Т. Я. Эрназаров 2013 ж


-тақырып. Есептік және салықтық саясаты



бет7/26
Дата24.04.2023
өлшемі410 Kb.
#85945
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
4-тақырып. Есептік және салықтық саясаты
Салықтық есепке алу саясаты халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.
Есепке алу құжаттамасы:

  • бухгалтерлік құжаттаманы;

  • салықтық нысандарды;

  • салықтық есепке алу саясатын;

  • салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттарды қамтиды.

Салықтық сепке алу саясатына қойылатын талаптар
Салықтық есепке алу саясатында мынадай ережелер белгіленуге тиіс:

  • салық төлеуші дербес әзірлеген салық тіркелімдерінің нысандары мен жасалу тәртібі;

  • стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің тізбесі;

  • салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдар лауазымдарының атауы;

  • Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары көзделген қызмет түрлері жүзеге асырылған жағдайда белгіленген ережелерді сақтай отырып, бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;

  • жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырған жағдайда бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;

  • корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатына орай шығыстарды шегерімге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың Кодексте көзделген, салық төлеуші таңдап алған әдістері;

Салық төлеуші салықтық есепке алу мақсатында бұрын көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде салықтық есепке алу саясатында тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиіс:

  • халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген жаңа салықтық есепке алу саясатын немесе есепке алу саясатының жаңа бөлімін бекіту;

  • қолданыстағы салықтық есепке алу саясатына немесе оның бөліміне өзгерістер және толықтырулар енгізу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады


Бастапқы бухгалтерлік және салықтық құжаттар



Салықтық есептік регистрлер





Шоттар бойынша айналым ведомос, Бас кітап

Журнал ордерлер мен шоттар бойынша карточкалар

Талдамалы есебінің регистрлері



Салықтық есеп-қисаптардың көрсеткіштерін
дәлелдейтін құжатнама

Салықтық есеп-қисаптар

Сурет 1.1 - Құжатайналымы

Салықтық есепке алу саясатына келесі жағдайларда өзгерістер және толықтырулар енгізуге болмайды:



  • кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізу кезеңінде –тексерілетін салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына;

  • шағым жасалатын салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына .

Салықтық есепке алу саясатының құрамы:
Жалпы ережелер:

  • есептің негіздерін құрайтын принцип

  • есептің мақсаты мен міндетті.

  • салық есебінің жүргізілуін реттейтін және негізін құрайтын нормативті құқықтық құжат.

Салық есебін жүргізудің әдістемесі - салық есебі кезеңінде ұйым мен пайдаланылатын негізгі әдістерді ашық көрсету.
Салық есебін ұйымдастыру. Салық есеп айырысуын рәсімдеу үшін қолданылатын есептік құжаттар саны, есептік ақпараттарды өңдеу техникасы мен тәртібін салық есебі мен басқа мәселелерді дұрыс жүргізуге ішкі бақылауды өткізудің тәртібін анықтайды.
Салық есебінің саясаты туралы ережеге салық тіркелімнің нысандарын қарастырылуы және бекітілуі керек. Бухгалтерлік есеп деректері кейбір жағдайда бюджетке аударуға тиісті салық сомасының есеп айырысуы үшін жеткілікті болмайды. Осындай дағдайларда арнайы әзірленген салықтың есептік тіркелімін пайдалану қажет. Оларды ұйымда өзі дербес дайындауға болады. Бухгалтерлік есептің алғашқы құжаттарында салықтар туралы алғашқы ақпаратта бухгалтерлік және салық есебінің тіркелімінде жинақталады және жүйеленеді.
Салық есептік ақпараттарды өңдеу үрдісі 1.1 суретте көрсетілген.
Салықтық саясатында қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімі салық есебінің элементі бойынша тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімі, салықтық төлемін төлеу мерзімі, салықтық күнтізбе бекітіледі.
Әдебиеттер:1,3,5




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет