Т. В. Шевякова д филол н., профессор кафедры журналистики Казнпу им. Абая хуш столетие нередко называют веком фразеологии, что вполне правомерно, поскольку именно в этот период возникли или окончательно оформили



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата17.02.2017
өлшемі2,21 Mb.
#4321
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

 
1. Әуезов М. Уақыт және әдебиет.-Алматы: Қазмем., 1962. -426б. 
2. Алтынсарин Ы. Собр. соч. в 3-х т. Т.1. –Алматы: Наука. 1975. -359б. 
3. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ т. –Алматы: ҚҒАБ, 1961. -581б. 
4.  Ӛнер-білім  бар  жұрттар.  /Құрастырған  С.Мақпыров  –Алматы:  Жалын,  1991.  -
240б. 
5.  Қалиев  С.  Қазақ  этнопедагогикасының  теориялық  негіздері  мен  тарихы.  - 
Алматы: Білім, 2003. -280б. 
6. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары. –Алматы: Рауан, 1991.-200б. 
            
Резюме  
В  статье  рассматриваются  взгляды  просветителя-педагога  И.Алтынсарина  на 
содержание и методы изучения школьного курса литературы. 
Summary 
Dieser  Artikel  beschreibt  den  methodische  Ansichten  Erzieher-Lehrer  I.  Altynsarin,  deren 
Bedeutung bei der Lösung der heutigen Probleme und Methoden der Bildung Literatur zu studieren. 
 
 
ХАДИС ҦРПАҚ ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ                                                  
 
Б.Р.Қҧлжанова - 
                                                             әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
  
Орта  ғасыр  –  тарихтан  белгілі  болғандай,  Орта  Азия  мен  Қазақстанға  ислам  дінінің 
кең  жайылған  кезеңі.  Сондықтан  да  ілкі  орта  ғасырда  дҥниеге  келген  тҥркі  ҽдеби 
шығармаларына  діни  мазмҧн  басым  болды.  Ислам  діні  ҿркендеген  тҧстарда  дҥниеге  келген 
туындыларда  негізінен  Қҧран  аяттары  мен  Пайғамбар  хадистеріне  ерекше  орын  берілген. 
«Қутадғу билиг» дастаны – ислам дҽуірі ҽдебиетінің ең кҿрнекті туындысы, ислам ҿркениеті 
кезеңіне  тҽн белгілерді ҿзіне  сіңірген ерекше қҧнды еңбек.  Жҥсіп Баласағҧн         ҿмірдің  сан 
қилы жҧмбақтары мен қҧпияларын тҥсінуге талпынып,  шешуде діни қағидаларға сҥйенген, 
исламды  танып,  қолдаған.  Ол  –  ислам  ҿркениеті  кезеңінің  ҧлы  гуманист-ойшылы,  исламды 
дҽріптеуші.   Жҥсіп Баласағуни алғашқылардың бірі болып, исламның ғажап сырына ҥңіліп, 
оны жҥрек қалауымен таныған, оны жалпақ жҧртқа жариялап, ҿз дастанына арқау еткен ақын 
болса, ал «Қутадғу билиг» тҥркі тіліндегі алғашқы исламшыл ҽдебиет еді [1].   
Автор ізгілік ілімін дінмен табыстыруға талпынған.  Жҥсіп Баласағуни ҿзінен кейінгі 
ҧрпағына  ҥлгі-ҿнегенің  ҿшпес  ізін  қалдырған  18  айда  жазылған  еңбегінде  ҿмірлік 
тҽжірибесін,  ҿмірдің  жақсылығы  мен  жамандығын,  қайғысы  мен  қуанышын  ой  елегінен 
ҿткізіп, алдын-ала салмақтап алған тҽрізді. Бҧл еңбектің ол кезде атқарған қызметі қандай зор 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (45), 2013 ж. 
 
 
77 
 
болса,  кҥні  бҥгін  де  маңызын,  мҽнін  жойған  жоқ.  Бҧл  еңбекке  белгілі  ғалым  А.Н.  Кононов 
«Қутадғу  билиг»  философиялық  шығарма»  дей  отырып,  мҧсылман  идеологиясына 
негізделген, сол идеологияны насихаттайтын, тҥркі тілінде жазылған жалғыз еңбек» [2], – деп 
баға  берген.  I  ғасырдағы  тҥркі  поэзиясының  тҧңғыш  кітабы  адам  баласының  бақытты 
тҧрмысы, сол бақытты, парасатты ҿмірге жол қалай жеткізу, жол кҿрсету мақсатын ҧстанды. 
Шығармаларын  «Бисми-л  лаһи  р-рахман  р-рахим»  сҥресімен  бастау  ҥрдісі  орта  ғасырлық 
тҥркілік ақындар шығармаларында қалыптасқан дҽстҥр болды. Сосын Аллаға мадақ айтады, 
жаратушыдан  медет  тілейді,  АЛЛА  ТАҒАЛАНЫҢ  ҧлық  сапалары  мен  сипаттарын 
мадақтаудан бастайды, Аллаһ қҧдіретіне, бірлігіне бас иеді. Шығарманың соңында ақын бір-
екі жолын дҧғаға арнайды, ҿзінің хал-жайын айтып, Аллаға мінҽжат етеді. Ақын адамдарды 
Пайғамбар  хақтығы  мен  Қҧран  Кҽрім  шындығын  тануға  ниеттендіреді,  дастанда  Қҧран 
аяттары  насихатталады,  адам  табиғатын  Жаратқанның  кереметіне  тҽнті  етуге  бағыттайды. 
Бҧдан  соң  барып  Пайғамбарды,  тҿрт  сахабаны  сипаттайды.  Дастанды  бҧлай  бастау  ислам 
елдері ақындарында ертеден келе жатқан дҽстҥр. Мысалы:  
                      «Кҥллі ізгілік, кедейлігім, байлығым, 
                      Бір қҧдайдан, ең аяғы – қайғы-мҧң. 
Немесе, 
                      Бірегейсің, еш қоспасыз бір мҥсін, 
Жараттың  сен  нҽрселердің  кҥллісін»  деген  жолдардан  автордың  исламға  кҿзқарасы, 
бір  Аллаға  деген  сҥйіспеншілігі  анық  кҿрінеді.  Бҧдан  ақынның  Алланың  бҧйрығына  шын 
берілгендігін, имандылығын танимыз. Яғни, ғҧлама қанып ішкен бҧлақтың негізгі кҿзі, ол  – 
ислам.  Ол  ҿз  заманынның  ойшылы,  ҿз  ҧлтын  сҥйген  перзент  ретінде  қҧтты  қоғам  қҧрудың 
жолдарын  іздестірді.  Бақыт  пен  қҧттың,  ізгі  ҿмір  сҥрудің  кілті  адамшылық  пен  адалдық, 
адамды  сҥю,  қанағатшылдық  деп  білді.  Ал  осы  қай  заман  адамы  ҥшін  де  қастерлі  болып 
саналатын  асыл  қасиеттерді  ол  исламнан  тапты.  Жҥсіп  Баласағҧнның  дастанында  Қҧран 
аяттары  мен  Пайғамбар  Хадистері  тҥпнҧсқа  қалпында  кездеспегенмен  де,  ақын  оны  ҿз 
сҿздерімен  беруге  тырысқан.    Жҥсіп  ҿз  ойын  дҽлелдеуде  Қҧран  аяттары  мен  Пайғамбар 
хадистеріне,  қанатты  сҿздерге  сілтеме  жасап  отырған.  Оны  ҿз  сҿзімен  жеткізеді.  «Қутадғу 
билиг» нҽр алған  негізгі қайнар кҿз – Мҧхаммед САЛЛА АЛЛАХУ ҼЛҼЙҺИ УА САЛЛАМ 
хадистері.  Заман  ҿзгергенмен  адам  бойындағы  жаманды-жақсылы  қасиеттер  қайталанып 
отырады. Міне осындай қасиеттердің барлығы да Пайғамбар хадистерінде айтылып отырған. 
Сҧрақ-жауап  тҥрінде  баяндалатын  оқиға желісі  Мҧхаммед  САЛЛА  АЛЛАХУ  ҼЛҼЙҺИ  УА 
САЛЛАМ хадистерімен  ҿріліп  отырады.  Себебі, қоғамдағы барлық  адамгершілікке қатысты 
мҽселелер,  этика  мҽселелері  Пайғамбар  хадистерінде  толық  қамтылған.  Жҥсіп  Баласағуни 
хадистерді терең меңгерген жан. Хадистер бҥкіл поэманың ҧйтқысы. Дҥниенің ҿзгермелілігі, 
барлық  пен  мансаптың  баянсыздығы,  мҧның  бҽрі  Алланың  ҽмірімен  жҥріп  отыратын 
қҧбылыс  екендігі  шығармадағы  ҿзекті  сарын.  Мҧндай  насихаттың  тҥпкі  мақсаты  –  адамды 
ынсаптылыққа,  қанағатшылдыққа  шақыру.  Алла  тағаланың  берген  сыйы  мен  нығметіне 
шҥкірлік  қылу,  азға  қанағат  қылу,  сабырлы  болу.  Шығармада    қоғамдағы  барлық  ҿмір  сҥру 
этикасы  ислам  ілімі  негізінде  баяндалады.  Ғҧлама  осы  негізді  еңбегіне  арқау  ете  білген. 
Дастанның ҿн бойы тҧнып тҧрған этика, мораль. Ақын ҿмірдің мҽні мен мҧраты туралы тҥрлі 
кҿзқарастарды  келтіре  отырып,  болмыстың  қыры  мен  сырын  жан-жақты  қамтыған,  ҿшпес 
ҿнегелер  қалдырған.  Бҧлардың  кҿбі  замандар  бойында  ҿмір,  тіршілік  тҽжірибесінде 
қорытылған, ҽр заман адамына ғибрат беретін қҧндылықтар.   
Адам бойындағы кісілік қасиеттер қай заман ҥшін де қажет. Дастанда айтылған  Адам 
болмысындағы  кездесетін  тҥрлі  адами  қасиеттермен,  мысалы,  ар-ҧят,  жомарттық, 
шҥкіршілдік,  сол  сияқты  адамшылыққа  жат  –сараңдық,  сабырсыздық,  ҿзімшілдік,  ашкҿздік; 
адамдар арасындағы қарым-қатынас қағидалары, мінез-қҧлық, адамгершілік, ҧрпақ тҽрбиесі, 
ҥйлену,  тамақтану  ҽдебі,  білім,  тіл  ҽдебі  туралы  айтылған  даналық  ойлар  Пайғамбар 
Хадистерімен  сабақтасып  жатыр.  Пайғамбарымыз  Мҧхаммед  САЛЛА  АЛЛАХУ  ҼЛҼЙҺИ 
УА САЛЛАМ хадистері Жҥсіп Баласағуни дастанының негізгі желісін қҧрап отыр.  
Халқымыз  ежелден  ҧрпақ  тағдырына  бей-жай  қарамаған.  Себебі,  қай  заманда  да 
салауатты  да  сапалы  ҧрпақ  даярлау  мҽселесі  –  кҥн  тҽртібінен  тҥспеген.  Ежелден-ақ  «сегіз 
қырлы,  бір  сырлы»  ҿнегелі,  тҽрбиелі   ҧрпақ ҿсіруге  бар кҥшін  сарп  еткен. Сан  ғасырлардан 
бері  ҧрпақ  тҽрбиесіне  біздің  ҽр  замандағы  ойшылдарымыз  ҿз  кҿзқарасы  мен  байламын 
білдіріп  отырған.  Ғасыр  ҿтіп,  заман  озғанмен  ҧрпақ  тҽрбиесі  туралы  ойлар  мен  пікірлер  ҿз 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (45), 2013 ж. 
 
 
78 
 
жалғасын  тауып  отырған.  Тҥркі  тектес  халықтардың  отбасы  тҽрбиесіне  деген  назары  сонау 
тҥркілер  ҽдебиетіне  бастау  алады.  Тамырын  Сонау  ежелгі  дҽуірлерден  алатын  ҧрпақ 
тҽрбиесінің негізгі қағидаларын да біздің тҥркілік бабаларымыз салып кеткен Тҥбі бір тҥркі 
тілдес халықтардың ортақ рухани мҧрасы саналып келген кҿптеген жауһар туындыларымыз, 
ҽдеби-мҽдени  мҧра-ларымыз  кҥні  бҥгін  де  ҧрпақ  тҽрбиелеуде  аса  зор  рҿл  атқарып  отыр. 
Солардың  бірі  –  XI  ғасырда  жазылған,    тҥркі  халықтары  мҽдениетінің  биік  шыңы  саналған 
Жҥсіп  хас  Хажыб  Баласағунидің  «Қутадғу  билиг»  дастаны.  Жҥсіп  Баласағуни  де  ҿзінен 
ілгерінді-кейінді  ҿмір  сҥрген  ойшылдар  секілді  отбасы  тҽрбиесі,  ҧрпақ  тҽрбиесі,  жалпы 
адамзаттық  қҧндылықтарды  айналып  ҿтпеген.  Ақын  кҿзқарасы  ҿзіне  дейінгі  ойшылдар 
кҿзқарасымен  ҥйлесіп  отырады.  Дастан  дидактикалық  сарында  жазылғандықтан  қоғамдағы 
адамдар арасындағы қарым-қатынастар, сҿйлесу, сыйласу, тіл ҽдептілігі, этика, мораль, тҽлім-
тҽрбие  тура-лы  ҿсиет-ғибраттар  кҿптеп  айтылады.  «Қутадғу  билигтің»  63-тарауында 
отбасында  ҧл  мен  қызды  қалай  тҽрбиелеу  керек,  оларды  оқыту,  бала  тҽрбиелеудегі  ата-ана 
ролі, т.б. мҽселелер жан-жақты сҿз болады.  
Пайғамбарымыздың ҿз ҥмметтеріне аманатттап кеткен негізгі қҧндылықтары – білім, 
ғылым  ҥйрену,  жақсы  мінез-қҧлық,  ата-ана  алдындағы  жауапкершілік,  ата-ананың  бала 
алдындағы міндеттері, тіл ҽдептілігі сияқты қҧндылықтарды біздің шайыр бабамыз  дастанда 
ислам  шарттары  мен  талаптарымен  астастырып  бере  білген.  Жҥсіп  Баласағуни  дастанының 
ҧрпақты  мҽдениеттілікке  тҽрбиелеуде  де  ықпалы  зор.  Қоғамдағы  тіршіліктің  ҽрбір 
қҧбылысына ғҧлама-ақын ҿз кҿзқарасы мен байламын білдіріп отырған. Терең пайымдаулар 
жасаған.  Дін  –  имандылықтың  негізі,  оның  мҽдениеті  –  имандылықтың  бҧлағы.  Баласағуни 
еңбегі  дін  арқылы  имандылыққа,  жағымды  мораль  иесін  тҽрбиелеуге  арналған  бірден-бір 
еңбек.  Ислам  ҧғымында  ата-ананың  баласы  алдындағы    парызы  –  имандылыққа  тҽрбиелеу. 
Баланың дҧрыс тҽрбиеленуі мен жақсы білім алуы тікелей ата-анаға байланысты. Имандылық 
–  ҿмір  нҽрі.  Мухамед  ибн  Абдуллаһтан  имам  Бухари    риуаят  еткен  хадисте  «Тақуалық  – 
Аллаһ Тағаладан, ал ҽдептілік – ҽкеден» делінген. (Яғни Аллаһ Тағала тағдырға тақуалықты 
жазғаннан кейінгі ҽкенің міндеті – баланы ҽдептілікке ҥйрету) [3]. 
 Ал осы Хадисті біздің шайыр бабамыз ҿз дастанында былайша берген:  
                          Ҧл-қызыңа ҽдеп ҥйрет, білім бер
                          Қос жалғанды бірдей кҿріп кҥлімдер (4506 бҽйіт) [4]. 
Жҽбир ибн Абдуллаһтан Имам Бухари риуаят еткен хадисте: «Кімнің ҥш қызы болып, 
ол  оларға  қамқорлық  жасаса,  қайырымдылық  қылып  қамтамасыз  етсе,  оған  ҽлбетте  жҽннат 
нҽсіп болады», -деген. Дастанда бҧл хадис 4507 бҽйітте былайша кҿрініс тапқан: 
                     Ҧлыңа ҽйел ҽпер, қызды ерге бер, 
                     Қайғы-мҧңсыз тірлікке не тең келер! 
Ата-ана  ҥшін  ең  асыл  мҧра  –  балаларына  берген    жақсы  тҽрбие.  Бҧл  турасында 
Пайғамбарымыз  Мҧхаммед  САЛЛА  АЛЛАХУ  ҼЛҼЙҺИ  УА  САЛЛАМның  балаға  жақсы 
тҽрбие беру жҿніндегі Ҽбу Жҽузадан Имам Табарони жҽне Имам Ахмад риуаят еткен хадисте 
«Ҽкенің  баласы  ҥшін  жақсы  тҽрбие  беруден  артық  сыйы  жоқ!»  десе,  Ибн  Аббастан  Имам 
Байһақи риуаят еткен хадисте «Ҽкенің бала алдындағы міндеті  – жақсы ат қою жҽне жақсы 
тҽрбие беру» деген. Қасиетті хадисті негізге ала отырып, Жҥсіп бабамыз былай дейді:  
                          Ай маңдайлы ҧл-қыз туса алдыңда, 
                          Ҥйіңде ҿсір бҿтен жерге қалдырма.  
 
                          Тҽрбиеші ал ізгілікті, кҿшелі, 
                          Ҧл-қыз жақсы, таза болып ҿседі (4504-4505 бҽйіттер) 
Бҧдан  шығатын  қорытынды  біздің  тҥркілік  бабаларымыздың  ҧрпақ  тҽрбиесі  туралы 
айтылған ойлары да ислами қағидаларға негізделген.   
Ҽбу  Рафиътен  (р.л.ғ)  Имам  ҽл-Хаким  риуаят  еткен  хадисте:  «Ата-ананың  баласы 
алдындағы  міндеті  оған  Қҧранды  (яғни,  Қҧрандағы  айтылғандарды  орындауды),  ату  мен 
жҥзуді  ҥйрету  жҽне  тек  адал  еңбекпен  тапқанды  мирас  ету»  делінген.  Міне 
пайғамбарымыздың бҧл хадисі дастанда: 
                        Ҧлды ҥйрет кҥллі ҿнер-білімге, 
                        Онымен  мал  –дҥние  табар  тҥбінде  (4508-бҽйіт),  –деп  ҥйренген  ҿнері 
арқылы адал еңбекпен тапқан табысты нҽсіп етуге ҥйретеді.  
Қысқасы,  «Қутадғу  билиг»  ислам  қағидаларын  кҿркем  сҿзбен  бейнелеп  жеткізген 
поэзия [5].    

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (45), 2013 ж. 
 
 
79 
 
Хадис  «Қутадғу  билиг»  дастанын  кҿркемдік  ҽрі  мазмҧн    жағынан  байытуға  ҿзіндік 
ҥлес қосты. Автор Хадистен орынды жерінде пайдаланып отырған. Ҽлемдік ҽдебиеттің асыл 
қазынасы «Қутадғу билиг» бҥгінгі буынның да, келешек қауымның да рухани қажетін ҿтейтін 
кҿркем қҧндылық болып отыр. 
  
1.
 
Қыдыр  Т.    Орта  ғасырлық  түркі  әдебиетіне  құранның  әсері.  Түркістанның 
1500  жылдығына  арналған  профессор-оқытушылардың  ғылыми-теориялық  және  оқу-
әдістемелік  конференциясы  материалдары.    //ҚазҰУ  Хабаршысы,  Шығыстану  сериясы.  - 
2004. - № 3. 
2.
 
Кононов А.Н. Поэма Юсуф Баласагунского «Благодатное знание». - М., 1983. 
3.
 
Сахих Хадистер.  Араб тілінен қазақ тіліне аударғандар: Абдуссамад Махат, 
Сандыбаев Жалғас.- Алматы, 2003. 
4.
 
Егеубаев А. Құтты білік.-Алматы: Жазушы, 1986 . 
5.
 
Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары.-Алматы: Ана тілі, 1998.    
 
Резюме 
Автор в данной статье рассматривает проблемы воспитания поколения, излагаемые в 
поэме «Кутадгу билиг», связывая его с Хадисами Пророка Мухамада (с.а.с). 
Summary 
Author  in  this  article  looks  througr    the  guestion  of  upbringing    generation,    which  is 
covered in the poem «Kutadgu bilig» considering it wilh Mohamad s words. 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДА ПАРСЫ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
 
Р.К.Садықова - 
филол.ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Шетел  тілін  меңгертуде  тілдік  материалдың  ішінде  ең  қажеттісі  лексика  болып    табылады. 
Ҿйткені лексикасыз сҿз іскерліктері қалыптасуы мҥмкін емес. Белгілі мҿлшерде лексикалық минимум 
меңгерілмей коммуникация жҥзеге аспайды. Егер студент парсы тілінің тілдік материалдарын меңгерсе, 
берілген лексиканы ҿз сҿзінде орынды пайдаланса, онда сауатты сҿйлеп, ҿз ойын дҽл жеткізеді [1]. 
Жоғарыда  атап  ҿткеніміздей,  лексика  тілдік  материалдың  ішінде  негізгісі  болып  табылады. 
Ҿйткені  белгілі  бір  тілдің  аз  да  болса  сҿздік  қорын  игермей,  шетел  тілін  іс  жҥзінде  меңгеру  мҥмкін 
емес.  Сонымен  білімнің  басқа  салаларының  ішінде  лексиканың  басты  орын  алуының  себебі  мынада: 
кейбір  грамматикалық  материалды  меңгермегендіктен,  біздің  сҿзімізде  грамматикалық  қателер 
болатыны рас. Мысалы: تفر  هاگشناد هب نم  /мҽн дҽнешгаh рҽфт/. Дегенмен, мҧны есіткен ирандық, сҿйлем 
қате болсада, айтушының ойын тҥсінеді. Ал дҧрыс сҿйлембылай беріледі:  ن
م هب هاگ شناد  مت فر  мҽн бе 
данешгаh  рҽфтҽм/.  Мен  университетке  бардым.  Сонымен,  сҿзде  кейбір  грамматикалық  қателер  болса 
да, коммуникация болуы мҥмкін. 
Тіл ҥйреніп жатқан студентте ҿз ойын жеткізуде жҽне біреудің сҿзін тҥсіну ҥшін лексика қоры 
жеткіліксіз  болса,  коммуникация  жҥзеге  аспайды.  Яғни,  біз  бір-біріміздің  сҿзімізді  тҥсінбейміз, 
айтайын  деген  ойымызды  тҥсіндіре  алмаймыз.Сол  ҥшін  кез  келген  шетел  тілін  оқытуда  лексиканы 
меңгертудің  маңызы  ерекше.  Алайда,  осыдан  шетел  тілін  оқыту  барысында  лексиканы  меңгеру  –  ҿз 
алдына  оқыту  мақсаты  екен  деген  қорытындыға  келмеу  керек.  Ҽдіскерлер  лексиканың  шетел  тілін 
меңгерудің ҿте маңызды қҧралдарының бірі екендігін кҿрсетеді. 
Сонымен,  студент  сҿйлеген  кезде  лексиканы  дҧрыс,  ойын  ауызша  немесе  жазбаша  тҥрде 
жеткізуде барынша ҿз орнымен пайдалануға тырысу керек.   Онсыз   шетел   тілінде   ауыз  екі   сҿйлеу     
іскерліктері  мен   дағдыларын    меңгеру   мҥмкін   емес. Осы пікірді ҽдіскер ғалым Д.Т. Тҧрсынов та 
қолдайды [2]. 
Алғашқы  сатыда  меңгерілетін  лексикалық  материалдар  да,  грамматикалық  материалдар  да 
ауызша  сҿз  бен  оқуға  арналған.  Демек,  меңгеруге  тиісті  сҿздер  мен  грамматикалық    қҧбылыстардың 
бҽрін де студенттер рецептивті тҥрде де, продуктивті тҥрде де меңгеруге тиіс.  Яғни, тілдік материалды 
студенттер естігенде, оқығанда танып тҥсіне жҽне ҿз бетінше ойын  айтып жеткізе алатындай дҽрежеде 
игеруге міндетті. Сҿйтіп, алғашқы сатыда тілдік материал рецептивті жҽне продуктивті тіл материалы 
деп  ажыратылмайды,  мҧнда  бҽрі  де  бірдей  меңгеріледі.  Сонымен,  бастапқы  сатыда  шетел  тілін 
оқытудың міндеті – сол тілдегі сҿз ҽрекеті тҥрлерінің негізін салу, оларды  кейінгі сатыларда одан ҽрі 
дамытып, жетілдіру. Мҧнда  ауызша сҿздің алатын орны мен маңызы басқа  сатыларға қарағанда едҽуір 
жоғары,  ауызша  сҿйлеу  икемділігі  мен  дағдыларын  дамытуға  негіз  болатынын    жоғарыда  атап  ҿттік. 
Дайындалған  сҿз  тҥрінің  ҥлесі  дайындалмаған  сҿзден  артығырақ,  ҿйткені  алғашқы  сатыда  студенттер 
дайындықсыз  ҿз  ойын  айта  алмайды,  ол  ҥшін  олардың  меңгерген  сҿздік  қоры  да,  грамматикалық  
минимумы да жеткіліксіз, сҿйлеу тҽжірибелері де ҿте аз.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (45), 2013 ж. 
 
 
80 
 
Сондай-ақ осы сатыда шет тілін оқытуда студенттерді коммуникативтік  мақсатқа сай, белгілі  
логикалық  бірізділікпен    сҿз  ҥлгілерін  бір-бірімен  байланыстыра    білуге,    мҽтіннің  негізгі    мазмҧнын 
есте сақтап, оны қысқаша  баяндап беру ҥшін онымен жҧмыс істеуге; мҽтін бойынша сҧрақтарға жауап 
беруге,  ҿз  бетімен сҧрақтар қоюға, қажетті ақпаратты таба білуге; оқытушы берген ҥлгіге қарап, заттар 
мен  олардың  суреттерін  бейнелеп  беруге;  тыңдаған  немесе    оқыған  мҽтінге  ҧқсастырып,  сҧрақтарға, 
қысқаша  жоспарға  сҥйеніп  (немесе  сҥйенішсіз)  ҽңгіме  қҧрастыруға  ҥйрету  керек.      Оқытудағы 
коммуникативтік  мақсат,  бағдарламада  белгіленген  тақырыптар  мен  тілдік  материалдар  кҿлемінде 
студенттер  шетел  тілінде  ҿз  ойын  жеткізе  білуі,  сҿйлеуі,  мҽтіндердің  мазмҧнын    сҿздіксіз,  ал  қиын 
мҽтіндердің  мағынасын сҿздіктің  кҿмегімен оқып тҥсіне алуы керек. 
 Шетел  тілін  университетте    оқытудың  шарттарын  ескере    отырып,  оқыту  барысында  шетел 
тілінде  сҿйлеп,  оқып,  тҥсіне  білу  қабілеттерін  қалыптастыруға    кҿңіл  аудару  керек.  Шетел  тілінде  
сҿйлей білу тілдік  материалды меңгеруге, тыңдап тҥсінуге, ауызша  сҿйлеуді дамытуға, тілдік қарым-
қатынас жасауға ең маңызды қҧралдың бірі болып табылады. Шетел тілін оқытудың коммуникативтік 
мақсатын жҥзеге асырудың алғы шарты бҥкіл оқыту барысында  коммуникативтік   бағдар беру  керек. 
Демек,  студенттерді  шетел  тілінде    ауызекі  сҿйлеуге  жҽне  кітап  арқылы  жҧмыс  жасауға  баулу  қажет.   
Осы  мақсатпен  анықтама  ҽдебиеттерді  пайдалана  білу,  мҽтін  мазмҧнын  ҿз  бетімен  тҥсінуге  бейімдеу  
жҽне оның кейбір тҧстарын  кҿшіріп алу, аңдатпа (аннотация) жазу, шағын хабарлар дайындау  жҽне ҿз 
пікірін айтып, баға бере білу сияқты ҽрекеттерге дағдыландырудың маңызы зор. 
Шетел  тілін  оқытудағы  коммуникативтік  бағдар,  яғни,    студенттің  ҿз  сҿзін  жоспарлай  білу 
икемділігін, мҽтін мазмҧны мен  шетел тілін ҥйрету қҧралдарын ҧштастыра отырып, сҿйлеу этикасын 
да  пайдалана  алуды  талап  етеді.  Кітап  арқылы  жҧмыс  жасау  барысында  автордың  тҥпкі  ойын  тҥсіне 
білу,  оқыған  мҽтіннің  мазмҧнына,  автордың  кҿзқарасына  сын  кҿзбен  қарап,  оны    бағалай  білуге 
дағдыланудың маңызы ерекше. 
Шетел тілін оқыту  – студенттердің жан-жақты дамып, жетілуіне, дҥниеге кҿзқарасының, ойы 
мен  ақыл-есінің,  сезімі  мен  эмоциясының,  рухани  жҽне  эстетикалық  талғамының,  мінезінің  
қалыптасуына,  ҿз  бетінше  білімін  кҿтеруге  ҧмтылуын  дағдыға  айналдыруға  ҽсер  етіп,  олардың  жан-
жақты дамыған  азамат болуына  ықпал жасауды мақсат тҧтады. 
Студенттердің  жан-жақты  дамуына,  олардың  дара  тҧлғалар  болып  қалыптасуына    тілдік 
материалдарды  жақсы  біліп,  сҿз  іскерліктерін    меңгеруі  ҥлкен  ықпал  етеді.  Лексикалық, 
грамматикалық,  фонетикалық  дағдыларды  меңгеру  барысында  студенттер    белсенділік,  ҿз  бетінше 
жҧмыс  істеуге  қабілеттілік  кҿрсетіп,  қорытынды    жасауға  дағдыланады.  Шетел  тілін  оқып,  ҥйрене  
отырып, студенттер ҿз ойын  жҥйелі тҥрде айтып жеткізе алуға, шетел тілінен алған білімін, ҥйренген 
іскерліктері  мен  дағдыларын  жаңа  жағдайларда  шығармашылықпен    қолдануға  машықтанады.  Шетел 
тілін  оқып,  ҥйрену  студенттердің    ҿз  бетінше  ойлау,  есте  сақтау  қабілеттерінің    жетілуіне,  сезімі  мен 
эмоциясының  дҥниеге,  рухани  жҽне  эстетикалық  кҿзқарасының,  мінез-қҧлқының  қалыптасуына,  ҿз 
бетімен  ізденіп,  білімін  кҿтеруге  деген  ҧмтылыстарын  дағдыға  айналдыруға  ҽсер  етіп,  олардың  жан-
жақты    дамыған  азамат  болуына  ықпал    жасауды  мақсат  етуі  керек.  Тілдік    материалдармен  жҧмыс 
істеу нҽтижесінде студенттер бір ойды білдірудің ҽртҥрлі тҽсілдерімен  танысады. 
Шетел  тілін  жоғары  оқу  орнында  оқыту  ҽдістемесі  заман,  уақыт  талабына  сай,  білім, 
ғылымдағы  жетістіктер  мен  ҿзгерістерге  қарай  дамып  отырады.  Осылай  бастапқы  кезде  лексиканы 
ҥйрету  заман,  уақыт  ағымына  байланысты  ҽртҥрлі  талаптар  қойылып,  ол  талаптар  ҽрдайым 
толықтырылып келеді.   
 
1. Байнешова  Ш. Жалпы білім беретін мектепте неміс тілі лексикасын оқытуда ана 
тілінің ықпалын ескере отырып оқыту: Филол.ғ.к. ...дисс. - Алматы.-1998. 
2. Турсынов Д.Т. Методика преподавания русского языка в казахских группах вузов.-
Алматы: Мектеп,1974.-216 с. 
Резюме 
 В статье рассматриваются проблемы методики преподавания персидского языка. 
Summary 
This work contains the methodology of teaching Persian language. 
 
ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА МӘТІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ 
БІЛІКТІЛІКТІ 
 ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
А.Е.Нуралиева – 
Қазақ мемлекеттік  қыздар педагогикалық  университетінің  магистранты 
 
Шетел  тілі  пҽні    арқылы    оқушылардың    рухани  дҥниесі  байиды,    туған  тілін,  елін 
сҥйіп,  барлық адамзатты   қҧрметтеу  сезімі  тҽрбиеленеді.  Шетел  тілі  арқылы  оқушылар  ҿзге 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (45), 2013 ж. 
 
 
81 
 
елдің тарихы жайлы біліп, білімге деген қызығушылығы артады. Шетел тілін оқытудың басты 
мақсаты  -  оқушыларды  ҿзге  елдермен  таныстыру,  халық  даналығы,  халық  ҿсиеттерінен  нҽр 
алғызу,  кітапқа  деген  ынтасын  ояту,  халқының  рухани  байлығы  -  ҽдебиетін  жан-жақты 
игерту,  сол  арқылы  парасаттылыққа,  имандылыққа,  инабаттылыққа,  сҧлулыққа  тҽрбиелеу. 
Мҽтін  оқығанда  оқушылар  негізгі  ой  тақырып  бірлігін  сақтайтын  тірек  сҿздерді  қолданып, 
тҥрлі кҿркемдегіш қҧралдар арқылы сипаттайды. Ал бҧл жҧмыс оқушылардың шет тіліндегі 
сҿздік қорының молдығын, ҽсіресе, синонимдер мен антонимдердің жеткіліктілігін орнымен 
қолдана білулерін қажет етеді. Сондықтан да мҽтінмен жҧмыс  - оқыту  ісінде кҥн тҽртібінен 
тҥспейтін  ҿзекті  мҽселе.  Мҽтін  грамматикалық  жағынан  сҿйлемдердің  бір-бірімен 
сабақтастық  байланыстары  арқылы  жасалады.  Сонымен  бірге  мҧнда  қыстырма  сҿздер: 
"біріншіден",  "екіншіден",  "ендеше",  "олай  болса",  "сондықтан",  "сол  себепті",  т.б.  арқылы 
жасалады. 
Сонымен, мҽтіннің қҧрылысы мен бҿлімдерінің бір-бірімен байланысы оқушылардың 
есінде жақсы сақталуы ҥшін сызба тҥрінде берудің маңызы ҿте зор. 
The scheme of the Analysis of a story 
1. Introduce the story  
the extract                        study                    tragedy 
the fragment                 discussion                comedy 
the paassage                   analysis                novel, short story 
2. The theme. Like of a murderer. 
A few words can be told about the author. In general we know about the author. 
3. Define the type of the story. 
Adventure, detective, humorous, sad, tragic, social, psychological. 
4. Speak on the form of the story. 
 This story is written in the form of - 
1. narration. This manner of presentation makes the story true\false to life. 
2. description. The story is told by one of the personages of the story. 
Шетел  тілі  пҽні  сабағында  оқушыларды  арнайы  мҽтіндермен  оқыту  олардың  оқу 
таным  белсенділігін,    қызығушылығын  арттырып,  қабілеттерін  дамытады,    сабақтың 
эмоциялық,    психологиялық  мҽнін  нҽрлендіруде  пайдалы.  Оқу  техникасын  жетілдіріп,  
мҽнерлі,    айқын  оқуға  кҿмектеседі,  мҽтінмен  жҧмыс  істеуге  баулу  бҥкіл  оқушыларды  оқуға 
ҧйымдастыруда ҿте тиімді болады. 
Мҽтінді шет тілінде оқыту мен талдау оқушының мҽтін мазмҧнын меңгеруіне септігін 
тигізеді. Мҽтін шығармаларын шет тілінде оқығанда,  оқушылардың ол туралы ҿзіндік ҽсері, 
пікірі  туындайды.  Оқушылардың  зейіні,  есте  сақтау,    қабылдау  қасиеттеріне  қарай  мҧғалім 
мҽтінді тҧтастай емес, ең негізгі басты мҽселелерін ғана мазмҧндатып, оны меңгеруді одан ҽрі 
жалғастырғаны  тиімді  болады.  Ҥзіндіні  мазмҧндағанда,  оқушыларды  мҥмкіндігінше  шет 
тілінде жазушы тілімен  мазмҧндатуға икемдеу керек. Оқушыларды оқытылып жатқан  тілде 
ҽңгімелеу, мазмҧндау кезінде жиі мҽтінге  ҥңілдіріп, кейбір негізгі мҽселелерді мҽтінге жуық 
айтқызған жҿн. Мҽтіндерді  ҥйге тапсырма ретінде бергенде, тҥсініксіз сҿздерді, сҿйлемдерді 
оқушылардың алдын ала белгілеп келуін талап еткен жҿн.  
Мҽтінді  терең  тҥсіну,  талдауда  шетел  тілінде  ҽңгімелеудің    де  маңызы  ерекше  деп 
санаймын. Мҽтінге сҽйкес ҽңгімелесу баланың еске ҧстау қабілетіне ҽсер етеді, зерделілікке,  
ҧғымдылыққа,  алғырлыққа  баулиды.  Сондай-ақ  ең  бастысы,  оның  сҿздік  қорын,  тіл 
байлығын,  шетел  тілінде  сҿйлеуге  ҥйретеді.  Мҽтінді  дҧрыс,  нақты  тҥсінуге  жетелейді. 
Ҽңгімелеудің ҿзіндік басты ерекшелігі - оқушылар ең басты, негізгі мҽселелерді бҿліп алып, 
шетел  тілінде  тиянақты,  қысқа  ғана  айтулары  керек.  Ҽңгімелеудің  бҧл  тҥрі  оқушыларды 
нақты сҿйлеуге, ойын шашыратпай, қысқа ғана,  негізгісін айтуға баулиды. Бірақ оны барлық 
баладан  талап  ету  де  мҥмкін  емес.    Оқушылардың  іскерлігін,  ынтасын  ескерген  жҿн.    Ең 
бастысы  бірінші  жақта  жазылса,  оны  ҥшінші  жақта  дҧрыс  ҽңгімелеу  талап  етілу  қажет.  
Ҽңгімелеудің маңыздылығы оқушының тілін дамытады. 
Оқушы  шетел  тіліндегі  мҽтінді  талдай  білу  арқылы  нақты,  дҽлелді  сҿйлеуге 
дағдыланады,  сҿз  қҧдіретін  тҥсініп,  қасиетін  ҧғынады.  Кҥнделікті  оқытылып  жатқан  тілді 
жақсы меңгерген оқушы оны кестелеп, ҽдемілеп қолдануға дағдыланады. Мағынасыз сҿздер, 
шҧбалаңқы сҿйлемдер, айтатын ойын нақтылап беруге, дҧрыс сҿйлеуге зиянын тигізеді. 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (45), 2013 ж. 
 
 
82 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет