Табиғат абаилдаев


–  Ақын  Жақсылық  Сəтібековтің  ол  кезде



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата06.03.2017
өлшемі5,7 Mb.
#7798
1   2   3   4   5   6   7

–  Ақын  Жақсылық  Сəтібековтің  ол  кезде 

«Социалистік  Қазақстанда»  меншікті  тілші  болып 

істейтін кезі ме, əлде обкомда нұсқаушы болып жүрген 

кезі ме?

–  Обкомда  істейді-ау  деймін.  Біз  «Алатау»  əн-

би  ансамблінің  бағдарламасын  өткізу  үшін  бір  ай 

дайындалдық.  Обком  партияның,  обком  комсомолдың 

бюро мүшелерінен құралған комиссияны бірінші хатшы 

Хасан Бектұрғановтың өзі бастап келді. Жүргізіп отырған 

Ғайникен Бибатырова. «Ерке сылқымды» тыңдаған кезде 

Х. Бектұрғанов «Не деген құдірет?! Мынау қай ғасырдың 

композиторы?»  деді.  Ғ.  Бибатырова  мені  көрсетті  де 

«Авторы анау отырған жігіт» деді. Хасан Шаяхметұлы 

шақырып  алды  да  «Мынау  сенің  күйің  бе?»  деді. 

«Менікі». «Қайдансың?». «Шудан».  Ол  кезде  жаспын, 

шаш деген... толқын. Əдемі жігітпіз. Содан «Мынау бір 

ғажап сый болды» деп ду қол шапалақтады бəрі. Ой, сол 

кездегі өмір-ай десеңші... 

– Күйді дүниеге əкелген сіз, атын қойған – Жақаң. 

– Негізінде соған келеді енді. 



–  Ол  жақсы  ғой.  Бірде  шертпе  күйдің  шебері 

атанған  Қошмамбетов  редакцияға  келді.  Мен  онда 

Жақаңның  қарамағында  істеймін.  Реті  келген  соң 

айтып жатырмын. «Соғыста қаза тапқандарға арнап 

күй  шығардым»  дейді.  Бірақ  аты  жоқ.  Содан  «Аға, 

мына  күйіңіздің  атын  «Боздақтар»  деп  қойсаңыз 

қалай  болады?»  дедім. «Əй,  мынауың  дұрыс  екен» 

деді ол кісі. Сонымен сол күй «Боздақтар» деп аталып 

кетті. Тура Жақаңдікіндей мысал ғой. Қош, сонымен 

«Ерке  сылқым»  дүниеге  келді.  Үлкен  сахналарда 

орындалды.  Енді  оны  Алматыға,  Нұрғисаға  алып 

барып, өз қолыңызбен ойнап бердіңіз бе?

– Жоқ, ол кейін тыңдады. Бұл күй «Алатау» ансамблі 

орындағаннан кейін бүкіл қазақ даласына жайылды да 

кетті. Мен өзім игере алмай қалдым. 



– Мыңғырған малына ие бола алмай қалған бай 

сияқты ма?

– Дұрыс айтасың, ие бола алмай қалдым. Жан-жақтан 

хат  жазады,  анау  да  жазады,  мынау  да  жазады.  Күй 

сондай  дəрежеге  жетті.  Мен  қазір  «Бұл  менің  күйім 

емес,  халықтың  күйі,  қазақ  халқының  күйі»  деймін. 

Өйткені  əркім  өзі  білгенінше  тартады. «Мейлі»  деп 

қоямын.  Сондықтан  ол  халық  күйі.  Кейін  бір  жол 

түскенде  Нұрғисаға  бардым,  құшақтап  қарсы  алды. 

Алдымен  басқа  күйлерімді  тарттым.  Ал  ол  кісі  «Əй, 

«Ерке сылқым» қайда? Сенің күйің емес пе, соны 

тартшы» деді. Тартып едім, үстелді де ұрды, жерді 

де  тепкіледі,  жарықтық,  керемет  кісі  еді  ғой.  Күйге 

қуанғаны ғой, шіркін, Нұрағаң керемет жан еді-ау!..

– Осы Сіз Кенен атаны көрдіңіз бе осы?

–  Көрдім  ғой,  Кенекеңді  бала  кезімде  көргем 

мен.  Ауылға  келіп,  өлеңін  айтып,  елдің  бəрі  құрмет, 

қошемет  көрсеткен.  Əкем  қолымнан  жетектеп  барып 

сарқытын ішкізген. Сонда сегіз-тоғыз жастағы баламын. 

Кенекеңнің үйінде болған жоқпын, өтірік айтпайын. Бірақ 

телевидениеге бардық, біздің облыстың күндері болды 

сол кезде. Телевидениенің алғашқы ашылған жылдары 

ғой.  Əр  облыс  өзінің  жетістіктерімен  барып,  өздерінің 

өнерлерін көрсеткен. Обкомның хатшысы сөйлеп, сонда 

Кенен ата да барды біздің облыстан. Тағы бір ақын кісі 

болды. Біз оркестрмен бардық, концерт бердік. Сол кезде 

де көрдім Кенекеңді. Бірақ сөйлесудің реті келген жоқ. 

Ол  кезде  сөйлескісі  келіп,  жүгіріп  жүрген  біз  сияқты 

қарадомалақтар  жеткілікті. «Мен  пəленшемін»  деп 

айтудың реті келген жоқ. 



–  Қарауылбек  Қазиевтің  бір  эссесі  бар,  Кенен 

атаның  бір  мерейтойында  Сіз  тартқан  күйді  əдемі 

БҮКПЕСІЗ ӘҢГІМЕ



суреттейді. Сол кезде Кенекең бар ма еді, əлде кетіп 

қалған кезі ме еді? 

–  Менің  есімде  қалғаны  Кенен  Əзірбаевтың 

кеудесіне  Ленин  орденін  таққаны.  Бірақ  Кенекеңде 

əлгі құрметке деген ешқандай реакция жоқ, отыр, анда-

санда сақалын сипап қояды, болды. Былайша айтқанда, 

мен ақын емеспін, əнші емеспін ол кісіден бата алатын. 

Менің жанрым болмаған соң, реті де жоқ сияқты көрдім 

ба, білмеймін...



–  Гəп – Сіздің  қарапайымдылығыңызда  болып 

тұр ғой, біреулер сияқты лыпылдап тұрмайсыз да...

– Иə, ондайым жоқ, сіресіп қалам. 



– Сіздің бір айтқаныңыз бар еді, «Қарауылбек 

Шымкенттен  келген  кезде  «Жигулиінің» 

багажнигін  азық-түлікке,  жеміс-жидекке  жəне 

неше түрлі сусындарға толтырып келеді. Сосын 

мені  оятпай  автомагнитоласын  қосып,  менің 

күйімді қояды» деп... 

–  Иə,  келеді  де,  мені  оятпастан,  сыртта  тұрып 

күйлерімді қояды. Есігімді де, тереземді де қақпайды. 

Мен  дереу  ести  саламын  да  «Қарауылбек  келді» 

деп,  сыртқа  атып  шығам.  Ыржиып  тұрғаны  сөйтіп, 

«Желдібаев жолдас» деп. Ол кезде «мырза» деген сөз жоқ. 



–  Шу  өңірінен  Сауытбек  ақын,  Мойынқұмнан 

Құлыншақ  шешен  шыққан.  Құралай  сұлу  туралы 

да  аңыз  бар.  Осылар  жайлы  естуші  ме  едіңіз  бала 

кезіңізде?

– Құралай сұлуды мен Иса Байзақовтың поэмасынан 

оқыдым. Шу өңірінде жолбарыс болған. Кейіпкері есіме 

түспей отыр, сол Құралайды алып қашқан. Күн ыстық 

болып,  Құралай  өзенге  шомылып  алайын  деп  оңаша 

барғанда, жолбарыс жарып өлтірген. Сүйген жігіті барып, 

жолбарыспен айқасып, қанжар салған жыртқышқа. Бірақ 

Құралай мерт болған... 



– Ал Сауытбектің «Ақбөпе» деген дастаны ше?

– «Ақбөпе» дастанының əні де бар. Мен Сауытбектің 

сол Ақбөпе деген адамын көрдім. «Сырлы аяқтың сыры 

кетсе де, сыны кетпейді» дейтіндей көрікті кісі екен. Ол 

кезде енді тереңдеп, қатты мəн беретін жаста емес едік 

қой. Оның үстіне, тек қана өзіңнің идеяңмен, жобаңмен 

жүресің арпалысып. 

– Қазір күйлеріңіздің жалпы саны қанша болды?

– Қырық шақты күйім бар. Əндерім отыз шақты. 



–  Соңғы  кезде  осы  күй-дастан,  поэмалар  жазып 

жүрген секілдісіз?

–  Поэмалар  жазып  жүрмін.  Мысалы  «Төле  би 

толғауы»  үш  бөлімнен  тұрады.  Соны  жаздым.  Одан 

кейін қазақ күйлеріндегі өзінше бір ерекшелік «Толғау» 

дегенім бар. Ол Елбасына арналған «Нұрсұлтан» деген 

күй-поэма  болып  дүниеге  келді. «Əулиеата»  деген 

күй-дастаным  бар.  Кененнің  жүз  жылдығына  арнап 

жазған «Көкшолақ» бар. Сонан кейін – «Жамбыл баба 

жыр толғайды». Осындай күй-дастандар бар. Бұл енді 

менің қазақ күйіне қосқан өзіндік жаңалығым. Күйдің 

формасын өзгертіп, ұлғайту.

Мен  күйдің  төкпесін  де,  шертпесін  де,  Құдайға 

шүкір,  меңгердім.  Екеуін  де  жаздым,  жаман  емес, 

əйтеуір. Күйлерімнің көбісі ойлы, философиялық терең 

сезімде жүйеге түседі. Сатырлатып, бұрқыратып ойнау, 

шаңдатып,  борандатып  ойнау  менің  поэмаларымда 

болмаса, күйлерімде жоқ. Содан кейін поэма, дастандар, 

болмаса  бір  жақсы  əңгіме  оқысам,  тығылып  жүрген 

арман  болса  ашып  жіберетіндей,  бір  жеңілдеп,  маған 

бір  көмектесіп  жіберетіндей  болады.  Айта  алмай 

жүрген нəрсең болатын болса, ананың оқиғасы, сөйлемі 

арқаландырады.  Жан  дүниемді  тербетіп,  ашады, 

көмектесіп жібергендей болады. 

– Мысалы?

–  Өткенде  Нұрлан  Оразалин  «Қазақ  əдебиетіне» 

керемет жазды. Жақсы мақала. Өзіңнен телефон нөмірін 

алып  хабарласып  «оқырманыңның  біреуімін,  жақсы 

жазыпсың» дедім. «Ой, аға, Сізді білемін ғой» деді. Өзімен 

оқыған замандастары туралы жазыпты. Университеттің 80 

жылдық қарсаңы ма еді. Соны əдемі жазды, тігіп қойдым. 

Сенің де əнеу бір əңгімеңді де тігіп қойып ем.



–  Күй  кейіпкеріне  тұңғыш  рет  ескерткіш 

орнатылды. Ол – «Ерке сылқым». Осы идея қалай 

келді, кімдер тұр басында? Кім ұсыныспен шықты?

– Мұндай ойды айтып, қолға алып жүрген Қожахан 

Жабағиев  деген  азамат.  Сол  інім  айтады: «Аға,  қайда 

барсам да «Ерке сылқым» алдымнан шығады. Шетелге 

де, өз еліміздің өңірлеріне де ұшақ арқылы барып жүрмін. 

Сонда үнемі «Ерке сылқым» ойналып тұрады. Сол үшін 

Сізге  ақы  төлей  ме?»  дейді. «Мен  олардың  күйімді 

орындап жатқанын да білмеймін, ақы төлемек тұрмақ» 

деймін мен. Содан ол «Аға, «Ерке сылқымға» ескерткіш 

орнатсақ қарсы болмайсыз ба?» деп ұсыныс айтты. Сол 

кезде  Кеңес  Одағының  Батыры  Саттар  Естемесовке 

ескерткіш  орнату  үшін  ауданға  қырғыз  мүсіншілері 

келіп жүр екен. «Нұр үстіне нұр. Бұл қазақ шежіресінде, 

тарихында жоқ, болмаған əңгіме» дедім əкім ініме. Қазір 

Қожахан Парламент депутаты боп жүр. 

– Өзіңізден кейінгі буынды тыңдайсыз ба, оларға 

деген көзқарасыңыз қалай? Қазақ күйінің болашағы 

қандай?

–  Қазақ  жастары  аман  болса  оның  күйі  мен  тілі 

өлмейді. Күй де қазақтың тілі. Домбыраның қос ішегінен 

төгіліп тұрған сыр маржан ғой, адамның жан дүниесі. 

Сенің жан дүниең мұңға батты ма, шаттыққа, парасатқа 

бөленді ма, асқақтады ма, тасқындады ма, бəрін сол қос 

ішекпен бере аласың. Күйдің құдіретіне жете білу керек. 

Күй туралы менің бір сөзім бар. Сөзге аса шебер емеспіз. 

Күй ғасырлар жасап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, 

самал желмен сахара кезген даланың сұлу дастаны, қазақ 

халқының шежіре үні.

– Əңгімеңізге рахмет, Əбеке!

Əңгімелескен 

Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.


   

   


   

   


З

А

Ң



ГЕ

Р 

Ж



АУ

АП

 БЕР



ЕДІ

АҚЖОЛТАЙ ХАБАР



– Табиғи  сімталдығының және ауа райының қандай да бір күрделі 

жағдайында болсын к ктеп  ніп- суге бейімділігінің арқасында

Шу ауданы аумағында  сетін жабайы кендірдің, оны жою үшін 

жұмылдырылған техниканың әлеуеті мен улы химикаттардың 

мүмкіндіктеріне дес бермей келе жатқанына жарты ғасырдан асыпты. 

Мұны  ткен жылдың 3 қаңтары күні Парламент Мәжілісінде 

ткен Үкімет сағатында республикамыздың Ішкі істер министрі 

Қалмұханбет Қасымовтың мәлім еткенін  зіңіз де білесіз. Ал 

еліміздің қолданыстағы заңнамасы талаптарының  ңірде сақталуы 

мен орындалуын қадағалайтын ауданаралық прокурор ретінде сіздің 

пікіріңіз қандай?

– Облыстағы жалпы к лемі 140 мың гектарға жуық жерді 

құрайтын жабайы кендір  сетін алқаптың үштен екісіне жуығы 

Меркі ауданының жерінде шоғырланған. Оның біздің ауданға 

тиесілісі – 24400 гектар. Қалғаны Қордай, Т.Рысқұлов, Мойынқұм 

және Байзақ аудандарының аумақтарында шашыраңқы түрде 

орналасқан.

Десек те Шу  ңірі тоғыз жолдың торабында жатқандықтан 

құрамында есірткілік заттары бар  сімдіктерді дайындау, 

сақтау және  ткізумен айналысатын қылмыстық топтар мен 

жекелеген азаматтар к бінесе біздің ауданның аумағына келуді 

үрдіске айналдырған.  зірге, жабайы кендір  сетін алқаптарды 

түбегейлі құртудың жолдары табылмай отырғаны да рас.  йтсе 

де есірткі дайындаушылар мен сауда-саттық жасаушылардың 

жолын кесуде және жасаған қылмысына қарай олардың тиісті 

жазасын тартқызуда  ңірдегі құқық қорғау органдары мен сот 

билігі әруақытта да талап тұрғысынан табылып келеді. Соның бір 

нақтылы айғағы ретінде, 2013 жылы есірткі немесе психотроптық 

заттарды заңсыз дайындау,  ңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, 

ж нелту немесе сатуға және есірткі немесе психотроптық заттарды 

заңсыз тұтыну мақсатымен арнайы притондар ұстауға қатысты 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259-бабының 

1; 2; 3-інші тармақтары бойынша 72 және 264-бабына сәйкес 1 

қылмыстық істің қозғалып, олардың 53-і сотқа жолданғандығын, 

қылмыстылардың еліміздің қолданыстағы заңнамасына сай 

тиісті жазаларын алғандығын айтсақ та жеткілікті. Шу алқабына 

есірткі тасымалдап әкеліп, әкететін каналдар мен қылмыстық 

топтарды анықтап, әшкерелеу, есірткілік және психотроптық 

заттардың ірі партияларын заңсыз айналымнан шығару үшін 

құрылған облыстық ІІД-нің «Дельта-Долина» есірткі бизнесімен 

күрес бойынша аймақаралық құрылымының және Шу аудандық 

ішкі істер б лімі қызметкерлерінің күш салу нәтижесінде мүмкін 

болғандығын айта кеткен ж н.

– Ел Үкіметінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі №451 Қаулысы негізінде 

елімізде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес ж ніндегі 

2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы қабылданғаны 

белгілі. Онда жергілікті  кілетті органдарға жас спірімдер мен 

жастар арасында профилактикалық сипаттағы іс-шаралар жүргізу, 

есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру, ақпараттық компаниялар 

мен есірткіге тәуелді адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту 

шараларын ұйымдастыру міндеті жүктелініп, бюджеттен қажетті 

қаржы қарастыруы тиістілігі атап к рсетілген болатын. Міне, осы 

тұрғыдан келгенде, бағдарлама қабылданғалы бері аумақта жүзеге 

асырылған іс-шаралардың барысы туралы баян етсеңіз.

– Сауалыңызға байланысты айтарым, Мемлекет басшысының 

«Қазақстан Республикасы дамуының 2020 жылға дейінгі 

стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылдың 1 қаңтарындағы 

№922 Жарлығы бойынша есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы 

күрес еліміздің дамуының басым бағыттарының бірі ретінде атап 

к рсетілген. Сондықтан, аталған бағдарламаға байланысты Шу 

ауданында да бес жылға арналған  ңірлік бағдарлама қабылданған 

болатын. Алайда, жүргізілген прокурорлық тексерулер аудан 

әкімдігі жанындағы есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы 

күрес бойынша комиссияның құжатта дәйектелінген міндеттерге 

байланысты  з жұмысын формальды түрде ғана жүргізіп келе 

жатқандығын анықтады.

рине, кемшіліктерге кеңшілік жасаған лауазымды тұлғаларға 

қатысты заң аясында тиісті шаралар қолданылды. Жұмыс жолға 

қойылып келеді. Бірақ, біз нашақорлық және есірткі бизнесі 

сияқты қоғам  міріне алапат зор нұқсанын тигізетін дертті және 

қылмыстық құбылыстарға қарсы күресте құқық қорғау органдары, 

атқарушы билік жүйесі және қоғамдық ұйымдар болып тізе қоса 

қарсы тұруға тиістілігімізді, қай-қайсымыздың да міндет үдесінен 

шығуға күш жұмылдыруымыз қажеттігін жадыдан шығармауымыз 

керек. Тек, сонда ғана ісіміз жемісті болмақ.



–  зіңізге мәлім, бүгінгі таңда, республикамыздағы есірткінің 

бірден-бір шикізат базасы болып табылатын Шу  ңіріндегі жабайы 

кендір алқаптарынан дайындалатын есірткілік заттар еліміздің 

барлық облыстарының аумақтарына, к ршілес республикаларға, 

тіпті, Ресей Федерациясы арқылы Еуропа елдеріне де таралуда. 

Сондықтан Үкімет те, Парламент Мәжілісі де туындап отырған 

осынау проблеманың шешімін табу туралы мәселе к терген еді. 

Бұл ретте, прокуратура органдарының тарапынан қандай қадамдар 

жасалынуда?

– Жалпы, күн тәртібінде тұрған осынау күрделі проблеманың 

шешімін табу үшін есірткі бизнесіне тосқауыл қою, қылмыстылар 

мен құқықбұзушыларды құрықтау және сот арқылы жазаға тарту 

мәселелерімен қатар, оның алдын алу шараларын да жетілдіру 

керек. Біз осы тұрғыда жұмыс істеудеміз. Ең алдымен, мониторинг 

жүргізу арқылы аудандағы жабайы кендір шоғырланып  сетін 

аумақтар белгіленіп, прокуратура және ішкі істер органдарының 

арнайы тапсырысымен спутниктік бақылауға алынды. Жабайы 

кендір  сіп жетілген уақытта ауданның далалық аймақтары 

әуеден – тікұшақтардың, жерде арнайы үйретілген иттер ерткен 

мамандандырылған 

топтардың жіті қадағалауында 

болады. Оның үстіне темір жол мен автодаңғылдардағы 

жолаушылар және жүк тасымалы мұқият тексеруден  ткізілуде, 

жүк машиналары авторенгтен арқылы тексеріледі. Бұл – есірткі 

алқаптарына «несібе» теруге келген жабайы кендір жинаушыларды 

дер кезінде әуеден анықтауға және облыстық ІІД-нің аумақтағы 

«Дельта-Долина» есірткі бизнесімен күрес бойынша аймақаралық 

құрылымы жедел топтарының «оңай олжаға» құныққандардың 

жолын тездетіп кесулеріне мүмкіндік туғызуда.

Екіншіден, қазір еліміздің қаржы-экономикалық әлеуеті 

артқан шақ. Егер нәтижесі күткендегідей тиімділіктер әкелетін 

болса, мемлекеттің нашақорлықпен және есірткі бизнесімен 

күресетін күш құрылымдарын техникалық құрал-жабдықтардың 

жетілдірілген қандай түрімен болса да жарақтандыруға 

шамасы молынан жетеді. Міне, осы жағын ескеріп, ұшқышсыз 

ұшатын ұшаққа тапсырыс беріп отырмыз. Сұранысымыз 

қанағаттандырылған жағдайда, жабайы кендір  сетін алқаптар 

әуеден қосымша бақылауға алынып, есірткі заттарды дайындау, 

сақтау,  ңдеу, тасымалдау, ж нелту немесе сатумен айналысатын 

ұйымдасқан қылмыстық топтардың  рісі тарылары с зсіз. Мұны 

нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қатысты  ңірде орнығып 

отырған түйткілді проблеманың түйінін тарқатуда жасалынған 

қадамдардың бірі ретінде қарастыруға болады.

ңгімелескен Сапарғали  ЛІБАЙ,

«Ақ жол».

Шу ауданы. 

ЕСІРТКІ : 

ОРДА МЕН ОЙРАН

5

27  а тар, 2015 жыл



www.akjolgazet.kz

ЖАРНАМА

ЖАРНАМА

ДӘРІГЕР ҒАЗИЗ ТІЛЕУҚҰЛҰЛЫ 

ДӘРІГЕР ҒАЗИЗ ТІЛЕУҚҰЛҰЛЫ 

АБДУАЛИЕВТІҢ 

АБДУАЛИЕВТІҢ 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

құлақ, тамақ және мұрын ауруларын 

жоғары әсерлі эндомикроскопиялық, 

терморадиотолқынды, шейверлік және

басқа да заманауи емдеу тәсілдерімен 

емдеуді ұсынады.

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Байзақ батыр к шесі, 

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Байзақ батыр к шесі, 

№162 үй,  Абай даңғылының қиылысы (теміржол ауруханасы). 

№162 үй,  Абай даңғылының қиылысы (теміржол ауруханасы). 

Телефон: 8 (7262) 46-08-34, e-mail: gabdualiev@yandex.ru

Телефон: 8 (7262) 46-08-34, e-mail: gabdualiev@yandex.ru

АЛИМЕНТ  ТӨЛЕУДІҢ  

АЛИМЕНТ  ТӨЛЕУДІҢ  

ТАЛАБЫ ҚАНДАЙ?

ТАЛАБЫ ҚАНДАЙ?

Құрметті редакция! Білмегенді сұрағанның айыбы жоқ 

шығар, екі сауалыма нақты жауап берсеңіздер екен.

1. Жұмыс істеп жүрген азамат әйелімен ажырасқан жағдайда 

балаларына қанша к лемде алимент т лейді?

2. Егер ауылда тұратын жұмыссыз азамат болса қанша 

алимент т лейді?

Т реқұл  ЛХАНҰЛЫ, 

зейнеткер.

Облыстық сот актілерін орындау департаменті Тараз қалалық 

аумақтық №2 б лімінің бастығы-аға сот орындаушы Алма 

НҰРХАНОВА ол кісінің сұрағына былай деп жауап берді: 

1. Алимент т леушілер жұмыс істейтін болса, айлық 

жалақысынан 1 балаға – 25 пайыз, 2 балаға – 33 пайыз, 3 

және одан к п бала болса – 50 пайыз к лемінде ақша аударып 

отыруы тиіс.  

2. Жұмыссыздар республикадағы орташа жалақы м лшері 

бойынша алимент т лейді. Қазіргі уақыттағы орташа жалақы 

м лшері – 104 654 теңге. Сәйкесінше, әр балаға жоғарыда 

айтылған пайыздар бойынша алимент т ленуі керек. 

Әлем елдерінде өркениеттілік бел алып, өнегелі қоғам құруға бет бұрған қазіргі 

шақта есірткі саудасына халықаралық қауымдастық тұрғысынан қатаң тыйым 

салынып отыр. Соған байланысты, ағымдағы ХХІ ғасырда жұмыр жердегі 

мемлекет атаулының қай-қайсысы да болсын, осынау былғаныш іске жасырын 

түрде болмаса, ашықтан-ашық қолдау көрсете алмайды. Осыған орай, бүгінде, 

құрамында есірткілік уыты бар заттарды дайындау, сақтау, тасымалдау және  

өткізу «құқығы» толығымен ақшаға құныққан ұйымдасқан қылмыстық топтар 

мен «көлеңкелі экономика» алпауыттарының қолына көшкен. Әрі мұндай 

келеңсіздік тенденциясының кейінгі жылдары Қазақстанды, соның ішінде 

орналасқан аумағының 138 мың гектар алқабында құрамында есірткілік заттары 

бар жабайы үнді көкнәрі (кендір) өсетін облысымызды және есірткі заттарын 

әзірлеуде таптырмас шикізат болып табылатын жабайы кендірімен атауы әлемге 

әйгіленген Шу өңірін де қамти бастағандығы ащы шындық. Бұл, әрине, аумақтағы 

атқарушы билік жүйесінің, қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғау органдарының 

нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алуға және жолын кесуге еселенген 

күш-жігер жұмылдыруын талап ететіндігі белгілі. Ал ол міндет қалай орындалуда? 

Оның үдесінен шығу үшін аудандағы құзырлы мекемелердің тарапынан нендей 

іс-шаралар жүзеге асырылды? Нәтижесі қандай? Бұл туралы Шу ауданаралық 

прокуроры Ілияс ТОЙШЫБЕКОВ таратып айтты.



«Тараз»  леуметтік-кәсіпкерлік 

корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ 

жылжымайтын мүлікті сатуға аукцион  ткізеді

Бір б лмелі пәтер, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 51/1, 

35-пәтер мекен-жайы бойынша орналасқан. Бастапқы бағасы 

- 9502800 (тоғыз миллион бес жүз екі мың сегіз жүз) теңге.

Ағылшын әдісі бойынша аукцион  2015 жылдың 19 ақпаны, 

сағат 11.00-де электронды веб-порталда www.gosreestr.kz 

адресі бойынша  теді. 

Жылжымайтын мүлік бойынша коммуналды қарыздар бар. 

Сатып алу-сату шартын жасасқан уақытқа, жылжымайтын 

мүлік бойынша коммуналды т лемдер қарызы сатып 

алынатын бағадан шегеріліп тасталады.

тінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанша аукционды 

ткізу шартымен, керекті құжаттармен электронды веб-

порталда www.gosreestr.kz  адресі бойынша танысуға болады.

Кепілдеме жарна бастапқы бағаның 15 пайызы,  

«Ақпараттық-есеп орталығы» АҚ есепшотына т ленеді 

( Б С Н   0 5 0 5 4 0 0 0 4 4 5 5 ,   И И К   K Z 5 2 9 2 6 1 5 0 1 1 0 2 0 3 2 0 0 4 

«Казкоммерцбанк» АҚ, БИК KZKOKZKZ). 

Хабарлама жарияланған күннен бастап www.gosreestr.kz 

адресі бойынша қатысушылар тіркеуден  тіп және  тінімдер  

қабылданып, аукционға 2 сағат уақыт қалғанда қабылдау 

тоқтатылады. Аукционға тіркеуден  ткен және кепілдік 

жарнаны т леген тұлғалар ғана қатысады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет