1.4 Ғылыми-зерттеуді кадрлық қамтамасыздандыру
Кез-келген тақырыпты орындау барысында ұжым бірігіп жұмыс жасау үшін және әр-бір қатысушы оған берілген тапсырманы жітік меңгеріп және ұжымның жұмыс мақсатындағы негізгін білу үшін, ғылыми тұрғыда ұжымды басқаруды дұрыс ұйымдастыру керек.
Ортақ басқару қағидасы ғылыми ұжыммен жұмыс жасау қағидасын дайындауға мүмкіндік берді. Бұл қағидалардың сәтті жүзеге асырылуы көбінесе іріктеумен, орындаушылардың тәлім тәрбиесі және орналасуы, басқару стильімен, жұмыс орынының балансы, басшының моральдық қасиеті және ұжымның психологиялық отмосферасымен анықталады.
1.4.1 Ғылым басқарушысының ұтымды жұмыс стильі өз уақытында нақты және оңай академик А.Ф. Иоффемен құрылған болатын. Өзінің естеліктерінде академик Н.Н. Семенов жазады: «жас қызыметкерлерді басқару бірнеше қарапайым талаптарға сай келеді деп есептеген Абрам Федорович Иоффе. Шәкірттермен қарым қатынаста қарапайым, демократ және принципшіл бол. Егер де олардыкі дұрыс болса қуан, ал қате болса ғылыми аргументтер арқылы пайдалана отырып қателіктерін түзет. Егер де шәкіртің жаңа идеялармен немесе жаңа бағытта жұмыс жасасын десең оны оған байқатпай жаса, сенімен әңгімелесу барысында оның ойына келген идея деп ойлап және өзінің жеке жобасы екенін сезіну керек. Егер де шәкіртіңнің жұмысына тікелей қатысың болмаса, ешқашан оның макаласына өзіңнің ата тегігіңді бірге жазба. Егер де істің барысы үшін топтың жама тематикаға ауысуы қажет болса, басшы ретінде, жаңа жобаның мемлекетке не үшін пайдалы және қызықты екенін түсіндір. Жаңа жұмыста осы қызыметкердің болуына неге сен қызығушылық танытып отырғаныңды түсіндір; өзіңнің қызыметіңді және күшіңді пайдаланып ешқашан басқа бір істі орындауға мәжбүрлеме. Шәкірттеріңнің алдында басшылық міндетіңді асыра пайдаланба, оларға өзіндік қөзқарастарын танытуға және қиын сәттерде мәселелерді шешуге мүмкіндік бер. Тек қана осындай жолдар арқылы сен лобарант емес нағыз ғалымды шығарасың. Шәкірттеріңе өз жолдарымен кетуге мүмкіндік бер».
Бұл талаптарды орындау, ғылыми ұжымның басшысы орындайтын басқару принципін көрсетеді.
Ғылыми ұжымды тиімді басқару (кез-келген басқа да) жұмыс орнының баланста болуын жорамалдайды. Бұндайды ғылыми ұжымда қол жеткізу қиын, ғылыми орын зерттеу техноглогиясының сағат уақыты қатаң түрде анықталмаған. Жұмыс орындары ұйымдық-технологиялық жүйе элементтері болып есептеледі, нақты құрылымға сай келеді.
1.4.2 Балансты жұмыс орыны дегеніміз, берілген міндеттемені толықтай орындауға құрал жабдықтармен қамтамасыздандырылған орын (басқа бір міндеттемеге қатысты, құралдар болмауы керек). Құқық және міндет тең дәрежеде болуы керек, яғни әрбір міндеттеме белгілі бір құқықпен қамтамасыздандырылуы керек және әрбір құқық белгілі міндеттемеге сай орындалуы керек. Жауапкершілік және басшылық бір-бірімен тығыз байланыста болуы керек, яғни, кез-келген жауапкершілік басшылықпен қамтамасыздандырылуы керек немесе керісінше. Әдіс және ғылыми ұжымды басқару құралын таңдауда олардың санына аса аназар аударылады. Егер де адам саны жеті немесе сегізден көп болса, басшылық басқару процесінде белгілі бір қиындықтарға душар болады. Ұжымда адам саны көбейген сайын қиындықтарда көбейеді. Кейбір басшылар әрбір қызыметкерді өз қолында ұстауға тырысады, басқалары басқару тобын құрады, үшіншісі ұжым құрайды.
Бірінші басқару стильі көбінесе ретсіз басқаруға әкеліп соғады, басшылық белгілі бір адамға тапсырма беріп, бірақ басқаларынан талап ететін болса, белгіленген міндет жоспарын бұзады. Сол себептен, ұжымда үнемі басшылық берген тапсырманы орындаймын деп сөз беріп, бірақ оны орындамай, басшылықтың көзіне түспеуге тырысып, тапсырма ұмытылып кетер деп ойлайтын қызметкерлер бар.
Екінші стиль біріншіге қарағанда еркін. Басшылық үш-бес қызметкердің жұмыс атқару қызметіне мұқият қарайды.
Үшінші стиль- пассивті, басшылық түгелдей қызметкерлердің қолына беріледі, және кейбір кезде кесірлі басқаруға әкеліп соғады, барлығы бірдей биліксіз және жауапкершіліксіз.
1.4.3 Ғылыми ұжымды сәтті басқару көбінесе адамдармен жұмыс істеу принціпін ұйымдастыру талаптарын орындалуна байланысты:
Достарыңызбен бөлісу: |