Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау
Ғылыми зерттеудің мақсаты – объектіні, үдерісті немесе құбылысты жан-жақты, шынайы зерттеу; ғылымда әзірленген танымның қағидалары мен әдістері негізінде олардың құрылымдарын, байланыстарын және қатынастарын; сондай-ақ адамға пайдалы нәтижелерді алу және өндіріске (тәжірибеге) енгізу.
Кез-келген ғылыми зерттеудің өз объектісі мен пәні болады. Ғылыми зерттеудің объектісі болып материалды немесе идея жүйесі табылады. Пәні – бұл жүйенің құрылымы, жүйенің ішіндегі және сыртындағы элементтерінің өзара іс-әрекетінің заңдылықтары, дамуының заңдылықтары, әртүрлі қасиеттері, сапасы және т.б.
Ғылыми зерттеулер жіктеледі:
1 қоғамдық өндіріспен байланыс түрлері және халықтық шаруашылық үшін маңыздылық дәрежесі бойынша;
нысаналы мақсаты бойынша;
қаржыландыру көздері бойынша;
зерттеулерді жүргізудің ұзақтығы бойынша;
Қоғамдық өндіріспен байланыс түрлері бойынша ғылыми зерттеулер бөлінеді:
жаңа технологиялық үдерістерді, машиналарды, конструкцияларды жасауға бағытталған жұмыстар;
өндірістің тиімділігін арттыру;
адамның тұлғалық қасиеттерін дамыту және с.с.
Қаржыландыру көздері бойынша ғылыми зерттеулердің үш түрін бөліп көрсетеді:
Іргелі;
Қолданбалы;
Зерттеме.
Іргелі зерттеулер табиғаттың жаңа құбылыстары мен заңдарын ашуға және зерттеуге, зерттеудің жаңа қағидаларын жасауға бағытталған.
Олардың мақсаты қоғамның ғылыми білімін кеңейту, адамның өмірлік қызметінде қолданылатын нарселерді белгілеу болып табылады.
Бұндай зерттеулер белгілі мен белгісіздіктің шекарасында жүргізіледі, көбіне айқынсыздыққа ие болады.
Қолданбалы зерттеулер адамдық қызметтердің бар құралдары мен тәсілдерін жетілдіруге және жаңаларын жасау үшін табиғаттың заңдарын пайдаланудың тәсілдерін табуға бағытталған.
Мақсаты – іргелі зерттеулер нәтижесінде алынған ғылыми білімдерді адамдардың іс-тәжірибелік қызметінде қалай қолдануды белгілеу болып табылады. Қолданбалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми түсініктер негізінде техникалық түсініктер қалыптасады.
Қолданбалы зерттеулер өз кезегінде:
іздестіру жұмыстары;
ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ);
сынақ -құрастыру жұмыстары (СҚЖ) болып бөлінеді.
Іздестіру зерттеулері объектіге әсер ететін факторларды белгілеуге, фундаменталды зерттеулер нәтижесінде ұсынылған тәсілдердің негізінде жаңа технологиялар мен техникаларды құрастырудың жолдарын іздеуге бағытталған.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жаңа технологиялар, тәжірибелік қондырғылар, құралдыр және с.ұ. жасалады.
Сынақ-құрастыру жұмыстарының мақсаты конструкцияның логикалық негізін анықтайтын конструктивтік сипаттарын таңдау болып табылады.
Зерттемелер
Іргелі және қолданбалы зерттеулер нәтижесінде жаңа ғылыми және ғылыми-техникалық ақпараттар қалыптасады, осы ақпаратты өндірісте игеру үшін жарамды қалыпқа айналдыруға бағытталмаған үдеріс негізінен разработка деп аталады. Ол жаңа техниканы, материалдарды, технологияларды жасауға немесе қолданыстағыны жетілдіруге бағытталған. Зерттеменің соңғы мақсаты қолданбалы зерттеулердің материалдарын қолданысқа енгізу үшін дайындау болып табылады.
1.1.2 Қаржыландыру көздеріне байланысты ғылыми зерттеулер бөлінеді:
- мемлекеттік бюджеттен;
- шаруашылық келісім-шартпен;
- қаржыландырылмайтын.
Мемлекеттік бюджеттік ғылыми зерттеулер мемлекеттік бюджеттің қаржысынан қаржыландырады. Шаруашылық келісім-шарттық зерттеулер тапсырыс беруші ұйымдармен шаруашылық келісім-шарттар негізінде қаржыландырылады. Бұндай ұйымдар өндірістік, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдары болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |