияларды жасауға мүмкіндік алады.  
Бұл іс-әрекеттердің қызық жері - компьютерлік өнердің әртүрлі  
көрсетілімдері.  Оқушылардың  ең  басты  көзқарасына  экономикалық, 
экологиялық  көзқарастары  жатады.  Олар  компьютерлік  жобаларды 
қолдануда қалыптасады. Әрбір мектеп және мектептен тыс мекемелер 
өздерінің  сыныптан  тыс  жұмыстарының  мазмұнын  өздерінің 
мүмкіндіктерін ескере отырып анықтайды. 

 
134 
Сыныптан  тыс  жұмыстардың  мазмұны  барлық  мектептерде 
бірдей емес. Оған мына факторлар әсерін тигізеді:  
1.
 
Мектептің  дәстүрлері  мен  ерекшеліктері.  Мысалы:  егер 
мектептің пәндік бейіні болса, онда сыныптан тыс жұмыста танымдық 
аспектілердің  үстем  болуы.  Әдеби,  экономикалық,  физикалық, 
математикалық  және  т.б.  тәрбие,  соған  сәйкес  кәсіби  мектептермен 
сыныптарға тән. 
2.
 
Жас 
ерекшеліктері, 
сыныбы, 
оқушылардың 
жеке 
мінездемелері. 
3.
 
Компьютерлік  техниканың  мүмкіншіліктері,  ерекшеліктері, 
информатика кабинетінің кесте бойынша жүктемесі. 
4.
 
Мұғалімнің  өз  ерекшеліктері,  оның  қызығушылықтары, 
икемділігі және талаптары. 
Егер  мұғалім  оқушыға  білім  беруде  жоғары  нәтижеге  жетуге 
тырысса, онда сыныптан тыс жұмыста мақсатқа жету үшін танымдық 
іс-әрекеттерді ұйымдастырады. 
Сонымен  қатар,  оқудан  тыс  танымдылықтың  көлемі  қиындық 
деңгейімен ғана сәйкес келмей, үйренушілердің жеткен деңгейлерінен 
асып түсуде, жан-жақты дамумен сәйкес келуі керек. 
4.3. Сыныптан тыс жұмыстың формалары  
Сыныптан  тыс  жұмыстардың  формалары  –  бұл  мазмұнына 
қарап  қойылатын  талаптар.  Сондықтан  сыныптан  тыс  жұмыс 
формаларының  саны  орасан  көп  болғандықтан,  оларды  тұтастай 
жіктеу  мүмкін  емес.  Есесіне  мысал  ретінде  объектіге  (тұлғаға)  әсер 
етуі бойынша және оқыту мақсаттарымен тәрбие бағыттарын негіздеп 
жіктеуге  болады  (4.1-сурет).  Сыныптан  тыс  жұмыстарды  жеке
топтық  және  көпшілікті  біріктіруі  бойынша,  ал  жеке  және 
көпшілікпен – фронтальды және ұжымдық деп  жіктеледі. 
Жеке  жұмыс  –  өзін-өзі  тәрбиелеуге  бағытталған  жеке 
оқушының  өздік  іс-әрекеті,  танымы,  мектептік  бағдарламаларды 
ұжымдық және мұғалімдердің тапсырмаларын орындау үрдісі. 
Баланың  санасында  өзін-өзі  кемелдендіру,  өзін-өзі  тәрбиелеу 
қажеттілігі  түсінігін  қалыптастыру  жеке  жұмыстың  мәні  болып 
табылады.  Педагогикада  бұл  үрдісті  тұлғаны  әлеуметтендіру 
бағытында тәрбиелеу деп тұжырылымдалады.  
Жеке  жұмыстың  тиімділігі,  қойылған  талапқа  сай,  жеке 
жұмыстың  формасын  дәл  таңдаудан  басқа,  баланы  әрекеттердің 
қандайда бір формаларыне икемдеу болып табылады.  
Сыныптан  тыс  жеке  жұмыстарға  қойылатын  жалпы  мақсат  – 
нақты тұлғаның толыққанды дамуы үшін педагогикалық шарттармен 

 
135 
қамтамасыз  ету.  Ол  балада  оң  «Мен-концепциясын»  қалыптастыру 
және тұлғалық әртүрлі қырларын, жеке басының мүмкіндігін дамыту 
арқылы жүзеге асырылады.  
4.1-сурет. Сыныптан тыс жұмыс формаларын жіктеу схемасы 
Мысалы, информатика бойынша сыныптан тыс оқытуда  тарихи 
мәліметтерді, 
бағдарламалаудан 
қиындатылған 
есептерді, 
математикалық  логикасының  элементтерін,  есептеп  шығару  жүйесін 
және т.б. қарастыру дәстүрге айналуда.  
Соңғы  жылдары  информатикада  практикалық  мәні  және 
танымдық  қызығушылығы  бар  жаңа  бағыттар  пайда  болды  – 
ақпаратты  өңдеуге  компьютерлік  технологиялар,  сонымен  қатар, 
мультимедиа,  гипертекст,  Интернет.  Бұл  сұрақтар  информатика 
бағдарламасында  өз  бейнеленуін  тапты,  бірақ  практикаға  бөлінген 
сағат  саны  жеткіліксіз  болғандықтан,  сыныптан  тыс  оқыту, 
информатикадан  оқушылардың  білім  сапасын  көтеруге  негіз  болуы 
қажет.  
Жеке  жұмыс  әрекеттері  оқушылардың  және  жасөспірімдердің 
басқалармен  қарым-қатынасын  шектемейді,  әйтсе  де  олардың 
әрқайсысына  жалпы  шараларда  өз  орындарын  табуға  көмектеседі. 
Жеке  жұмыс  үйірмелердің  қажетті  құрамдас  бөлігі  болып  табылады. 
Сондықтан  ондай  жаппай  шаралардың  табысты  болуы,  жеке 
жұмыстың дұрыс жолға қойылуына байланысты болады. 
Үйірмелік 
(топтық) 
сыныптан 
жұмыс 
оқушылардың 
ғылымның, 
техниканың, 
көркемөнердің, 
спорттың 
белгілі 
аймақтарына  қызығушылықтарын  анықтауға  және  шығармашылық 
қабілеттерін  дамытуға,  бағдарламалық  материалдан  алған  білімдерін 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет