Т. Я. Эрназаров 2013 ж


-тақырып. Тіркелген активтер бойынша шегерімдердің салық есебі



бет25/26
Дата24.04.2023
өлшемі410 Kb.
#85945
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
12-тақырып. Тіркелген активтер бойынша шегерімдердің салық есебі
Тапсырма 1. Салықтық кезеңнің басына 3 топтың құндық балансы 675 мың теңге құраған (ксерокстың 5 данасы). Мамыр айында 4 ксерокс 290 мың теңгеге өткізілген (ҚҚС-сыз).
Қыркүйек айында 1 ксерокс бұзылып есептен шығарылды. Бір ксерокстың баланстық құны 75 мың теңге. Ксерокс сақтандырылған еді және сақтандыру ұйымы 65 мың теңге төледі.
Анықтау керек:
1. Ұйым қандай шегерімдерді жүзеге асыра алады?
2. Қандай мөлшерде?
Тапсырма 2. «Компьютерлер және ақпаратты өндеуге арналған жабдық» тобының құндық балансы салықтық кезеңнің басына 1800 мың теңге құрады (20 дана компьютер).
-1 сәуірде жалпы құны 260 мың теңге болатын 2 компьютер сатып алынды (ҚҚС-сыз);
- 25 маусымда жалпы құны 160 мың теңге болатын 4 компьютер сатылды (ҚҚС-сыз);
- 4 тамызда - 3 компьютер қайтарымсыз коммерциялық емес ұйымға берілді. Бір компьютердің баланстық құны - 90 мың теңге;
- 6 қазанда - 1 компьютер тоқтың өзгеріп тұруынан бұзылып, есептен шығарылды. Бір компьютердің баланстық құны - - 90 мың теңге. Мүлік сақтандырылған еді және сақтандыру компаниясы – 70 мың теңге төледі.
Анықтау керек:
1 Салықтық кезеңнің соңына топтың құндық балансы;
2 Тұрақты активтер бойынша шегерімдер;
3 Келесі салықтық кезеңнің басына топтың құндық балансы.
Тапсырма 3. «Машиналар мен жабдықтар» тобының құндық балансы салықтық кезеңнің басына - 2500 мың теңге. (үш жеңіл автокөлік).
- ақпанда 1 жеңіл автокөлік сатып алынды - 900 мың теңге, (ҚҚС-пен). Жеңіл автокөлік негізгі құрал ретінде қолданылды.
- маусымда 3 автокөліктің жөндеуі жүзеге асырылды, шығындар 400 мың теңгені құрады.
Көліктік құралдар бойынша шегерімдерді анықтау керек.
Әдістемелік нұсқаулар: Тұрақты активтер бойынша шегерімдер салық есебінің ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Өткізу нысаны:рефераттық
Негізгі әдебиет:1,3
14-тақырып. Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
Тапсырма 1. Есеп беру кезеңінде (2009 жыл) өндірістік кәсіпорын “Самал” келесідей көрсеткіштерді көрсетеді:
- өнімді өткізуден түскен түсім: -19780 мың теңге
- қоймалық бөлімдерді арендаға беруден түскен табыс- 2900 мың теңге,
- мердігерлік қызмет көрсету бойынша түсім – 1760 теңге
- 20 қаңтар 2009 жылдың сот шешімі бойынша ЗАО «Айбат» жабдықтаушысымен мерзімінде жеткізбегені үшін төленген айыппұлдар мен тұрақсыздар – 1000 мың теңге
- АҚ «Вымпел»ге қатысы үшін дивидендтер – 1340 мың теңге
- ЖШС «Далель»ге жүктелген тауар үшін қарызгерге айыппұлдар мен пұлдар – 780 мың теңге
- Мәдениет үйін функциялаудан түскен табыс – 890 мың теңге
- Ағымдағы периодта екі жер учаскесін іске қосу сомасы – 4300мың теңге және 1890мың теңге қолға алу бойынша 3700мың теңге және 1200 мың теңге.
- АО «Ақсай»-дың 2007 жылы алынған өнім үшін кредиторлық қарызы 6500 мың теңге
- Өтемсіздік негізде фирма «Бета» бухгалтерия үшін компьютерлік программа шығарды – 1750 мың теңге
- өнімді өткізуден түскен түсім 3000 мың теңге,
- «АССА» фирмасы 2007 жылдың қарызын екіден бір бөлігін өтеді – 25000 мың доллар ( бір доллар 123 теңге)
- 40 тоннадан асатын жүк көтеретін карьерлік автосамосвал сатып алынды- 200 мың теңге
-шикізаттың, материалдың, қосымша бөліктің қалдығы, жыл басына – 2000 мың теңгені құрады,
Жыл соңына – 3110 мың теңге
- компьютерлер және оргтехника – 1120 мың теңге
- екі жеңіл машина – 5500 мың теңге
- қосымша бөліктер және құрылғыға кіретін – 1140 мың теңге
- көлік қызметі – 670 мың геңге
- кеңселік жиһаз – 330 мың теңге
- ксерокс – 100 мың теңге
Ағымдағы кезеңде келесідей шығындар жасалды:
- кеңсе жөндеуіне жұмсалған материалдар – 340 мың теңге
- еңбек ақы бойынша шығындар – 3990 мың теңге
- іскерлік сапарлар – 995 мың теңге
- уақытша жұмыссыздық бойынша және басқа да әлеуметтік төлембер – 54 мың теңге
- несие үшін пайыздар төленді – 10000 мың теңге 21 пайызбен, қайта қаржыландыру ставкасы 12 пайыз;
- меншікке салық есептелді – 900 мың теңге, ал төленгені – 850,0 мың теңге
- тәжірибе-құрастырушылық жұмыс бойынша шығындар – 560 мың теңге
- Мәдениет үйін қаржыландыру шығындары – 1000 мың теңге
- кеңсе жөндеуіне шығындар – 1230 мың теңге
Корпоративті табыс салығын анықтау.
Әдістемелік нұсқаулар: Корпоративті табыс салығын анықтаған кезде 20 % салық ставкасын қолдану
Өткізу нысаны: рефераттық
Негізгі әдебиет:1,7


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет