Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата03.03.2017
өлшемі4,27 Mb.
#5945
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
Т.Қ. Қойбағарова, Р.А. Ельтинова 
 
 
 
 
 
 
 
 
Информатиканы  
оқыту әдістемесі 
 
II-бөлім 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ПАВЛОДАР 

 

            УДК  004:378(075.8) 
ББК  74.263.2я7  
Қ 59 
 
 
Оқу  құралы  ПМПИ  Ғылыми  кеңесінің  2012  жылғы  23  мамырдағы  
шешімімен (№10 хаттама) ұсынылды 
 
 
Пікір жазғандар:  
Ж.Қ.  Нурбекова  –  Халықаралық  Ақпараттандыру  Академиясының 
академигі,  Қазақстан  Республикасының  педагогикалық  ғылым  академиясының 
академигі,  педагогика ғылымының докторы, профессор 
А.Ж. Асамбаев – техника ғылымының кандидаты, доцент 
 
 
Қ 59
     
Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. 
Информатиканы  оқыту  әдістемесі:  Оқу  құралы.  І-ІІ-бөлім.  ІІ-бөлім.- 
Павлодар: ПМПИ, 2013. – 214 бет.  
 
 
ISBN  978-601-267-196-4 
 
Бұл  құралда  информатиканы  оқытудың  жалпы  және  нақты  әдістемелері 
қамтылған. 
Информатиканы 
оқытудың 
жалпы 
әдістемесі 
І-бөлімде: 
информатиканы  оқыту  әдістемесі  пәнінің  қалыптасуы,  информатиканы  оқыту  
жүйесі, формалары мен әдістері, қазіргі сабағы, оның  ерекшеліктері, құрылымы, 
қойылатын  талаптары  анықталып,  пән  бойынша  білімді  бақылау,  тексеру  және 
бағалау  әдістемесі  және  сыныптан  тыс  жұмыстың  дидактикалық  негіздері 
баяндалған.  Оған  қоса:  информатика  кабинетінің  жұмысын  ұйымдастырудың 
әдістемелік шарттары, санитариялық-гигиеналық талаптар, информатиканы оқыту 
құралдары,  жас  маманға  әдістемелік  нұсқаулар  қарастырылған.  ІІ-бөлімде 
информатика  базалық  курсының  дәстүрлі  мазмұндық  сызықтары  бойынша 
оқытудың  нақты  әдістемелері  толық  сипатталған.  Пропедевтикалық  курстың 
оқыту әдістемесінің мәселелері анықталған.  
Оқу  құралы  педагогикалық  жоғарғы  оқу  орындарының  «Информатика» 
мамандығында  оқитын  студенттерге,  информатика  мұғалімдеріне,  әдіскерлерге  
және білімді ақпараттандыру мәселелерімен айналысатын мамандарға  арналған. 
 
 
 
ББК  74.263.2я7  
ISBN 978-601-267-196-4 
 
 
© Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. 2013. 
© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2013. 

 

МАЗМҰНЫ 
КІРІСПЕ .................................................................................................... 5 
2-БӨЛІМ. ИНФОРМАТИКАНЫ НАҚТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ...... 7 
1-ТАРАУ. 
АҚПАРАТ 
ЖӘНЕ 
АҚПАРАТТЫҚ 
ПРОЦЕСТЕР  
СЫЗЫҒЫ .................................................................................................. 7 
1.1.
 
Ж
АЛПЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
 ................................................... 7 
1.2.
 
А
ҚПАРАТ ҰҒЫМЫН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
 ....................................... 9 
1.3.
 
А
ҚПАРАТТЫ ӨЛШЕУДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЖОЛЫ
 .................................. 13 
1.4.
 
А
ҚПАРАТТЫ ӨЛШЕУДІҢ АЛФАВИТТІК ЖОЛЫ
 ................................... 16 
1.5.
 
А
ҚПАРАТТЫ САҚТАУ ПРОЦЕСІ
 ........................................................ 18 
1.6.
 
А
ҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ ПРОЦЕСІ
 .......................................................... 19 
1.7.
 
А
ҚПАРАТТЫ ТАСЫМАЛДАУ ПРОЦЕСІ
 .............................................. 21 
1.8.
 
З
ЕРТХАНАЛЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
 .............................. 24 
2-ТАРАУ. АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУ СЫЗЫҒЫ ..................................... 27 
2.1.
 
И
НФОРМАТИКАДАҒЫ ТІЛ ҰҒЫМЫНЫҢ ОРНЫ ЖӘНЕ РӨЛІ
 ................. 27 
2.2.
 
И
НФОРМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ ФОРМАЛДЫ ТІЛДЕР
 .......................... 28 
2.3.
 
С
АНДАРДЫ ҰСЫНУ ТІЛДЕРІ
:
 САНАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
 ................................ 30 
2.4.
 
Л
ОГИКА ТІЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАЗАЛЫҚ КУРСТАҒЫ ОРНЫ
 ..................... 36 
2.5.
 
З
ЕРТХАНАЛЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
 .............................. 43 
3-ТАРАУ. КОМПЬЮТЕР СЫЗЫҒЫ .................................................... 46 
3.1.
 
К
ОМПЬЮТЕРДЕ ӘР ТИПТІ ДЕРЕКТЕРДІ ҰСЫНУ
.................................. 46 
3.2.
 
ЭЕМ
 АРХИТЕКТУРАСЫ ҰҒЫМЫН АШУ ӘДІСТЕМЕСІ
 ........................ 55 
3.3.
 
ЭЕМ
  БАҒДАРЛАМАЛЫҚ  ҚАМСЫЗДАНДЫРУ  ЖӨНІНДЕ  ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ҰҒЫМЫН КЕҢЕЙТУ
 ................................................................................ 64 
3.4.
 
З
ЕРТХАНАЛЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
 .............................. 70 
4-ТАРАУ.  ФОРМАЛИЗАЦИЯЛАУ    ЖӘНЕ  МОДЕЛЬДЕУ  СЫЗЫҒЫ
 ................................................................................................................. 73 
4.1.
 
А
ҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДЕУ СЫЗЫҒЫН ҚАРАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
 ....... 73 
4.2.
 
Ж
ҮЙЕЛІК ТАЛДАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚАРАСТЫРУ
 ............................... 78 
4.3.
 
К
ОМПЬЮТЕРЛІК МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ
 ............................. 80 
4.4.
 
Ү
ЗДІКСІЗ ПРОЦЕСТЕРДІ ДИСКРЕТТЕНДІРУ ӘДІСІ
 ............................... 83 
4.4.
 
З
ЕРТХАНАЛЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
 .............................. 84 
5-ТАРАУ. АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ СЫЗЫҒЫ 87 
5.1.
 
А
ЛГОРИТМ ҰҒЫМЫН ЕНГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
 ........................................ 87 
5.2.
 
Ш
АМА ҰҒЫМЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 ............ 91 
5.3.
 
Б
АҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІН ОҚУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
 .......... 98 
5.4.
 
Б
АҒДАРЛАМАЛАУ ЖҮЙЕСІН ҮЙРЕНУ ӘДІСТЕМЕСІ
.......................... 104 

 

5.5.
 
З
ЕРТХАНАЛЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
 ............................ 106 
6-ТАРАУ. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЫЗЫҒЫ ............. 109 
6.1.
 
М
ӘТІНДІК АҚПАРАТПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
 ............ 110 
6.2.
 
Г
РАФИКАЛЫҚ АҚПАРАТПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
 ...... 122 
6.3.
 
С
АНДЫҚ  АҚПАРАТТЫ  ӨҢДЕУ  ТЕХНОЛОГИЯСЫ
.
 
Э
ЛЕКТРОНДЫҚ 
КЕСТЕЛЕР
 ............................................................................................ 128 
6.4.
 
Д
ЕРЕКТЕР ҚОРЫ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
 ............................. 142 
6.5.
 
Ж
ЕЛІЛІЛІК АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
 ................................... 151 
6.6.
 
З
ЕРТХАНАЛЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
 ............................ 170 
7-ТАРАУ.  ИНФОРМАТИКАНЫҢ  ПРОПЕДЕВТИКАЛЫҚ  КУРСЫН 
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ........................................................................ 180 
7.1.
 
И
НФОРМАТИКАНЫ  БАСТАУЫШ  СЫНЫПТАН  БАСТАП  ЕНГІЗУДІҢ  АЛҒЫ 
ШАРТТАРЫ
 .......................................................................................... 180 
7.2.
 
П
РОПЕДЕВТИҚАЛЫҚ КУРСТЫҢ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ
 ............................. 182 
7.2.1. 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесінің бағыттары.. 183 
7.3.
 
Б
АСТАУЫШ  МЕКТЕПТЕ  ИНФОРМАТИКАНЫҢ  ПРОПЕДЕВТИКАЛЫҚ 
КУРСЫН  ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
 ................................ 185 
7.4.
 
Б
АСТАУЫШ  МЕКТЕПТЕ  ИНФОРМАТИКАНЫҢ  МАЗМҰНДЫҚ  ҚҰРАМДАС 
БӨЛІКТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ҮРДІСІ
 ........................................................ 188 
7.5.
 
Б
АСТАУЫШ  МЕКТЕП  ОҚУШЫЛАРЫНА  ИНФОРМАТИКАНЫ  ОҚЫТУДЫ  
ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
..................................................................... 190 
7.5.1.  Бастауыш  сынып  информатикасын  оқытудағы  ақпараттық 
технологиялардың рөлі ................................................................. 195 
7.5.2. 
Компьютерлік 
оқыту 
бағдарламаларын 
қолдану  
әдістемесі ....................................................................................... 198 
7.6.
 
Б
АСТАУЫШ 
МЕКТЕПТЕ 
КОМПЬЮТЕРДІ 
ҚОЛДАНУДЫҢ 
САНИТАРИЯЛЫҚ
-
ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ
 ........................................ 200 
7.6.
 
З
ЕРТХАНАЛЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
 ............................ 202 
1-ҚОСЫМША ...................................................................................... 203 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ........................................................ 210 
 

 

КІРІСПЕ 
«Информатиканы  оқытудың  теориясы  мен  әдістемесі»  курсы 
болашақ  информатика  мұғалімдерін  кәсіптік  дайындаудың  маңызды 
компоненті  және  «5В011100  –  информатика»  мамандығы  бойынша 
Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім 
стандартының жоғары кәсіптік білім беру пәндерінің құрамдас бөлігі 
болып табылады.  
Оқу құралының мазмұны әдістемелік курстар үшін дәстүрлі  екі 
–  жалпы  және  нақты  (немесе  дербес)  оқыту  әдістемесі  бөлімдерінен 
құралады.  Сондықтан  информатиканы  оқытудың  жалпы  және  нақты 
оқыту әдістемелері бойынша, әр бөлім жеке кітап болып шықты.  
Құралдың  бірінші  бөлімі  информатиканы  оқытудың  жалпы 
әдістемесі мәселелерін ашатын алты тарауды құрады. Бірінші тарауда 
информатиканы  оқыту  әдістемесі  пәнінің    педагогикалық  ғылым 
ретінде  қалыптасуы,  информатиканы  оқытудың  әдістемелік  жүйесі, 
оқыту мақсаттары баяндалды. Екінші тарау информатиканы оқытуды 
ұйымдастыру  мәселелеріне  бағытталды.  Информатиканы  оқыту 
формалары  мен  әдістері,  информатиканың  қазіргі  сабағы,  сабақтың 
ерекшеліктері, үшбірлік мақсаты, құрылымы анықталып, тақырыптық 
және  жеке  сабақты  жобалау  әдістемелік  мәселелері  сипатталды. 
Информатика  пәні  бойынша  білімді  бақылау,  тексеру  және 
бағалаудың  әдістемелік  жүйесі,  үшінші  тарауда  баяндалды.  Төртінші 
тарау  информатика  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстың 
әдістемесіне  және  дидактикалық  негіздеріне  арналды.  Информатика 
кабинетінің  қызметі,  жұмыс  істеу    шарттары,  оған  қойылатын 
санитариялық-гигиеналық  талаптары  бесінші  тарауда  қарастырылды. 
Алтыншы  тарауда  жас  маманға  арналған  әдістемелік  нұсқаулар 
сипатталды.  Сонымен  қатар  әр  тараудың  аяғында  өткізілетін 
семинар/практикалық  сабақтардың  мақсаты  анықталып,  ұсыныстар 
берілді.   
Оқу  құралының  екінші  бөлімі  информатиканы  нақты  оқыту 
әдістемесін  жеткілікті  қарастыруға  бағытталды.  Информатиканың 
базалық  курсының  стандарт  бойынша  бекітілген  мазмұндық 
сызықтарын  оқыту  әдістемелері  жүйелі  түрде  қамтылды.  Ақпарат 
және  ақпараттық  процестері,  ақпаратты  ұсыну,  компьютер  бағыты, 
формализациялау  және  модельдеу,  алгоритмдеу  және  бағдарламалау, 
ақпараттық  технологиялар  мазмұндық  сызықтарын  оқытудың  нақты 
әдістемелері  толық  қарастырылып  сипатталды.  Информатиканың 
пропедевтикалық  курсын  оқыту  әдістемесі  баяндалды.  Әр  тараудың 
мазмұндық бағытына сәйкес зертханалық сабақтарды өткізуге кеңінен 

 

жеткілікті  әртүрлі  жаттықтыру  тапсырмалары  берілді.  1-қосымшада 
базалық  курстың  мазмұндық  сызықтары  бойынша  логикалы  түрде 
құрылымданған сызбалар бейнеленді.  
Авторлар:  Т.Қ.  Қойбағарова  бірінші  кітаптың  төрт  (1,  2,  5,  6), 
екінші кітаптың алты (1-6) тарауларын жазды, кітаптардың мазмұнын 
жүйелеп  құрылымдады.  Р.А.  Ельтинова  бірінші  кітаптың  екі  (3,  4), 
екінші  кітаптың  7-тарауын  жазды,  аударма  жұмысының  аумақты 
көлемін орындады.  
Оқу  құралы  педагогикалық  жоғарғы  оқу  орындарының 
«Информатика»  мамандығында  оқитын  студенттерге,  информатика 
мұғалімдеріне,  әдіскерлерге  және  оқу-ағарту  мамандарының  білімін 
жетілдіру саласында жұмыс жасайтын мамандарға арналған.  
 
 

 

2-БӨЛІМ. 
ИНФОРМАТИКАНЫ 
НАҚТЫ 
ОҚЫТУ 
ӘДІСТЕМЕСІ 
1-тарау. Ақпарат және ақпараттық процестер сызығы 
1.1. Жалпы әдістемелік нұсқаулар  
Информатика  пәні  мұғалімінің  әдістемелік  шеберлігі  сабақтағы 
күнделікті  әбігерлікпен,  ұйымдастырушылық  және  техникалық 
мәселелерді шешумен жалпыға бірдей білім беретін, дамытатын және 
прагматикалық  сынды  пәнді  оқытудың  басты  мақсаттарын  жоғалтып 
алмауға  бағытталуы  тиіс.  Бұл  міндеттерді  шешуге  төмендегі 
ұсынымдар көмектесуі керек. 
1.
 
Ақпарат  –  курстың  орталық  түсінігі.  Ақпарат  түсінігі  – 
бүкіл  курстың  негізі.  Мұны  мұғалім  кез  келген  тақырыпты 
баяндағанда  ойынан  шығармауы  тиіс.  Әрбір  бөлім  –  ақпарат  пен 
ақпараттық  үрдістер  (ЭЕМ  –  ақпаратпен  жұмыс  істейтін  әмбебап 
құрал, алгоритм – басқарушы ақпарат) туралы әңгіме. 
2.
 
Жүйелілік  ұстанымы  (принципі).  Пәнді  оқу  барысында 
оқушылардың  санасында  өзара  тығыз  байланысқан  білім  жүйесі 
қалыптасады.  Курстың  логикасы  оның  құрылымында  да,  жеке 
бөлімдердің  мазмұнында  да  байқалуы  тиіс.  Оқушылар  әр  бөлімнің 
қажеттілігі  мен  курстың  жалпы  құрылымында  алатын  оның  орнын 
түсіну керек, жеке тақырыптар «ағаштарынан» пәннің білім жүйесінің 
«орманын» көру керек. 
3.
 
Курстың  іргелі  және  прагматикалық  құрамдастарын 
игерудегі параллельдік принципі. Курстың іргелі (жалпы білім беретін) 
және  прагматикалық  (технологиялық)  құрамдас  бөліктері  қатар 
(параллельді)  жүруі  тиіс.  Әртүрлі  бөлімдерде  олардың  арақатынасы 
әртүрлі.  АТ-мен  байланысты  бөлімдерде  де  міндетті  түрде  іргелі 
құрамдас бөлігі болады. Базалық курс үшін ол бірінші ретте. 
4.
 
Орындаушы принципі. ЭЕМ қосымшаларына қатысты барлық 
тақырыптарда: 
«ЭЕМ 

қолданбалы 
БҚ 
(бағдарламалық 
қамсыздандыру)  =  ақпаратпен  белгілі  бір  жұмысты  орындаушы» 
әдістемелік  тұжырымдамасы  жүзеге  асады.  Мұнда  орта,  жұмыс 
режімі,  бұйрықтар  жүйесі,  деректер  (өңделетін  ақпарат)  сияқты 
құрамдастармен сипатталатын орындаушының архитектурасы туралы 
сөз етуге болады. 
5.
 
Өзін-өзі  оқыту  әдістемесін  меңгеру  принципі.  Информатика 
мен  компьютерлік  технологиялар  –  жылдам  дамып  келе  жатқан 
салалар.  Сондықтан  қызметі  компьютермен  байланысты  адамға 
әрдайым өзбетімен білімін көтеріп отыруға  тура келеді. Материалды 
баяндаудың  әдістемелік  реттілігі  (әсіресе  АТ  арналған  бөлімдерде) 

 

осы  пәнде  оқушыларға  өзін-өзі  оқытуды  ұйымдастыру  жүйесін 
беретіндей 
болу 
керек. 
Қосымша 
анықтама 
әдебиеттерін 
оқушылардың өз бетімен қолдана білуіне үйрету керек. 
6.
 
Тарихилық 
принципі. 
Оқушылар 
міндетті 
түрде 
информатиканың  тарихымен  танысу  керек,  онымен  байланысты 
негізгі  атауларды  білуі  тиіс.  Тарихи  арқауды  білу  оқушының 
санасында  оқылатын  пән  туралы  біртұтас  көзқарас  қалыптастыруға, 
оны  қоғамның  даму  тарихы  мәнмәтінінде  қарастыруға  көмектеседі. 
Мектептің бір де бір пәні «тұлғалар мен оқиғаларсыз» болмауы тиіс.   
Базалық  курсты  оқыту  әдістемесін  қарастыра  отырып,  білім 
стандартының  құрылымына  көңіл  бөлуіміз  керек.  Сондықтан  жалпы 
білім 
беру 
стандартының 
құрылымына 
сәйкестіріп 
және   
М.П.  Лапчиктің  еңбегіне  [26]  сүйене  отырып  баяндайтын  боламыз. 
Информатиканы  оқыту  әдістемесінің  мазмұндық  сызықтарын  
1.1-суретте анықталған ретпен қарастырамыз. 
1.1-сурет. Базалық курстың мазмұндық сызықтары  
Мазмұндық «Ақпарат  және ақпараттық процестер» бағытының 
білім  жүйесі  –  граф  түрінде  1-схемада  анықталған  (1-қосымшаны 
қараңыз)  [26,589-бет].  Бұл  схемада  «Ақпарат    және  ақпараттық 
процестер»  және  «Ақпаратты  ұсыну»  бағыттарының  құрылымдары 
біріктірген.  Екеуін  «Ақпарат»  атты  кіріктірілген  мазмұндық  сызық 
ретінде  қарастыру  қажет.  Ақпарат  бағыты  базалық  курстың  бүкіл 
мазмұнын  қамтиды,  себебі  ол  курстың  орталық  ұғымы  болып 
табылады.  Базалық  курстың  кез  келген  тақырыбында  ақпараттық 
Информатиканың 
базалық 
курсының 
мазмұндық сызықтары 
Ақпарат 
және 
ақпараттық 
процесстер 
мазмұндық сызығы 
Ақпаратты ұсыну мазмұндық сызығы 
 
Компьютер  мазмұндық сызығы 
 
Формализациялау және  модельдеу мазмұндық 
сызығы 
 
Алгоритмдеу  және  бағдарламалау  мазмұндық 
сызығы 
 
Ақпараттық 
 
технологиялар 
мазмұндық 
сызығы 
 

 

процестерді  және  ақпаратты  түрлі  әдістермен  ұсыну  жөнінде 
айтылады.  Сондықтан  1-схемада  пәннің  жалпы  ұғымдарының 
құрылымдары ұсынылған. 
Бұл мазмұндық бағыттың қарастыратын басты сұрақтары: 

 
ақпаратты анықтау; 

 
ақпаратты өлшеу;  

 
ақпаратты сақтау; 

 
ақпаратты тасымалдау; 

 
ақпаратты өңдеу. 
Бұл бағыт бойынша қойылатын негізгі мақсаттар: 
-
 
«ақпарат»  ұғымынының  мәнін  –  адам  өмірі  және 
әрекеттерінің негізінде анықтау; 
-
 
«ақпараттық  үрдістер»  ұғымын  енгізу  және  олардың  үш 
түрін: сақтаутасымалдау және өңдеу үрдістерін көрсету; 
-
 
ақпараттық үрдістерде тілдердің атқарушы рөлін ашу. 
1.2. Ақпарат ұғымын анықтау мәселелері  
Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар 
Қарастырылатын сұрақтар: 

 
ақпарат адам үшін не болып табылады; 

 
білімді  саралау  мәселесі,  декларативті  және  процедуралық 
білім (ақпарат); 

 
ақпаратқа кибернетикалық  тұрғыдан қарау; 

 
ақпаратты қабылдау кезінде адамның сезім мүшелерінің рөлі. 
1.  Ақпарат ұғымын субъективті тұрғыдан анықтау 
Ақпарат – ғылымның іргелі ұғымы, сондықтан оны қандайда бір  
қарапайым ұғымдар арқылы жеткілікті анықтау мүмкін емес. Базалық 
курста ақпарат ұғымын– субьективті және кибернетикалық тұрғыдан 
анықтау әдісі қарастырылады.  
Субъективті  тұрғыдан  қарау    ақпарат  ұғымын  адамның 
өмірінде  және  іс  әрекетінде  атқаратын  рөліне  байланысты  анықтау. 
Әдетте  «ақпарат»  сөзін  бір  хабардың  мағынасы,  маңыздылығымен 
байланыстырамыз.  Осы  жағынан  алғанда,  телеграмма  берушінің 
келетін  күні  бізге  белгілі  болса,  онда  оны  хабарлайтын  телеграмма 
ешқандай  да  ақпарат  бермейді.  Алайда,  мағына  мен  маңыздылық 
адамға байланысты, субьективті ұғымдар.  
Субъективті  тұрғыдан  ақпарат  ұғымын  ашқанда,  балалардың 
ақпарат  жөніндегі  интуитивті  ішкі  ойларына  сүйену  қажет.  Әңгімені 
негізінен  балалар  жауап  бере  алатын  сұрақ  қоя  отырып,  диалог 
түрінде жүргізген дұрыс.  

 
10 
Ақпарат 
– 
информатикадағы 
алғашқы, 
анықтамасы 
берілмейтін  ұғым.  Сондықтан  оқушылардан  бірден  ақпараттың 
анықтамасын  талап  ету  дұрыс  емес.  Бұл  ұғымға  оқушыларды  сұрақ 
қою  арқылы  жеткізу  керек.  Мысалы,  сұрақтарды  қою  ретін  мына 
түрде құруға болады: 
– Ақпаратты қайдан алуға болады? 
Мына жауапты сөзсіз естуіңіз мұмкін: 
– Теледидардан, радиодан, кітаптан. 
Содан  соң,  бүгін  алған  ақпараттан  мысал  келтіруін  өтініңіз. 
Мысалы, оқушылардың біреуі былай жауап беруі мүмкін: 
–Таңертең радиодан ауа райын естідім. 
Кейін мұғалім оқушыларды мынадай қорытындыға әкеледі: 
–  Яғни,  сен  ауа  райының  қандай  болатынын  білген  жоқсың, 
бірақ радиодан естіген соң білдің! Сондықтан ақпаратты қабылдап, 
сен жаңа білім алдың. 
Сонымен,  мұғалім  оқушылармен  бірге  ақпараттың  мына 
анықтамасын  алады:  адам  үшін  ақпарат  –  әртүрлі    ақпарат  тара-
туші  көздерінен  алатын  білім.  Бұдан  кейін  балаларға  түсінікті 
мысалдар келтіріп, бұл анықтаманы бекіту қажет.  
Ақпарат  анықтамасын  адамдардың  білімі  деп  қабылдаған  соң, 
өзінен-өзі  –  біздің  жадымызда  сақталған  білімнің  мағынасы  деген 
қорытынды туындайды. Себебі адамның жады –  ақпаратты сақтайтын 
құрал.  Яғни,  адамның  жадында  сақталған  ақпаратты,  ішкі,  жедел 
ақпарат деп атауға болады.  Әйтсе де, адамдар ақпаратты өз жадында 
сақтап  қана  қоймай,  жазба  түрінде  қағазда,  магниттік  тасымалдауы-
штарда,  т.б.  сақтайды.  Мұндай  ақпаратты  сыртқы  (адам тұрғысынан 
қарағанда) деп атауға болады.  
2. Адам білімін саралау мәселелері  
Сонымен,  сөз  адамның  білімін  саралау  мәселесіне  ауысты. 
Білімді  саралау  -  өте  күрделі  мәселелердің  бірі.  Бұл  мәселемен  
«Жасанды  интелект»  ғылымы  айналысады.  Оның  басты  мақсаты  – 
адамның білімін саралау және модельдеу болып табылады. 
Информатиканың  базалық  курсы  шеңберінде  білімді  – 
декларативті  (баламасы  –  мәлімдемелік)  және  процедуралық 
(баламасы – орындау тәртібі) деп бөлуімен шектелсе жеткілікті.  
Декларативті  білімнің  сипаттамасын  мынадай  сөздерден 
бастауға болады: «Мен не екенін білемен» (орысш. – «Я знаю, что...»). 
Ал, процедуралық білімнің сипаттамасын мынадай сөздерден бастауға 
болады:  «Мен қалай  орындауды  білемін» (орысш. –  «Я знаю, как...»). 
Мұнда,  осы  сипаттама  негізінде,  оқушылар  білімнің  екі  түріне  де 
мысалдарды сенімді келтіре білуін талап ету қажет.  

 
11 
Келешекте  оқушыларды  компьютердің  жұмысымен  және 
құрылғыларымен таныстыру үшін білімді осылай бөлінуін  алдын ала 
(проподевтикалық)  талдап  алу  өте  қажет  екенін  мұғалім  жақсы 
түсінуге тиіс.  
Компьютерде  адамға  ұқсас  ішкі  –  жедел  және  сыртқы  –  ұзақ 
уақытты  жады  болады.  Компьютердегі  ақпарат  туралы  сөз 
қозғалғанда  оқушылар  ондағы  барлық  ақпаратты  –  деректер  және 
бағдарламалар деп екіге бөлінетінін білетін болады. Яғни, деректер – 
декларативті,  ал  бағдарламалар  –  процедуралық  ақпаратқа 
жатқызылады.  
Компьютермен  адамның  ақпараттық  қызметі  арасындағы 
ұқсастықты,  дидактикалық  тәсілмен  салыстыру,  оқушыларға  ЭЕТ- 
ның жұмысы мен мағынасы тиімдірек жеткізіледі. 
3. Ақпарат ұғымын кибернетикалық тұрғыдан анықтау  
Информатика және кибернетика бір-бірімен тығыз байланысты. 
Кибернетиканың  негізін  1940-жылдардың  аяғында  америка  ғалымы 
Норберт Винер қалады. Қазіргі информатика пәнінің пайда болуында 
кибернетиканың  рөлі  орасан  зор  болғанымен,  бүгінгі  күні 
кибернетика информатиканың бір саласы ретінде қарастырылады.  
Кибернетика  күрделі  машиналар,  тірі  ағзалар,  қоғамдық 
жүйелермен  жұмыс  істеуге  қолайлы.  Бірақ  ол  олардың  ішкі 
механизмін  түсінуге  ұмтылмайды.  Оның  қарастыратыны  –  жүйелер 
немесе  олардың  компоненттері  арасынағы  арақатынастар  болып 
табылады. Сондықтан кибернетиканы – тірі және жансыз жүйелерде 
басқару  процестерінің  жалпы  қасиеттерін  зерттейтін  ғылым  деп 
анықтайды.  
Күрделі  жүйелерді  сипаттауда  кибернетикада  «қара  жәшік»  
моделі  қолданылады.  «Қара  жәшік»  және  «кибернетикалық  жүйе» 
терминдерін  синонимдер  ретінде  қарастыруға  болады.  «Қара 
жәшіктің» басты сипаттамасы – кіретін және шығатын ақпарат.  
Осындай  екі  қара  жәшікті  алып  қарастыратын  болсақ,  олардың 
арасындағы арақатынас ақпаратты алмастыру арқылы жүзеге асады. 
Кибернетикалық  жүйелер  арасындағы  ақпарат  кейбір  тізбекті 
сигналдар түрінде тасылады.  
Ақпараттық  алмасу  барлық  жерде,  жан-жақта  –  адамдар
жануарлар,  бірлесіп  жұмыс  жасайтын  техникалық  құрылғылар, 
адамдар  мен  техникалық  құрылғылар,  т.с.с.  арасында  жүріп  жатады. 
Осы  жағдайлардың  бәрінде  ақпараттың  табиғаты  әртүрлі  : 
акустикалық,  жарықтық,  графикалық,  электрлік,  т.б.  сигналдар 
тізбектерімен жіберіледі.  

 
12 
Сонымен,  кибернетикалық  тұрғыдан  қарастырғанда:  ақпарат 
кейбір  алфавиттің  символдарынан  (сигналдардан)  тұратын 
тізбек.  Ақпарат  үғымын  дәл  осы  тұрғыдан  қарастыру  ақпаратты 
компьютерде  өңдеуге  мүмкіндік  береді.  Ендеше,  ақпараттық 
процестердің  үш  формаларының  бәрі  (сақтау,  тасымалдау,  өңдеу) 
символдармен жұмыс жасауға әкеледі екен. 
4. Ақпаратты қабылдауда  адамның сезім мүшелерінің рөлі 
Қоршаған  ортадан  адамның  ақпаратты  түйсіну  проблемасын 
талдағанда адам көптеген түйсік каналдарға ие екенін, солар арқылы 
оның  миына  (жады)  ақпараттың  түсетінін,  оқушылардың    назарын 
аудару  қажет.  Бұл  каналдар  –  біздің  сезім  мүшелеріміз.  Олар  бесеу: 
көруесту, дәм, иіс және сезу. Алғашқы екуінің, яғни көру және есту 
түйсіктерінің  рөлі  айқын  болса,  қалғандары  түсіндіруді  талап  етеді. 
Біз  есімізде  таныс  заттардың  иістерін,  таныс  тағамның  дәмдерін 
сақтаймыз.  Сипалау  арқылы  кейбір  заттарды  танимыз.  Есімізде  бар 
нәрсе – біздің жадымызда сақталып тұрады. Яғни, ол біздің біліміміз
сондықтан – ақпарат болып табылады. 
Ақпарат  қандай  процестерге  қатысады,  мұндай  процестерде  ол 
қандай  өзгерістерге  ұшырайды?  Біздің  әрқайсымыз  ақпаратты 
жинауға,  сақтауға,  тасымалдауға,  өңдеуге  және  пайдалануға 
болатынын  естідік.  Жүріп  келе  жатқан    жолымызға  қарап,  біз  көру 
мүшеміз  арқылы  ақпарат  жинаймыз.  Көздің  нерв  талшықтарында 
ақпарат  өте  күрделі  түрлендіруден  өтіп  мидың  көру  бөліктеріне 
беріледі.  Бұл  жерде  ол  одан  әрі  өңделеді  де,  өңделудің  нәтижесі 
бірден  пайдаланылады:  біздің  бұлшық  еттерімізге    сигналдар  
(ақпарат)  келіп  жетеді,  сондықтан  біз  шалшық  суларды  айналып,  ал 
тастардан аттап өтеміз. 
Біздің организмдегі ақпарат жинау мен өңдеу жүйесінің тағы бір 
жүйесі  –  жылу  реттеу  жүйесі.  Біздің  терімізде  300  мыңға  жуық 
сезімтал  клеткалар  бар,  олар  дененің  температурасы  туралы  ақпарат 
жинайды.  Жиналған  ақпарат  мидың  белгілі  бір  бөліктерінде:  атап 
айтқанда,  жылу  қайтару  орталықтарына  (денені  суытуды 
басқаратын)  және  жылу  өндіру  орталығына  (денені  жылытуды 
басқаратын)  беріледі.  Бұл  орталықтарда  ақпарат  өңделеді  де,  қажетті 
жағдайларда,  мысалы  жылыту  керек  болса,  тамырларға  қан  үдемелі 
түрде  жіберіледі,  ал  суыту  керек  болса,  тер  шығару  процесі 
күшейтіледі.  Егер  жылу  шығару  орталықтарына  «жалған  ақпарат» 
жіберілсе  (мысалы,  оларды  электр  тоғымен  тітіркендіріп),  онда  олар 
денені  өте  қатты  қыздырып,  өлу  температурасына  дейін  жеткізуі 
мүмкін. 

 
13 
Адамзаттың  қолымен  жасалған  әр  алуан  құрылғылар  мен 
жүйелердің әрқайсысында қандай да бір дәрежеде ақпарат жинау мен 
өңдеу жүргізіледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет