Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


Rambler (rambler.ru).   Басқа  да  іздеу  жүйелері  бар.  Мысалы,  тиімді  іздеу  mail.ru



Pdf көрінісі
бет17/19
Дата03.03.2017
өлшемі4,27 Mb.
#5945
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Rambler (rambler.ru).  
Басқа  да  іздеу  жүйелері  бар.  Мысалы,  тиімді  іздеу  mail.ru 
жүйесі пошталық қызмет серверінде жүзеге асырылған.  
Түйінді  сөздер  бойынша  іздеу.  Ақпаратты  түйінді  сөздер 
бойынша іздеу  пайдаланушыдан белгілі дағдыны талап етеді. Желіде 
іздеу  алгоритмі,  деректер  қорында  ақпаратты  іздеуге  ұқсас,  логикаға 
негізделген.  

 
169 
1.
 
Бос  орындармен  (пробел)  бөлінген  бірнеше  түйінді  сөздер, 
логикалық  қосу  ЖӘНЕ  (OR.)  амалына  сәйкес  келеді.  Мысалы, 
<Мектеп  информатикасы>  түйінді  сөзін  нұсқағанда,  біз  «Мектеп» 
немесе  «информатика»  сөзі  кезігетін  құжаттардың  барлық  тізімін 
аламыз. 
2.
 
Тырнақшаға  алынған  бірнеше  сөз  тұтас  қабылданады. 
Сұранысты  «Мектеп  информатикасы»  деп  тырнақшаға  алып 
нұсқағанда  біз  ішінде  осындай  тұтас  жолдары  бар  құжаттар  тізімін 
аламыз. 
3.
 
Сөздердің арасына қойылған  «+» белгісі, логикалық көбейту 
НЕМЕСЕ  (AND)  амалына  ұқсас  болады.  Сұраныста  түйінді  сөз 
<Мектеп  +  информатикасы>  түрінде  нұсқалса,  онда  осы  екі  сөз 
қатарынан  кезігетін  барлық  құжаттар  шығады.  Әйтсе  де,  олар  кез 
келген ретпен және шашылып орналасуы мүмкін. 
Интернетте іздеудің үш тәсілі.  
1.
 
Веб-беттің  адресін  нұсқау.  Бұл  іздеудің  ең  тез  тәсілі,  бірақ 
ол тек құжаттың адресі дәл белгілі болғанда ғана қолданылады. 
2.
 
Гиперсілтемелер  бойынша  ауысу.  Бұл  ең  ыңғайсыз  тәсіл, 
үйткені  оның  көмегімен  тек  мәні  бойынша  ағымды  құжатқа  жақын 
құжаттарды  ғана  іздеуге  болады.  Егер  ағымды  құжат,  мысалы, 
музыкаға  арналса,  онда  бұл  құжаттың  гиперсілтемесін  қолданып, 
спортқа арналған сайтқа түсу екіталай. 
3.
 
Іздеу серверіне (іздеу жүйесіне) қатынасу. Іздеу серверлерін 
пайдалану – ақпаратты іздеудің ең ыңғайлы әдісі.  
Іздеу 
серверлерінде 
әртүрлі 
құжаттардың 
сілтемелері 
тақырыпты  каталогтарға  жүйеленеді.  Мысалы:  спорт,  кино, 
автомобильдер,  ойындар,  ғылым  және  т.б.  Сервер  бұл  сілтемелерді 
Дүниежүзілік  торда  пайда  болған  Web-беттерді  үнемі  қарау  арқылы 
автоматты режімде өз бетімен қояды. Сонымен қатар, іздеу серверлері 
пайдаланушыға түйінді сөздер бойынша ақпаратты іздеуге мүмкіндік 
береді.  
Іздеуден  жақсы  нәтиже  алу  үшін  мына  қарпайым  ережелерді 
есте сақтаған жөн: 
1.
 
Ақпаратты тек бір ғана түйінді сөзі бойынша іздемеу керек.  
2.
 
Түйінді  сөздерді  бас  әріппен  енгізбеген  абзал,  үйткені  онда 
кіші әріппен жазылған сондай сөз табылмай қалуы мүмкін. 
3.
 
Егер  ізденіс  аяғында  сіз  ешқандай  нәтиже  алмасаңыз,  онда 
түйінді сөздерде орфографиялық қателер жоқ па екен, соны тексеріңіз. 
Қазіргі  іздеу  жүйелері,  құрылған  сұранысқа  семантикалық 
талдағышты  (орысш.  –  анализатор)  қосуға  мүмкіндік  береді.  Оның 

 
170 
көмегімен қандай да бір сөзді енгізіп, осы сөздің әртүрлі  туындылары 
кезігетін құжаттарды таңдауға болады. 
Машықтану 
тапсырмасы. 
Әртүрлі 
іздеу 
жүйелерін 
пайдаланып,  түйінді  сөз  бойынша  құжатты  іздеу  нәтижелерін 
салыстырыңыз (Goоgle біріктірілген
 
іздеу жүйесін пайдаланыз). 
Практикалық жұмысты ұйымдастыру бойыша ұсыныстар 
Интернетке  шығу  мүмкіндігі  болған  жағдайда  оқушылармен 
практикалық  жұмысты  мына  бағыттар  бойынша  ұйымдастыруға 
болады: 

 
электрондық поштаны дайындау, жіберу және қабылдау; 

 
Web-броузермен жұмыс жасау, Web-беттерді қарау; 

 
FTP – серверлермен қатынасу, файлдарды шығарып алу; 

 
WWW  жүйесінде  іздеу  бағдарламаларының  көмегімен 
ақпаратты іздеу. 
Интернетте  ақпараттық  қызмет  етуші  әрбір  қолданбалы 
бағдарламамен  (пошталық,  Web-броузерлер,  іздеу  жүйелері)  
таныстыруды,  стандартты  әдістемелік  схема:  ортасы,  жұмыс 
режімдері, бұйрықтар жүйесі – бойынша өткізу керек. 
6.6. Зертханалық жаттықтыру тапсырмалары 
1-зертханалық жұмыс «Мәтіндік ақпаратты өңдеу» 
I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар: 

 
мәтіндік редактор; 

 
мәтіндік процессор; 

 
мәтіндік құжат, оның құрылымдық  элементтері; 

 
редакциялау; 

 
пішімдеу; 

 
шрифт, оның параметрлері; 

 
колонтитул; 

 
сілтеме (сноска); 

 
гипермәтін, гиперсілтеме. 
II. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.
 
Редакциялаудың  негізгі  стандарты  деген  не?  Оның  
элементтерімен оқушыларды қай кезде таныстыруға болады? 
2.
 
Мәтіндік  редакторды  оқып  үйренгенде  оқушылар  қандай 
негізгі технологиялық дағды алады? 
3.
 
Гиперсілтемені  құру  алгоритмін  түсіндіріңіз.  Гипермәтін 
құру үшін тапсырма ойластырыңыз. 
4.
 
Төмендегі  мәтінді  қолдануға  болатын  сабақ  тақырыбын 
көрсетіп, тапсырма дайындаңыз: 

 
171 
«Түстің адамға әсері. Қызыл сары түс нәзік сезімді қоздырады, 
қан  айналымын  жылдамдатады,  тамақ  қорытуды  жақсартады. 
Сары  түс  ой  еңбегін  жақсартады.  Жасыл  түс  өте  нәзік,  тынық, 
байсалдылықты  білдіреді.  Көгілдір  түс  қан  қысымын  төмендетеді, 
тынышталдырады.  Көк  түс  адам  мінезіндегі  байсалдылық  пен 
қатаңдықты  білдіреді.  Күлгін  жүрек  пен  өкпенің  қызметін 
қоздырады, организмнің тұмауға қарсылығын арттырады». 
5.  Ақпараттық  технологиялар  бағытына  қатысты  дайындалатын 
реферат тақырыптарын дайындаңыз. 
III. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.
 
Мәтіндік  құжаттарды  өңдеу  жөнінде  тарихи  деректер 
келтіріңіз. 
2.
 
Мәтінмен  жұмыс  істейтін  ақпараттық  технологияларға 
қандай құралдар жатады? 
3.
 
Мәтіндік құжатты даярлау кезеңдерін атаңыз. 
4.
 
Мәтінді енгізу ережесін айтып беріңіз. 
5.
 
Мәтіндік файлдардың форматтарын атаңыз. 
6.
 
Word-та  мәтін  фрагменттерін  ерекшелеу  ережелерін  ай-
тыңыз. 
7.
 
Шрифтердің әртүрлі жіктеуін атаңыз. 
IV. Келесі есептерді шешіңіз: 
1. «Символ – ... – жол – абзац – мәтіннің фрагменті» қатарында 
не жіберілген: а) сөз; б) абзац; в) бет; г) мәтін; д)  кітап. 
2.  Мәтіндік  ақпарат  кодталғанда,  әр  символдың  екілік  кодының 
компьютердің жадында алатын орны тең: а) 4 бит; б) 1 бит; в) 2 байт; 
г) 1 байт; д) 3 байт. 
3.  Әртүрлі  (кітап,  журнал,  газет)  баспа  беттерінен  үш  бетті 
қарастырыңыз  Әрбір  беттегі  мәтіннің  (өлшемін,  таңбалар  саны), 
абзацтардың (шегініс, жолдар  арасының қашықтығы, түзулеу, беттегі 
орны),  парақтың  (парақ  өлшшемі,  өрістер  өлшемі)  параметрлерін 
өлшеп жазып алыңыз. 
4.  Microsoft  Eequation  формулар  редакторын  қолданып  мына 
формуланы теріңіз: 
V.  Оқу  материалындағы  өзіңізге  ұнаған  ең  жақсы  күнделікті 
жоспардың  мысалын  келтіріңіз  (өзіңіз  дайындаңыз  немес  оқу 
бағдарламасын таңдаңыз). 
VI. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін даярлаңыз. 




















2
,
0
,
sin
sin
sin
cos
0
,
0
,
cos
cos
2
t
t
b
t
b
t
t
a
y
b
a
t
b
t
a
x

 
172 
VII.  Мәтіндік  редакторды  игеру  бойынша  қорытынды 
практикалық жұмыстың мысалын  көрсетіңіз. 
2-зертханалық жұмыс. «Графикалық ақпаратты өңдеу» 
I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар: 

 
графикалық редактор; 

 
пиксел(ь), оның  параметры; 

 
растр; 

 
графикалық қарапайымдар; 

 
палитра; 

 
бейнені цифрлеу. 
II. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.
 
Компьютерлік  графиканы  оқып  үйретуде  оқушылардың 
қызығушылығын қалай арттыруға болады? 
2.
 
Информатиканың 
базалық 
курсында 
оқылатын 
қай 
тақырыптар компьютерлік графиканың теориялық негізіне жатады? 
3.
 
Оқушылар  базалық  курста  компьютерлік  графикамен 
танысқанда, 
ЭЕМ-нің 
архитектурасы 
жайлы 
қандай 
жаңа 
мағлұматтарды біледі? 
4.
 
Базалық  курстың  графикалық  бөлімінде  оқушылар  қандай 
практикалық дағды алады? 
5.
 
 Информатика  мен  басқа  пәндерді  кіріктіріліп  оқыту 
сабақтарын  ұйымдастыру  барысында  графикалық  ақпаратты  өңдеу 
технологиясы 
бойынша 
оқу 
материалының 
дидактикалық 
мүмкіндіктерін талдаңыз (сурет салу, сызу).  
6.
 
Компьютерлік анимация құру технологиясын түсіндіріңіз  
III. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.
 
Векторлық  графикалық  редактордағы  редакциялау  процесі 
..... өтеді. 
2.
 
Кескін  фрагменттері  бойынша  іс-әрекеттер:  ....  Графикалық  
редакторлар қалай жіктеледі? 
3.
 
Векторлық  және  растрлық  кескіндердің  айырмашылығы 
неде? Қайсысы ең  тиімді? 
IV. Келесі есептерді шығарыңыз: 
1.
 
Қызыл  түстің  кодын  екілік,  16-лық  және  ондық  санау 
жүйелерінде жазыңыз. 
2.
 
Әртүсті 
растрлық 
графикалық 
кескін 
(256 
түстік 
палитрасымен)    өлшемі  10*10  нүктеден  тұрады.  Бұл  кескін  жадыдан 
қанша орын алады? 
3.
 
Мына:  а)  визиттік  картішкесі  және  үлкен  плакаттарда 
кескінделетін  ұйымның  эмблемасын  жасау;    б)  сандық  кескіндерді 

 
173 
6.9-сурет 
редакциялау  жұмыстарды  жасау  үшін  қай  (векторлық  немесе 
растрлық)  графикалық  редакторды қолданар едіңіз? 
4.
 
 Екі  және  үш  бөлікке  бөлінген  шеңберді  сала  отырып,  (6.9-
сурет), және оларды әртүрлі түспен бояп 
бөлменің  интерьерінде,  киімде  т.б. 
қолдануға 
болатын 
гармониялық 
үйлесімді    болатын  екі  немес  үш  түсті 
таңдаңыз.  
5.
 
 Paint-та  сегізбұрышты  жұлдызшаны  салыңыз.  Оны  салу 
алгоритмін баяндаңыз. 
V.  Тақырып  бойынша  күнделікті  сабақ  жоспарының  мысалын 
келтіріңіз. 
VI. Тақырып бойынша бір сабақтың  конспектісін жасаңыз. 
VII. Графикалық редакторлардың мүмкіндігі мен компьютерлік 
графиканың түрлерін  демонстрациялайтын презентация даярлаңыз. 
3-зертханалық жұмыс. «Сандық ақпаратты өңдеу» 
I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар: 

 
кестелік процессор; 

 
электрондық кесте (ЭК); 

 
ұяшықтың  адресі; 

 
салыстырмалы сілтеме; 

 
абсолюттік сілтеме; 

 
сұрыптау кілті. 
II. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.
 
Электрондық  кестелер  мен  бағларламалау  тілдерінің 
ұқсастығы неде? 
2.
 
Салыстырмалы  адрестеу  принципі  ұғымын  оқушыларға 
қалай түсіндіруге болады? Оны иллюстрациялайтын мысал келтіріңіз. 
3.
 
Базалық  курста  оқушыларға  электрондық  кестелер  үшін 
қандай есептер  түрін беруге болады? 
4.
 
ЭК-нің  формула  бейнеленген  режімдегі  фрагменті  берілген  
(6.10-сурет): 
Оның  қолданылған  сабақ  тақырыбын  көрсетіп,  тапсырма 
дайындаңыз. 
5.
 
Электрондық кестені мектепте информатика сабағынан басқа 
қай жерлерде қолдануға  болады? 
6.10-Сурет 

 
174 
6.
 
Үй  тапсырмаларына  мысал  келтіріңіз  (компьютерлік  және 
компьютерсіз). 
III. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.
 
 Excel  -де  ақпараттың  көшірмесін  алудың  барлық  тәсілдерін 
атап шығыңыз. 
2.
 
Электрондық кестелерде формулаларды жазу тәсілдерін атап 
шығыңыз. 
3.
 
Қазіргі  кезеңдегі  кестелік  процессорлар  пайдаланушыларға 
қандай мүмкіндіктер береді? 
4.
 
Диаграмманы салу алгоритмін айтып беріңіз. 
5.
 
Кестелік  процессордегі  негізгі  диаграммалар  түрлерін 
атаңыз.  Нақты  диаграмма  типі  қандай  жағдайларда  қолданылады. 
Мысал келтіріңіз. 
IV. Келесі есептерді шешіңіз: 
1.
 
Электр есептегішінің көрсеткіші және 1 квт/сағ. төлем ақысы 
бойынша  электр  қуатының  айлық  шығынын  есептеу  кестесін 
құрыңыз.  
(Есептегіштегі  көрсеткіш  әр  айдың  соңында  алынады.  Бір 
айдағы  жұмсалынған  электроэнергия  алдыңғы  аймен  ағындағы 
айдағы  көрсеткіштердің  айырымына  тең.  Төлем  ақы  жұмсалынған 
энергияның 1 кВт/с шаққандағы көбейтіндісіне тең. 1кВт/сағ. ақысы  
8,00 теңгені құрайды
Электроэнергияның төлем ақы тізбесі 
Айлар  
Есептегіш 
Шығыны  кВт/сағ. 
Төлем ақысы (тг). 
желтоқсан 
 
 
 
қаңтар 
=B4-B3 
=C4*8,00 
 
ақпан 
 
 
 
наурыз 
 
 
 
2.
 
Электроэнергияға төлеу кестесіне жыл бойы төленген төлем 
ақысын  табу  керек.  Ай  сайынғы  жұмсалынған  энергияны  қажетінше 
алыңыз. 
2.
 
Алдыңғы есептегі электроэнергияға төлеу ақысын өзгертіңіз: 
алғашқы 100 кВт/сағ. 8,50 тг төлеу керек, ал одан жоғары болса әрбір 
1 кВт/с –қа  8,80 теңге төлеу керек. 
3.
 
1


x
x
y
 функциясын  [0;2]  кесіндісінде  0,2  қадам  бойынша 
кестелеңіз. 
4.
 
Берілген  40+36+32+…+(-8) сан қатарының қосындысын табу 
керек,  егер  қосылғыштар  арифметикалық  прогрессияның  тізбектес 
мүшелері болса. 

 
175 
V.  Тақырып  бойынша  күнделікті  сабақ  жоспарының  мысалын 
келтіріңіз. 
VI. Тақырып бойынша бір сабақтың  конспектісін жасаңыз. 
VII.  Сандық ақпаратты өңдеу теориясы бойынша қорытынды 
жұмыстың мысалын келтіріңіз. 
4-зертханалық жұмыс. «Ақпаратты сақтау» 
I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар: 

 
Мәліметтер қоры; 

 
Ақпараттық жүйе; 

 
Геоақпараттық жүйе; 

 
МҚБЖ (СУБД); 

 
жазу; 

 
өріс; 

 
негізгі  (алғашқы) кілт; 

 
сұраныс; 

 
форма; 

 
есеп беру. 
II. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.
 
Мәліметтер  қорын  қолдану  аумағын  оқушыларға  қандай 
мысалдар арқылы түсіндіруге  болады? 
2.
 
«Мәліметтер  қоры»  мен  «ақпараттық  жүйе»  ұғымдарының 
айырмашылығы неде? 
3.
 
Оқушылар  информатиканың  базалық  курсында  мәліметтер 
қоры теориясының қандай элементтерімен танысады? 
4.
 
Информатиканың  базалық  курсында  мәліметтер  қорын 
оқытқанда қандай білімділік мақсаты қойылады?  
5.
 
«Өріс типі» ұғымы қалай түсіндіріледі? 
6.
 
Осы  бөлім  бойынша  мысалдар  арқылы  үй  тапсырмаларын 
көрсетіңіз (компьютерлік және компьютерсіз). 
7.
 
Оқушыларда  мәліметтер  қорымен  жұмыс  істегенде  қандай 
практикалық дағды қалыптасуы керек? 
8.
 
«Мәліметтер қоры» ұғымын түсіндіру үшін  көрнекілік мате-
риал дайындаңыз (дайын МҚ, картішкелер, плакаттар т.с.с.). 
III. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.
 
Реляциялық  типті  МҚБЖ-нің  бәріне  ортақ  қандай  жалпы 
мүмкіндіктері бар? 
2.
 
Мәліметтер қорының құрылымын құру дегеніміз: … 
3.
 
МҚБЖ-де  сұраныс  жасау  үшін  логикалық  өрнектерді  жазу 
тәсілдерін дайындаңыз. Мысалмен көрсетіңіз. 
4.
 
Мәліметтер қорында ақпаратты іздеу қалай іске асырылады? 

 
176 
5.
 
Сүзгілеу мен іріктеудің айырмашылығы неде? 
IV. Келесі есептерді шешіңіз: 
1.
 
Мына  ақпаратты:  +18,  Алматы,  солтүстіктен,  Астана, 
жаңбыр,  жаңбыр,  оңтүстіктен,  +20,  +15,  Павлодар,  оңтүстіктен,  
жауын-шашынсыз,  жауын-шашынсыз,  Семей,  +17,  шығыстан  – 
кестенің  атын,  әрбір  өріс  пен  алғашқы  кілтті  анықтап  кестелік  түрге 
келтіріңіз.  
2.
 
МҚ-да «Телехабарлардың апталық бағдарламасы» атты жоба 
жасап, оның көмегімен төмендегі сұрақтарға жауап алу керек: 

 
бейсенбі күні қандай фильмдер көрсетілетіні; 

 
жексенбі  күні  сағат  12.00-ден  16.00  –ға  дейін  қандай 
хабарлар болатыны туралы; 

 
КТК  каналында  сенбі  күні  қандай  шоу-бағдарламалары 
болатыны? 
3.
 
Төмендегі  өрістер  бойынша  «Спортсмендер»  атты  МҚ 
құрыңыз:  спортсменнің  аты-жөні,  тұратын  елі,  тұратын  қаласы, 
спортсменнің 
туған 
күні,айы, 
жылы, 
спорттың 
түрі, 
жаттықтырушының аты-жөні, жарыстың аты, жарысты өткізу уақыты, 
алған орны. 
4.
 
10  оқушының,  бес  түрлі  пәннен  алған  бағасы  көрсетілген 
және  оқушының  орташа  балын    есептейтін  мәліметтер  қорын 
құрыңыз.  Орташа  балдары    4,2  мен  4,7  диапазон  аралығына  түсетін 
оқушыларды іріктеңіз.   
V.  Оқу  материалындағы  өзіңізге  ұнаған  ең  жақсы  күнделікті 
жоспардың  мысалын  келтіріңіз  (өзіңіз  дайындаңыз  немес  оқу 
бағдарламасын таңдаңыз). 
VI. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін даярлаңыз. 
VII.  МҚ  құру  және  онымен  жұмыс  істеудің  кешенді 
тапсырмасын даярлаңыз. 
5-зертханалық жұмыс. «Мультимедиалық технологиялар» 
I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар: 

 
мультимедиа; 

 
компьютерлік презентация; 

 
слайд. 
II.  Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.
 
Презентацияны құру технологиясын айтып беріңіз. 
2.
 
Анимация,  дыбыстық  сүйемелдеу,  басқарушы  батырмалар, 
гиперсілтемелер  т.б.  пайдалана  отырып  презентация  құруға 
қорытынды тапсырма даярлаңыз. 
3.
 
Білім  стандартына  сәйкес  берілген  тақырыпты  оқыту  үшін 

 
177 
қандай программалық жабдықтар  қажет? 
4.
 
Берілген  тақырыпты  оқыту  үшін  оқушыларды  қандай 
аппараттық жабдықтармен таныстыру  қажет? 
5.
 
Осы мазмұндық-құрылымдық компонентті (МҚК) оқытқанда 
жоба әдістемесін іске асыру нұсқаларын құрыңыз.  
III. Келесі  мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.
 
Ақпараттық объектілерге мысал келтіріңіз. 
2.
 
Әртекті  ақпараттық  объектілер  арасындағы  байланыс 
электрондық түрде ..... көмегімен ұйымдастырылады  
3.
 
«Презентация» терминінің шығуын түсіндіріңіз. 
4.
 
Слайдтың құрылымдық  элементтерін атаңыз. 
5.
 
«Мультимедиа», «Гипермедиа», «Гипермәтін» ұғымдарының 
қайсысы кең ауқымды? Жауабыңызды негіздеп түсіндіріңіз. 
6.
 
Презентацияға қойылатын талаптар қандай ? 
IV. Келесі есептерді шешіңіз: 
1.  Төмендегі  хабарламаның  гипермәтіндік  моделін  құрыңыз 
және оны өзара байланысқан графикалық схемалар арқылы көрсетіңіз. 
«“Мультимедиа”  ұғымы  технолгияға,  бағдарламаға  және 
аппараттық  жабдыққа  жатады.  Мультимедиа  технологиясы  деп 
мәтінмен,  сандармен,  кескіндермен,  дыбыспен,  анимациямен  бір 
жоба  аумағында  істелінген    жұмыстың  әдістері  мен  тәсілдерінің 
жиынтығын  айтады.  Мультимедиялық  программалар  әртекті 
ақпараттық объектілерді өңдеуге және біртұтас ақпараттық өнім 
даярлауға  мүмкіндік  береді.  Мультимедиялық  компьютер  құрамына  
мультимедиалық  ақпараттық  өнімді  енгізетін,  өңдейтін  және 
баспаға шығаратын құралдар кіреді». 
Тапсырманы  орындауға  нұсқаулар:  мәтін  фрагменттерін 
ерекшелеп,  оларды  графикалық  схемада  гипермәтіндік  объектілер 
түрінде қолдануға болатындай етіп нөмірлеңіз; объектілер арасындағы 
байланысты тілсызық (стрелка) арқылы көрсетіңіз. 
2. Өздеріңіздің презентацияңыздың жеке шаблонын құрып,  оны 
дәптерге салыңыз. 
3. Дыбыстық файл құрыңыз. Оны құру технологиясын айтыңыз. 
V.  Мысал  арқылы  оқу  материалының  ең  жақсы  шыққан 
күнделікті  жоспарын  көрсетіңіз  (өзіңіз  құрастырыңыз  немесе  оқу 
бағдарламасынан дайынын алыңыз) 
 
 
VI. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін дайындаңыз. 
VII. 
Компьютерлік  презентацияны  қолдану  мүмкіндігін 
демонстрациялайтын презентация даярлаңыз. 
5-зертханалық жұмыс. «Коммуникациялық  технологиялар» 
I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар: 

 
178 

 
жергілікті компьютерлік желі; 

 
аумақтық компьютерлік желі; 

 
электрондық  пошта; 

 
телеконференция; 

 
файлдық архив; 

 
модем; 

 
сайт; 

 
браузер; 

 
хаттама; 

 
 HTTP хаттамасы; 

 
TCP хаттамасы; 

 
IP хаттамасы; 

 
IP- компьютердің  адресі; 

 
URL- web-құжаттың адресі; 

 
Интернет; 

 
Іздеуші жүйе. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет