Таң намазы екі сүннет, екі парыз – барлығы төрт рәкағат. Алдымен сүннет, содан кейін парыз оқылады. Таң намазының сүннетінің оқылуы



бет6/35
Дата24.04.2023
өлшемі1,25 Mb.
#86382
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп басын сәждеден көтеріп, тізерлеп отырады. Отырғанда қол саусақтардың ұшы тізеге тиіп, қолдар санның үстіне қойылады.
Екі сәжде арасында «Субхан Аллаһ» дейтіндей бір қысқа уақыт отырылады. Әйелдер екі аяғын оң жағына жіберіп, жартылай жамбастап отырады.

«Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші сәждеге барады. 3 қайтара «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») дейді.
«Аллаһу әкбар» («Аллаһ Ұлық») деп сәждеден басын көтеріліп тізерлеп отырады.

Отырғанда саусақтарының ұшы тізеге тиіп, қолдары санның үстіне қойылады. Отырғанда«Әт-тәхият» дұғасын айтады: «Әт-тәхияту лилләһи уас-салауату уа-таййбәәт, әс-сәләәму аләйка әйюһән-нәбию уә рахматуллааһи уә бәракәтуһ, әс-сәләму аләйнә уа алә ибәдилләһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расуулуһ ».
Түрегеп тұрып, оң қолын сол қолының үстіне қойып,«Бисмилләһ рахманир рахим» деп айтады. Сосын«Фатиха» сүресін оқиды: «Әлхамду лилләһи раббил-аләмин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-дин, йиәкә нағбуду уа ийәәкә нәстаиин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзинә әнғамтә аләйһим, ғайрил-мағдууби аләйһим уәладдааал-лиин. Амин».


Любой кыска суре:
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
«Иннәә ә’тайнакәл кәусәр, фасалли лираббика уәнхар, инна шәниәкә һуәл әбтәр»
Мағынасы:

1. Расында, Біз саған кәусарды бердік.
2. Сен де Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал.
3. Расында, сені жамандағанның өзі ұрпақсыз қалады.
. Бірінші рәкаттағыдай «Аллаһу әкбар» (мағынасы:«Аллаһ Ұлық») деп рукуғқа барып, 3 рет қайталап «Субхана раббиял азим» (мағынасы: «Аса Үлкен Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады.
 «Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (мағынасы: «Аллаһ Өзін мадақтаған жанның мадағын естиді») деп айтып, рукуғтан тұрады. Және тік тұрғаннан кейін «Раббәнә уә ләкәл-хамд» (мағынасы: «Ей, Раббымыз Аллаһ! Хамд мен мадақ Саған ғана лайық») дейді!
 «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп сәждеге барады. Сәждеге жығылғанда алдымен тізелер, содан кейін қолдар және маңдай мен мұрын жерге тиеді. Сәждеде бас екі қолдың арасында болады. Сәждеде 3 рет «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады. Әйелдер сәждеде білек, шынтақтарын қабырғаларына тигізіп ұстайды. Аяқтары саусақтарымен жерге тіреліп, тік ұсталады. Саусақтарының ұштары құбылаға қараған түрде келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет