Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


II. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата03.03.2017
өлшемі4,27 Mb.
#5945
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

II. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.
 
Информатиканың  базалық  курсында  желілік  ақпараттық 
технологияларды оқытудың қажеттілігін негіздеп беріңіз. 
2.
 
Оқушылар  жергілікті  желінің  құрылғылары  мен  жұмысы 
туралы нені білуі керек? 
3.
 
Ауқымды  желі  құрылғылары  мен  жұмысын  түсіндіргенде 
қандай  аналогияны пайдалануға болады? 
4.
 
Оқушылармен  сабақ  кезінде  кіруге  болатын  бірнеше 
қызықты сайттардың адрестерін көрсетіңіз. 
5.
 
Оқушылардың  өздері  пошта  жәшігін  аша  алатын  ақысыз 
пошталық серверлерді көрсетіңіз. 
6.
 
Оқушыларға  «клиент-сервер»  технологиясының  мағынасын 
қалай түсіндіруге болады? 
7.
 
Интернетте  жұмыс  істеу  үшін  оқушыларға  қандай 
практикалық тапсырмалар ұсынуға болады? 
8.
 
 «Электрондық  пошта»  тақырыбы  бойынша  зертханалық 
жұмыс даярлаңыз. 
9.
 
Оқушыларды  компьютерлік  телекоммуникация  әлеміне 
қызықтырып    тәрбиелеу  және  дамытудың  аяғы  неге  әкеліп  соғады? 
Осы туралы сіздің ойыңыз қандай? 
III. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.
 
Ақпараттық  жүйелердегі  «клиент-сервер»  технологиясының  
Интернеттегі  «клиент-сервер»  технологиясынан  айырмашылығы 
неде? 
Желілердің 
базалық 
протоколдарының 
қолданбалы  
протоколдардан қандай айырмашылығы бар? 

 
179 
2.
 
Электрондық  поштаның  жай  поштадан  артықшылығы 
қандай? 
3.
 
Интернет  желісінің  ақпараттық-  ұйымдастырушылық  моделі 
дегеніміз ...... 
4.
 
Іздеуші  жүйелердің  іздеу  жолдарында  қолданылатын 
төмендегі  берілген  символдар  қандай  логикалық  амалдарға  сәйкес 
келеді? 
Символ 
Мәні 
пробел  немесе 

 
&& 
 

 
( ) 
 

 
~~ 
 
« » 
 

 
– 
 
IV. Келесі есептерді шешіңіз: 
1.
 
Интернет  желісінде  келесі  электрондық  поштаның  адресі 
берілген:  user_name@vspu.ac.ru.  Жоғарғы  деңгейдегі  доменнің  аты 
қандай? 
2.
 
Web-беттегі:  http://www.  vspu.ac.ru  /pk.htm  URL-адресі  бар 
ақпараттық  ресурсқа апаратын  протокол аты қандай? 
3.
 
Дұрыс жауабын таңдаңыз. Домен – дегеніміз: 
а)  желідегі қолданушының  компьютерінің адресін анықтайтын 
адрес бөлігі; 
б)  компьютерлер арасын байланыстыратын программаның аты; 
в)  компьютерлер арасын байланыстыратын құрылғының аты; 
г)  ақпараттың өлшем бірлігі. 
4.
 
Жылдамдығы  14400  бит/с.  модем  арқылы  5  секунд  ішінде 
мәтіннің қанша символын жіберуге болады? 
5.
 
Егер  көлемі  50х40  пиксельден  тұратын  және  бір  пиксельге 
түсетін  6  биттік  түсі  бар  бастапқы  растрлық  кескін  10  секундтың 
ішінде  жіберілген  болса,  онда  модем  қандай  жылдамдықпен  жұмыс  
істейді?  
V. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін даярлаңыз. 
VI.  «Компьютерлік  желілер»  тақырыбы  бойынша  бақылау 
жұмысының мысалын  келтіріңіз. 
VII.  Мына  тақырыпқа  материал  дайындаңыз:  «Интернет 
қызметінің» шығу тарихы». 

 
180 
7-тарау.  Информатиканың  пропедевтикалық  курсын  оқыту 
әдістемесі 
7.1.  Информатиканы  бастауыш  сыныптан  бастап  енгізудің 
алғы шарттары  
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам 
дамыта  отырып,  педагогикалык-психологиялык  әдістемелік  бастапкы 
дайындықты  қалыптастырмайынша,  балалар  өз  білім  деңгейлерін 
көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан 
бастап енгізу қажеттілігі туындайды. Бастауыш сынып  оқушыларына 
информатика мен жаңа акпараттық технология элементтерін енгізудің 
қажеттігі  зерттеу  жұмыстары  арқылы  толық  жүргізіліп,  оқыту 
әдістемелері жан-жақты қарастырылды.  
Оқушылар  информатика  пәнін  жеңіл  және  тез  меңгеруде, 
олардың  қазіргі  өмір  ағымына  деген  көзқарастарының  жан-жақты 
жоғары дәрежеде дамуына байланысты, енді информатика пәнін тіпті 
1-сыныптан  бастап  енгізуге  болады  деген  пікірлер  ұсынылуда. 
Информатиқалық  қоғамда  балаларды  жұмыс  істеуге  дайындау  үшін 
алдымен  логиқалык  ойлауға,  талдау  жасай  білуге,  өзара  қарым-
қатынасқа  үйрету  керек.  Информатиканы  бастауыш  мектепте  оқыту 
әдісі отандық дидактиканың жаңа бағыты болып табылады.  
Бастауыш  сынып  оқушыларын  бағдарламалауға  оқытуды 
академик  А.П.  Ершов  белсенді  түрде  жүзеге  асырды.  1979  жылы  ол 
информатиканы  балалар  2-сыныптан  бастап  оқу  керектігін:  «...бұл 
дағдыларды негізгі математикалық түсініктермен және ұғымдармен 
бір  уақытта,  яғни  жалпы  білім  беру  мектептерінің  төменгі 
сыныптарында  қалыптастыру  қажет.  Осы  жағдайда  ғана 
бағдарламалық  ойлау  стилі  мектепте  қалыптасатын  ғылыми  білім, 
дағды  және  ептілік  жүйесіне  үйлесімді  ене  алады.  Бұдан  кеш  жас 
шамасында мұндай стильді қалыптастыруға кездейсоқ қалыптасқан 
әдеттер  мен  ұғымдар  қиындық  тудырып,  бұл  үрдісті  тежеуі 
ықтимал» – деп айтқан болатын [9].  
Тіпті  өткен  ғасырдың  60-жылдарының  аяғында  С.Пейперт
1
 
ЛОГО  бағдарламасының  тілін  әзірлеген  болатын,  бұл  тіл  жасы  кіші 
балаларды  оқытуға  арнайы  жасалған  бағдарламалаудың  алғашқы  тілі 
болып  қалды.  Осы  бағдарламалық  құралмен  компьютерде  жұмыс 
жасау  барысында  балалар  орындаушы  –  «Тасбақаның»  көмегімен 
экранда  алуан  түрлі  суреттер  салды.  Сурет  салу  арқылы  олар 
алгоритмдеу  негіздерін  үйреніп,  «Тасбақа»  көрнекі  құралы  тіпті 
                                                 
1
 
Сеймур Пейперт  – көрнеклі математик, программалаушы, психолог және педагог. Logo (1968) 
тілін құрған, жасанды интелект теориясының негізін қалаушылардың бірі. 

 
181 
мектепке  дейінгі  балаларды  да  үйретуге  мүмкіндік  берді.  Бұл 
эксперимент  жасы  кіші  балалардың  компьютермен  табысты  жұмыс 
жасай  алу  қағидалы  мүмкіндіктерін  көрсетті,  сол  кезде  бұл 
эксперимент үлкен төңкеріспен тең болды.  
1990  жылдардың  басында  бастауыш  сынып  оқушыларына 
информатика  пәнін  оқыту  кеңінен  таралған  құбылыс  бола  бастады. 
Сол  уақытта  «Роботландия»  бағдарламалар  топтамасы  өте  табысты 
әзірленген  болатын.  Ол  MS  DOS  негізінде  әзірленгенмен,  оның 
жетістіктері  кейін  1990  жылдары  Windows  нұсқасының  әзірленуіне 
жол  ашты.  Бағдарламалар  топтамаларының  көп  бөлігі  ақпараттық 
технологиялардың  негізгі  түсініктерін  қалыптастыру,  компьютер 
пернетақтасын  игеру,  оқушылардың  логикалық  және  алгоритмдік 
ойлау мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.  
1990  жылдардан  бастап  бастауыш  мектепте  информатиканы 
оқыту өзекті мәселеге айналды. Оны түрлі жолмен оқыту ұсынылды – 
біреулер информатиканы басқа пәндерге кіргізу арқылы оқыту қажет 
десе, екіншілері жеке пән ретінде  оқтуды жөн деп санады. Бастауыш 
мектепте  информатиканы  оқытпау  керек  деген  пікірлер  де  болды. 
Соңында  бастауыш  мектепте  информатика  курсы  пропедевтикалық 
болу  керек деген  тұжырымға  келді, демек,  негізгі  мектептегі  базалық 
курсқа дайындық ретінде оқытылатын болды.  
Қазіргі уақытта академик А.П.Ершовтың оқушысы және әріптесі 
Ю.А.  Первин  басшылық  ететін  ғалымдар  мен  әдіскерлер  тобы 
бастауыш  сынып  оқушыларына  информатика  пәнін  оқыту 
мәселелерін шешуді белсенді түрде қолға алды. А.П. Ершов пен және  
Ю.А.  Первин
 
ойынша,  қазіргі  қоғамды  ақпараттандыру  мектептің 
әлеуметтік  тапсырысы  ретінде  өскелең  ұрпақтың  шұғыл  ойлай  білу 
стилін  қалыптастыруды  ұсынады.  Ойлауды  қалыптастырумен  қатар, 
информатиканың  мектеп  курсында  танымдық  және  технологиялық 
аспектілерге  үлкен  мән  беріледі.  Сол  себепті  бастауыш  сыныптарда 
шұғыл 
ойлау 
стиліне 
қажетті 
ұғымдар 
мен 
білімдерді 
қалыптастыруды  бастау  керек,  сондай-ақ  адамзат  қызметінің  әртүрлі 
саласында  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  дағдыларын 
дамытқан жөн.  
Бастауыш  сыныптарға  информатиканы  енгізудің  мақсаты  бүкіл 
орта  мектептерде  оқытуды  үздіксіз  етіп,  жастардың  жалпы 
компьютерлік 
сауаттылығын 
қамтамасыз 
етуге 
бағытталған. 
Психологтардың  айтуынша,  логикалық  ойлау  құрылымдарының 
дамуы 11 жасқа дейін тиімді іске асады, оны қалыптастыруға кешіксе, 
баланың ойлау қабілеті соңына дейін жеткізілмей, бұдан кейінгі оқуда 
қиындық  туындауы  ықтимал.  Информатиканы  математика  және  ана 

 
182 
тілі  пәндерімен  қатар  оқыта  бастау  нәтижесінде  баланың  ойлау 
қабілеті  дами  түседі.  Балалардың  ойлау  қабілетін  қалыптастыруда 
информатиканың маңызы зор,  бұны мұғалім сабақты жоспарлау және 
өткізу  кезінде  ұмытпаған  жөн.  Сондықтан  информатиканы  оқыту 
барысында ойлау қабілетін, сондай-ақ компьютермен жұмыс жасауды 
меңгеруді басты назарға алу керек.  
Информатика  пәнінің  пропедевтиқалық  курсын  бастауыш 
сыныптан  бастап  оқытуға  болатындығы  және  оның  тиімділігі 
дүниежүзілік тәжірибе негізінде дәделденіп отыр. 
Ғалымдардың,  практик–мұғалімдердің  пікірінше,  бұл  курсты 
бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар: 
-
 
бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу; 
-
 
ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту; 
-
 
бастауыш  мектеп  оқушыларының  ақпараттық  мәдениетін 
қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау. 
7.2. Пропедевтиқалық курстың негіздемелері  
Ресей  ғылымдарының  соңғы  зерттеулеріне  сүйенсек,  бастауыш 
сыныптағы  информатиканың  пропедевтиқалык  курсының  негізгі 
бағыттары төмендегідей: 
1.  Қолданушылық.  Бұнда  оқушылар  компьютермен  алғаш 
танысып,  оқу,  ойындық  және  бастауыштағы  пәндер  мазмұнына 
құралған  жаттықтырушы  бағдарламалар  негізінде  компьютерлік 
сауаттылықтары  қалыптасады.  Бұл  бағытты  қолданушылардың 
пікірінше,  баланың  компьютерлік  сауаттылықты  меңгеруі  –  бұл 
сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін 
пайдалана білуі, сондай - ақ техникаға сауатты, ұқыпты қарауы. 
Қолданушылық  бағыттағы  пропедевтикалык  информатиканы 
меңгеру нәтижесінде оқушыларда төмендегідей білім мен іскерліктер 
қалыптасуы тиіс: 
-
 
оқу, ойын багдарламаларымен жұмыс істей білу; 
-
 
бағдарламалармен  жұмыс  істеу  кезінде  бағдарламалык, 
құжаттарды пайдалану; 
-
 
бағдарламамен жұмыс істеуге машықтану:  
-
 
бағдарламаны  енгізу,  керектісін  табу,  өз  бетімен  жұмыс 
істеу. 
2.  Ақпаратты-логикалық.  Бұл  бағыт  бойынша  оқыту 
біріншіден,  оқушылардың  коршаған  ортаның  элементтерін  танып, 
оларды  ажырата  білу  қабілеттерін  дамытса,  екіншіден,  ойлау,  есте 
сақтау  қабілеттерімен  қатар  байқағыштығын,  зейінін,  берілген 
тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолын таба білу қабілетінің 

 
183 
дамуына  әсері  мол.  Психологтардың  зерттеуінше,  ойлаудың 
логикалық 
құрылымының 
негіздері 
5-11 
жас 
аралығында 
қалыптасады.  Сондықтан  да  алгоритмдік  ойлау  қабілеттерін 
барынша  ерте  жастан  қалыптастыру  қажеттігі  өзінен  өзі 
туындайды. 
3.  Шығармашылық.  Бұл  бағыт  бойынша  оқытудың  жаңаша 
әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге 
өзіндік  көзқарасының  қалыптасуына  жол  ашу,  үздіксіз  білім  алуға 
дайындаудың  тиімді  жолдарын  іздестіру.  Басты  мақсаты  –  оқушы 
зерттеуші  есебінде  ұжымдық  жобаны  жасақтауға  және  оны 
жүзеге асыруға қатысады. 
4.  Дәстүрлі  курсқа  информатика  элементтерін  қосу
Ғалымдардың  зерттеулері  бойынша,  оқу  процесінің  тиімділігін 
арттыруда  ақпараттық  технологиялардың  рөлі  зор.  Бүгінгі  күні 
психологтар  мен  педагогтар  оқу  процесінің  тиімділігін  арттырудың 
негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды ұсынады: 
1)
 
проблемалық оқытуды қолдану; 
2)
 
алгоритмдік оқыту; 
3)
 
оқытуды ақпараттандыру; 
4)
 
пәнаралық кіріктіру. 
Информатика  пәні  баланың  техника  кұлағында  ойнап  отырған 
өз  замандастарынан  кем  болмауы  үшін  қажет.  Кез  келген  пәнді 
үйретудің  әдістемелік  негізі  5  компоненттен  тұрады.  Олар:  мақсат
мазмұн,  әдістер,  қажетті  құрал-жабдықпен  оқыту  формасы
Информатика үшін қазір оқыту әдістерінің жолдары жаңаруда. 
7.2.1.  12  жылдық  жалпы  орта  білім  беру  жүйесінің 
бағыттары 
12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  көшу  [54]  –  қоғамдағы  елеулі 
өзгерістер  мен  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  құралдарының 
қарыштап  дамуына  байланысты  жаңа  адамды  қалыптастыруды 
көздеген  заман  талабы.  Әлемдік  білім  кеңістігіндегі  оқытудың  озық 
технологияларын  қамтитын  жанды  білім  мазмұны  шынайы  жарыс, 
адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс. 
12 жылдық оқытудағы басты мақсат – қарқынды дамып келе 
жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін 
айта  білуге,  өз  қалауымен  қоғам  талабына  сай  өзін  көрсете  білуге 
бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру. 
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес 
мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталды: 

 
184 
1.
 
 Құндылықты-бағдарлы 
құзыреттілік 
– 
оқушының 
қоршаған  ортаны  бірдей  қабылдайтын  қабілеті,  жоғары  әдептілік 
кұндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу 
біліктілігі,  азаматтылығы  мен  елжандылығы.  Бұл  құзыреттілік 
өмірдегі  түрлі  жағдайларда  шешім  қабылдай  білу  білігін  қамтамасыз 
етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны-Қазақстан патриоты болу, азаматтық 
белсенділігін  көрсету,  саяси  жүйені  түсіну,  болып  жатқан  әлеуметтік 
жағдайларға баға бере білу. 
2.
 
 Мәдениеттанымдық  құзыреттілік  –  жалпы  адамзаттық 
мәдениет  жетістіктері  негізіндегі  іс-әрекет  тәжірибесін  және 
қоғамдағы  дәстүрлер  мен  жеке,  отбасылық  және  әлеуметтік  өмірдің 
мәдениет  негіздерін,  этномәдениеттік  құбылыстарды  игеруге 
мүмкіндік  беретін  ұлттық  ерекшеліктерін  тани  білу.  Адам  мен 
қоғамның  дамуындағы  ғылымның  рөлін  түсіну.  Өз  халқының 
мәдениеті  мен  әлемнің  мәдени  көптүрлілігін  түсінуге  және  бағалауға 
мүмкіндік  беретін  мәдени-демалыс  қызметін  тиімді  ұйымдастыру 
тәсілдерін  игеру;  рухани  келісім  мен  толеранттылық  идеяларына 
бейім болу. 
3.
 
 Оқу-танымдық  құзыреттілік  –  оқушының  зерттеу  әрекеті 
мен  өзіндік  оқу-танымдық  процесін  қамтамасыз  ететін  кешенді 
кұзырлылық.  Бұл  кұзырет  өзінің  білімділік  қызметін  ұйымдастыра 
білуді,  тиімді  жоспарлай  білуді,  сәйкес  функционалдық  сауаттылық 
талаптары  негізіндегі  білімді  игеруде  әлемнің  ғылыми  бағытын 
түсінуге  ізденушілік-зерттеушілік  әрекет  дағдыларын  игеруге 
мүмкіндік  беретін  өзінің  әрекетіне  талдау  және  қорытынды  жасау 
тәсілдерін қарастырады. 
4.
 
 Коммуникативті  құзыреттілік  –  адамдармен  өзара  әрекет 
пен  қарым-қатынас  тәсілдерін  білуді,  түрлі  әлеуметтік  топтарда 
жұмыс  істеу  дағдыларын,  қоғамдағы  түрлі  әлеуметтік  рөлдерді 
орындауды,  өмірдегі  нақты  жағдайларда  шешім  қабылдау  үшін 
байланыстың  түрлі  объектілерін  қолдана  алу  білігін,  мемлекеттік  тіл 
ретінде  қазақ  тілінде,  халықаралық  қатынаста  шетел  тілінде  қатынас 
дағдылары болуын қарастырады. 
5.
 
 Ақпараттық-технологиялық  құзыреттілік  –  бағдарлай 
білу,  өз  бетінше  іздей  білу,  талдай,  таңдай  білу,  өзгерте  білу,  сақтай 
білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық 
объектілердің  көмегімен  жеткізуді  жүзеге  асыра  білу  және 
интерпретациялау білігі. 
6.
 
 Әлеуметтік-еңбек  құзыреттілік  –  отбасылық,  еңбек, 
экономикалық,  саяси,  қоғамдық  қатынастар  саласындағы  белсенді 
азаматтық-қоғамдық  тәжірибе  мен  білімге  ие  болуды  білдіреді.  Бұл 

 
185 
құзырет әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді, 
шешім қабыдлай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және 
қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады. 
7.
 
Тұлғалық  өзін-өзі  дамыту  құзыреттілік.  Бұл  құзырет 
отбасылык,  еңбек,  экономикалық  және  саяси  қоғамдық  қатынастар 
саласындағы  белсенді  азаматтық-қоғамдық  қызмет  білімі  мен 
тәжірибесінің  болуын  білдіреді.  Құзырет  нақты  әлеуметтік-қоғамдық 
жағдайларға  талдау  жасай  білуді,  түрлі  өмірлік  жағдайларда  (өзінің 
мүмкіндігін  нақты  перспективалық  жоспарлаумен  салыстыра  білу 
және  қызметін  өзіндік  қадір-қасиет  сезімімен  ұйымдастыра  білу, 
өзінің  өмірі  мен  ісіне  жауапты  қарау)  жене  және  қоғам  пайдасына 
сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады. 
7.3. Бастауыш мектепте информатиканың пропедевтикалық 
курсын  оқытудың мақсаты мен міндеттері  
Білім  берудің  тиімділігін  қамтамасыз  ететін  бірден-бір  фактор 
оқытудағы  үздіксіздік  пен  бірізділік  болып  табылады.  Мұндағы 
үздіксіздікті  жалпы  білім  беру  барысындағы  бірінен-біріне  жалғасып 
отыратын,  әрбір  уақыт  үзігінде  оқушылардың  тұрақты,  объективті 
және субъективті алға басуын қамтамасыз ететін мақсаттар жүйесі деп 
түсінген  жөн.  Бірізділік  деп  білім  берудің  әртүрлі  кезеңдері  мен 
үлгілері арасындағы үздіксіздікті атайды.  
Бастауыш  мектепте  информатиканы  оқытудың  мақсаттары  мен 
міндеттерін  өзара  үйлестіре  отырып,  информатиканы  оқытудың  екі 
аспектісін  бөліп  айтуға  болады,  олар:  технологиялық  және  жалпы 
білім беру аспектілері. 
Технологиялық  жағдайда  информатика  білім  беру  әлеуетін 
қалыптастыру құралы ретінде қаралады. Оның міндеті –оқушылардың 
заманауи  ақпараттық  технологияларды  қолдану  ептіліктері  мен 
дағдыларын  қалыптастыру.  Осы  міндетті  жүзеге  асыру  үшін 
мектептерді  компьютерлермен  және  бағдарламалармен  қамтамасыз 
ету қажет. Бұған жоғары сыныптарда оқытқан жөн. 
Жалпы білім беру жағдайында информатика логикалық ойлауды 
дамыту,  талдай  білу,  негізгісі  мен  қатыстысын  айыра  білу,  әрекет 
жоспарын  сипаттай  алу  және  логикалық  қорытынды  шығару  құралы 
ретінде  қаралады.  Осы  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  мектепте 
компьютердің болуы міндетті емес, сондықтан мұндай оқыту курсын 
кез келген мектепте, кез келген шалғай жатқан қалашықта, кез келген 
ауылда өткізуге болады.  
Дамыған  логикалық  және  жүйелі  ойлай  білумен  қатар,  тапқыр 
әрі нәтижелі ойлай білуді талап ететін саналы шығармашылық қызмет 

 
186 
ретінде,  компьютерде  жұмыс  жасау  туралы  қазіргі  заман  көзқарасы 
бастауыш  сыныпта  информатиканы  логикалық  ойлау  қабілетін  және 
шығармашылық қиялды бір мезгілде дамытуға бағытталған.  
Сондықтан 
бастауыш 
мектепте 
информатиканың 
про-
педевтикалық  курсын  оқытудың  негізгі    мақсаттары  мен 
міндеттерін былай тұжырымдауға болады:  

 
компьютерлік сауттылықтың бастамаларын қалыптастыру; 

 
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; 

 
алгоритмдік дағдыларын және есептерді жүйелі бірізді шешу 
әдеттерін дамыту;  

 
қарапайым  компьютерлік  дағдыларын  (компьютермен, 
ақпараттық  технологиялардың  қарапайым  ұғымдарымен  танысу) 
қалыптастыру. 
Информатиканы үйренуді бастаған кезде алгоритмдеу негіздерін 
жоғары  сыныптарда  бердік.  Бүгінде  тәжірибе  көрсеткендей,  бұл 
мөселені  бастауыш  сыныптардан  бастаған  жөн.  Бастауыш  сынып 
оқушысының алгоритмдік ойлау стилі өз жасына сай информатиканы 
үйренуге өте қолайлы. Олардың психологиялық өзгерістері, іске іштей 
жоспар құра білуі қалыптасып, оқытуға жақсы жағдай туғызады. 
Пропедевтикалық  курста  жоғарыда  аталған  мақсаттар  мен 
міндеттерді  бүтіндей  іске  асырылса,  онда  осы  курсты  меңгерген 
төменгі  сынып  оқушылары  келесі  дағдылар  мен  ептіліктерге  ие 
болады:  салыстыра  білу,  сараптау,  жалпылау,  абстракциялау, 
құрылымдық,  иерархиялық  және  себеп-салдарлық  байланыстарды 
көру.  
Басқа  тұрғыдан  қарағанда,  бұл  ептіліктер  «логикалық  ойлау» 
тобына  жатады.  Психологтар  логикалық  ойлау  қабілетінің  дамуында 
белгілі  бір  жас  ерекшелік  шегі  бар  екендігін  айтады,  олар  бастауыш 
мектептегі  оқу  мерзімімен  шамалас.  Логикалық  ойлаудың  дамуы 
кешіксе, ол өмір бойына созылуы мүмкін. 
Білім  берудің  жалпы  мақсаты  мемлекетпен  алдын  ала  беріліп 
тұрады, ол үкім шығарушы база негізінде өзінің жалпы педагогикалық 
принциптерін қалыптастырады. Бірінші орында тұрған принцип: білім 
берудің  ізгіліктілігі,  жалпы  адами  құндылықтардың  маңыздысы, 
адамның  өмірі  мен  денсаулығы,  тұлғаның  дамуы,  азаматтылық  пен 
Отанға деген махаббатын тәрбиелеу.  
Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру  салалары  мынадай: 
мәдениетті,  жеке  дами  алатын,  қоғам  алдындағы  міндетін  білетін, 
құқығын,  өзге  адамдардың  бостандығын  қадірлейтін  тұлғаны 
қалыптастыру  мақсатын  қояды.  Осы  қағидалар  аясында  жалпы  білім 
беру мектебінің басты міндеттері туындайды: 

 
187 
-
 
қоғамдық  және  өндірістік  қажеттілік  пен  анықталатын 
оқушылардың білім жүйесін меңгеруді қамтамасыз ету; 
-
 
политикалық  және  құқықтық  мәдениеттің,  адамгершілік 
құндылықты  және  мақсатты,  шығармашылық  ойлауды,  білімді 
өздігінен толықтыруды қалыптастыру; 
-
 
халықты  ұлттық-мәдени  қажеттілікпен  қанағаттандыру, 
физикалық және өнегелі ұрпақты тәрбиелеу; 
-
 
жастарда  азаматтық  ұстамды,  азаматтық  абыройды, 
демократиялық  басқаруға  қатысуға  талаптануды,  өз  қылықтарына 
жауапты болуды тәрбиелеу.  
Жоғарыда  аталған
1
 информатиканы 
оқытудың  негізгі 
мақсаттары  бір-бірінен  бөлек  бір  нәтижеге  жете  алмайды. 
Информатика  аймағында  оқушылардың  жалпы  білім  беру  негіздерін 
меңгермей,  тәжрибелік  нәтижені  алуға  мүмкін  емес  және  керісінше, 
тәжірибелік  нәтижені  меңгергенде  міндетті  түрде  білім  беру 
негіздерін  білу  керек.  Осылайша  информатиканы  оқытудың  әрбір 
мақсаты берік байланыста болып келеді.  
Жалпы  орта  білім  беру  мектебінде  информатиканы  оқыту 
курсының  негізгі  мақсаттарын  ескере  отырып,  бастауыш  сыныпта 
информатика  пәні  бойынша  мақсат  пен  міндеттерін  нақтылайық. 
Информатиканы  бастауыш  сыныпта  оқыту  курсының  негізгі 
мақсаттарын мына түрде тұжырымдауға болады:  

 
оқушының санасында әлемнің бірыңғай ақпараттық сипатын 
қалыптастыру;  

 
компьютерлік  сезгіштікті  қалыптастыру:  іс-әрекет  үшін 
арналған  ЭЕТ  құрал  ретінде  қолданудың  мүмкіндігін  және 
шектеуліктерін білу;  

 
оның 
ішінде 
операциялық 
өрнегін 
қалыптастыру: 
тапсырманы  қалыптастыра  білу;  оның  ішінде  логикалық  бөліктерді 
айра білу; осы бөліктердің байланысын анықтау; нәтижені жобалау; 

 
компьютер  қамтамасыз  ететін  жаңа  технологияларды 
қолданып,  белсенді  шығармашылықтың  зерттеу  дағдыларын 
қалыптастыру;  

 
компьютерлік сауаттылықтың бастамаларын қалыптастыру;  

 
логикалық ойлауды дамыту; тіпті шешу кезінде алгоритмдік 
дағдыларды және жүйелік әдістемені дамыту;  

 
қарапайым  компьютерлік  дағдыларды  (компьютермен, 
ақпараттық технология аймағындағы қарапайым ұғымдармен танысу) 
қалыптастыру.  
                                                 
1
 1-кітаптан 1.5-бөлімін және [54] қараңыз 

 
188 
Информатиканы 
бастауыш 
сыныпта 
оқыту 
курсының 
міндеттерін  келесі  түрде  тұжырымдауға  болады:  оқушыларды 
ақпараттың негізгі қасиеттерімен таныстыру, қойылған есепті шығару 
кезінде  ақпаратты  ұйымдастыруды  және  іс-әрекетті  жобалауды 
үйрету, компьютер туралы, қазіргі ақпараттық қоғам туралы алғашқы 
түсінік беру.  
7.4.  Бастауыш  мектепте  информатиканың  мазмұндық 
құрамдас бөліктерінің қалыптасу үрдісі 
Ал  бастауыш  мектеп  оқушыларына  информатиканы  оқыту 
мазмұны  бойынша  әлі  де  бірыңғай  амал  табылмай  отыр.  Кей 
әдіскерлер  балалардың  жас  ерекшелігі  мен  даму  деңгейін  ескеріп 
информатика негіздерін оқыту қажет дейді. 
Енді  біреулері  компьютерді  және  компьютерлік  технологияны 
оқыту  жеткілікті  дейді,  сол  арқылы  оқушылар  компьютерді  басқа 
пәндерді  оқу  құралы  ретінде,  адамзатпен  қарым-қатынас  жасау  және 
ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құралы ретінде пайдалана алады. 
А.В.  Горячевтің  [53]  пікірінше,
 
қай  саласына  болмасын  ақпараттық 
технологиялардың  қарқынды  енуіне  көз  жеткізгендіктен,  екінші 
амалды тиімді деп санайды. Біріншісінің пайдалы тұсын айтар болсақ, 
оқушылар  сабақ  кезінде  15  минуттан  асырмай  компьютерде  жұмыс 
жасап, қалған уақытын информатика негіздерін оқуға арнайды.  
Бірақ  оқыту  мақсаттары  мен  мазмұны  бойынша  пікірталас 
жалғасуда,  мысалға  кейбір  мұғалімдер  мен  әдіскерлердің  айтқан 
пікірлерін келтірейік:  
Н.В.  Софронова  [53]  информатиканы  оқытудың  стратегиялық 
мақсаты - баланың ойлау қабілетін дамыту және ол келесі міндеттерді 
орындайды дейді: 

 
баланы  әлемді  саналы  көре  білуге  және  ондағы  өз  орнын 
табуға үйрету; 

 
мектеп  оқу  бағдарламасындағы  пәндерді  оқуында  көмек 
беру; 

 
толыққанды 
және 
тиімді 
қарым-қатынас 
жасауға 
(адамдармен және техникамен), шешім қабылдауға үйрету.  
О.Ф. Брыскина
1
 [51]  бірінші  сынаптан-ақ    ақпараттық  мәдениет 
сабақтарында ақпараттық минуттарды өткізуді ұсынады. Ол минуттар 
балаларға дербес компьютерлердің құрылғылары, магниттік дискілер, 
компьютерлік  вирустар,  компьютерді  күнделікті  өмірде  пайдалану 
туралы кеңінен түсінік беруге арналады.    
                                                 
1
 О.Ф.Брыскина  –  п.ғ.к.,  «Бастауыш  мектептегі  информатика  және  АКТ»,  т.б.  мамандықты 
жоғарылату курстарының авторлық бағдарламаларын іске асырады. 

 
189 
Л.И.  Чепёлкина
1
 бастауыш 
сынып  оқушылары  үшін 
пропедевтикалық  курс  үйрену  ғана  емес,  дүниетанымдық  мәнге  ие, 
бірақ  сабақ  үстінде  оқушылар  компьютерде  жұмыс  жасаудың 
бастапқы дағдыларын меңгереді деп санайды. Курстың өзі келесілерге 
бағытталуы тиіс: 

 
бала мен қоршаған орта арасындағы байланысты түйіндеуге, 
осы байланыстың ақпараттық табиғатын түсінуге көмек беру керек; 

 
әлемнің  ақпараттық  келбеті  туралы,    алуан  түрлі  жүйеде 
ақпараттық  үрдістер  заңдылығының  жиынтығы  туралы  түсінікті 
дамытуға; 

 
өзгермелі  ақпараттық  ортаға  жылдам  бейімделу  қабілетін 
дамытуға; 

 
ақпараттық  технологиялардың  рөлі  мен  орны  туралы 
түсінікті қалыптастырып, олардың табысты игерілуіне дайындауға.  
Н.Н.  Ускова
2
 информатика  курсы  дамытушы  болып,  ал  оның 
құрылуының негізгі қағидасы педагогикалық үрдістің жүйелі амалын 
жүзеге  асырумен  бекітілуі  керек  дейді.  Онда  жаңа  ойлау  сапасын 
дамытуға  арналған  тапсырмалар  қамтылуы  қажет,  атап  айтқанда, 
құрылымдық,  операциялық,  эксперимент  жасауға  дайындық, 
бағыттық икемділік, проблемалық  жағдайдың негізін түсіну, дәлелді 
болып  көрінетін  деректерді  жанама  қабылдау,  шешу  жолдарын 
сауатты  табу,  кірмелі  және  шықпалы  ақпараттар  арасындағы 
қалыпсыз  байланыстарды  меңгеру.  Бұны  неғұрлым  табысты  жүзеге 
асыру үшін ақпараттық моделдеуді пайдалану ұтымды.   
Қысқаша 
зерттеуден 
көргеніміздей, 
бастауыш 
сынып 
оқушыларына  арналған  информатика  курсының  мазмұны  бойынша 
пікірталас 
мұғалімдер 
осы 
бағытта 
тәжірибе 
жиналғанша 
жалғасатыны  анық.  Әдіскерлердің  көпшілігі  курстың  маңызды 
міндеті  балалардың  логикалық,  алгоритмдік  және  жүйелі  ойлауын 
дамыту 
және 
соның 
негізінде 
ақпараттық 
мәдениетті 
қалыптастыру деп есептейді.  
Бастауыш  сыныптарда  информатиканы  оқытудың  мазмұны 
барлық  тақырыптарды  қамтитын  төрт  негізгі  бағыт  аумағында 
қалыптасуда: 
1)
 
Дүниетанымдық (кілтті сөз – ақпарат). Мұнда ақпарат және 
ақпарат  үрдістері  ұғымдары  қарастырылады  (өңдеу,  сақтау  және 
ақпаратты  беру).  Нәтижесінде  оқушыларда  өмірдің  ақпараттық  мәні 
қалыптасу керек, ақпараттық үрдісін танып және талдай білу керек.  
                                                 
1
 Л.И.Чепёлкина – бастауыш мектеп информатикасын  зерттеуші. 
2
 Н.Н.Ускова  –  «Информатика  мұғалiмi  үшiн  сабақтардың  конспекттерi:  бастауыш  мектеп» 
әдістемелік құралының авторы. 

 
190 
2)
 
Тәжірибелік  (кілтті  сөз  –  компьютер).  Мұнда  компьютер 
туралы ұғым дербес компьютерлік машина ретінде қалыптасады, ЭЕТ 
әртүрлі  қолдануды  қарастырылады,  балалар  машинамен  жұмыс 
істеуге дағдыланады.  
3)
 
Алгоритмдік (кілттік сөз – алгоритм, орындалу, бағдарлама). 
Мұнда  алгоритм  ұғымы,  алгоритмді  және  алгоритмдік  есептерді 
сабаққа  қолдану  қарастырылады.  Нәтижесінде  алгоритм,  оны  жазу 
және орындау түрлері туралы түсінік қалыптасады.  
4)
 
Зерттеу  (кілттік  сөз  –  шығармашылық).  Мазмұны  мен 
әдістемесі  шығармашылық,  зерттеу  сапаларының  қалыптасуына 
бағытталған.  
Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
бастауыш  білім  беру  стандартының  жобысында  «Информатика» 
бойынша оқытылу мазмұны былай айқындалған: 
Ақпарат 
және 
ақпараттық 
моделдеу. 
Ақпараттық 
технологиялар.  Қоршаған  орта  мен  адам  өміріндегі  ақпарат. Ақпарат 
көздері. 
Ақпаратпен  жұмыс:  ақпаратты  беру,  іздеу,  өзгерту,  сақтау. 
Қарапайым  логикалық  формулалар  құру.  Команда,  команданы 
орындаушы, алгоритм. Қарапайым алгоритмдік мысалдар. 
Компьютермен  жұмыс.  Компьютер  -  негізгі  құрал-жабдық. 
Техника қауіпсіздігінің ережесі. Тышқан мен клавиатураны қолданып, 
ақпараттық  нысандармен  жұмыс  жасау  іскерлігі.  Оқу  іс-әрекетінде 
сандық фото және бейнекөрініс. Мәтін теру, көрініс құрау. 
7.5.  Бастауыш  мектеп  оқушыларына  информатиканы 
оқытуды  ұйымдастыру әдістері  
Бастауыш  сынып  оқушыларының  ойлау  қабілетінің 
ерекшеліктері.  Бастауыш  сынып  оқушыларын  оқыту  әдістемесін 
қарау  үшін  алдымен  олардың  ойлау  қабілеті  ерекшеліктерімен 
танысқан абзал.  
Мектепке  алғаш  келген  оқушылардың  ойы  әлі  өресіз  болады. 
Олардың  ой-санасында  қоршаған  орта  туралы  әртүрлі  ақылға 
сыймайтын  түсініктер  байланысып  жатады.  Мектептегі  оқудың  ең 
маңызды міндеті баланың ойлау қабілетін дамыту болып табылады.  
Л.В.  Выготский
1
 айтқандай,  бала  мектеп  жасына  түйсігі  мен 
жадысы  неғұрлым  жақсы  дамып,  бірақ  интеллект  қызметі  әлдеқайда 
нашар дамыған күйінде келеді. Бірінші сынып оқушылары ашық түсті, 
көңіл-күйді  көтеретін  материалды  жеңіл  әрі  жылдам  қабылдайды. 
                                                 
1
 
Выготский  Лев  Семенович    (1896  -1934)  –  Кеңес  психологы,  психологияның  тарихи-мәдени 
теориясын жасаған.
 

 
191 
Дегенмен,  олар  материалды  сол  қалпында  есте  сақтауға  бейім. 
Біртіндеп  олардың  еркін  әрі  саналы  еске  сақтау  қабылдағыштары 
қалыптаса бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті 
бейнелі-эмоциялы.  Олар  формамен,  дыбыспен,  түйсікпен  ойлайды. 
Мұндай  ойлау  қабілетінің  ерекшілігін  информатика  бойынша  оқу 
жұмысының мазмұнында ескерген жөн.  
Аталған  ерекшеліктерге  сәйкес  бастауыш  мектептегі  оқытудың 
негізгі  міндеті  орташа  сыныпта  жалғасып,  жоғарғы  сыныпта 
аяқталатын  абстрактілі-логикалық  ойлауға  бағытталған  бейнелі-
эмоциялы  ойлауды  біртіндеп  дамыту  болып  табылады.  Алғашқы 
кезеңде  баланың  ойлау  қызметін  жаңа  сапалы  сатыға,  демек  ойлау 
қабілетін  себеп-салдар  байланысын  түсіну  деңгейіне  дейін  жеткізу 
қажет.  Бастауыш  мектепте  интеллект  қарқынды  түрде  дамиды, 
сондықтан  мұғалім  оқуды  ұйымдастыру  кезінде  баланың  ойлау 
қабілетін  дамытуға  неғұрлым  септігін  тигізетін  бағдарламаларды 
қамтуы тиіс. Ойлау қабілетіндегі мұндай өзгеріс түйсік, жады сияқты 
басқа да психикалық үрдістердің өзгеруіне әкеледі.     
Ойлау  үрдістерінің  жаңа  сапалы  сатыға  ауысуы  бастауыш 
сынып оқушыларының ойлау қабілеті бойынша мұғалімдердің негізгі 
жұмыс мазмұнын құрау керек. Бұл мәселені математика, физика және 
классикалық 
тілдермен 
қатар, 
баланың 
ойлау 
қабілетін 
қалыптастыруға әсер ететін информатика сабақтарында шешу керек.  
Бастауыш  сынып  оқушыларының  көз  қарашығының  көлемі 
кішкентай,  сондықтан  олар  бір  қарағанда  компьютер  экранындағы 
ақпаратты  бірден  көре  алмайды,  әсіресе  ондаған  командалар  мен 
бірнеше 
ондық 
түймелерден 
тұратын 
мәтіндік 
редактор 
бағдарламасының  ашық  терезесімен  жұмыс  жасаған  кезде  аса  қиын. 
Бұл  түйсік  ерекшелігін  қолданбалы  бағдарламаларды  оқыту  кезінде 
ескеріп, оқу материалын балалар компьютер экранындағы суреттердің 
маңызды  элементтерін  қажетті  көлемде  көретіндей  етіп  үлестірген 
жөн.  
Бастауыш  сыныптарда  бала  үшін  оқудың  негізгі    саласы  ойын 
болып  табылады.   Ойын  және  ойын  жағдайлары  баланың  жан-жақты 
ой-өрісінің  дамуына  да,  тәрбиесіне  де  әсер  етеді.  Сонымен  бірге  әр 
түрлі 
педагогикалык 
мәселелерді 
шешуге 
көмектеседі. 
Информатиканы  ойын  әдістемелері  негізінде  өткізу  өте  пайдалы. 
Себебі  бұл  өзіне  барлық  жұмыс  түрлерін  қосып  баланың 
шығармашылықпен    жұмыс  істей  білуіне,  ой-өрісінің  дамуына  кең 
мүмкіндік береді. 
Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. 
Ол  білім  алудың  белгілі  бірі  сатысымен  шектелмейді.  Бүгінгі  таңда, 

 
192 
демек  болашақта  да  білім  қажеттілігі  адамның  белсенді  өмірін 
қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі  - болашақта өз білімін 
жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан 
шығатын қорытынды – оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың 
тиімді жолдарын іздестіру. 
Информатика  пәнінде  сабақты  ұйымдастырудың  басты 
тәсілі  ойын  болып  табылады.  «Ойын»  сөзі  курстың  атауына 
кездейсоқ  енгізілген жоқ. Психологтардың дәлелі бойынша, 6-10 жас 
шамасындағы балалардың қызметінде ойын бастапқы орында тұрады.  
Оқыту – өте күрделі және жан-жақты үрдіс. Оқыту мұғалімнің 
де,  оқушылардың  да  белсенді  қызмет  етуін  талап  етеді.  «Ұстаздық 
еткен жалықпас» деген қанатты сөз бар. Бұған дейін мұғалімнің басты 
міндеті білім беру болса, қазіргі талап – оқушыны оқу үрдісіне тарту, 
өздігінен еңбек ету дағдысын қалыптастыру.  
Бастауыш  мектепте  бірінші  орында  сабақ  беру  техникасы,  оқу 
әрекетін ұйымдастыру үлгілерін табысты ұйымдастыру үшін: 
-
 
сабақ  эмоцияға  толы,  оқуға  деген  қызығушылықты  оятып, 
білімге деген тұтынушылықты тәрбиелеу қажет;  
-
 
сабақ  қарқыны  мен  ырғағы  оңтайлы,  мұғалім  мен 
оқушылардың әрекеттері аяқталған болуы қажет;  
-
 
мұғалім  мен  оқушылардың  қарым-қатынасында  толық 
байланыс  болып,  сабақта  педагогикалық  ырғақ  пен  педагогикалық 
оптимизм сақталуы тиіс;  
-
 
сабақта  жайлы  жағдай  мен  белсенді  шығармашылық  еңбек 
ету басымдылық етуі керек; 
-
 
мүмкіндігінше  оқушылардың  әрекет  түрлерін  ауыстырып 
отыру  керек,  оқытудың  алуан  түрлі  әдістері  мен  тәсілдерін  оңтайлы 
пайдаланған жөн; 
-
 
сабақ  барысында  шаршағандық  пен  қысымды  басатын 
ойындар  оқушыларға  әрекет  ету  үлгілерін  ауыстыруға  мүмкіндік 
береді; 
-
 
әр  ойынның  басты  мақсаты  –  сабақта  берілген  мағлұматты 
түсінуге және оны бекітуге көмек беруі қажет 
 Бастауыш  мектептегі  информатика  сабағында  қолданылатын 
сынып- сабақ жүйе шартында мұғалімдер  оқытудың келесі әдіс және 
формаларын  табысты  қолданылады,  олар  оқушының  өзіндік 
спецификалық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  нәтижелі  оқу  үрдісін 
құруға мүмкіндік береді: 
-
 
диалог; 
-
 
ойын әдістемелері; 
-
 
ақпараттық минуттар; 

 
193 
-
 
эвристикалық әдістер.  
Халықтық  әлеуметтік  құрамын  және  сәйкесінше  әлеуметтік 
аймақтық  ақпараттану  деңгейін  ескере  отырып  нәтижелі  оқытудың 
құрылу  қажеттілігі  ақпараттық  минутка  сияқты  оқыту  формасын 
тудырады.  Психикалық  қаынастың  даму  қажеттілігі  сабаққа  диалог 
сияқты  оқыту  формасын  енгізеді:  «оқушы-оқушы»,  «оқушы-
оқытушы».  
Әр  білім  жемісті  қалыптасу,  ең  біріншіден,  оқушылардың  бұл 
білімді  алу  ынтасына  байланысты.  Оқу  үрдісінің  қалыптасуы  оқу 
формасымен тікелей байланысты.  
Психологияда  оқыту  мотиві  екі  жолда  дамитындығы 
дәлелденген: 
-
 
оқушылардың оқудың қоғамдық мәнін меңгеру арқылы; 
-
 
оқушының оқу іс-әрекеті арқылы.  
Жұмыстың  топтық  формасын  қолдану  өтіліп  жатқан  пәнге 
қызығушылықты 
арттыратыны 
психологиялық 
әдебиеттерде 
көрсетілген. Бастауыш сынып оқушыларында жұмысты кіші топтарда 
ұйымдастыру  лайықты,  демек,  топтың  қалыптасуы  дәлелдік  үрдісте 
құрылу  керек:  егер  пәнге  бейтарап  қарайтын  балаларды  пәнді  жақсы 
көретін  балалармен  біріктірсе,  біріккен  жұмыс  нәтижесінде 
біріншілер пәнге деген қызығушылығын арттырады.  
Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың негізгі әдістері болып 
табылатын дидактикалық ойындарды қысқаша қарастырайық.  
Дидактикалық  ойын  –  бұл  оқытылатын  объектіні,  құбылысты 
және  үрдісті  моделдеуші  оқу  әрекетінің  түрі.  Дидактикалық 
ойындардың мақсаты – оқушылардың танымдық қызығушылығы мен 
белсенділігін  ынталандыру  болып  табылады.  Әдетте  ойынның 
объектісі  адамның  іс  әрекеті  болып  табылады.  Дидактикалық 
ойындарға деген қызығушылық 1980 жылы кезекті мектеп реформасы 
басталып,  педагогикалық  ынтымақтастық  пайда  болып,  мектептерге 
дербес компьютерлер әкелінген кезде арта түсті.  
К.Д.  Ушинский
1
 өз  кезінде  атап  өткендей,  ойынды  бала  өзі 
құрастырып  отырған  шынайы  өмір,  болмыс  ретінде  қабылдайды.  
Сондықтан  ол  үшін  қоршаған  болмысқа  қарағанда  ойын  анағұрлым 
түсінікті.  Ойын  оны  алдағы  еңбекке  де,  оқуға  да  тәрбиелейді.  Ойын- 
шағын  оқу  және  кішігірім  еңбек.  Баларды  ойынның  нәтижесі  емес, 
ойынның  барысы,  үрдісі  қызықтырады.  Оларды  ойында  берілген 
тапсырма,  төтеп  берілуі  міндетті  қиындықтар,  алынған  нәтиже 
қуанышы  және  т.б.  қызықтырады.  Ойын  барысында  психологиялық 
жағынан  босаңсып,  шаршағандық  басылады,  сондай-ақ  ойын 
                                                 
1
 К.Д.Ушинский – орыс ұстазы. 

 
194 
балаларға  адамдардың  күрделі  әлеміне  енуіне  көмек  береді. 
Дидактикалық  ойындардың  осы  ерекшеліктерін  әсіресе  төменгі 
сыныптарда ескерген жөн, дидактикалық ойындарды сабақ барысына 
енгізуді  тиімді  ұйымдастыра  білу  қажет.  Маңыздысы  ойынмен 
мұғалім  де,  оқушылар  да  қызығуы  керек,  ойынды  шартты  ойнау 
мүмкін емес.  
Дамытушы  ойындар  –  бұл  шығармашылық  ойындар.  Ол 
үлкенге  де,  балаға  да  қуаныш  әкелуі  керек,  ол  -  табыс  қуанышы, 
таным  қуанышы,  компьютер  мен  жаңа  ақпараттық  технологияларды 
игеруде  алға  жылжудан  туындаған  қуаныш.  Заманауи  компьютерді 
табысты  игерген,  ақылды  машинаға  билік  жүргізіп  отырған  баланың 
еңсесі  өзінің,  қоршаған  адамдар  мен  ата-ананың  алдында  биіктей 
түседі,  бұл  оның  оқуын  қызықты,  қарқынды  және  жеңіл  ете  түседі. 
Ұлы  ұстаз  В.Ф.  Шаталов
1
 айтқан  «Оқу  жеңіспен  тең!»  деген  сөзі 
компьютердің көмегімен ақиқатқа айналды.    
Айтып кететін жайт, төменгі сынып оқушылары компьютермен 
атқарылатын  жұмыстың  қай-қайсысын  ерекше  досына  айналған 
компьютермен  ойналатын  қызықты  ойын  ретінде  қабылдайды.  Бұл 
ерекшелікті  кез  келген  ойынның  негізін  құрайтын  жарысқа  үйрету 
кезінде  ескеріп  пайдаланған  жөн.  Оқытушы  және  дамытушы 
сипаттағы  алуан  түрлі  ойындарды  да  тиімді  пайдалануға  болады, 
компьютермен  не  компьютерсіз  ойнатылатын  ойындар  информатика 
мұғалімінің қоржынында баршылық.  
Бастауыш  сыныптарға  информатиканы  оқыту  кезінде  екі 
құрамдас  бөлікті  атауға  болады,  олар:  компьютерлік  және 
компьютерсіз.  Бұлай  ажырату  бастауыш  сынып  оқушыларын 
компьютерде  жұмыс  жасауға  үйрету  уақытының  шектелуіне 
байланысты.  Сол  себепті  мұғалім  осы  ерекшелікті  ескеріп, 
компьютерлік  және  компьютерсіз  бөліктері  арасында  тепе-теңдік 
орната отырып сабақты ұйымдастыруы шарт.  
Информатика  курсының  мазмұнын  информатиканың  жеке 
сабақтарында және басқа оқу сабақтарының жеке блоктарында жүзеге 
асыруы. 
Компьютерсіз  нұсқадағы  жеке  топтарға  бөлінбеген  жеке 
сабақтарды  бастауыш  сынып  мұғалімі  де,  информатика  пәнінің 
мұғалімі де өткізе алады.  
Компьютерсіз бөлігі келесі жұмыстан құралуы мүмкін: 
-
 
дәптерлерінде; 
-
 
сөздіктермен, энциклопедиялармен; 
-
 
құрастырмалық материалдармен, аспаптармен; 
                                                 
1
 В.Ф. Шаталов - жаңашыл ұстаз 

 
195 
-
 
компьютерге қосулы құрылғылармен.  
Компьютерлік  бөлігі  мәтінмен,  графикамен  және  дыбыспен, 
оқытушы бағдарламалармен, ойындармен және жаттықтырғыштармен 
атқарылатын жұмыстан тұруы мүмкін.  
Әдіскерлер  оқытуды  дәл  осылай  ұйымдастыру  арқылы  оқушы-
ларды ақпараттық технологиялар мен ресурстарды өздігінен пайдала-
нуына  септігін  тигізіп,  АКТ  (ақпараттық-компьютерлік  технология-
лар) саласында ой өрісін кеңейтуге болады деп санайды. Практикалық 
тапсырмалар  мен  жобаларды  орындау  тәжірибесі  басқа  пәндерді  оқу 
барысында  ақпараттық  технологиялар  құралдарын  пайдалануға 
дайындап, ақпараттық оқу кеңістігіне кіруге мүмкіндік береді.  
7.5.1.  Бастауыш 
сынып  информатикасын  оқытудағы 
ақпараттық технологиялардың рөлі 
Адам  тұлға  болып  тумайды,  ол  өмір  сүру  барысында  тәрбие 
арқылы  қалыптасады.  Білімді,  шығармашыл,  бәсекелік  қабілеті  мол 
тұлға тәрбиелеу  негізінде жасалған 12 жылдық мектептегі білім беру 
процесінің  моделі,  түрлі  деңгейлі  вариативті  білім  беру  мазмұны 
негізінде  және  оқытудың  репродуктивтілігі  мен  шығармашылык 
технологиялары  үйлесімді  қабысқан  мұғалім  мен  оқушының 
ынтымақтастығы негізінде қалыптастырылуы тиіс. Демек, 12 жылдық 
мектепте оқытуды ұйымдастыру жалпы дидактикалық ұстанымдармен 
бірге шешуші мәні бар мынадай принциптерге ие болады: 
-
 
жеке  тұлғаның  жас  және  психофизиологиялық  даму 
ерекшелігінің ескерілуі; 
-
 
күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы; 
-
 
ашықтығы; 
-
 
интерактивтігі. 
Осы  принциптер  негізінде  бағдарланған  білім  беру  моделінде 
оқыту,  оқушы  (үйрену)  мен  мұғалімнің  (оқыту)  өзара  байланыс 
әрекетінде  әр  оқу  процесі  компоненттерінің  мақсаттарын  үйлестіре  
ұйымдастыру  болып  табылады.   Сабақты  құрылымдауда  оқушының 
өзін-өзі  таныту  мақсаттарына,  оқу  материалдарын  модельдеуіне, 
оқушының  өнімді  әрекетін  ұйымдастыруға  мүмкіндік  туғызатын 
оқытудың формалары мен әдістеріне кезек беріледі. 
Қазіргі  кезде  әлемде  білім  беру  мәселесі  дамуын  үрдісінің 
негізгі  ерекшеліктерінің  бірі-ол  білімнің  тез  өзгеруі,  өмір  сүру  үшін 
қажетті  мәліметтер  ағыны  жоғарғы  қарқынмен  көбеюі  (кейбір  дерек 
көздері  бойынша  адамға  қажетті  білім  мөлшері  екі  жылда,  ал  кейбір 
деректерге  сүйенсек  он  сегіз  айда  екі  еселенуде).  Сондықтан  да 
бұрынғыдай 
жеткіншек 
ұрпақты 
энциклопедиялық 
біліммен 

 
196 
қаруландыратын  уақыт  кетті,  оған  мүмкіндік  жоқ,  оны  заман  ағымы 
көтермейді. 
Қазіргі  заманғы  ұрпақ  таңдауында  шексіз  мүмкіндік  туған 
заманда  өмір  сүріп  жатыр.  Оқушыны  болашағына  таңдау  жасай 
алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі 
өзгерістер  ағымына  икемделе  білетін,  қабілетіне  байланысты  өмір 
сүру тәртібі күтіп тұр. Сондықтан бүгінгі күні білім жүйесінде оқыту 
үрдісін  тың  идеяларға  негізделген  жаңа  мазмұнмен  қамтамасыз  ету 
әрбір мұғалімнің міндеті болып отыр. 
12  жылдық  білім  берудің  ерекшелігі  ерте  жастан  информатика 
пәнінің  оқу  бағдарламасына  енгізілуі.  Онда  жалпы  орта  білім  беру 
педагогикалық  процестің  әрбір  қатысушысының  шығармашылық 
потенциалы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, 
олардың  дамуына  жағдай  жасауға,  сондай-ақ  негізгі  мектеп 
оқушыларына  кәсіби  бағдар  беруге,  жоғары  сатыдағы  оқушыларды 
бейіндеп оқытуға бағытталған біртұтас жүйе құруды қарастырады.  
Мұндай  білім  беру  жүйесі  келешек  ұрпақтың  білімінің 
толығуына,  жан-жақты  болуына,  шынайы  әлем  жағдайында 
тәрбиленуіне көп септігін тигізеді. Сонымен қатар, 12 жылдық мектеп 
жоғары  мәдениетті,  терең  адамгершілігі  қалыптасқан  жүйедегі 
құндылықтарымен,  сенімдерімен  өз  оқушыларының  шығармашылық 
потенциалын  дамытудағы  инновациялық  қызмет  қабілеттілігін 
өздігінен  жетілдіруге  білікті  маманды  талап  етеді.  Ақпараттық 
технологияның  қаулап  өсуі  мен  ақпараттық  қоғамның  қалыптасуы, 
өркениетті  елдердегі  сияқты  біздің  республикамызда  да  ақпараттық 
мәдениетті қалыптастыру талабын туындатты.  
Ақпараттық 
технологияны 
ерте 
жастан 
оқыту 
үшін 
пропедевтикалық  кезең  ұсынылады.   Оның  негізгі  міндеті  – 
оқушыларды  компьютермен  алғашқы  таныстыру,  оқулық  ойындық 
бағдарламаларды,   қарапайым  компьютерлік  тренажерды  пайдалану 
процесінде 
ақпараттық 
мәдениеттің 
алғашқы 
элементтерін 
қалыптастыру.  Бұл  міндеттерді  шешу  оқушыларға  алдағы  уақытта 
компьютерді  қолдану  деңгейін  тереңдете,  келесі  табыстарға  қол 
жеткізудің алғашқы әзірлік-дайындықтарын жасауға мүмкіндік береді, 
оларды жаңа ақпараттық қоғам өміріне дайындайды. 
Бастауыш 
сынып 
оқушыларына 
информатика 
пәнінің 
элементтерін  оқыту  барысында  жаңа  ақпараттық  технологияның 
керемет  мүмкіндіктерін  кез  келген  пәнге  қолдануға  болатындығына 
көз жеткізу керек.  
Информатика  пәніне  стандарт  бойынша  бастауыштың  әрбір 
сыныбында  аптасына  1  рет,  жыл  бойына  34  сағат  арналған.  Қазіргі 

 
197 
кезде  информатика  пәні  бастауыш  сыныптан  жүретін  кейбір 
мектептерде  Білім  және  ғылым  министрі  ұсынған  –  «Ақпараттық 
мәдениет  негіздері»  оқу  әдістемелік  кешені  бойынша  жүргізіліп 
келеді.  Оқу  әдістемелік  кешен  төрт  бөлімді  жұмыс  дәптерінен  және 
мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдан тұрады.  
Әйтсде,  Қазақстанның  болашақ  білімді  азаматтарын  даярлауда 
бұл оқулықтармен ғана білім беру жеткіліксіз. Сондықтан 12 жылдық 
білім  беру  жүйесіне  көшу,  ғылыми-техникалық  прогрестің  тез  өсу 
қарқыны, оқытудың жаңаша әдістерін дамытуды қажет етеді. 
Жаңадан  білім  беру  жүйесі  сапалы  және  терең  білім  үрдісінде 
жаңа  педагогикалық,  ақпараттық,  инновациялық  технологиярға 
бағытталуы  тиіс.  Жаңа  технологиялық  әдіс-тәсілдердің  пайда  болуы 
ақпараттардың мазмұнын адамның түрлі сезім мүшелері арқылы және 
аудиториямен  интерактивті  өзара  әрекетке  түсу  арқылы  қабылдауды, 
түрлі  техникалық  құралдардың  көмегімен  іске  асыруды  қамтамасыз 
етуге  мүмкіндік  береді.  Міне  осыған  байланысты  оқулық,  дәптермен 
салыстырғанда  электрондық  құралмен  оқыту  дара  тұлғаны  бағыттап 
оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу-тәрбие  үрдісінің 
барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатады. 
Әртүрлі  зерттеулерге  қарағанда  дәстүрлі  оқыту  кезінде  кез 
келген  жақсы  оқитын  оқушы  информатика   заңдылықтарын 
тұжырымдайды,  мысалдар  келтіреді.  Оқушылардың  көпшілігі  алған 
білімдерін  практикада  қолдана  алады.  Бұл  оқушылардың  оқу 
материалын  формальды  жағынан  да  жақсы  білетінін  көрсетеді.  Кез 
келген  сабақта  электронды  оқулықты  пайдалану  оқушылардың 
танымдық  белсенділігін  арттырып  қана  қоймай,  логикалық  ойлау 
жүйесін  қалыптастыруға,  шығармашылықпен  еңбек  етуге  жағдай 
жасайды.  
Оқытудың  ақпараттық  технологиялары  –  бұл  білім  беру 
саласында  қолданылатын  электрондық  құралдар,  компьютерлік 
желілер,  компьютерлік  телекоммуникациялар  және  басқа  да 
құралдардың жиынтығы. 
Электрондық  оқулықпен  оқытудың  негізгі  мақсаты:  оқыту 
үрдісін  үздіксіз  және  толық  деңгейде  бақылау,  сонымен  қатар 
ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.  
Электронды  бағдарламалармен  оқыту  жылдам  оқи  және  жаза 
алмайтын  оқушылар  үшін  суреттеме,  бейнелер  арқылы  көрсетіліп 
түсіндіріледі,   сабақты  қызықты  жүргізуге  және  оларды  сабақтан 
жалықтырып алмауға мүмкіндік алады. Осы мақсатта, сонымен қатар, 
сабақ  ортасында  сергіту  сәттерін  қоса  оқыту  әдістері  өте  тиімді 
ұйымдастырылуы 
тиіс. 
Бастауыш 
сыныптарға 
арналған 

 
198 
бағдарламаларда  оқушылар  компьютермен  танысып,  өзара  қатынаста 
болады,  компьютер  көмегімен  әріп,  буын,  сөздер  мен  шағын 
әңгімелерді  баспалап,  қарапайым  арифметикалық  есептерді 
шығарады,  сурет  салады.  Сонымен  қатар,  өз  бетімен  өлең,  әңгіме 
құрастыруды,  өз  бетінше  жұмыс  жасауды,  жылдам  ойлауды, 
шығармашылықпен айналысуды үйренеді. 
Осындай  оқыту  әдістерін  пайдаланғанда  информатика  пәнінің 
басқа  пәндермен  пәнаралық  байланысының  тығыздығы  көрінеді. 
Сонымен  қатар,  бастауыш  мектеп  кезеңіне  тән  физиологиялық, 
психологиялық  ерекшеліктерін,  әрі  ойлау  қабілеттерін   дамыту 
компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.  
Электрондық  оқулықтарды  пайдаланғанда  оқушылар  мынадай 
тапсырмаларды орындай алады: 
-
 
математика 
сабағында 
қарапайым 
арифметикалық 
амалдарды, геометриялық ұғымдарға қатысты амалдарды; 
-
 
ана  тілі  сабағында  мәтіндік  редактордың  көмегімен 
тақпақтар,  құттықтаулар,  өлеңдер,  т.б.  жазу  арқылы  өздерінің  тіл 
байлығын,  сауаттылығын,  шығармашылық  қабілетін  арттырып,  ойын 
тиянақты жеткізе алуға, еркін сөйлей білуге үйренеді; 
-
 
бейнелеу 
өнері, 
дүниетану 
сабағында 
тышқан 
манипуляторымен  жұмыс  істеуді  ғана  үйреніп  қоймай,  бейнелеу 
өнерінде  пайдаланылатын  саймандармен  (қарындаш,  қылқалам, 
өшіргіш, бояғыш, фигуралар, т.б) жұмыс істеуге дағдыланады. 
Заман 
ағымына 
қарай 
сабақты 
жаңа 
педагогикалық 
технологиялар  негізінде  ақпараттық  техникалық  құралдармен 
үйлестіре  ұйымдастыру,  оқушылардың  танымдық  белсенділігін 
арттырып  қана  қоймай,  логикалық  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға, 
шығармашылықпен еңбек етуіне белсенді жағдай жасайды. 
7.5.2.  Компьютерлік  оқыту  бағдарламаларын  қолдану 
әдістемесі 
Мектептерге  компьютерлер  жаппай  әкеліне  басталған  кезде 
мұндай  бағдарламаларды  информатика  мұғалімдері,  программистер, 
әдіскерлер,  тіпті  оқушылар  да  кең  көлемде  құрастыра  бастады.  Қазір 
біршама мектеп пәндері бойынша алуан түрлі компьютерлік оқытушы 
бағдарламалар  бар.  Олардың  үздіктері  тарамдалған  сызба  бойынша 
құрастырылып, оқу материалын игеру кезінде түрлі қиындық деңгейі 
(әдетте  үш)  ұсынылған  осы  бағдарламалар  оқушының  оқу  деңгейіне 
лайықталған.  
Оқытушы  бағдарламаларды  пайдаланудың  әдістемелік 
ерекшеліктері  

 
199 
Оқыту кезінде компьютерлік бағдарламалардың ерекшеліктерін 
қарастыруда  компьютерлік  оқыту  негізінде  оқытушы  бағдарлама 
жатқанын ұмытпаған жөн, ол ойлау әрекеттері мен операцияларының 
жүйелі түрде оқыту алгоритмін білдіреді. Құрастырылған алгоритмнің 
сапасын  оқытушы  бағдарламаның  тиімділігі  анықтайды.  Оқытушы 
бағдарламаларды  құрастыру  біліктілігі  жоғары  ұстаздар,  әдіскерлер 
мен программистердің қыруар еңбегін қажет етеді. Оларды құрастыру 
кезінде  шығармашылық  интеллекті  мен  білім  инженериясының 
әдістері пайдаланылады.  
Оқытушы  бағдарламалар  сызықты,  тарамдалған  немесе  аралас 
сызба бойынша құрала алады. 7.1- суретте көрсетілген сызықты сызба 
оқу  материалын  біртіндеп  оқытылатын    ұсақ  бөлшектерге  бөлуді 
көздейді.  
7.1 - сурет. Сызықты оқытушы бағдарламаның сызбасы  
Әр  бөлшектен  кейін  сабақты  игеруіне  бақылау  жүргізіліп,  оқу 
материалының  келесі  бөлшегіне  көшеді.  Сызықтық  бағдарламалар 
оқуда  еңбек  пен  уақыттың  үлкен  шығынын  талап  етеді,  бірақ  оқу 
материалының 95 %-ға меңгерілуін қамтамасыз етеді.  
Оқушы  бағдарлама  ұсынған  жауаптың  біреуін  таңдаған  кезде 
бағдарлама  тарамдалады,  ал  оқушы  материалдың  келесі  бөлшегіне 
көшіріледі  немесе  қайта  толық  игерілмеген  бөлшекке  оралады. 
Бағдарламаның  тарамдарында  қателіктерге  қосымша  түсініктер  мен 
түсініктемелер берілуі мүмкін. Нәтижесінде, әрбір оқушы тарамдалған 
бағдарламамен  жұмыс  жасау  кезінде  өзінің  жеке  қабілеттеріне 
байланысты  түрлі  жолмен  оқу  мақсатына  жылжиды.  Жақсы 
даярланған  оқушылар  бағдарламаның  негізгі  бағанасымен  алға 
жылжыса,  нашар  даярланғандары  бүйір  тарамдарға  кете  береді. 
Тарамдалған  материалдың  артықшылығы,  ол  теориялық  материалды 
неғұрлым  жылдам  өтіп,  оқытуды  жекешелендіруді  қамтамасыз  етеді. 
Әдетте,  бұл  бағдарламалар  оқу  материалын  өтудің  үш  қиындық 
деңгейін  ұсынады,  ол  кез  келген  оқушылар  контингентінің  оқудағы 
мүмкіндіктер өрісін білдірмейді.  
Аралас  бағдарламалар  сызықты  және  тарамдалған  алуан  түрлі 
комбинацияларды  білдіреді,  ол  оқушыға  қиындық  деңгейі  бойынша 
бағдарламаның түрлі бөлшектеріне ауысуына мүмкіндік береді.  
 
Мөлшер 
 
Бақылау 
 
Мөлшер 
 
Бақылау 

 
200 
7.2 - сурет. Тарамдалған оқытушы бағдарламаның сызбасы 
Компьютерде  оқытушы  бағдарламалармен  жұмыс  жасауды 
жоспарлаған  мұғалім  оқушыларға  оқу  материалын  жеткізуге  қажетті 
уақыт көлемін анықтап алуы тиіс, бұл жағдайда үлгерімі орташа емес, 
төмен оқушыларды ескеруі қажет. Сондай-ақ мұғалім оқу материалын 
жылдам  игерген  оқушыларға  неғұрлым  күрделі  тапсырма  беруді 
немесе олармен дидактикалық ойын ойнаудың алдын алу керек.  
Оқытушы  бағдарламалардың  мазмұнында  игерген  материалды 
тексеруге  арналған  тестілер  болуы  шарт.  Аталмыш  тестілерді 
пайдаланудың  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Мұғалім  оқушылардың 
дәптерлері  мен  жазбаша  тестілік  тапсырмаларын  тексеруден  қолы 
босайды,  ал  оқушылар  компьютер  олардың  жетістіктерін  тексеруде 
әділ  болатындығын  біледі.  Егер  компьютер  екілік  бағасын  қойса, 
бағдарламаны тағы бір мәрте қосып, жағдайды түзетуге болады.  
7.6. 
Бастауыш 
мектепте 
компьютерді 
қолданудың 
санитариялық-гигиеналық талаптары 
Бастауыш 
мектепте 
компьютерді 
пайдаланған 
кезде 
санитариялық-гигиеналық  талаптарға  зор  мән  беріп,  компьютерлік 
сынып ережелерін қатаң сақтаған жөн.  
Мысалы,  сыныптан  кіріп-шығуға  мүғалім  рұқсат  береді.  Әрбір 
оқушы  өз  тобына  тағайындалып  берілген  жұмыс  орнынан  ауыспауы 
керек,  яғни  сынып  белсенділерін  сайлау,  компьютерді  және  оған 
қосылған  басқа  құрылғыларды  да  іске  қосуға,  өшіруге  рұқсат 
етілмейді,  оны  мұғалім  атқарады  және  де  компьютерге  компакт-
дискілерді салуды, алуды мұғалім жүргізеді. 
Сабақ  жүргізу  барысында  қазіргі  кездегі  санитариялық 
талаптарға  сәйкес  балалардың  жұмыс  ісіне  олардың  денсаулығына 
қауіпсіздігі  туралы  санитариялық-эпидемиологиялық  қорытындысы 
бар  компьютерлік  техниканы  ғана  пайдалануға  болады  [38]. 
Компьютерлер  қолданылатын  бөлмелер  барлық  санитариялық-
гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс. 
 
М
өлше
р 1
 
Б
ақы
ла
у 
 
 
М
өлше
р 2
 
Б
ақы
ла
у 
 
 
М
өлше
р 3
 
Б
ақы
ла
у 
 
 
М
өлше
р 4
 

 
201 
Компьютерлік  сыньпта  оқушылардың  өздері  және  көздері 
шамадан тыс шаршамас үшін 1-4-сынып оқушыларының компьютерде 
үздіксіз жұмыс істеу уақыты 10-15 минуттан
1
 аспауы тиіс. Балалардың 
көздері  талмас  үшін  компьютерде  жұмыс  істеп  болған  соң,  олармен 
көзге  арналған  арнайы  жаттығулар  жасауы  керек,  жаттығуларды 
балалар  экранға  қарамай  тұрғанда,  қалыпты  күйде  дем  алдырып,  көз 
қозғалыстарын  барынша  үлкен  етіп  орындауға  тырысуы  керек. 
Балаларға  қызықты  болуы  үшін  жаттығулар  ойын  түрінде 
орындалады. 
Пернетақтада  жұмыс  жасау.  Әдіскерлер  мен  мұғалімдер 
кейде  бастауыш  мектеп  оқушыларының  нәзік  қолының  қимылдарын 
дамытуды назардан тыс қалдырып кетеді. Бұл аспектіге көбіне  еңбек 
мұғалімі  назар  аударады,    себебі  қолды  дамыту  -  бұл  пәннің  басты 
міндеттерінің бірі. 
Информатика  сабағында  компьютермен  жұмыс  жасау  кезінде 
алдымен  пернетақтада  және  тышқанмен  жұмыс  істеу  әдістерін 
меңгеру керек. Бұл  - өте күрделі үрдіс, себебі оқушы нәзік қолы мен 
саусақтарының  қимылынан  басқа,  компьютер  экранына  да  назар 
аударып отыруы тиіс.  
Отандық 
мектептердің 
кабинеттерінде 
жасы 
үлкен 
пайдаланушыларға  арналған  компьютерлер  орнатылғандықтан, 
оқытуда  қиындық  туғызады.  Олардың  пернетақталары  мен 
тышқандары  үлкендерге  сәйкестеніп  жасалған,  балаларға  ыңғайсыз.  
Балалардың пернетақтамен және тышқанмен жұмыс жасауды меңгеру 
үрдісінде нәзік қолдары мен саусақтардың дамуына кедергі жасайды, 
ал  қол  қимылдары  бала  миының  дамуын  ынталандыратынын  бәріміз 
білеміз.  
Осыған орай, оқыту үрдісінде ноутбуктерді пайдалану ыңғайлы, 
олардың  пернетақталарының  көлемі  кішірек,  балалардың  қолына 
икемді.  Олар  үстелде  аз  орынды  алып,  кәдімгі  сынып  бөлмелерінде 
пайдалануға болады. Айтып кететін жайт, ноутбуктердің қазіргі құны 
үстелдік  дербес  компьютерлердің  бағасына  пара-пар.  Соңғы  кезде 
нарықта көлемі алуан түрлі тышқандар да шығарыла бастады, оларды 
пайдаланушылардың  қолына  сәйкестендіріп  сатып  алуға  болады, 
информатика  сабағында  әртүрлі  жас  шамасындағы  оқушыларға 
пайдалануға ыңғайлы.   
Санитарлық 
нормалар 
мен 
ережелер 
төменгі 
сынып 
оқушыларының  компьютердегі  жұмысын  келесідей  шектейді:  
1 сыныпқа – 15 минут, 2-3-сыныптарға – 20 минут, 4-5-сыныптарға – 
25  минут,  компьютерді  пайдалану  сабақтары  аптасына  1  рет  қана 
                                                 
1
1-кітаптан 5-тараудың 5.1.4.-бөлімін қараңыз
  

 
202 
болуы тиіс. Бұлардың барлығы оқу үрдісін ұйымдастыруды барынша 
шектейді. Балаларға компьютерде жұмыс жасау уақытының шектеулі 
екендігін  түсіндіру  қиын,  олар  үйде  шектеусіз  теледидардың  және 
компьютердің  алдында  ойын  қосымшаларын  қалауынша  ойнауға 
дағдыланып  қалған.  Мұндай  жағдайда  мұғалім  оқушыларды 
компьютерден дене шынықтыру минуттарымен тоқтата алады.   
7.7. Зертханалық жаттықтыру тапсырмалары 
1-зертханалық  жұмыс  «Информатканың  пропедевтикалық 
курсын оқытудың жалпы әдістемесі» 
Қарастырылатын сұрақтар: 
1.
 
Информатиканың  пропедевтикалық  курсын  (ИПК)  оқыту 
әдістемесінің қалыптасуы (ПКИ). 
2.
 
Информатиканың  пропедевтикалық    курсының  мақсаты  мен 
мазмұны. 
3.
 
Информатиканың пропедевтикалық  курсын оқытуға қажетті 
нормативті құжаттар. 
4.
 
Мектепке  дейінгі  білімді  ақпараттандыру.  Психологиялық  
салдары. 
5.
 
Бастауыш 
мектептегі 
оқушылардың 
психологиялық, 
физиологиялық ерекшеліктері 
6.
 
Информатика  кабинетінде  бастауыш  сынып  оқушыларымен 
жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері. 
1-зертханалық  жұмыс  «Бастауыш  мектептегі  информатика 
сабағы» 
Қарастырылатын сұрақтар: 
1.
 
Бастауыш 
сыныптардағы 
информатика 
сабағының 
құрылымы. 
2.
 
Бастауыш  мектептегі  әдістемелік  тәсілдер  («пластилин», 
«қатесін тап» т.с.с.) 
3.
 
Дәптермен жұмыс баспа әріптері бойынша. 
4.
 
Сергіту сәттерін өткізу. 
5.
 
ДК –ді қолданып сабақ өткізуге нұсқаулар . 
6.
 
Сабақтаға ойын  компоненттері (нақты мысал келтіру). 
Таңдаған таңдаған бойынша сабақ жоспарын құрыңыз 
Әдебиеттер: 
1.
 
Босова  Л.Л.  Уроки  информатики  в  5-6  классах:  Методиче-
ское пособие / Л.Л. Босова, А.Ю. Босова. – М.: БИНОМ. Лаборатория 
зна-ний, 2004. – 256 с. 
2.
 
Первин Ю.А. Информатика дома и в школе. Книга для учите-
ля. – Спб.: БХВ-Петербург, 2003. 

 
203 
1-қосымша 
1-схема [26]. Ақпарат және ақпараттық үрдістер бағыты 
 

 
204 
2-схема [26]. Компьютер бағыты  
 

 
205 
3-схема [26]. Формализациялау және модельдеу бағыты  
 

 
206 
4-схема [26]. Алгоритмдеу және бағдарламалау бағыты  
 

 
207 
5-схема [26]. Ақпараттық технологиялар бағыты  
 

 
208 
5.1-схема. 5-схеманың жалғасы 
 

 
209 
5.2-схема. 5-схеманың аяғы 
 

 
210 
Пайдаланылған әдебиет 
1.
 
Беспалько  В.П.  Основы  теории  педагогических  систем.  – 
Воронеж: ВГУ, 1977. – 304 с. 
2.
 
Бидайбеков Е.Ы., Лапчик М.П., Беркімбаев К.М., Сағымбаева 
А.Е.  Информатиканы  оқыту  теориясы  мен  әдістемесіне  кіріспе:  Оқу 
құралы. – Алматы, 2008. – 280 бет. 
3.
 
Бочкин  А.И.  Методика  преподавания  информатики.  — 
Минск: Вышэйшая школа, 1998. 
4.
 
Гейн  А.Г.,  Житомирский  В.Г.  и  др.  Основы  информатики  и 
вычислительной техники. - М.: Просвещение, 1991. 
5.
 
Горячев  А.В.,  Меньшакова  А.В.,  Методика  преподавания 
информатики  в  начальной  школе  (1-4  классы)  на  примере  курса 
«Информатика в примерах и играх». М.: Педагогический университет 
«Первое сентября», 2005, 68 с.  
6.
 
 Гребенюк  О.С.,  Гребенюк  Т.Б.  Теория  обучения:  Учеб.  для 
студ. высш. учеб. заведений. – М.: ВЛАДОС-ПРЕСС, 2003. – 384 с. 
7.
 
Ершов  А.П.  Информатика:  Предмет  и  понятие  // 
Кибернетика. Становление информатики. – М.: Наука, 1986. 
8.
 
Ершов А.П. Школьная информатика в СССР:  от грамотности 
к культуре //ИНФО. -1987. - №6. 
9.
 
Ершов  А.П.,  Звенигородский  Г.А.,  Первин  Ю.А  Школьная 
информатика (концепции, состояние, перспективы). Препринт ВЦ СО 
АН СССР №152. - Новосибирск, 1979,51 с. 
10.
 
 Ершов  А.П.,  Звенигородский  Г.А.,  Первин  Ю.А.  Школьная 
информатика (концепции, состояния, перспективы) // ИНФО, 1995, № 
1, С. 3. 
11.
 
Ефимова О.В.,  Шафрин  Ю.А. Практикум   по компьютерной 
технологии. - М.: АБФ, 1997. 
12.
 
Завельский  Ю.В.  "  Как  подготовить  современный  урок"  . 
Журнал "Завуч" № 4, 2000 г. 
13.
 
Загвязинский В.И. Теория обучения: Современная интерпре-
тация. – М.: Академия, 2001. – 192 с.  
14.
 
Златопольский Д.М. Интеллектуальные игры в информатике. 
БХВ-Петербург, 2004 г. – 390 с. 
15.
 
 Изучение  основ  информатики  и  вычислительной техники.  II 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет