Т. Т. Мельдеханов, Ж. А. Иманбекова, Ф. А. Бимурзаева


Несеп рН –ның өзгерістері



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата08.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#134744
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
БҮЙРЕК-ДЕРТІНІҢ-«КІШІ-ЖӘНЕ-ҮЛКЕН»-СИНДРОМДАРЫ.-БҮЙРЕК-ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ

Несеп рН –ның өзгерістері. 
Несептің қалыпты реакциясы әлсіз қышқылды, өйткені тәулік ішінде 30-60 ммоль Н
+
, 10-30 ммоль NаН
2
РО
4
(титрленетін 
қышқылдар* – 20-40 мэкв/тәулігіне); 11-27 г NН
4
СL несеп арқылы шығады. Бүйрек шумақтарында сульфаттардың, фосфаттардың 
сүзгіленуі, жәнеде нефрон өзекшелерінде жүретін ацидо- және аммониогенезге байланысты, өзекшелердің бикарбонаттарды 
қайта сіңіруге қабілеттілігі арқылы бүйрек қышқылдық-негіздік жағдайды реттеуге маңызды үлес қосады. Респираторлық 
немесе метаболизмдік ацидозда (бүйректіктен басқа) несеп қышқылдық сипатта болады, өйткені бұл жағдайда несеппен Н
+
мол 
шығарылады және көбірек НСО
3-
қайта сіңіріледі. Респираторлық немесе метаболизмдік алкалозда несеппен Н
+
протоны аз 
мөлшерде, ал бикарбонат көп мөлшерде шығарылады, сондықтанда несеп сілтілік жаққа ығысады. Айта кететін жайт, қышқылды 
несепте уратты және оксалатты тастар жеңілірек пайда болады да, сілтілікте – фасфатты тұздар артық шөгеді. Қышқыл бұл – 
өзінен жасушасыртындағы сұйықтықтарға протонды (Н
+
) беруге қабілетті зат, ал сілті ол протонмен байланыса алатын 
кезкелген зат. Көмірсу, липидтер және нәруыздар алмасуы организмдегі қыщқылдық өнімдердің пайда болуының негізгі көзі. 
Қышқылдар ұшқыш және ұшқыш емес деп екі топқа бөлінеді. Негізгі ұшқыш қышқыл – жасуша сыртылық көміртегі қышқылы, ол 
өкпе арқылы көмірқышқыл газы ретінде сыртқа шығарылады. Ұшпайтын қышқылдар бүйрек арқылы сыртқа шығарылады.
* Адамдарда сутегі ионының бүйрек арқылы шығуы. 
Титрлік қышқылдықты анықтау. Несеп барынша жоғары (максималды) рН 4,5 қышқылдықта болғанда, ол Н
+
ионының 30 
ммоль/л сәйкестік шамасында болады. Титрлік қышқылдықты анықтағанда, несептің рН 7,4 тең болғанынша титрлеп 
жұмсалған NаОН сандық молшерімен есептеп шығарады. Бұл анықталған мөлшер реабсорбцияға түспеген несептегі бос күйдегі 
немесе буферлік жүйемен байланыстағы сутегі ионының санына тең (сандық мөлшерін көрсетеді). 
Тубулопатияларда немесе бүйрек жеткіліксіздіктерінде бүйректің өзекшелеріндегі ацидо- және аммониогенез үдерістері 
бұзылысқа ұшырайды да, ол Н
+
организмде тұтылуына және бүйректік метаболизмдік ацидоздың дамуына алып келеді. Бұндай 
науқастардың несебінің реакциясы сілтілі болады, не сілтілікке қарай бет бұрады. 
Несеп құрамының бұзылыстары, «Несептік синдром».
Несептік синдром – науқастарда протеинурия, гематурия, лейкоцитурия және цилиндрурия түрінде жеке немесе тіркестікте,
бірге көріністе болуы (бүйрек патологиясында ең жиі кездесетін синдром болып есептеледі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет