Т. Я. Эрназаров 2013 ж


Практикалық сабақтардың мазмұны, олардың сағаттағы көлемі



бет18/26
Дата24.04.2023
өлшемі410 Kb.
#85945
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26

7. Практикалық сабақтардың мазмұны, олардың сағаттағы көлемі


2-тақырып. Салық есебі және оның есеп жүйесінде алатын орны
Жоспар:
1. Салық есебі жеке ақпараттық жүйе ретінде
2. Жеке (бөлек) есеп түсінігі және оны жүргізудің тәртібі
3. Салық есебінің пәні мен әдісі
4. Салық есебінің объектілері.
Тапсырма 1. Есептің екі түріне: салық және бухгалтерлік есепке қысқаша салыстырмалы сипаттама беріңіздер.
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы кесте түрінде орындау. Онда мынадай басты критерилері анықталу керек:
а) негізгі заң актілері;
б) есеп әдістері;
в) есеп беру;
г) есеп объектілерін көрсету әдістері.
Әдебиеттер:1,2,3
4-тақырып. Есептік және салықтық саясаты
1. Салықтық төлемдердің экономикалық мазмұны: белгілері, қағидалары, қызметтері
2. ҚР-ның қазіргі салық жүйесінің сипаттамасы
3. ҚР Салық Кодексі, оның құрылымы мен мазмұны
Тапсырма 1. Салық, баж, алымдарға анықтама беріңіз.
Әдістемелік нұсқаулар: Жауапты Салық Кодексінің 12 бабына сәйкес беру және тезис түрінде орындау.
Әдебиеттер:1
5-тақырып. Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі
Жоспар:
1. Патент негізіндегі арнайы салықтық тәртіп
2. Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салықтық тәртіп
3. Кәсіпкерлік әрекеттің жеке түрлері үшін арнайы салықтық тәртіп
Тапсырма 1. Жеке кәсіпкер Жеңлдетілген декларация негізінде арнайы салықтық тәртіп бойынша салықтық төлемдерді анықтайды. 2009 жылдың үшінші тоқсанына табыс 7000,0 мың теугені құраған. Салықтық кезеңдегі жұмыскерлердің орта тізімдік саны 28 адам болған, ал жалдамалы жұмысшылардың орташа айлық еңбекақысы 22,0 мың теңге құраған. 3 тоқсанға салықтарды есептеңіз.
Әдістемелік нұсқаулар: Салық Салық Кодексінің 436 бабына сәйкес есептелетінін ұмыстпай керек. Салық сомасын түзету тек шекті орта тізімдік санға және шекті табысқа жүргізіледі. Жеке кәсіпкерге жалпыға бекітілген салық салу тәртібіне өту бойынша ұсыныс жасау керек.
Әдебиеттер: 1,7


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет