Мақсаты:
зерттеу не ғылыми жұмыс материалдарын шағын баяндама түрінде сауатты беру;
баяндамашының студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясында жемісті
баяндауы;
студенттің студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін ғылыми
жетекші жағынан оқуы бойынша қарыздарын, бонустық сынағын және/немесе емтиханын өтеуді
алу.
Материалдар.
Студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға баяндама дайындау үшін материал
ретінде келесілер болады:
студенттің ғылыми ізденістер жүргізу жағдайындағы жеке зерттеулерінің
нәтижелері;
студентке аспиранттар және/немесе оқятушылармен ұсынылған материалдар;
тиісті үлгіде рәсімделген әдебиет көздері.
Әдістер.
Баяндамашының ғылыми мәліметтерді дайындау барысындағы негізгі міндеті
ретінде тыңдаушылар назарына ғылыми ізденістер барысында алған нәтижелер көлемін
қысқа мерзімде кейде аса қиындыққа соғатын көрнекі материалдарды қолданумен
түсінікті етіп жеткізу болып табылады.
Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі:
1.«Кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерін бекіту
туралы» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 22 қарашадағы № 556 бұйрығы.
2.«Республикадағы Жоғары оқу орындарындағы кредиттік технология бойынша оқыту оқу
үрдісін ұйымдастыру» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 14 наурыздағы № И-01 нұсқаулық хаты.
3.Қазақстанда кредиттік оқыту жүйесінің / С.Б.Абдыгаппаров, Г.К.Ахметова,
С.Р.Ибатуллин, А.А.Кусаинов, Б.А.Мырзалиев, С.М.Омирбаев; Жалпы ред. Ж.А. Кулекеев,
Г.Н.Гамарник, Б.С.Абдрасилов. Алматы: Қазақ Университеті, 2010. – 198 б.
4.2010 жылғы 27 шілдедегі ҚР Білім туралы Заңы.
Қосымша:
5.Мамандық бойынша қазақша-орысша терминдік сөздіктер жиынтығы. Павлодар, 2008.
6.КазНУ хабаршысы. Экономикалық журнал. – Алматы, 2010
11 Тақырып Ғылыми мақалаларды дайындау және жазу әдістері -2 сағат
Мазмұны
1. Мақаланың атауы оның мазмұнын көрсетуі тиіс.
2.
Жинақталған материал принциптерін жүйелеу
3.Мақаланың негізгі мазмұны.
Өткізілген зертетулер нәтижесін жазбаша рәсімдеудің неғұрлым қомақты және
қолайлы түрі ретінде журналдық ғылыми мақала болып табылады. Әдетте, ол машинаға
басылған мәтіннің 3-10 бетімен шектеледі, осыдан да оның әр параграфы негізгі
ақпараттың мақала басынан бірден берілетіндей құрылады. Мәтін негізіне бір ғылыми ой,
бір ғылыми идея алынады. Ғылыми мақалаларды ғылыми журналға басу қажет.
Мақаланың атауы оның мазмұнын көрсетуі тиіс. Мақаланы бастайтынабзац, әдетте,
оқырманды зерттеу мәселесіне енгізеді. Мұнда зерттеу мақсаты, жұмыс міндеттері мен
тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл деректер мақаланы оқу барысында
мәселенің мәнін жылдам түсінуге ықпал етеді. Мақала құрылымы зерттеу тақырыбы және
ерекшеләіктерімен анықталады, бірақ барлық жағдайларда онда келтірілетін деректер
ғылыми ізденістер барысында алынған деректердің жалпыламасын береді. Журналық
ғылыми мақаланың құрылуының үлгі жоспары:
1) автор тегінің (тегі, аты-жөні), ғылыми (оқу) мекемесі атауыны, жұмыстың
қайда орындалғанының көрсетілуімен мақаланың аты;
2) аннотациясы;
3) ұсынылған ғылыми фактілердің теориялық және тәжірибелік мәндердегі
мағыналары жөнінде кіріспе ескертулер;
4) зерттеу әдістемесі жөнінде қысқаша деректер;
5) өз деректерін талдау, оларды жалпылау мен түсіндіру;
6) негізгі қорытындылар мен ұсыныстар. Ғылыми зерттеулерді теориялық эәне
эмпирикалық деңгейлерді бөлуге сәйкес білімдерді теориялық және эмпирикалық
мақалаларға бөледі. Теориялық мақалаларда тану әдістері арқылы орындалған
зерттеулердің нәтижелері беріледі: абстрактілеу, талдау, синтез, индукция, дедукция,
идеализация, формализация, модельдеу. Мақалаларда объектілерді аналитикалық және
графоаналитикалық формаларда сипаттау есептері ретінде физикалық, химиялық,
физикалық-химиялық процестер, экономикалық есептердің әдістері мен нәтижелері, т.с.с.
болып табылады. Басты түсініктерді, принциптер мен заңдылықтарды бөлумен ғылыми
фактілерлерді жүйелеуге негізделген құбылыстар, процестер мен мәселелерді
интерпретациялауға арналған жұмыстарда математикалық есептеулер мен модельдер
беріледі, бірақ материал мәтін формасында беріледі. Құрылымдағы негізгі мәнге
логикалық ережелер мен заңдар иеленеді.
Эмпирикалық мақалалар эксперимент, бақылау, өлшеу және басқа да әдістердің
көмегімен, бірақ теориялық әдістерді қолданумен өткізілетін зерттеулер нәтижелерін
сипаттайды. Осыдан да олардың атауларында «есеп», «бағалау», «анықтау», «әдістеме»
сөздері болады.
Зерттеу әдісі, оны іске асыру құралдары сипатталып, алынған материалдың сипаты
мен жіктелуі, оның интерпретациясы, енгізу жағдайында зерттеушілік-өндірістік тексеру
жөнінде мәліметтер беріледі. Деректер, әдетте, сызбалар, диаграммалар, кесте
формаларында – математикалық модель түрлерінде көрсетіледі.
Мақаланың қорытынды бөлігі материалды қорытындылап, сала білімінің
жүйесінде зерттеулер орнын көрсете отырып, кіріспе бөліммен қойылған сұрақтарға жауап
береді.
Жинақталған материал принциптерін жүйелеу
Жүйелеу–ақпарат жинағын (жиналған, өнделген және талданған) белгіленген
құрылыммен реттеу. Ғылыми экономикалық зерттеу нәтижелерін жүйелендіру процесі
жинақталған және өңделген материалда болады (ілгерінді ғылыми-аргументтелген
деректердің талдануымен).
Зерттеу материалын беру ғылыми-зерттеу жұмыс жөнінде арнайы есеп, курстық
жұмыс, дипломдық жұмыс, тәжірибе бойынша есеп формасында бола алады.
Ақпарат – әкімшілік, ұйымдастырушылық шаралар, сондай-ақ ұсыныстар мен
ұсынымдарды дайындау үшін шешімдер қабылдау үшін негіз болатын фактілер (тұлғалар, іс-
әрекеттер, ұйымдар, оқиғалар) жөнінде мәліметтер. Ақпарат философиялық түсінікте мәлімет
(белгі) алу нәтижесінде талданатын құбылыстар (процестер) туралы біздің көзқарастарымыздың
азаюын не алынуын қамтамасыз етеді.
Ақапараттық жұмыс – лауазымды тұлғаларды оларға жүктелген міндеттерді шешуге
қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету бойынша әрекет.
Ақпараттық жұмыс құралдары – ақпаратты жинақтау, өңдеу, жүйелеу, сақтау мен беруге
арналған деректі, техникалық және өзге де құрылғылардың жиынтығы.
Ақпараттық жұмыс формалары – басқарушылық процесті ұтымды және тиімді іске асыру
мақсатында басқару жүйесінің түрлі буындарында ақпараттық деректерді құжаттау, жинақтау,
сақтау және интеграциялау ерекшеліктері.
Ақпараттық жұмыс процесі – нақты тұтынушылармен сұралған қажетті мәліметтерді толық
көлемде жылдам табуға мүмкіндік беретін операциялардың бірізді жиынтығы (тіркеу, беру,
жинақтау, сақтау, өңдеу, ақпарат беру).
Ақпарат сапасы – ақпараттың зерттеуге арналған тәжірибелік жарамдылығын анықтайтын
қасиеттерінің даму дәрежесі. Ақпарат сапасы келесі сипаттамаларға байланысты болады:
-деректілік;
- қатыстылық;
- уақыттылылық;
-толымдылық;
- маңыздылық.
Ақпаратты таңдау – материалдар мен құжаттарды, нақтылауларды, ақпаратты толықтыру
мен қалыптастыруды қарау нәтижесі.
Ақпаратты жинақтау – белгіленген жүйеде ақпаратты интеграциялау, жүйелеу, анықтау мен
есепке алу нәтижесі.
Ақпаратты сақтау – деректер жинағын орталықтандыру, түзету, жаңарту мен сақтау
нәтижесі.
Ақпаратты өңдеу – қайта өңдеу (іріктеу, топтау, толықтыру, салыстыру, т.с.с.) мен жұмысқа
ыңғайлы формалар.
Ақпаратты беру – дабылдық ақпараттандыру не сұраныста көрсетілген бағдарламаға
сәйкес тұтынушыға ақпаратты беру.
Таңдау әдістері мен ақпараттық ізденіс шектіктері келесілерді есепке алумен анықталады:
- талдауға жататын нақты міндеттерді белгілеумен талданатын мәселенің құрылымы мен
мазмұнын;
- қажетті ақпараттың болуы мүмкін аралас салалар мен мәселенің болуын;
-ретроспективті ізденіс тереңдігін;
- зерттеуге қажетті құжатталамалық көздер түрлерін.
Ақапаратты өңдеу – жинақталған материалдарды жүйелеу арқылы көзге түсерлік, жинақы,
талдауға жарамды ету мақсатында реттеу, яғни нақты деректердің «сөйлей» бастайтындай
түрлеріне келтіру.
Зерттеу тақырыбы бойынша материалдарды таңдау және өңдеу – аналитикалық жұмыс
процесінің ақпаратты іздеу, оның сапалы сипаттамаларын тексеру, сондай-ақ зерттелетін фактілер,
оқиғалар мен құбылыстарды дұрыс бағалау үшін жағдайлар жасау мақсатында өңдеу іске
асырылатын дайындау кезеңі.
Зерттеудің ақпараттық базасы – шектіктерінде ақпараттық материалдар жеткіліктілігі,
оларды алудың жолдары мен әдістері анықтлатын, олардың көздері бойынша библиографиясы
құралатын мәселелерді алдын ала өңдеудің құрамды бөлшегі.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жиналған материалдарды талдау –
аналитикалық жұмыстың материал мазмұны іске асырылатын, жаңа қорытынды ақпараттың
өңделетін, оларды тәжірибеде қолдану және зерттеу нәтижелерін құжаттау бойынша ұсыныстар
қалыптасатын негізгі кезеңі.
Ақапаратты талдау – нақты деректердің қалыптасуының салыстырмалылығын
(сәйкестілігін), жаңа қорытынды ақпараттың өңделуі мен объективті бағалануын қамтамасыз
етуші әдістерінің жиынтығы.
Жаңа ақпаратты өңдеу – бастапқы деректердің барлық массасынан мазмұнын алу,
сәйкестендірілетін мәліметтер арасындағы себеп-салдар және кеңістіктің-уақытша байланыстар
мен өзара байланыстарды іздеп табу.
Зерттеу нәтижелерін құжаттау – зерттеу нәтижелерін сипаттамаға қатаң форма, көрнекілік,
логика, қысқалылық, айқындылық беріп, зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сай болатын
белгілер жүйесі арқылы орнатылған тәртіпте тіркеу.
Зерттеу әдістерін апробациялау – зерттеу нәтижелерінің сапалы сипаттамаларын, іске
асыру және тәжірибеге енгізу мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған тексеруші процедура.
Зерттеу нәтижелерін бекіту – оның көмегімен аналитикалық құжаттың барлық мүдделі
салаларда қолдану үшін жарамдылық пен міндеттілік сапасына ие болатын келісушілік процедура.
Зерттеу нәтижелерін іске асыру – олардың әрекетінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз
етуші мүдделі тұлғалар жұмысының тәжірибесіне енгізуге ыңғайлы формада беру.
Аналитикалық жұмысты тексеру, бекіту мен енгізу нәтижелері – зерттеу процесінің
аналитикалық жұмысының кемшіліктері белгіленетін, олардың жойылуы іске асырылып, алынған
нәтижелер сапасы бағаланатынқорытынды кезеңі.
Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі:
1.«Кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерін бекіту
туралы» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 22 қарашадағы № 556 бұйрығы.
2.«Республикадағы Жоғары оқу орындарындағы кредиттік технология бойынша оқыту оқу
үрдісін ұйымдастыру» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 14 наурыздағы № И-01 нұсқаулық хаты.
3.Қазақстанда кредиттік оқыту жүйесінің / С.Б.Абдыгаппаров, Г.К.Ахметова,
С.Р.Ибатуллин, А.А.Кусаинов, Б.А.Мырзалиев, С.М.Омирбаев; Жалпы ред. Ж.А. Кулекеев,
Г.Н.Гамарник, Б.С.Абдрасилов. Алматы: Қазақ Университеті, 2010. – 198 б.
4.2010 жылғы 27 шілдедегі ҚР Білім туралы Заңы.
Қосымша:
5.Мамандық бойынша қазақша-орысша терминдік сөздіктер жиынтығы. Павлодар, 2008.
6.КазНУ хабаршысы. Экономикалық журнал. – Алматы, 2010
12 Тақырып. Зерттеу жұмысының нәтижесін ұсынудағы қорытынды нысаны:
презентациялар, пікір-талас (дискуссия) -2 сағат
Мазмұны
1. Тұсаукесер.
2. Дипломдық жұмысты қорғау.
3. Конференция
Тұсаукесер (лат. praesento — көрсету) — бір нәрсені не бірденені (ұйымдар, жобалар,
өнімдер не т.с.с.) көрсетуге арналған құжат не құжаттар жиынтығы. Тұсаукесер мақсаты —
мақсатты аудиторияға тұсаукесер объектісі туралы ыңғайлы формада толымды ақпаратты
жеткізу.Тұсаукесер типтері.
Тұсаукесерге дайындалу алдынан мақсатты аудитория мен сөз сөйлеу ұзақтылығын
анықтау қажет. Бұған тұсаукесерді бүкіл құрылымы байланысты болады. Бір тұсаукесерді 5 минут
не бір жарым сағат көрсету — екі түрлі тұсаукесер; біріншісі екіншісінен слайдтарды жай алып
тастаумен жасалмайды.
Неғұрлым типті жеке жағдайларды қарастырайық.
Дипломдық жұмысты қорғау.
Бұл неғұрлым қысқа тұсаукесер, 5–10 минут. Міндеттерді қою мен өз нәтижелерін атауға
көңіл бөлу қажет.Аттестациялық комиссияға мыналар түсінікті болуы керек: қандай да бір күрделі
мәселенің болуы, Сіз оны шешу үшін үлкен жұмыс атқардыңыз, және неге қол жеткіздіңіз.
Комиссия мүшелерінің Сіздің жұмысыңыздың ерекшелігі мен тіпті терминологиясын да нашар
білуі мүмкін болғандықтан, техникалық детальдары жөнінде айту міндет емес. Слайдтарда бұл
детальдар неғұрлым күрделі формулалар, кестелер, сұлбалалар түрінде көрсетілуі мүмкін.
Баяндама барысында Сіз тоқталып өтетін кілтті фрагменттерді түрлі түспен не жуан бояумен
белгілеу ұсынылады. Мысалы, Сіз айтасыз: «бұл функционалда .... мүмкіндік беретін айыпты
қосылғыш енгізілген». Айыпты қосылғышты түспен белгілеуге болады; бірақ формуланың өзін
түсіндіру — артық әрі құнды уақытты босқа жіберу. Егер де біреуге қызықты болса, ол өз сұрағын
қояды не жұмыстың негізні мәтінің детальдары сұрайды. Қорғау барысында автордың жеке өзімен
осы жұмыста берілгені нақты көрсетілуі тиіс. Екінші жағынан, бұл жерде өзінше сөйлеу орынды
емес. Тұсаукесерді қатаң стилі (оптималды – ақ фондағы қарамен) мен артық сөзсіз анық баяндау
қолданылады.
Диссертация қорғау
Кандидаттық — 15–20 минут, докторлық — 30–45 минут. Кейбір техникалық детальдарға
тоқталуға уақыт бар сияқты. Алайда, жұмыс көлемі де көп. Шешілген әр міндет жөнінде конспект
түрінде айту керек: қойылуы, не үшін, не ұтымды болды. Тек автордың өзі ғана мақтан ете алатын
кейбір қызықты жағдайларда ғана былайша айтуға болады: «Әдіс идеясы (дәлелдері, алгоритмі)
мынада …». Қорғау деңгейі неғұрлым жоғары болса, шешілген міндеттер өзектілігіне, шешудің
ұсынылған әдістерінің жаңашылдығы мен нетривиалдығына қойылатын талаптар да соғұрлым
жоғары болады. Осыдан да келесі детальдарды атап өту маңызды: бұл мәселе Сіз үшін неше жыл
ашық болған, оның шешілуі Сізге қандай мүмкіндіктер береді, шешім сапасы неше рет артылған,
т.с.с. Өздігінен сөйлеу тағы қолданбайды.
Конференция
Әдетте конференцияда сөз алу 20 минут болады. Бұл неғұрлым маңызды техникалық
детальдарды ашып үлгеріп, аяқталған зерттеу туралы айту үшін оптималды уақыт болып
табылады. Тұсаукесер тақырыпта түсінігі бар тыңдаушыға бағытталған. Сондықтан да
пайдалының пайдасы туралы кіріспе сөздер артық болып табылады. Нақтылау дәрежесі Сіздің
түсіндірмелеріңізді неше адамның (Сіздің субъективті бағалауыңыз бойынша) түсіне алатынын
анықтауда. Мүмкіндігінше, әр слайд пен әр идеяның кемінде жарты аудиторияның түсінгені қажет.
Баяндама барысында Сіздің ерекшелігіңізге қатысты және небір тірлілікті енгізетін бір-екі әзіл
орынды болады. Слайдтар дизайны қатаң болуы тиіс; жұмыс мәнінен еш нәрсенің айырмауы
қажет.
Семинарда сөз сөйлеу
Тұсаукесер стилі Сізге қанша уақыттың бөлінгеніне байланысты болады. Бұл
конференцияда сөз сөйлеу мен серіктес алдындағы тұсаукесер арасындағы орташа болады.
Тыңдаушы максимал түрде жұмсақ болады. Міздің мақсатыңыз — барлық аудиторияның толық
түсінуіне қол жеткізу. Осыдан да тұсаукесер бұқаралық кіріспеден неғұрлым күрделі техникалық
детальдарға біртіңдер көшуі тиіс. Слайдтар дизайны қарапайы әрі қатаң болуы керек
(оптималдысы — ақтағы қара); жұмыс мәнін түсінуде ешбір ауытқу болмау керек.
Дәріс
Типтік жағдайда бір жарым сағат. Сөз алушы тақырыпты ашуға арналған құралдарды
таңдауға ерікті, алайда ұзақ уақыт бойы аудитория назарын ұстап тұру да күрделі болады.
Тыңдаушылардың пәнге деген қызығушылығының жоғалмауы үшін, ең басында мұның не үшін
керек екендігін, қолдвану аясын айтып өту маңызды, әрі дәрі уақыты бойы осы мысалдарға біраз
аралықтарда теория мен тәжірибе байланысын көрсете отырып, қайтып келіп отыру орынды.
Слайдтар дизайны қарапайы әрі қатаң болуы керек (оптималдысы — ақтағы қара); дәріс мәнін
түсінуде ешбір ауытқу болмау керек.
Ұсыныстар
Жаңадан бастаушыларға арналған кеңестер
Егер де Сіз аудитория алдында өзіңізді сенімсіз сезсеңіз, өз сөзіңізді жазып алып,
жаттап алыңыз. Жазылған сөздердің 7 минут уақыты шамамен мәтіннің бір жарым бетін алады
(форматы А4, шрифті 12pt).
Ұқыпты болуы орынды. Немқұрайлықпен жасалған слайдтар (шрифттері мен орын
алулары әртүрлі, қателер, формулалардағы баспа қателері) бяандамашының мазмұны мәселелерге
немқұрайлықпен қарайтындығы туралы күдіктер туғызуы мүмкін.
Титул беті Сіз бен Сіздің баяндамаңызды аудиторияға таныстыру үшін қажет.
Қорғау барысында сондай-ақ ғылыми жетекші мен ұйымның тегі мен аты-жөнін атап өту қажет.
Конференцияларда —конференция атауы мен күнін. Бұл әріптестермен фацлдармен алмасуда және
Интернетке салуда тұсаукесер мәнінің қосымша түсіндірулерсіз түсінікті болуы үшін де қажет.
Слайдтағы жолдардың оптималды аны — 6 - 11. Материалдың асырылуы мен ұсақ
шрифті қабылдау үшін ауыр болады. Ал аз болуы баяндаманың үстірт және нашар дайындалғаны
жөнінде күдік туғызады.
Таралған қате — слайдты сөзбе сөз оқу. Слайдта толық мәлімет беріліп
(анықтамалар, теоремалар, формулалар), сөзбен оның қысқартылған нұсқасы айтылса, орынды
болады. Слайдтағы ақпарат неғұрлым формалды және қатаң беріле алады.
Тізімдеме пункттері қысқа фразалармен берілуі тиіс; максимум — бір фразаға екі
жол, оптималдысы — бір жол. Ұзақ фразаны оқу сөз назарын ауытқиды. Қысқа фраза жадыда
көзбен жеңіл сақталады.
Формулаларды сөзбен айтпаңыз — ол ұзақ әрі қызықсыз. Ол тыңдаушылардың бір
уақытта конспект жазуы барысында лекциялар мен семинарлар барысында орындалады. Қорғауда
не конференцияда ол орынсыз болады.
Ауысудың оптималды жылдамдығы —1–2 минутта бір слайд, дәрістерде — 5
минутқа дейін. Қысқа сөздерде бір минутта екі слайд орынды, бірақ одан жылдам болмауы тиіс.
Тыңдаушылар ақпаратты слайдтан да, құлаққа да қабылдай алуы тиіс.
Кілтті анықтамалары бар слайдтарда көбірек қалуға болады. Егер де олар түсініксіз
болса, еш нәрсе түсінікті болмайды.
Нәтижелер сұлбалары берілген слайдтарды жылдамдатылған ырғақта қарау жеңіл
болады. Типті жағдайда сұлбаны түсіндіру: «Көлденең ось бойымен берілгені …, осьтің тігінен
берілгені — …, осыдан көретініміз…».
Кестелерді түсіндіру барысында жолдардың нелерге, бағаналардың нелерген сәйкес
болатынын атап өту қажет.
Баяндаманың негізгі идеялары түсініксіз болатын ғана белгілер мен түсініктерді
енгізіңіз. Кез келген белгі оның қолдануына дейін түсіндірілуі тиіс. Егер де түсіндіру 20
анықтамадан құралатын тізбекті талап тетеін болса, оны түсіндірудің қысқа жолын іздеу қажет.
Үлкен белгілерді артық индекс, белгілер, айшықтардан құтыла отырып қысқарту
қажет. Ешекім Сізден мақала не диссертацияда келтірілген сол бір нақтыларды ұстануды талап
етпейді. Онда олар дәлелденген болар, ал мұнда қарапайымдату қажет.
Қысқа баяндамада бір фразаны қайта-қайта айтпау керек, басқа сөздермен де —
уақыт қымбат. Дәрісте, керісінше, неғұрлым маңызды идеяларға қайтып келуге болады (қажет те).
Фейнман айтқандай, физика бойынша өз дәрістерімізде «қбіз құбылысты бірнеше түсініктердің
болғанында ғана түсінеміз».
Әр фразаны сыни көзқараспен ойлау қажет: тыңдаушылар түсіне ме; оны түсіну
үшін арнайы білімдері жеткілікті ме? Түсініксіз фразаларды тұсаукесер барысында ойламастан
алып тастау қажет.
Кез келген фраза бірдеңеден кейін айтылуы тиіс. Сіздің жұмыс барысында
айналысқандығыңыздан емес. Әр фраза келесі фразаларға логикалық түрде жетелеуі тиіс, және
соңғы нәтижеде басты мақсатты көздеуі керек — аудитория назарына екі-үшеуін нақты жеткізуі.
Сонда ғана сөз алу мақсатты және жағымды болады.
Қысқа тұмаукесерлердегі соңғы слайдты айтк керек емес. Сіз жаңа бұны айтып
кеттіңіз, екнші рет айту артық болады. Басқасы — тыңдаушы қатедесетіндей айтылғанның көп
болатынсеминардағы дәріс не сөз сөйлеу: несі бастысы болған… Бұндайда резюменің болуы
қажет, «құрғақ қалдығы».
Тұсаукесерді дайындауға шамамен қанша уақыт кетеді?
Ол, әрине, сөз сөйлеу ұзақтылығы (слайдтар саны) менкөрнекілік материал дайындығына
байланысты болады.
Мысалы, түлектік жұмысты қорғау туралы сөз дерлік; материал дайын, бірақ
тұсаукесерді «нөлден» бастау қажет, оған қоса Сіздің тәжірибеңіз де шамалы. Сонда типтік
жағдайда басшымен ақылдасуға бір не екі күн, одан кейін өндеуге тағы бір күн керек. Қысқасы, үш
күн жоспарлау қажет.
Баяндау алдында үш сағат ішінде тұсаукесер дайындау мүмкін емес, әрі ол күдікті.
Дайын тұсаукесерді нұқият жеті рет қарау қажет, әрдайым бірнеше қате мен
«әдемісіздіктерді» тауып аласыз.
Бұның барлығы Сіздің цетнотта болу жағдайына (өкінішке орай, ең көп тараған).
Нақтылағанда тұсаукесерді бір күн жасап, жасырын сананың жұмысына үш апта қалдырған жақсы
болады. Осы уақыт аралығында Сіз ара-аралықта өз баяндамаңызға ойша оралып отырып, әр кез
не бір нәрсені қысқа әрі түсінікті атуға болатын ойға келесіз. Кей кезде ең басында оптиамалды
болып көрінетінді толық қайта өндеуге тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |