Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



Pdf көрінісі
бет77/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   191
Байланысты:
Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova

6. Мұғалім тұлға ретінде.  
1. Мұғалімнің білімі мен әдістемелік сауаттылығы.  
2. Сөйлеу мәдениеті мен педагогикалық әдептілігі.  
3. Оқушыларға деген қайырымдылығы мен талап етуі.  
4. Мұғалім  мен  оқушылардың  байланысы,  өзара  қарым-
қатынасы (авторитарлы, либералды, ынтымақтастық).  
5. Мұғалімнің  оқушыларға  үлгі  боларлық  мінезінің  кей  тұстары 
мен тұлғалық қасиеттері. Тәрбиелік әдістері мен амалдары. 
7. Сабақты қорытындылау.  
1. Оқыту  тиімділігі  –  оқу  уақытының  толықтығы,  қажетсіз 
материалдың 
жоқтығы, 
бағдарламалық 
құралдарды 
таңдау 
оңтайлылығы. Сабақтың тәрбиелік әсері.  
2. Сабақтың құнды жақтары мен кемшіліктері.  
3. Мұғалімге ұсыныстар.  
Жоғарыда  көрсетілген  саралау  тәртібі  (немесе  осыған  ұқсас) 
сабақтың сапасын талдау жасауға мүмкіндік береді.  
Сандық  талдауды  жасауға  арналған  әдістемелер  де  бар  (2-
қосымша,  1,  2  кестелерді  қараңыз).  Сабақты  жүйелі  талдау 
әдістемесі (В.П. Симонов)
1
. 
Сабақ  компоненттерінің  жүйе  ретіндегі  бес  көрсеткіші 
ұсынылады:  мұғалім  (іс-әрекет  субъектісі);  оқу  танымдық  әрекеттің 
белсенді  субъектісі  болып  табылатын  оқушылар;  мұғалім  мен 
оқушылар  әрекетінің  мазмұны;  оқу  әрекетінің  әдістері  мен 
ұйымдастыру  қағидаларынан  тұратын  мұғалім  мен  оқушылар
 
әрекетінің  тәсілдері  (оқыту  әдістері  мен  білім  беру);  басты 
дидактикалық мақсат нәтижемен байланысты.   
Барлық 
келтірілген 
көрсеткіштерді 
қажетінше 
шартты 
балдармен  белгілеуге  болады  (пайыздар),  демек  математиканың 
формалды  тілін  қолдануға  болады.  Өткізілген  сабақтың  жүйелі 
талдауының  барлық  бес  бағыты  бойынша  жиырма  бес  негізгі 
                                                 
1
 Симонов В.П. Педагогикалық менеджмент: педагогикалық жүйелерді басқарудағы 50 ноу-хау. — 
М.: Ресейдің педагогикалық қоғамы, 1999. — 430 б. 


 
83 
көрсеткіші бар (мұғалім бойынша – бес, оқушылар бойынша – төрт
мазмұн  әрекеті  бойынша  –  төрт,  әрекет  тәсілдері  бойынша  –  жеті 
және  әрекет  мақсат-нәтижесі  бойынша  –  бес).  Осы  көрсеткіштердің 
сомасын  100%  деп  қабылдаса,  әрқайсысының  шартты  сәйкестігі  4% 
болар еді (балл түрінде де болады, онда 100 және сәйкесінше 4 балл). 
Сабаққа  кірген  соң  тиімділіктің  математикалық  бағасы  мына  картаға 
рәсімделеді:   
Сабақ  тиімділігін  математикалық  тұрғыда  бағалау  рейтингке 
негізделген 
(құзырлы 
соттар 
әдісімен). 
Бағалаудың 
мына 
критерийлері  анықталды:  егер  бағалау  кезінде  85%  (немесе  балл) 
немесе  одан  жоғары  болса,  өткізілген  сабақ  «үздік»  деп  бағаланады, 
65–84% — «жақсы», 45–64% — «қанағаттанарлық». 
Әрбір  сабақтың  және  оқытудың  барлық  жүйесі  мұғалімнің 
ұмтылысымен  және  педагогикалық  рефлексиясымен  (атқарылған 
жұмысын  ойдан  өткізу),  дұрыс  сараптап,  өз  қимыл-әрекетін  саналы 
бағалай алуымен тығыз байланысты. Мұғалім өткен сабақты сараптай 
отыра,  оқу  үрдісінде  қол  жеткізгені  мен  әлі  де  толықтыруды  қажет 
ететін тұстарын анықтайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет