Т. Т. Мельдеханов, Ж. А. Иманбекова, Ф. А. Бимурзаева



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата08.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#134744
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
БҮЙРЕК-ДЕРТІНІҢ-«КІШІ-ЖӘНЕ-ҮЛКЕН»-СИНДРОМДАРЫ.-БҮЙРЕК-ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ

70 мм с.б.
мөлшерінде болады (қанды әкетуші артерилардың тонусы жоғарылауы ГҚ күшейтеді, ал оның 
тонусының төмендеуі немесе қанды әкелетін артериолардың тонусының жоғарылауы шумақтық капиллярларда ГҚ төмендетеді. 
ОҚ әдетте 25-30 мм с.б., БҚҚ – 20 мм с.б. б.; ал, ПФҚ = 20 - 25 мм с.б. шамасында болады.
Ересек адамдар денесінің жасушасыртындағы сұйықтықтарының жалпы көлемі (14 л шамасында), ол сұйықтық тәулік ішінде 
бүйректік сүзгі (фильтр) арқылы 12 рет айналып өтеді екен. Бүйректік қанағым минутына 1100- 1200 мл шамасында, ал плазма 
ағымы 600-700 мл/мин. Шумақтық сүзгіленудің нәтижесінде минутына 80-120 мл (тәулік бойынша 160-180 л) біріншілік 
(прровизорлық) несеп түзіледі, бірақта қуыққа осы мезетте, минутына 1 мл ғана ақырғы несеп түседі. Тәуліктік диурездің сандық 
мөлшерінің өзгерістері полиурия, олигурия және анурия түрінде көрініс табады.
Несептің салыстырмалы тығыздығының (меншікті салмағының) өзгерістері. Бүйректің несепті осмостық сұйылту және 
қоюландыру қабілетінің бұзылыстарына байланысты көріністе болатын үдеріс. Бүйрек өзекшелерінің концентрациялық 
(қоюландыру) функциясы бұзылысқа ұшырағанда, мысалы пиелонефритте, интерстициалды нефритте, не болмаса созылмалы 
бүйрек жеткіліксіздігінің бастапқы кезеңінде науқастарда гипостенурия байқалады (1010 – нан төмен). Бұл кезде науқастардың 
несебін тәулік бойы әр 3 сағат сайын жинағанда (Зимницкий сынамасы) несептің тығыздығы төмендікте болады, ал 18 сағат бойы 
сусыз құрғақ тамақ қабылдағаннан соң (қоюландыруды тексеру сынамасы) тексергенде 1020 – 1026 дан аспайды (дені сау 
адамдарда одан жоғары болуы тиіс). Гипостенурия анықталса науқаста ісінудің, қабынудың немесе бүйректің милы қабатының 
склерозы дамығанын көрсетеді. Егерде несептің тығыздығы 1010-1012 – ге тең болса, және тәулік бойы монотонды (бір сарынды, 
біркелкі болса) өзгеріске ұшырамаса (қан плазмасының тығыздығы секілді болса), оны изостенурия деп атайды. Несептің әрбір 
өлшенген бөлігінде (порциясында) салыстырмалы тығыздығының амплитудалық тербелісі жоқтың қасы (төмен) болса (мысалы, 
1005-1009), оны гипоизостенурия деп бағалайды. Қалыптыда несептің салыстырмалы тығыздығы 1008 – 1026* аралығында 
тербелісте болады, яғни минималды және максималды тығыздықтарының айырмашылығы 10-14 қадамдықта, немесе 10-20
қадам бірлігінде болуы тиіс.
Несеп шығарылу ритмінің (гр. rhythmos – жиілігінің), ырғағының бұзылыстары. Бүйрек дерттерінде несеп шығарудың ритмінің 
бұзылысы, мысалы, несептің жиі шығарылуы – поллакурия, көрінісі түрінде болуы мүмкін. Бұл полиурияда және несеп шығару 
жолдарының қабыну үдерісінде конкременттермен тітіркенуінде, не атабез ауруларында (аденома, простатит т.б.) байқалады. 
Олигурияда, керісінше, несеп шығару сирейді – оллакурия. Түнгі диурездің салыстырмалы күндізгіден жоғары болуын – никтурия 
деп атайды. Ол бүйректің қан айналым бұзылыстарында, атабез аденомасында, уретритте, циститте, диэнцефалдық бүліністерде 
және т.б. дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет