ЕҢБЕКТЕНУ. ШАҒЫН КӘСІП АШЫП,
қажет болса...
қажет болса...
ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ҚОЛҒА АЛУДА.
ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ҚОЛҒА АЛУДА.
ЛИМУЗИН...
ЛИМУЗИН...
4
27 а тар, 2015 жыл
«БҮКПЕСІЗ ӘҢГІМЕНІҢ» ЖЫЛ БАСЫНДАҒЫ ҚОНАҒЫ
ДӘУЛЕСКЕР КҮЙШІ ӘБДІМОМЫН ЖЕЛДІБАЕВ
ЫЛ БАСЫНДАҒЫ ҚОНАҒЫ
Ы
«БҮКПЕСІЗ ӘҢГІМЕНІҢ» ЖЫ
ОМЫН ЖЕЛДІБАЕВ
МО
ДӘУЛЕСКЕР КҮЙШІ ӘБДІМ
«Ерке сылқым»
«Ерке сылқым»
– Əбдімомын аға, тыңдарман мен оқырман өнер
адамын, мейлі ол композитор-күйші болсын, мейлі
ақын-жазушы болсын,халыққа танымал дүниесі
жарыққа шыққан кезден бастап таниды. Оқырман
үшін белгілі адамдардың тұрмыс-тіршілігімен бірге,
олар қандай отбасында тəлім-тəрбие алып, қандай
ортада өсті деген сауал да қызық. Сондықтан
əңгімемізді Сіз өмірге келген ауылдан бастасақ. Ең
алғаш ес білген кезде нені байқап, нені аңғардыңыз?
Нені танып, нені түсіндіңіз?
– Ес білген кезден есте қалғаны – далада жайнап өсіп
тұратын гүлдер мен тізеден келетін шалғын шөптер ғой,
шіркін! Сірə, көктем мезгілі болса керек. Ал ауылым –
қазіргі Көктөбе, бұрынғы Ленин атындағы колхоз. Сол
жерде туып-өстім. Бала кездегі тағы бір қызығатыным,
тіпті, аңсайтыным кəдімгі гүлден-гүлге, шөптен-
шөпке ұшып-қонып жүретін көбелек болды. Тіпті,
сол пəруаналар көрінбей кетсе анама «Көбелектерім
ұшып келе ме?» дейді екенмін. Содан кейін үйімізде
бір қызыл қанат дəу қораз бар екен. Сол екеуміз қатты
«дос» болыппыз. Үйдегілер мені қапелімде іздеп таппай
қалса, алдымен сол қоразды іздейді екен. Өйткені мен
сол қораздың қасында жүреді екенмін. Неге екенін
білмеймін, ол да маған үйірсек болыпты.
Онан кейінгі есте қалған жағдай – ауылымызда
Əшірəлі деген ағамыз болды. Шешектен екі көзі көрмей
қалған, зағип кісі болатын. Сол кісінің домбырасының
үнін естідім мен. Естідім де сол үнге əуес болдым.
Соның салдарынан болар бала кезімнен ауылға келген
əншілер мен əртістердің концертіне баруға құштар
екенмін. «Домбыра тартамын» деп шешемнің оқтауына
жармасатыным да сол құштарлықтан, сірə. Сол
«домбыраны» алады екенмін де, өзімше былдырлап
бірдеңені айтады екенмін. Менің осы «өнерімді»
білетіндер «Əбдімомынға өлең айтқызамыз» деп
қолқалайды екен. Сонда 3-4 жастағы бала болсам да
əртүрлі өлеңдерді, тіпті,«Молдабайды» шырқайды
екенмін. Сол кезде біздің ауылдың тұсындағы Шу
өзенінен плотина салынып, содан үлкен канал қазылған.
Сол канал Мойынқұм ауданына дейін барып, сол өңірдің
бəрін суландырған ғой. Əке де жұмыста, шеше де
жұмыста, не канал қазуға, не қызылша жинауға кетеді.
Сол кезде мен екі күн «жоғалып» кетіп, канал қазып
жүрген кісілерге «концерт» қойып жүріппін. Олар да
мені «полк баласы» сияқты қанаттыға қақтырмай,
тұмсықтыға шоқыттырмай асырапты. Əке-шешем
екі күннен кейін тауып алыпты. Өнер деген киелі де
құдіретті əлемге мен бала кезден құштар едім...
– Айтып жатады ғой осы, «оған өнер əкесі
жағынан немесе анасы жағынан дарыған» деп. Сіздің
тағдырыңызға мұның қатысы бар ма?
– Менің ата-бабаларымда ешкім домбыра тартпаған.
Əкем де домбыра тартпаған кісі. Əкем есімді білгеннен
кейін қайтыс болды. Бірақ шешемнің нағашылары
қырғыздар екен де, сол нағашы жағымда бір қобызшы
болыпты. Шешемнің нағашысының нағашысы жағы,
сірə. Сұлутөр жақ, Ноғайбай ауылында. Мен Ноғайбай
ауылына жиенмін. Ноғайбай шешеме екінші ата болып
келеді екен. Немересі ғой.
– Жаныстар болды ғой онда?
– Иə, жаныстар. Мынау Кенен ауылы, Қордай ауданы
жағынан. Ал тұқымымызда күйші немесе музыкант
деген болған жоқ. Бірақ жоғарыда айтып өткен аталас
Əшірəлі Шынғожаев деген кісінің Шоқпардың желіне
арнап шығарған «Тентек боран» деген күйі бар
болатын. Əндері де бар ол кісінің. Міне, сол кісінің
домбырасын тыңдап өстім. Содан кейін ауылымызда
домбыра тартатын Сəрсенбек Нұрбеков, Тұрғын
Есенəлиев деген де кісілер болды. Кейін мектепке
барғанда сол ағаларымнан «Қос алқа», «Арғынғазы»,
«Келіншек» деген күйлерді үйрендім. Бір ерекшелігім,
домбыраның бұрауын домбыраны үйренбей тұрып
білетінмін. «Кварта» дейді оны. Сол квартаны жақсы
аңғаратынмын, келген-келмегенін. Басқаша айтсақ,
мұны «слух» дейді. Бұл да бір табиғаттың берген сыйы
шығар. Кейін есейдік, өмір көрдік, оқыдық. Арманым
консерваторияның композиторлығына оқуға түсу еді.
«Болмайды, оған арнайы білім керек» деді. Содан
дайындық курсына түстім, оқыдым, білім алдым.
Мəдени-ағарту училищесіне бардым.
– Сіз айтқан екі көзі зағип Əшірəлі деген кісінің
қанша күйі, қанша əні бар екен?Кейін осыны зерттеп
көрдіңіз бе?
– Ол кісінің «Дулат» деген əні бар еді. Сонан кейін
космонавттарға арнаған «Ғарышқа» деген бір шығармасы
болды. «Гагаринге арнап шығардым» дейтін. Мұндаға
дейін, жетпісінші жылдарға дейін өмір сүрді ғой деймін,
əлде одан да асты ма...
– Ол кісі туралы зерттеліп, қазақ радиосынан
хабар берілді ме?
– Иə, қазақ радиосынан күйлері орындалып тұрды.
Композитор Өмірбек Байділдаев деген қордайлық
жерлесіміз ол кісінің күйлерін жазып та алған. Ол
кезде Өмірбек қазақ радиосының музыка бөлімінің бас
редакторы болып істеген. Домбырашы болатын өзі де.
Бірнеше əндері де бар. Жақсы композитор. Кейіннен
дастархандас та болдық. «Жиен екенсің» деп жүрді.
– Шу өңірінен шыққан атақты күйшілер,
қобызшылар болған ба?
– Бармақ ақын туралы айтады. Ол кісі енді əндерін
қобызбен ғана айтқан ғой. Бірақ қобызшы Ықылас
сияқты болмаған. Ол туралы ден қойып, зерттеген де
ешкім болмады. Тіпті, ол кісінің қайда жерленгені де
белгісіз.
– Сіздің досыңыз белгілі жазушы Əлдихан аға
«Шіркін, Кербұлақ!» дейді де жүреді. Жазса да
«Кербұлақ!» деп тамсанып жатқаны. Сол Кербұлаққа
Сіздің де қатысыңыз бар ма?
– Кербұлақ – біздің атамекеніміз ғой.
– Осы Кербұлақтан бəріңізді «колхозды ірілендіру»
деген науқанмен жаппай көшіріпті ғой.
– Кербұлақ, Қарауылтөбе деген екі колхоз болған
тауда. Шағын ауыл ғой енді, бірақ «колхоз» деп атаған.
Сол таудан өзенге түсірді ғой – Шуға. Сосын оларды
алып келді де Ленин колхозына қосты. Кейін төрт колхоз
бір ауыл болып бірікті де Жамбыл атындағы колхозға
айналды.
– Əлдихан ағамен қанша жастан бірге өстіңіздер?
– Он төрт-он бес жастан бастап бір-бірімізді біліп,
тани бастадық қой. Алғаш мектепте бірге оқыдық. Содан
əлгі орталықтағы қазақ орта мектебі дейтін болды, сонда
оқыдық.
– Жазушы Қарауылбек Қазиевпен де бірге
оқыдыңыз ба?
– Қарауылбек екеуміз Сиқым деген бір атамыз.
Əлдихан – Күнту, бірақ оның шешесі біздің əпкеміз.
Бірақ Əлдихан өзінің шешесінің анасы Нариман апаның
«баласы» болып өсті.«Мен апамның баласымын» деп
жазып жүргені сол. Өзінің шешесінің шешесін «анам»
деп таныды. Бізді Сиқымның ішінде Бөкей дейді.
Қарауылбек екеуміз Бөкейміз. Əлдиханның шешесі
де Бөкейдің қызы. Содан бұл Сиқым-Бөкей болып
мектепті, Сиқым-Бөкей болып университетті бітірді.
Сөйтіп жүріп бір күні облыс орталығына келсем ақын
Жақсылық Сəтібеков «əй, сенің «туысқаным» деп
жүргенің менің туысқаным екен ғой» дейді. Жақаңның
мінезін білесің ғой...
– Енді кемпірдің көзі кеткеннен кейін айтса айтқан
шығар.
– Сосын Əлдеш өзінің əкесін «жезде» дейтін. Əкесін
өмірден озғанша «жезде» деп жүрді.
– Сіз екеуміз баяғыда бір əңгімелесіп отырғанда
«Қарауылбектің əкесі күйші болатын» деп едіңіз...
– Иə, мен ол кісінің күйшілік өнерін өз көзіммен
көрген жоқпын, бірақ естідім. Қарауылбектің əкесі
Қазы –керемет домбыра тартушы еді, күй тартушы еді
дейтін ел. «Шіркін, Қазының тартқан күйі-ай!» дегенді
еститінбіз. Аңыз сияқты болып жетті ғой бізге. Соғысқа
кетіп бара жатқан кезде вокзалда, перронда күй тартқан
екен. Сол күйді біреулер ауылда тартады деген де сөз
бар. Бірақ оны да естігем жоқ. Қазы – жақсы домбыра
тартқан кісі, осыны анық білеміз.
– Бірақ Қарауылбек күйшілік өнерді ұстамады ə?
– Күйшілікті ұстайтын да ма еді Қарауылбектің қолы
сынып қалды ғой жас кезінде.
– «Есек» боп ойнайтын кездеріңіздегі оқиғаны
айтасыз ба?
– Иə, «есектің» үстіне екі қолын тіреп секіремін деген
кезінде, əлгі «есек» боп тұрған бала жерге жата қап,
екі қолының біреуі сынып кетті. Сол дұрыс салынбай,
іріңдеп, кейін қолды кесіп, протез жасап берген болатын.
Əйтпегенде, менің пайымымша, Қарауылбек жазушы
емес, музыкант болар ма еді, кім білсін. Өйткені ол
Тəттімбеттің күйлерін, содан кейін «Сарыарқаны»
ысқырып салғанда, ғажап еді. Оның музыкалық
слухы, есте сақтау қабілеті де керемет болатын. Біздің
тұсымызда «Бродяга» деген кино болатын. Сол кинодағы
əндерді айтқанда Қарауылбек, енді, ойбай, адам жанын
күңірентетін. Ол музыкант менің қолымнан келмейді. Ол
енді керемет, ғажап музыкант болар еді.
– Бірақ ғажап жазушы да болды, ə?
– Ғажап жазушы, суреткерлігі қандай, лирикалық
иірімдері қандай!.. Ерте кетті ғой байғұс. Енді төселіп,
шыңдалып келе жатқанда үзілді... Жаңадан бастаған
жазбалары, жарияланбаған романдары бар екен. Жоқ
қылып жіберіпті бəрін. Кім пайдаланып кетті, қалай
болды, оның бəрі белгісіз.
– Содан, көке, Сіз Алматыға қай жылы бардыңыз?
Шудан қай жылы ұзап шықтыңыз?
– Əскерге бардым ғой бірінші. Əскерде үш жыл емес,
бір жыл болып, полк мектебін үздік бітіріп, ол кезде үздік
оқығандарға қысқа мерзімге демалыс берілетін, соның
пəрменімен ауылға келдім. Ауылға келген соң аттестат,
құжаттарымның бəрін əскерге ала кетіп, консерваторияға
А. Жұбановтың атына құжаттарымды жіберіп, «мені
шақыртыңыз» деген хат жаздым. Ахмет Жұбановтың
мені шақыртқан хаты полкқа келді бір күні. Содан бір
командиріміз «сені көпбалалы отбасынан шыққан, шешесі
жалғызілікті деп, еліңе қайтарамыз» деді. Мен əскерден
шілде айында келіп, бір жыл шахтада жұмыс істедім.
– Шуда қандай шахта бар?
– Ақбақай жақта уран шығаратын жер – кеніш бар
екен, сол кеніште жұмыс істедім. «Ақсүйек» деп аталады.
Соның карьерінде экскаваторшы болып бір жыл еңбек
еттім. Қауіпті жер ғой бір жағынан. Соның сəулесі,
энергиясы ғой деймін, аман-есен жүрміз əлі... (күлді).
– Ол кезде қалыптасқан күйшісіз ғой?
– Домбыра тартамын, бірақ музыкант ретінде сауатты
емеспін.
– Музыкалық біліміңіз жоқ, бірақ күйшісіз?
– Иə, домбыра, мандолина, гармон тартамын.
Айтпақшы, қызығы бар, əскерде жүргенде сапта келе
жатырмыз, кешкі астан шыққанбыз. Құрманғазы оркестрі
«Сарыарқаны» ойнап жатыр екен, əскердің қатал тəртібіне
қарамастан саптан шығып кетіп, бағананың басында
тұрған радионың үніне құлақ түріп тұрып қалыппын. Тұла
бойым шымырлап, көзіме жас келді сол кезде...
– Əскерде қай жерде болдыңыз?
– Мен Батыс Украинада Польшамен шекаралас
жерде қызмет еттім. Содан күйді саптан шығып тыңдап
тұрмын, ұққаным – Құрманғазының шығармашылығы
жөнінде орысша хабар жүріп жатыр екен. Сəлден кейін
«Кішкентайды» ойнады. Оны да аяғына дейін тыңдадым.
Əскерде «перекличка» деген бар, сапқа тұрғызып
тексерген кезде курсант Желдібаев жоқ болып шығады.
«Қайда болдың?» дейді келсем. «Осында, музыка
тыңдадым» деймін мен. Содан «нарядқа» айдады мені.
Сөйтіп күйге деген құмарлығымның арқасында кухняға
барып түнімен картоп аршығанмын.
– Содан Алматыға бардыңыз.
– Бардым да бірден түсіп кеттім.
– Қай факультетіне түстіңіз?
– Халық аспаптар факультетіне түстім.
– Кімнің класында оқыдыңыз?
– Құдыс деген кісі ұстазым болды.
– Бес жыл ма?
– Жоқ, үш жыл оқыдым да, кетіп қалдым.
– Осы мықты композиторлардың бəрі жоғары оқу
орнын аяғына дейін оқымайды-ау деймін. Шəмші
ағамыз да бітірмеген...
– Əсет те бітірмеген. Хасанғалиев те бітірмеген,
Құрманғазы мүлдем оқымаған. Тілендиев те бітірмеген.
Мəскеуге барып кішкене оқып келген.
– Одан кейін сол заманда консерваторияны
бітірмегендерді одаққа мүшелікке қабылдамайды
екен ғой?
– Арнайы композиторлық білімі жоқтарды одаққа
мүшелікке қабылдамайтын.
– Сонда Сіз мүшелікке қалай өттіңіз?
– Мен мүше емеспін. Əлі күнге дейін мүше емеспін,
кеткендердің бəрі де мүше емес. Нұрғисаның өзі мүше
емес, Шəкең де мүшесі болмаған. Ол кезде сондай
болатын. Арнайы композиторлық білімің болмаса сен
жер қопарып тастасаң да мүшелікке алмайтын.
– Үш жылдан кейін туған жерге келдіңіз бе?
– Келдім де жұмыс істедім. Ансамбль, оркестр құрдым.
Мен құрған оркестр республикалық көлемдегі жүлде нің
бəрін алып жүрді. Облыстық партия конференциясы
дегендер болады, сол жиын менің оркестріммен
ашылады, не менің оркестріммен концерті жабылады.
Өнер ұжымымды сондай дəрежеге жеткіздім.
– Қанша оркестрдің тұсауын кестіңіз?
– Оркестр біреу ғой, осы күнге дейін жұмыс істеп
жатыр. «Шу еркесі» əн-би ансамблі де бар. Ұрпақтар
жалғастығы дегеніміз сол. Талай өнерпаздар келіп-кетіп
жатыр, тəрбиесін алып. Өнерге жақындары келеді,
қабылдаймыз жұмысқа, үйретеміз.
– Сіздегі күй шығаруға деген ниет дейміз бе, шабыт
дейміз ба, қалай пайда болды?
– Мен өзі күй шығармай қоймаймын деп жүрдім.Бар
мақсатым сол болды. Күй жазу – арманым еді десем артық
айтқандық емес. Тəттімбетті қатты құрметтейтінмін.
«Күйші» деген күй жаздым алғаш. Сол күйім Тəттімбетке
арналған. Бұл күйім алғашқы кезден-ақ жақсы баға алды.
– Бұл қай жылдар еді?
– Бұл 1964-65 жылдар. Студенттерге де, мұғалімдерге
де ұнады, «мынау жақсы күй, аяқалысың жақсы
екен» деді олар. Кейін де күйлер жаздым, сонымен
телевидениеге шығатын боп Нұрғали Нүсіпжановқа
бардым. Ол сонда бас редактор болатын. Бірге оқыдық
қой, Нұрғалимен. Екеуіміз кейін таяқ жеп жүрмес үшін
алдымен бата алайық деп Нұрғисаға бардық. Ол кісі
əндерімді тыңдады. Содан кейін мен «Толғау», «Күйші»
жəне екі-үш күйімді орындадым. Содан Нұрғиса айтты:
«Əй, екеуің, жүгермектер, келіп қалған екенсің қол
ұстасып. Мені қуантқаны, өзіндік үнің бар. Ешкімге
ұқсамайсың, шертпең жақсы, төкпең де жақсы екен
ешкімге ұқсамайтын. Бірақ сен ауылда жүрсің. Сені
райкомда, райисполкомда «құл» ғып шөпке салады, малға
салады, мұның бəрі қалады ғой» деді. Мен «Қалмайды,
қалдырмаймын» дедім.
– Содан теледидарға шықтыңыздар.
– Шықтық, «Өнерпаз болсаң, арқалан...» деген.
Зейнеп Қойшыбаева екі əнімді орындады, «Арман құс»,
«Шырайлым» деген. Е. Хасанғалиев екі əнімді орындады,
«Қызыл гүлім –қызғалдағым», «Көңіл көктемі» деген.
Нұрғали «Ауылды аңсау» деген əнімді орындады. Үш
əнші бес əн орындады. Мен өзім 3-4 күйімді тарттым.
«Өнерпаз болсаң, арқалан...» деген жарты сағаттық
бірінші хабарымыз болды. Сəтті өтті, тыңдаған,
көргендердің бəрі риза болды, көптеген хаттар келді.
– Ол «Алтын қорда» сақтаулы ма екен?
– Ол енді қазақ телевидениесінде болуы керек. Бұл
1966-1967 жылдар ғой. Сонан өзімде құштарлық пайда
болды. «Маған музыка жаза беру керек екен, бірдеңе
бар екен» деген сияқты. Нұрғисаның сөзінен кейін де
қанаттанады ғой адам. Білесің ғой өзің, өмірдің де, өнердің
де жолдарын. Бір ауыз сөзің, сөйлемің жақсы екен деген
сөздің өзі не тұрады, сол сияқты. Жақсы айтты, «сен
осыныңнан таймауың керек, бірақ Алматыға келмесең
болмайды, бəрібір болмайды ғой саған ауыл» деді.
Оркестрімді құрдым, ансамбль өзі дүрілдеп келе жатты.
Жігіттер де шақырды, «кел, жұмыс істейік, осы жақтан»
деп. Біз ағайынды екеу болатынбыз, інім бар еді, отыздан
асып кеткен, бірақ үйленбей жүрген. Алматы жайын
шешеме айтып ем:«Мынау болса үйленбей жүр, жұмысың
жаман емес, елің қадірлеп, сыйлап келе жатыр, балалар
жат болып кетеді ғой. Менің сұрым болса, мынау...» деп
қамыққан соң «анамның сөзінен аттамайыншы» деп
қалдым, сол ауылда. Ол кезде екі балам бар.
– Ішінде тынжысы бар өнер адамдары студент
кезінде-ақ тыныш жүрмейді. Консерваториядан
шығуыңызға не əсер етті, не бүлдіріп қойдыңыз?
Оқи алмадыңыз ба, жоқ əлде бірдеңе бүлдірдіңіз бе?
– Ол өзі ыңғайсыз əңгіме. Бір жолдастармен кешке
бардық. Сол жерде біреу бүлдірген. Біз соның жетегінде
кеттік қой.
– Кейіннен оқуды жалғастыру керек деген ой
келген жоқ па?
– Мен ол кезде не оқытатынын біліп алғанмын. Оқып
жүрген жігіттер айтатын, «осы күйшілікті оқымай-ақ
қойсақ та болады екен ғой» деп. Шақырып, кел деді,бірақ
не қылам...
– Əкеңізден қанша жаста айырылдыңыз?
– Он бір жаста едім, есімді білем. Жақсы кісі болатын,
осы тылдағы мықты ұйымдастырушы, ауылдағы
«ақ егіс», «көк егіс» дегеннің бригадирі болды. Мал
шаруашылығының бəрін басқарған адам болды. Арқаның
жолы алғашқы ашылуы. Мыңбаев бастаған ғалымдар
келіп, Мойынқұм арқылы Арқаға сапар шеккенде
жол бастаушы ретінде алып кеткен ғой менің əкемді.
Наурыздың аяғы, сəуірдің басы. Бетпақдалада боран.
Əкемнің өкпесіне суық тиеді, кейін соның салдарынан
49 жасында қайтыс болды. Екі ағайындымыз. Қыз бала
да болған, шешем, негізі, бесеу туған ғой. Содан інім
екеуміз қалғанбыз. Інім ауылда, шаруа адамы.
– Содан шығармашылық жолға түстіңіз, күйлеріңіз
жарық көрді. Теледидардан көрсетілді. Енді жайлап
«Ерке сылқымға» келе жатырсыз ғой. Бұл күй өзі
қалай туды, сол кезде қандай көңілде болдыңыз? Ай
бұрын сезілді ме, жыл бұрын сезілді ме?
– «Ерке сылқым» – менің өмір бойғы аңсауым, өмір
бойғы сырым ғой. Сол өмір бойы күтіп жүрген дүнием
туды. Бірақ туса да бəрібір аңсаймын мен оны.
– Сонда қалай болды? Неден туды? Себеп?
– Қыз ғой баяғы...
– Бірде əңгімелесіп отырғанда айттыңыз, мұны
қыз-келіншек деп те айтуға болады, мұны сылдырап
ағып жатқан Шу өзені десе де болады деп. Қалай əсер
етті, не əсер етті? Шертіп отырдыңыз ба домбыраны?
– Ол... келді ғой өзі. Сондай бір дүние келді əйтеуір,
лепілдеп. Мұның кейіпкері аман, əлі бар. Тірі, Құдайға
шүкір, жүр...
– Үйде оңаша отырып шығардыңыз ба, тау-тасты
аралап кеттіңіз бе?
– Бұл күй – тұла бойымды, алпыс екі қан тамырымды
иітіп жүріп алды. Жұмысқа барамын, мəшинемен үйге
келемін. Жүреді де қояды баяғы. Əн қылып жазайын
десем, толып жатыр əн деген. Қаншама əндер бар: атып
келе жатқан таң, батып бара жатқан күн, жарқыраған
түнгі ай сəулесі... бəрі əн. Қаншама теңеулер! Мен
əнменен ешнəрсе жеткізе алмайтынымды білдім. Маған
бір дүниені қопаратын дүние керек болды да жүрді. Бірақ
сеземін бірдеңені, бір керемет көрініс, ұлы бір толқын
сияқты жан дүниемде бір нəрселер тұрады да қояды
елес беріп. Елес боп тұрады. Соның арасында жүреді
ғой жаңағы ару.
– «Ерке сылқым» деп күйдің атын шығармай
тұрып қойдыңыз ба, əлде шығарып болған соң
қойдыңыз ба?
– Бұған көпе-көрнеу демеу жасаған – ақын Жақсылық
Сəтібеков болды. Сол күйді тыңдап болып, «Жаным-ау,
мынауың нағыз «Ерке сылқым» ғой» деді.
– Алғаш тыңдаған Жақаң болды ма, қалай боп
кетті өзі?
– Бұл былай болды. Облыстық партия комитетінің
үшінші хатшысы болып Ғайникен Бибатырова келді. Оған
дейін бұл күйдің біраз жері дайын болған. Əр буындарын
дайындап, ойнап қойып жүрдім. Күй біраз жерге барған.
Ғайникен Бибатырова келді де «Алатау» əн-би ансамблінің
бағдарламасын жаңарту керек» деді. «Ол үшін облыстағы
таланттардың əні мен күйлерін жинайық, кімде қандай
тың шығармалар бар?» дейді. Содан мені есіне түсірген
біреулер «Шуда бір ноян жатыр» деген. Сонымен мені
шақыртты, мен келіп Бибатырованың қабылдауында
болдым. Бибатырованы бірінші көруім де сол. Содан
шабыт пайда болды. Ол кезде менің басқа да əндерім,
күйлерім бар болатын. Бірақ маған болашақ «Ерке
сылқым» керемет əсер етті. Əлдиханның үйінде жаттым.
Содан бір күні «Жамбыл» қонақ үйі бар ғой, содан орын
алдым. Содан күй ағылды. Қой, осы күйді ұсынайын дедім.
Екі-үш күн осында болып, күйді аяқтап біттім. Содан
домбырашылар ансамбліне, Алтынбек Қоразбаевтың
филармонияға келген кезі, соның домбырашыларына
«Ерке сылқымды» бердім ғой «орындаңдар» деп. Олар
өлтіре ойнады. Шынында да ғажап күй болды. Ол кезде
Хасан Бектұрғанов деген кісі обкомның бірінші хатшысы
болатын. Кəукен Кенжетаев – режиссер, «Алатау»
əн-би ансамблінің бағдарламасын қоюшы сол кісі.
Балетмейстері, композиторы, тағы бір екі-үш адамы бар
Алматыдан келіп олар да «Жамбыл» қонақ үйінде жатты.
Сонымен мен «Ерке сылқым», «Арман құс», «Қызыл
гүлім – қызғалдағым» деген үш шығармамды ұсындым.
Солардың ішінен «Ерке сылқымды» таңдап алды.
Достарыңызбен бөлісу: