Т. Омарбеков Алматы қ., Қазақстан



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата05.02.2022
өлшемі219,74 Kb.
#24873
  1   2   3   4   5
Байланысты:
akseleu-tarakty



 

 

 



http://www.enu.kz

 

Т. Омарбеков 



Алматы қ., Қазақстан 

 

АҚСЕЛЕУ ЖӘНЕ ТАРАҚТЫ ТАЙПАСЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІ 

http://www.enu.kz

 

 

Қазақ  тарихында  құписын  ішіне  бүгіп  жатқан  рулар  мен  тайпалар  тарихы  кӛптеп 

кездеседі.  Солардың  бірі  және  бірегейі  Тарақты  тайпасы.  Тарақтылардың  12  атасының 

басты-басты  бұтақтарын  анықтауға  белгілі  жазушы,  ғалым-этнограф  Ақселеу 

Сейдімбектің  жеке  қорында  жинақталған  материалдар  кӛп  кӛмек  кӛрсетті

1

.  Тарақты 



тарихына  байланысты  оқырманға  ұсынылып  отырған  осы  еңбектің  ғылыми  бағытын 

нақтылай  түсуде  де  ӛзі  Тарақты  тайпасынан  шыққан  қазақ  рулары  тарихын  зерттеудің 

білгірі  А.Сейдімбек қолғабысын  аянып  қалған  жоқ.  Әсіресе,  ғалымның  Байғозы  батырға 

байланысты  жүйеге  түсірілген  деректері  біздің  Тарақты  тарихын зерттеу  барысында  бұл 

мәселеге арнайы кӛңіл бӛлуімізге ықпалын тигізді.  

Тарақты  шежіресін  бұрынғы  зерттеушілерге  қарағанда  әлдеқайда  арнайы 

тиянақтаған  шежіреші  Шахзада  қажы  Махамбетов  болып  табылады

2

.  Бұл  кісінің  еңбегін 



Ақселеу  Сейдімбек  былай  деп  бағалапты:  “Тарақты  Шахзада  қажының  ел  шежіресіне 

ертеден ден қойып жүретінін жақсы білемін.  

Шежіре  түзу,  ел  ішінің  ғибраты  мен  мол  қасиетіне  шын  ықылас  қою  үлкен 

ыждахаттылық пен табанды еңбекті қажет ететін қиын жұмыс.  

Шахзада  қажының  осындай  қажырлы  еңбегінің  арқасында  Тарақты  руының  біраз 

аталары айғақталып, олардың құрылымы сараланып, мол мағлұмат жинақталған.  

Мұндай  еңбек  қазақ  тарихына  қатысты  еңбекке  сеп  болумен  қатар  ұрпақ  жадын 

жаңғыртып, оларды рухтандыра түсуге де жәрдемдесетініне шәк жоқ”

3

. Шындығында да, 



бұл  еңбекте  автор  Тарақты  аталарының  шежірелерін  біршама  жақсы  білетін  жекелеген 

кісілерден  алынған  деректерді  жүйелеп,  тұңғыш  рет  Тарақтының  12  атасының  басым 

кӛпшілігінің  шежірелік  түзілімін  жасап  шыққан.  Әзірше  осы  тұрғыдан  алғанда  бұл 

еңбекке балама боларлықтай шежірелік жинақ жарық кӛре қойған жоқ. 

Тарақтылардың Орта жүзге ру болып табылатындығы туралы ел арасында таралған 

аңыз-әңгімелерді  Г.Н.Потаниннің  “Казак-киргизские  и  алтайские  предания,  легенды  и 

сказки”  атты  еңбегінен  табамыз.  Мұнда  Тарақтылардың  Орта  жүзге  кіру  тарихы  және 

шежіре бастаулары туралы деректер баршылық

4

.  


Қазақ шежіресі бойынша Тарақты Орта жүзде “ноқта аға” және арғынның жиені болып 

есептелінеді. Бұл әрине, кейінгі қазақ шежіресінде қалыптасқан тарихи мәліметтер. Ал 

Тарақтының шығу тегі және оның қалыптасу тарихы мүлде басқаша болуы мүмкін. 

Ӛкінішке орай, шежіреден басқа Тарақтының шығу тегі туралы тарихи мәліметтер 

сақталмаған. Сондықтан да Тарақты тайпасының тарихын білуді мақсат еткен кісілер 

алғаш оның шежіресімен жан-жақты айналысуы қажет. 

Кезінде  «Алаш»  тарихи  зерттеулер  орталығынан  жарық  кӛрген  кӛптомдық 

еңбектердегі  Тарақтының  ежелгі  және  ерте  ортағасырлардағы  бабаларына  қатысты 

ғылыми болжамдарымыз және тұжырымдарымыз бұл тайпаның о бастан-ақ ӛзіндік дербес 

тарихы  болғандығын,  оның  Арғын  одағына  кейініректе  жиен  ретінде  тіркелгенін  айқын 

байқатады.  Барлық  негізгі  шежірелер  Тарақтыны  Орта  жүздегі  дербес  тайпа  ретінде 

кӛрсетуге тырысқан. Оның үстіне бұл тайпаның бүкіл Орта жүзге “ноқта аға” болып келуі 

оның  дербес  тайпа  ғана  емес,  қазақ  билеушілеріне  –  тӛрелерге  жақын  тұрған  және 

олардың  Орта  жүз  жеріндегі  саясатын  нақты  жүзеге  асыратын  едәуір  беделді  тайпа 

екендігін  дәлелдей  түседі.  Солай  бола  тұрса  да,  бір  таңданарлығы  Тарақты  тайпасының 

                                                 

1

 Ақселеу Сейдімбектің жеке қоры.; Сейдімбек А. Байғозы батыр //Егемен Қазақстан. 2005. 22 шілде. 



2

 Махамбетов Ш. Тарақты - Орта жүздің ноқта ағасы. -Алматы, 2007. 

3

 Сонда, -3 б. 



4

 Потанин Г.Н. Казак-киргизские и алтайские предания, легенды и сказки. -Петроград, 1917. -56-57, 62 бб. 




 

 

 



http://www.enu.kz

 

шежіресі  әлі  күнге  дейін  жүйелі  түрде  толық  жасалмаған.  Жоғарыда  атап 



кӛрсеткеніміздей,  Тарақты  аталарын  шежірелік  тұрғыдан  толығырақ  тарататын  жалғыз 

шежіре Шахзада қажы Махамбетовтің еңбегі ғана болып отыр. Ол кісіде негізінен алғанда 

Алакӛз,  Шәуке,  Қосанақ  тәрізді  аталардан  басқа  Тарақты  тайпасының  аталары  біршама 

жүйелі түрде нақты таратылған.  

Сондай-ақ,  Тарақтының  12  атасының  8  атасының  басты-басты  тармақтарын 

анықтауға  Ақселеу  Сейдімбек  берген  материалдар  кӛмек  кӛрсете  алады.  Аталған 

кісілердің  мәліметтерінен  басқа  жарияланған  және  қолда  бар  деректер  Тарақты 

тайпасының  аталарын  таратып  бере  алмайды.  Сондықтанда  Тарақты  тайпасының 

шежіресін  талдауда  негізгі  мәліметтер  жоғарыда  аталған  екі  автордың  шежірелік 

деректері  болып  табылады.  Осыған  байланысты  алда  Тарақты  тайпасының  шежіресіне 

шолу  жасаған  кезде  осы  екі  автордың  шежірелік  мәліметтерін  екшеп  алып,  салыстыра 

баяндадық.  Бұл  деректер  негізінен  бірін-бірі  толық  мақұлдайды,  оның  үстіне  біздің 

қолымызда Тарақты шежіресін аталар бойынша жүйелеп тарататын басқа шежірелер жоқ. 

Мұның  ӛзі  шежірешілерді  алдағы  уақытта  осы  мәселеге  назар  аударып,  ден  қоюға 

бағыттайды  дер  едік.  Осы  айтылғандардың  бәрі  біздің  Тарақты  шежіресін  талдауға 

байланысты мүмкіндігімізді тарылта түсті.  

Мәселенің  екінші  жағы  бар.  Тарақты  аталарын  бүгінгі  күнге  дейін  тарататын 

жалғыз шежірелік дерек – Шахзада қажы Махамбетовтың еңбегі болып табылатындықтан 

және  бұл  мәселеде  онымен  салыстыра  қарастыратын  нақты  шежіре  баламалары  жоқ 

болғандықтан  Тарақты  шежіресін  таратуда  біз  аталған  автордың  мәліметтерін  түгелдей 

қайталап  жатпай,  тайпаның  аталарының  негізгі  тармақтарын  ғана  атап  кӛрсетумен 

шектелдік.  Тарақты  аталарының  ХХ  ғасырға  дейінгі  таратылған  жүйелі  шежіресімен 

нақты  танысқысы  келетін  және  ол  мәліметтерден  ӛздерінің  ата-бабаларын  іздестіретін 

азаматтарды  осы  Шахзада  қажының  еңбегімен  танысуға  шақырамыз.  Бұдан  Тарақты 

шежіресі осы еңбекпен шектеліп қалуы тиіс деген біржақты қорытынды туындамауы тиіс. 

Тарақты шежіресінің алда әлі де зерттеле беретініне және оны осы кезге дейін шежірелік 

мәліметтері  белгісіз  Қосанақ,  Алакӛз,  Шәуке  тәрізді  аталарының  рулық  тармақтарының 

айқындалатынына  күмәнданбаймыз.  Алайда  деректердің  әлі  де  жинақталмауына 

байланысты  Шахзада  қажының  мәліметтерінің  дұрыс-бұрыстығына  ғылыми  бағамызды 

бере  алмайтынымызды  айта  кетеміз.  Бұдан  аталмыш  шежіре  авторының  жазғандарына 

күдікпен  қарау  керек  деген  солақай  шешім  туындамауы  тиіс.  Керісінше,  жоғарыда  атап 

кеткеніміздей, құнды деректер бергені үшін Шахзада қажыға алғыс айтқанымыз жӛн. 

Хатқа  түскен  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  жерін  зерттеген  Щербинаның  1899  жылғы 

экспедициясының материалдарында Тарақтының шежіресі  тӛмендегіше таратылады (бұл 

шежірені жинауға басқалармен бірге Ә.Бӛкейханов та қатысқан)

5



Таракты 

 

Темиръ 



 

 Айтъ 


 

Далбшекара 

 

Букурмухамедъ 



 

Алчрахъ 


Досымбекъ 

                                                 



5

 МКЗ. Семипалатинская область. Каркаралинский уезд. Т. ҮІ. Схема ҮІІІ. -СПб., 1905. -118 б. 




 

 

 



http://www.enu.kz

 

Кармысъ 



 

Али   


 

 

 



 

 

Сары 



 

Джану  


Джанту-Джантока   

Баянкартъ 

 

 

Ахымбетъ 



Атанъ  


 

 

 



 

Бокей   


 

 

Бешей 



 

Есеналы – Джалмамбетъ – Альмамбетъ  Бекболатъ – Байболатъ 

Еламанъ 

Базаркубытъ   



Тыналы 

Таз – Келдымакъ 

 

Сойргасъ 



 

Конысбай 

Наурзбай 

 

 



Джаксыберлы-Токалъ 

Кешу   



Солтанкельды 

Текебай (дедъ) 



Байшошка 

 

Жоғарыда  шежіре  деректеріне  жалпы  шолу  жасаған  кезде  шежірешілер  Тарақты 



тайпасының  12  атасын  тарататынын  атап  кеттік.  Бұл  12  ата  Қармыстан  тарайтын  Сары, 

Әлі,  Қыдыр,  Жәші,  Апай,  Тоқтауыл,  Әнеуке,  Кӛгедей,  Әйтей,  Қосанақ,  Алакӛз,  Шәку 

(Бұрғышы).  

Осы  тізімнің  ӛзінен-ақ  Тарақтының  құрамына  Арғын  руларының  кейбір 

аталарының  рулық  тармақтарының  қосылып  кеткенін  аңғарғандай  боламыз.  Шәкәрім 

Құдайбердіұлы ӛзінің әйгілі  еңбегінде Сарыға және Әліге байланысты мынадай әңгімені 

айтады:  “Шежіре  түрікті  жазған  Әбілғазы  Баһадүр  хан  туысқандарымен  хандыққа 

таласып, Үргеніштегі ӛзбектер бұзылып, үш бӛлініп кеткенде, осы Есім хан қолына келіп, 

тұрдым  дейді.  Сонда  Есім  хан  Тұрсын  ханды  ӛлтіріп,  Қатағанды  шапты  дейді.  Жәрдем 

кӛремін деп келген хандардың жайы былай болған соң, Есім ханнан рұқсат алып қайттым 

дейді.  Бұлай  болғанда  біздің  9-ншы  атамыз  Сарының  қатыны  Тұрсынханның  қызы 

Қоңырбике  сол  1628  жылы  алып  келінген  болатын.  Оны  қазақтар  былай  айтушы  еді. 

Атамыз  Сарыменен  бір  туысқан  інісі  Әлі  деген  бір  сартта  қызметкер  болып  жүргенде, 

Есім  хан  Қатаған  елінің  ханы  Тұрсынды  ӛлтіріп,  Ташкентті  қайта  алыпты  деген  хабар 

келіпті.  Мұны  естіген  соң  Әлі  сарттың  жемге  байлаған  екі  атына  мініп,  елге  қарай 

қашыпты.  Жолда  келе  жатып,  әкесінің  ӛлгенінен  бұрын  сейілге  шығып  жүрген 

Тұрсынханның  қыздарына  жолығып,  оларға  сырын  айтпай  елге  келіп,  елден  кісі  алып 

барып,  Айбике,  Нұрбике,  Қоңырбике  деген  Тұрсынханның  қыздарын  қанша  нӛкер  қыз 

һәм  жасау-жолдастарыменен  алып  келген  соң,  Әліге  кӛріп  бастап  барған  жолдасына 

Қоңырбикені  барша  киім,  шатыр,  сайманымен  берген  соң,  жасау  киімдерін  ӛзі  алып, 

Қоңырбикені  ағасы Сарыға беріпті.  Сол Қоңырбикеден біздің 8-нші  атамыз Кішік пенен 

Мәмбет сопы туыпты”

6



Осы  жолдардан  аңғаратынымыз,  Тарақтының  ең  беделді  және  кеңінен  таралған 



Сары  және  Әлі  аталары  кезінде  Арғын  руларына  да  ықпалды  тарихи  тұлға  болған. 

Шындығында  да,  шежіреге  назар  аударатын  болсақ,  Тауфиықтыдан  (Тобықтыдан)  – 

Рыспетек,  одан  Мұсабай,  одан  Сүйірбас,  одан  Әлі  мен  Сары  тарайтынын  кӛрер  едік

7



Әрине, бұл Тарақтының Сарысы мен Әлісі емес, ӛйткені, Тобықтыда Әлі  - Орыс (Ырыс) 

және Қаржау аталарына бӛлінсе, ал Сары – Мәмбетей, Үмбетей, Мәмбетсопы және Күшік 

аталарына таралып кетеді

8



                                                 

6

 Құдайбердіұлы Ш. Түрік қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. -А., 1991. -24-25 бб. 



7

 Жанболатұлы М. Тобықты-Шыңғыстау шежіресі. Үш томдық. І т. -А., 2004. -23 б. 

8

 Жанболатұлы М. Тобықты-Шыңғыстау шежіресі. Үш томдық. І т. -23 б. 




 

 

 



http://www.enu.kz

 

Тарақты  және  Тобықты  тайпаларындағы  осы  ұқсас  аталар  әртүрлі  тармақтарға 



тарала тұрса да, оларда жақындық бар тәрізді. Тегінде Әлі және Сары аталарының кейбір 

тармақтары Тарақты “ноқта аға” лауазымына ие болған  кезде Тарақтыға қосылған болса 

керек. Бұған таңданудың реті жоқ. Шежіре деректерінің біразы жоғарыда айтқанымыздай, 

Тарақтының ӛзін және аталарын Арғынмен байланыстырады. 

Қармыстың Арғыннан таралуы шежіре деректерінде былай кӛрсетіледі: Қара қожа 

– Арғын, Нұржан (қыз), Ақтанберді. 

Ақтанберді – Нияз – Темір – Айт - Әлім – Аллаберді – Қармыс. 

Бұл  ел  арасынан  жинаған  Шахзада  қажы  Махамбетовтің  деректік  мәліметтері

9



Тағы  бір  шежіреде  Тарақтыдан  тараған  ұрпақ  тӛмендегіше  таратылады:  Тарақты 



(Ақтанберді)  –  Темір  –  Айт  –  Дәлшіқара  (Дәменқара)  –  Бүкірмұхамед  (Бекмұхамед)  – 

Алдаберді  (Аллаберді)  – Досымбек  – Қаракелменбет  – Қармыс. Бұл  Медеу Сәрсекеевтің 

ел арасынан жинаған шежірелік деректері

10



Тарақтыдан таратылатын 12 атаның рулық таралымдары тӛмендегідей:  

Қыдыр: 

Ақселеу  Сейдімбектің  мәліметі  бойынша  Қыдырдан  -  Солтан,  Қаржау,  Сойдақ 

тарайды

11

. Ал Шахзада қажының мәліметі бойынша Қыдырдан – ағайынды екеу – Қаржау 



мен  Сойдақ  тарайды.  Қаржаудан  –  Есенгелді,  одан  Сүтемген,  Меңлібай,  Құттыбай. 

Сүтемгеннен  –  Наймантай,  Құрмантай,  Жиенбай,  Жантүгел,  Байтүгел  тарайды. 

Наймантайдан  –  Есілбай,  Есқара,  Жанқара,  Бұйрақозы,  Байқозы,  Балақозы,  Аққозы, 

Атақозы таралады

12

. Ел аузындағы кейбір шежірелерде Қыдырдан  – Қаржау мен Солтан 



тарайды. Солтаннан – Есенгелді, ал одан Сүтемген, Меңлібай, Құттыбай таралады

13

. Бұл 



мәліметтердің  қайсысы  дұрыс  дегенге  келер  болсақ,  алғашқы  екі  автордың  мәліметтері 

қисындырақ тәрізді болып кӛрінеді.  

Шахзада  қажы  таратқан  Наймантай  батырдың  шежіресі  жоғарыда  қысқаша 

айтылып  кеткен  болатын.  Тарақтының  осы  атасынан  күллі  қазаққа  әйгілі  би-шешендер 

шыққан.  Солардың  ішінде  әсіресе,  ерекшеленетіні  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  Үш  жүзге 

билік айтқан Шілмәмбет би. Оның шежіресі Шахзада қажының жинаған дерегі негізінде 

былай  таратылады:  Қыдыр  –  Қаржау  –  Есенгелді  –  Сүтемген  –  Наймантай  –  Жанқара  – 

Сары  –  Қарауыл  –  Шілмәмбет

14

.  Ел  аузындағы  әңгімелерден  кӛптеп  жиналған  деректер 



Шілмәмбеттің  сӛзге  ұста,  кемеңгер  тұлға  болғанын  дәлелдейді.  Біздің  қолымыздағы 

мәліметтер  бойынша  Шілмәмбет  Қарауылұлы  1836  жылы  қазіргі  Оңтүстік  Қазақстан 

облысының  Созақ  ауданында  туылған  екен.  1916  жылдың  кӛктемінде  Мойынқұм 

жайлауында  дүниеден  ӛтіпті.  Ол  кезінде  Құлыншақ,  Молдамұса,  Майлықожа,  Мәделі, 

Қызылжырау, Зұлпықар ақын тәрізді кісілермен сӛз жарыстырса керек

15

.  



Осы  Тарақтының  атасынан  сонымен  қатар  Тұяқ  шешен  елге  әйгілі.  Тұяқ 

Құмалақұлы  (туған,  ӛлген  жылдары  белгісіз)  бұрынғы  Ақмола  дуанында  туып,  кейін 

Сарысу бойында ғұмыр кешкенге ұқсайды. Тұяқ шешеннің елге қамқор, аса тапқыр, ойы 

жүйрік, сондықтанда халыққа беделді тарихи тұлға болғаны белгілі. Біздің қолымыздағы 

Шахзада  қажының  шежіресі  Тұяқтың  шығу  тегін  былай  таратады:  Қыдыр  –  Қаржау  – 

Есенгелді  –  Меңлібай  –  Бостан  –  Құмалақ  –  Тұяқ

16

.  Сонымен  қатар  Тарақтының  осы 



Меңлібай атасынан кезінде Шалқар шешен шыққан болатын. Ӛкінішке орай, оның ӛміріне 

байланысты тарихи деректер тым аз.  





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет