Т. Я. Эрназаров 2013 ж


-тақырып. Тіркелген активтер бойынша шегерімдердің салық есебі



бет15/26
Дата24.04.2023
өлшемі410 Kb.
#85945
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
12-тақырып. Тіркелген активтер бойынша шегерімдердің салық есебі
Тіркелген активтерге жатады:

  • түскен кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;

  • концессия шартының шеңберінде концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) жүргізген және (немесе) алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

  • Кодекстің 97-бабының 3-тармағында көрсетілген әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

  • табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқару шарты бойынша немесе мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы өзге акті бойынша сенімгерлікпен басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.

Мыналар тіркелген активтерге жатпайды:

  • жер;

  • мұражай құндылықтары;

  • сәулет және өнер ескерткіштері;

  • ортақ пайдаланымдағы құрылыстар: автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, гүлзарлар;

  • аяқталмаған күрделі құрылыс,

  • фильмқорына жататын объектілер;

  • Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;

  • бұрын құны толығымен Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес шегерімдерге жатқызылған негізгі құралдар;

  • халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалы қызмет мерзімі белгісіз деп танылған және салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін, пайдалы қызмет мерзімі белгісіз материалдық емес активтер;

  • Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер.

Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы: кіші топтың (І топтың), топтың алдыңғы салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы алу алдыңғы салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы, қосу немесе алу салық Кодекстің 121-бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер ретінде айқындалады.
Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансының мәні теріс болмауға тиіс.
Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы: кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы қосу салық кезеңінде түскен тіркелген активтер алу салық кезеңінде шығып қалған тіркелген активтер қосу немесе алу Салық Кодекстің 122-бабына сәйкес жүргізілген түзетулер ретінде айқындалады.
Тіркелген активтердің құны Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу жолымен шегерімге жатады.
Әрбір кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар амортизация нормаларын қолдану жолымен, бірақ салық кезеңінің соңында кіші топтың, топтың құндық балансына шекті нормалардан жоғары болмайтындай етіп анықталады:



Топ №

Тіркелген активтердің атауы

Амортизацияның шекті нормасы (%)

І

Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар

10

ІІ

Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық

25

ІІІ

Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтар

40

ІV

Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, соның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары

15

Өтеусіз беруді қоспағанда, кiші топтың (І топ бойынша) тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн кіші топтың салық кезеңi соңындағы құндық балансы мөлшеріндегі сома І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан болған залал деп танылады.


Осы кіші топтың құндық балансы нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.
Топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн тиісті кiші топтың немесе топтың салық кезеңi соңындағы құндық балансы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шегерімге жатқызылады.
Кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерiн өтеусіз берген кезде тиісті кiші топтың немесе топтың құндық балансы салық кезеңiнiң соңында нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.
Салық төлеушi кiші топтың (топтың) салық кезеңі соңындағы құндық балансының республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем соманы құрайтын шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.
Әдебиеттер:1,4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет